Toggle Dropdown
1
Этил спиртін өндірудің технологиялық желілерін спирт өлшейтін аппараттармен, алкоголь өнімін (шарап материалынан және сырадан басқа) өндіруді - уәкілетті органға нақты уақыт режимінде өндіру көлемі туралы деректерді автоматты түрде беруді қамтамасыз ететін есептеуші бақылау аспаптарымен жарақтау жөніндегі талаптарды, сондай-ақ олардың жұмыс істеуін және этил спирті мен алкоголь өнімінің есепке алынуын жүзеге асыруды бақылау тәртібін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қаңтардағы № 30 Қаулысы
Toggle Dropdown
«Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңының 3-1-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Этил спиртін өндірудің технологиялық желілерін спирт өлшейтін аппараттармен, алкоголь өнімін (шарап материалынан және сырадан басқа) өндіруді – уәкілетті органға нақты уақыт режимінде өндіру көлемі туралы деректерді автоматты түрде беруді қамтамасыз ететін есептеуші бақылау аспаптарымен жарақтау жөніндегі талаптарды, сондай-ақ олардың жұмыс істеуін және этил спирті мен алкоголь өнімінің есепке алынуын жүзеге асыруды бақылау тәртібі бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 12 қаңтардағы
№ 30 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
Этил спиртін өндірудің технологиялық желілерін спирт өлшейтін аппараттармен, алкоголь өнімін (шарап материалынан және сырадан басқа) өндіруді – уәкілетті органға нақты уақыт режимінде өндіру көлемі туралы деректерді автоматты түрде беруді қамтамасыз ететін есептеуші бақылау аспаптарымен жарақтау жөніндегі талаптарды, сондай-ақ олардың жұмыс істеуін және этил спирті мен алкоголь өнімінің есепке алынуын жүзеге асыруды бақылау тәртібі
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Этил спиртін өндірудің технологиялық желілерін спирт өлшейтін аппараттармен, алкоголь өнімін (шарап материалынан және сырадан басқа) өндіруді – уәкілетті органға нақты уақыт режимінде өндіру көлемі туралы деректерді автоматты түрде беруді қамтамасыз ететін есептеуші бақылау аспаптарымен жарақтау жөніндегі талаптарды, сондай-ақ олардың жұмыс істеуін және этил спирті мен алкоголь өнімінің есепке алынуын жүзеге асыруды бақылау тәртібі (бұдан әрi – Қағидалар) этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруге бақылауды жүзеге асыру мақсатында «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңының 3-1-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзiрлендi.
Toggle Dropdown
2. Этил спиртін немесе алкоголь өнімін өндіруші ұйымдарда осы Қағидаларда көрсетілген жұмыстарды жүзеге асыру үшін этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың (бұдан әрі – уәкілетті органдар) қызметкерлері уәкілетті мемлекеттік орган басшысының тиісті бұйрығымен (бұдан әрі – бұйрық) жіберіледі. Бұйрық этил спиртін немесе алкоголь өнімін өндіруді жүзеге асыратын ұйымның өтініші негізінде өтініш келіп түскен күннен бастап күнтізбелік 30 күннен кешіктірмейтін мерзімде қабылданады. Бұйрықта этил спиртін немесе алкоголь өнімін өндіруді жүзеге асыратын ұйымның атауы және іссапарға жіберу кезеңі көрсетіледі. Этил спиртін немесе алкоголь өнімін өндіруді жүзеге асыратын ұйымның талап етуі бойынша бұйрықтың көшірмесі ұсынылады.
Toggle Dropdown
2. Этил спиртін өндірудің технологиялық желілерін уәкілетті органға нақты уақыт режимінде өндіру көлемі туралы деректерді автоматты түрде беруді қамтамасыз ететін спирт өлшейтін аппараттармен жарақтандыру талаптары, сондай-ақ олардың жұмыс істеуін және этил спиртінің есепке алынуын жүзеге асыруды бақылау тәртібі
Toggle Dropdown
3. Спирт және этил спиртінiң (бұдан әрі – спирт) бас фракциясының өндiрісі үздіксіз өлшеуді және аппараттардың есептеуіштеріне мынадай деректерді беруді жүргізетін аппараттармен жарақтандырылады:
Toggle Dropdown
1) өндiрiлетiн спирттiң көлемi және спиртометрикалық механизм арқылы көлемдiк көрсеткiшті сусызға түрлендіру немесе олардың мәндерiн алған ақпаратты индикаттауға шығару жолымен алынған сусыз спирттiң мөлшері туралы;
Toggle Dropdown
2) спиртометрикалық механизмді қолданбай спирттiң бас фракциясының көлемi туралы.
