Bestprofi Logo

Бұйрық № 150-ө-м от 2012-04-23г./Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

"Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2011 жылғы 28 маусымдағы № 237-ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Отправить на почту


Языки документа

Внимание! Документ утратил силу с 01.07.2023 г.

Документ на казахском языке

"Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2011 жылғы 28 маусымдағы № 237-ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 23 сәуірдегі № 150-ө-м Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 8 маусымда № 7724 тіркелді

Осы Бұйрық 2023 жылғы 1 шілдеден бастап күшін жойды ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 08.06.2023 жылғы № 210 Бұйрығына сәйкес

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 233-бабына, «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Заңының 8-бабы 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2011 жылғы 28 маусымдағы № 237-ө бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 7075 болып тiркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2011 жылғы 9 тамызда № 356-357 жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықтың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

1) «Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптарын және оларды аттестаттау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 25-ө бұйрығының (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 5565 болып тiркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған, 2009 жыл, № 7);

2) «Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптарын және оларды аттестаттау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 25-ө бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2010 жылғы 26 қаңтардағы № 21-ө бұйрығының (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 6068 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған, 2010 жыл, № 10) күші жойылды деп танылсын.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау қағидасында:

«5. Міндетті аттестаттау әлеуметтік қызметкердің құзыреттілігінің біліктілік талаптарына сәйкестік деңгейін анықтау мақсатында бес жылда кемiнде бiр рет, бірақ осы лауазымға орналасқан күннен бастап кемінде бір жыл өткеннен кейін өткiзiледi, бұл ретте бала күтiмi бойынша демалыста жүрген әлеуметтiк қызметкер жұмысқа шыққаннан соң, кемiнде алты айдан кейiн аттестатталады.

6. Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, атқаратын лауазымы бойынша санатын белгілеу немесе жоғарылату мақсатында халықты әлеуметтік қорғау жүйесі ұйымдарында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін әлеуметтік қызметкердің өтініші негізінде мерзімінен бұрын аттестаттаудан өтеді. Оның қорытындысы бойынша «Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту жүйесінің басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 2 ақпандағы № 31-ө-м бұйрығында (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 7442 болып тiркелген) көрсетілген бірінші, екінші немесе жоғары санат беріледі.»;

«31. Міндетті аттестаттау қорытындысы бойынша әлеуметтік қызметкерге арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін мекеме (ұйым) хаттамалық шешімнің көшірмесін береді.»;

2. Әлеуметтік көмек департаменті (Н.А. Крюкова) бекітілген заңнамалық тәртіппен:

1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С.Ә. Ахметовке жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание