• Мое избранное
Жобаларды республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарына енгізу қағидаларын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 24.02.2016 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 11

Жобаларды республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарына енгізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 мамырдағы № 675 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 24 ақпаннан бастап ҚР Үкіметінің 27.01.2016 жылғы № 32 Қаулысына сәйкес
Редакция 09.10.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының 4-бабының 16) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Жобаларды республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарына енгізу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                           К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2012 жылғы 25 мамырдағы
 № 675 қаулысымен
 бекітілген
Жобаларды республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарына енгізу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жобаларды республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарына енгізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) жобаларды республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарға енгізу тәртібін айқындайды.
2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) индустриялық-инновациялық жоба – технологиялар трансфертіне, жаңа немесе жетілдірілген өндірістер, технологиялар, тауарлар, жұмыстар және қызметтер жасауға бағытталған, белгілі бір уақыт мерзімі ішінде іске асырылатын іс-шаралар кешені (бұдан әрі – жоба);
2) индустрияландыру картасы – белгілі бір қаржыландыру көздері, оларды іске асыру жөніндегі кестелері мен іс-шаралар жоспарлары бар республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарына енгізілген индустриялық-инновациялық жобалардың жиынтығын білдіретін индустриялық -инновациялық жүйе мониторингінің (іске асырылуының) құралы (бұдан әрі – карта);
3) республикалық индустрияландыру картасы – индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің Қазақстан Республикасының аумағында іске асырылатын жобаларының тізбесі, ол Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі;
4) өңірлік индустрияландыру картасы – индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің белгілі бір әкімшілік-аумақтық бірлікте (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) іске асырылатын жобаларының тізбесі, олар өңірлік кәсіпкерлер палатасымен келісім бойынша облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдіктерінің қаулыларымен бекітіледі;
4-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.10.2014 жылғы № 1073 Қаулысымен (25.05.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.10.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
5) өтініш беруші – жобаны жоспарлауды және іске асыруды жүзеге асыратын жеке/заңды тұлға;
6) өңірлік үйлестіру кеңесі – жергілікті атқарушы органдардың, банктердің, өңірлік кәсіпкерлер палатасының, кәсіпкерлер бірлестіктерінің, салалық қауымдастықтардың өкілдері мен тәуелсіз сарапшылардың қатысуымен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдері құратын және басқаратын консультативтік-кеңесші орган (бұдан әрі – кеңес);
6-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.10.2014 жылғы № 1073 Қаулысымен (25.05.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.10.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
7) жобаларды қарау жөніндегі салалық комиссия – мемлекеттік органның қызметкерлері мен тиісті саланы білдіретін бизнес қауымдастық мүшелерінің арасынан келісім бойынша тиісті салалық мемлекеттік орган басшысының бұйрығымен құрылатын консультативтік- кеңесші орган (бұдан әрі – салалық комиссия);
8) уәкілетті орган – индустрия және индустриялық-инновациялық даму саласындағы басшылықты жүзеге асыратын, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде салааралық үйлестiрудi және индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдауды iске асыруға қатысуды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
9) индустрияландыру картасының мәселелері жөніндегі штаб – уәкілетті органның жанындағы мүдделі салалық комиссиялар басшыларының қатысуымен индустрияландыру картасына енгізу үшін жобаларды қарау мәселесі жөніндегі комиссия (бұдан әрі – штаб);
10) жергілікті уәкілетті орган – тиісті аумақтағы индустриялық- инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысушы кәсіпкерлік және өнеркәсіп саласындағы даму, үйлестіру, реттеу және басқару функцияларын жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның (облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жұмыс органы.