Toggle Dropdown
Спирттiң өлшем бiрлiгi + 20Со температура кезiндегi сусыз спирт декалитрі (бұдан әрі – дал) болып табылады.
Toggle Dropdown
4. Спирт пен спирттiң бас фракциясын есепке алуға арналған аппараттар спирттің ұрлануын болдырмау мақсатында олардың қызмет көрсету және бақылау жүргiзу мүмкiндігі ескеріле отырып, орналастырылады.
Toggle Dropdown
5. Аппарат боза айыратын (боза айдайтын) қондырғы тұрған үй-жайда немесе онымен аралас үй-жайда, аппаратқа барлық жақтан еркiн бару қамтамасыз етiле отырып және көлемдiк және сусыз есептеуiштердiң көрсеткiштерi анық көрiнетiндей қарау шамынан кейін спирт желiсiнде орнатылады.
Toggle Dropdown
Аппарат спирттi бiр сағат, ауысым, тәулiк және одан жоғары мерзімде боза айыру және боза айдау барысына бақылау жасау үшiн қызмет көрсетедi. Спирт өлшейтін аппараттардың дұрыс жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету үшiн спирт өндiрiстерiнде спирттiң температурасын тұрақтандыратын жүйе орнатылады. Сусыз спирт мөлшерiн есепке алуда өлшегiш және өлшеу аппараты бойынша салыстырмалы +/– 0,5% жоғары қателікке жол берілмейді.
Toggle Dropdown
6. Аппарат мынадай талаптарға сай келедi:
Toggle Dropdown
1) спирттiк, сулы спирттiк ерiтiндi және құрамында қанты бар қоймалжың ортада жұмыстың тұрақтылығы;
Toggle Dropdown
2) жұмыстың температуралық режимi 0-ден +40 С дейiн;
Toggle Dropdown
3) тексеру аралығы аппаратты жұмысқа қосу кезінен бастап кемінде 6 ай;
Toggle Dropdown
4) аппараттың құрамында спиртi бар сұйыққа тiкелей тиіп тұратын бөлігi тамақ өнеркәсiбiнде қолдануға рұқсат етiлген материалдардан орындалады;
Toggle Dropdown
5) есеп жүргiзуге арналған жады сыйымдылығы үдемелi қорытындымен;
Toggle Dropdown
6) жұмыста кідірiстер болған жағдайда тоқтаған сәттен бастап уақытты тiркеп және көрсеткіштерді жаңартып, есептеуiштi оқшаулай отырып, көрсеткiштердi сақтау;
Toggle Dropdown
7) рұқсатсыз араласуға жол берілмеуі (код, кiлт, пломба, голографиялық жапсырма және басқа да тәсілдер);
Toggle Dropdown
8) iркілiстерден және сыртқы әсерлерден қорғану;
Toggle Dropdown
9) электрмен жабдықтауда авариялық іркілістер болған жағдайда автономды жұмыс істеу ұзақтығы авариялық іркілістер басталған сәттен бастап 3 (үш) күннен кем емес;
Toggle Dropdown
10) жарылыс және өрт қауіпсiздігі;
Toggle Dropdown
11) уәкілетті органға спиртті өндіру көлемі туралы деректерді нақты уақыт режимінде автоматты түрде беруді қамтамасыз ету.
Toggle Dropdown
7. Аппаратқа техникалық паспорт, мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегі нұсқаулық, аппараттың шығарылуы туралы құжат және жұмыс істеу схемасы қоса беріледі.
Toggle Dropdown
8. Этил спиртi мен спирттің бас фракциясын бақылау есебiне арналған аппарат уәкілетті органның қызметкерінің қатысуымен пайдалануға енгізiледi, ол туралы пайдалануға енгiзу актiсі жасалады.
