• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Орталықтандырылмаған шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар»санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің 2005 жылғы 13 мамырдағы N 229 Бұйрығы. Қазақсатн Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 7 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 3720

"Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  7-бабының 10) тармақшасына сәйкес   БҰЙЫРАМЫН:  
1. Қоса беріліп отырған "Орталықтандырылмаған шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар бекітілсін. 
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (Байсеркин Б.С.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін. 
3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Ұйымдастыру-құқықтық жұмыс департаментінің директоры (Акрачкова Д.В.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ресми жариялауға жіберсін. 
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау вице-министрі, Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері А.А.Белоногқа жүктелсін. 
5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бекітілді
 Қазақстан Республикасы
 Денсаулық сақтау Министрінің
 м.а. бұйрығымен
 13»мамыр 2005 ж. N 229
Санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар  
  "Орталықтанбаған шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыздандыруына  
  қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптары" 
1. Санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар "Орталықтанбаған шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыздандыруына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптары" (одан әрі - санитарлық ережелер) ісі орталықтанбаған сумен қамтамасыздандыру объектілерін (су тарату желісі жоқ скважиналарды, құдықтарды, бұлақ қаптаждарын) жобалаумен, салумен, жөндеумен және пайдаланумен байланысты, меншіктігінің түріне байланыссыз барлық ұйымдар мен жеке тұлғалар үшін тағайындалған.
2. Ұйымдардың басшылары және жеке тұлғалар осы санитарлық ережелердегі талаптардың орындалуын қамтамасыз етуі керек.
3. Осы санитарлық ережелерде келесі терминдер мен анықтамалар қолданылған: 
1) су алу құрылымдары - тұтынушыларға беру үшін су объектілерінен суды алуға арналған құрылымдар мен қондырғылар кешені; 
2) орталықтанбаған сумен қамтамасыздандыру - суды пайдалану орындарына бермей, жалпы немесе жеке пайдалануы үшін су көзінен суды алуына ғана арналған құрылымдар; 
3) санитарлық қорғау аймағы - судың сапасының нашарлануын алдын алу үшін сумен қамтамасыздандырушы көзді (ашық және жер асты), су құбыры құрылымдарын және оларды қоршаған аумақты ластардан қорғау мақсатымен белгілі тәртіп орнатылған, су көзі мен су құбыры қондырғыларының айналасында арнайы бөлінген аумақ; 
4) су көзiн ашу қондырғысы (каптаж) - пайдалану мақсатында жер асты суларының табиғи жолмен ашылып, жер бетiне шығуын қамтамасыз ететiн инженерлi-техникалық қондырғы; 
5) бұлақ (қайнар) - жер асты суының жердің бетіне табиғи жинақы шығуы; 
6) скважина - жер асты суын жер бетіне көтеруге тағайындалған қондырғы; 
7) құбырлы құдық - іргелері қаптаушы құбырлармен бекітілген, цилиндрлі вертикальды каналдар түрінде келетін, жер асты суын алуға арналған қондырғы; 
8) шахтылы құдық - сумен қамтамасыз ету мақсатымен жер асты суын алуға жасалған тереңдігі көлденең кесімінен жоғары келетін вертикальды жер қыртысының қазбасы.
2. Орталықтан баған шаруашылық - ауыз сумен  
  қамтамасыздандыруға арналған қондырғы құрылысын  
  салуға жер учаскесін таңдауға қойылатын  
  санитарлық-эпидемиологиялық  
  талаптар 
4. Орталықтанбаған шаруашылық - ауыз сумен қамтамасыз етуші көздері ретінде жер асты сулары қолданылуы тиісті. Оларды пайдалану арнайы жабдықталған су алу құрылымдарын орнату арқылы жүргізіледі (су тарату желісі жоқ скважиналар, шахтылы және құбырлы құдықтар, бұлақ каптаждары).
5. Су тарату желісі жоқ скважиналар, құдықтар және бұлақ каптаждары тұрғындардың шағын тобын және шаруашылық-тұрмыстық объектілерін ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жасалуы керек.
6. Скважиналарды, құдықтарды және бұлақ каптаждарын орнату орнын таңдау геологиялық және гидрогеологиялық мәлімдемелердің негізінде жүргізіледі.
7. Құдықтарды және бұлақ каптаждарын орнату орындары ластанбаған участкелерде, ластаушы немесе ластауы ықтимал көздерінен, грунт суларының ағысы бойынша жоғары ең кемінде 50 метрден (онан әрі - м) алшақ орналасқан орыннан таңдап алынуы қажет: әжетханалардан, жуынды төгу шұңқырларынан, тыңайтқыш және улыхимикат қоймаларынан, өнеркәсіптік ұйымдардан, канализация құрылымдарынан, ескі істемеуші құдықтардан, мал қораларынан.