11) жауапты мемлекеттік орган – жобаны іске асыруға, сондай-ақ өтініш берушімен келісім жасасуға жауапты мемлекеттік орган;
2-тармақ 11-тармақшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 09.10.2014 жылғы № 1073 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.10.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
12) келісім – жауапты мемлекеттік орган (жауапты мемлекеттік органдар) мен өтініш беруші арасында жасалатын, мемлекеттік қолдау шараларын ұсынуды және тараптардың жобаны іске асыру бойынша жауапкершілігін көздейтін шарт;
2-тармақ 12-тармақшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 09.10.2014 жылғы № 1073 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.10.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
13) өңірлік кәсіпкерлер палатасы – Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жүйесіне аумақтық деңгейде кіретін облыстар, республикалық маңызы бар қала және астана кәсіпкерлерінің палаталары (бұдан әрі – өңірлік палата).
2-тармақ 13-тармақшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 09.10.2014 жылғы № 1073 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.10.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2. Жобаларды картаға енгізу тәртібі
3. Жобаларды республикалық индустрияландыру картасына енгізу кезең-кезеңмен жүргізіледі:
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.10.2014 жылғы № 1073 Қаулысымен (25.05.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.10.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1) бірінші кезең – жобаларды жергілікті деңгейде қарау;
2) екінші кезең – жобаларды орталық деңгейде қарау;
3) үшінші кезең – жобаларды уәкілетті органда қарау;
4) төртінші кезең – жобаларды Өнеркәсіптік дамыту жөніндегі комиссияда (бұдан әрі – Комиссия) қарау.
3-1. Жобаларды өңірлік индустрияландыру картасына енгізу кезең-кезеңмен жүргізіледі:
Қағидалар 3-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 09.10.2014 жылғы № 1073 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.10.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1) бірінші кезең – жобаларды жергілікті деңгейде қарау;
2) екінші кезең – жобаларды орталық деңгейде қарау.
Өңірлік индустрияландыру картасының жобалары салалық сараптама жүргізу үшін екінші кезең бойынша іріктеуден өтеді.
4. Мынадай:
4-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.10.2014 жылғы № 1073 Қаулысымен (25.05.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.10.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1) құны 4,5 млрд. теңгеге дейінгі жобалар өңірлік индустрияландыру картасына енгізіледі;
2) құны 4,5 млрд. теңгеден басталатын жобалар республикалық индустрияландыру картасына енгізіледі;
3) мемлекеттік қолдау шараларын талап етпейтін жобалар республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарына енгізілмейді.
4-1. Индустрияландыру картасына жобаларды іріктеу:
Қағидалар 4-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 09.10.2014 жылғы № 1073 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.10.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1) 2014 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның басымдықтарына сәйкес жүзеге асырылады;
2) 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы № 874 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның (бұдан әрі – Бағдарлама) басымдықтарына сәйкес жүзеге асырылады.
Бұл ретте, Бағдарламаның басымдықтарына сәйкес келмейтін салаларда іске асырылатын жобалар осы Қағидалардың 56-1-тармағында көзделген жағдайларда республикалық индустрияландыру картасына енгізіледі.
4-2. Индустрияландыру картасының жобалары Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасын ескере отырып іріктеледі.
Қағидалар 4-2-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 09.10.2014 жылғы № 1073 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.10.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4-3. Осы Қағидалардың 4-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жобалар республикалық индустрияландыру картасына осы Қағидалардың 56-1-тармағында көзделген жағдайларда енгізіледі.
Қағидалар 4-3-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 09.10.2014 жылғы № 1073 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.10.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
5. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
5-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 09.10.2014 жылғы № 1073 Қаулысымен (25.05.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.10.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
6. Өтінімдерді қабылдауды жергілікті уәкілетті орган тұрақты негізде жүзеге асырады.
  • 1
7. Өтініш беруші жобаны картаға енгізу үшін тиісті өңірдің жергілікті уәкілетті органына мынадай құжаттарды электронды және қағаз тасығыштарда қолма-қол ұсынады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаныңөтініш беруші бекіткен паспорты;
3) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаны іске асырудың өтініш беруші бекіткен жоспар-кестесі;