Toggle Dropdown
9. Айыру колоннасынан спирт өлшейтін аппаратына дейiн ернемектік жалғамаларды, тораптарға және күйге келтіру, оқшаулау, ақпаратты тіркеу және тастау элементтеріне және бақылау аспаптарының көрсеткіштеріне ықпал ететін басқа да құрылғыларға қол жеткізу мүмкін болатын барлық орындарды, сондай-ақ аппаратты уәкілетті орган қызметкері пломбалау жолымен пломбалайды, ол туралы пломба салынған орны және нөмірлері немесе пломбалар бедерлері көрсетіле отырып пломбалау актiсі жасалады.
Toggle Dropdown
10. Спиртті бақылау есебiнiң мақсаты боза айыру және спирттi айдау барысына бақылау жасау, сулы спирт ерiтiндiсiнің өндірілетін көлемін және сусыз спиртке қайта есептеумен ондағы спиртті үздiксiз өлшеу және бақылау есебi болып табылады.
Toggle Dropdown
11. Спирттi өндiру кезiнде оның бақылау есебi спиртті өндiрудi жүзеге асыратын ұйымдарда (бұдан әрi – спирттi өндiрушi ұйымдар) деректердi беру аппараттарымен және телекоммуникациялық құралдармен (бұдан әрi – беру құралдары) жарақтандыру және оларды пайдалану жолымен iске асырылады.
Toggle Dropdown
12. Өндiрiлетiн спирттiң мөлшерiн өлшеу және есепке алу спирттi құю бөлiмшесiнен спирт сақтау қоймасына беру кезінде өлшегiштермен спиртті өлшеу нәтижелерi бойынша жүргiзiледi.
Toggle Dropdown
13. Сусыз спирттi мөлшерін өлшегiшпен өлшеу нәтижелерi бухгалтерлiк есеп үшiн бастапқы деректер болып табылады.
Toggle Dropdown
14. Сусыз спирттiң мөлшерiн өлшегiш (Vm) және аппарат (Va) бойынша өлшеудiң нәтижелерiн салыстырумен осы шамалардың арасындағы далдарда және пайызда (кiнәраттық) сандық айырмашылық айқындалады.
Toggle Dropdown
15. Кiнәраттық есебi мына формулалар бойынша жүргізiледi:
Toggle Dropdown
Сабс. = Vм - Va және Жүздік = --------- х 100%,
Toggle Dropdown
мұндағы Сабс. - абсолюттiк кiнәраттық, дал;
Toggle Dropdown
Жүздiк - салыстырмалы кінәраттық, %.
Toggle Dropdown
16. Сусыз спирттi есептеу кезiндегі абсолюттi және салыстырмалы кiнәраттық спиртті өндiрiстен спирт сақтау қоймасына әрбір беру кезiнде айқындалады және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша спирт пен спирт өнiмдерiн өндiру және оларды спирт сақтау қоймасына беру туралы актiнiң (бұдан әрi – спирт өндiру туралы акті) 3-бөлiмiнде тіркеледі және спирт өндiрушi ұйымның тиiстi бөлiмшесi бақылайды.
Toggle Dropdown
17. Боза айыратын қондырғылардың қуатына қарай осы Қағидаларға
Toggle Dropdown
2-қосымшаға сәйкес спиртті, спирттің бас фракциясын қабылдауды, есепке алуды және беруді қамтамасыз ететін жабдық, бiр немесе бiрнеше аппараттар пайдаланылады.
Toggle Dropdown
18. Бас фракцияның мөлшерiн есепке алу спирттiң көлемдік есептеуіші бойынша жүргізiледi.
Toggle Dropdown
19. Сивушты майды және стандартты емес спирттi (қойыртпақтарды) аппараттан өткiзуге жол берiлмейдi.
Toggle Dropdown
20. Спирт және спирттiң бас фракциясы спирттi және спирт өнiмдерiн қабылдау бөлiмiнде (бұдан әрі – құю бөлiмi) тоңазытқыш, ротаметр, қарау шамы және аппарат арқылы бөлінеді. Бұл ретте қарау шамы жарық жақсы түсетiн орында, аппараттан бiр метрден аспайтын қашықта орналастырылады.