8. Су алу құрылымдарын орнатуға рұқсат етілмейді: жауын және қар суларымен су басатын участкелерде, ойлы, батпақтанатын орындарда; қар көшкіні және топырақтың басқа деформация болу орындарында; көліктің қарқынды жүру магистральдеріне 30 м жақын орындарда.
9. Құдықтар тұрғын ғимараттардан 100 м аспайтын қашықтықта орналастырылуы керек.
10. Су алу қонырғыларын жабдықтауда, шаруашылық - ауыз сумен қамтамасыз етуіне Қазақстан Республикасында қолдануы рұқсатталған материалдар (сүзгіштер, қорғаушы торлар, насостардың бөлшектері т.б.), реагенттер және шағын тазалау қондырғылары қолданылады.
3. Скважиналарға және құбырлы құдықтарға қойылатын  
  санитарлық-эпидемиологиялық талаптар 
11. Скважиналарды бұрғылау және орнату қазіргі құрылыс нормалары мен ережелерінің (онан әрі - ҚЕН) талаптарына сай жүргізілуі тиісті.
12. Скважинаның конструкциясы судың дебитін өлшеуіне, сынамаларды алуына және жөндеу-қалыптастыру жұмыстарын жүргізуіне мүмкіндік беруі керек.
13. Скважинаның үстіңгі бөлігі жер бетіндегі павильонда немесе жер асты камерасында орналастырылуы тиісті. Олардың биіктігі 2,4 м кем болмауы керек. Су беруші құбырлар еденнен ең кемінде 0,5 м биік орналасуы қажет.
14. Скважинаның бас бөлігінің конструкциясы жер беткі сулары мен ластардың оның құбырлар арасындағы және құбырлар сыртындағы кеңістікке өтуін болдырмайтындай толық оқшаулануын қамтамасыз етуі керек.
15. Төңірегіндегі аумақта скважинаны санитарлық қорғау аймақтары қарастырылып, жер асты суларын ластардан қорғау шаралары жүргізілуі тиісті.
16. Құбырлы құдықтарды орнату үшін үстіңгі жағынан су өткізбеуші тау жыныстарымен қорғалған су горизонттары қолданылуы керек. 
Құбырлы құдықтың үстіңгі (бас) бөлігі жер бетінен 0,8-1,0 м жоғары орналасып, оқшауланып жабылып, қаптаумен және шелекке арналған ілмесі бар су ағатын құбырмен жабдықталуы қажет.
4. Шахтылы құдыққа қойылатын  
  санитарлық-эпидемиологиялық талаптар 
17. Шахтылы құдық ең жоғары орналасқан қысымды емес жер асты су горизонтынан суды алу үшін жасалады. Құдық құрамына бас бөлігі, дің (ствол) және суды қабылдау камерасы кіретін, шеңберлі немесе квадрат түріндегі шахты болып табылады.
18. Құдықтың жер беткі (бас) бөлігі жер бетінен ең кемінде 0,7-0,8 м биік орналасуы керек. Құдықтың бас бөлігі қақпамен немесе люкпен жабылатын темірбетонды жапқышпен жабдықталады. Құдықтың жер бетіндегі барлық бөлігі қалқамен немесе күркемен жабылады. Құдық бас бөлігінің айналасында иленген және тығыздалған саздан немесе майлы саздақтан тереңдігі 2 м және ені 1 м нығыздалған болу керек. Құдықтың айналасында тастан, кірпіштен, бетоннан немесе асфальттан радиусы ең кемінде 2 м, құдықтан еңістігі 0,1 м отмостка жасалуы керек. Төгілген суды құдықтан әрі қарай әкетуіне арналған жыра жасалады. Құдықтың айналасы қоршалуы және оның жанында шелектер үшін орындық орнатылуы тиісті.
19. Шахтының іргелері тығыз болып, жер беткі және жоғары жатқан жер асты суларын құдыққа өткізбейтіндей оқшаулану керек.
20. Құдықтың іргелерін қаптау үшін бетонды немесе темірбетонды шеңберлерді, тасты, кірпішті, ағашты қолданады. Іргелерін қаптаушы тас (кірпіш) мықты және суға түс бермейтіндей болып, құрамында қоспалары жоқ жоғары маркалы цементті қолданып, бетонды немесе темірбетонды шеңбер түрінде қалануы қажет.
21. Іргелерін ағашпен қаптауда қалыңдығы ең кемінде 15 сантиметр (онан әрі - см) бөренелер түріндегі белгілі тұқымды сүректер таңдап алынуы керек: судан жоғары орналасқан бөлігі үшін шырша немесе қарағай, ал оның су жинаушы бөлігінде - қандыағаш, емен, қарағай ағаштары қолданылады. Ағаш материалдары қабығынан тазартылып, тік болып, 5-6 ай бұрын дайындалып, терең жарықтары, құрт жеген орындары болмай, саңырауқұлақтармен залалданбауы керек.