Toggle Dropdown
Теңiз порттарын салу үшiн оларды орналастыру ережесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 27 ақпандағы № 207 қаулысы
Toggle Dropdown
"Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабы 2-тармағының 6) тармақшасын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді:
Toggle Dropdown
1. Қоса берiліп отырған Теңiз порттарын салу үшiн оларды орналастыру ережесi бекiтiлсiн.
Toggle Dropdown
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнің
2003 жылғы 27 ақпандағы
N 207 қаулысымен
бекiтілген
Toggle Dropdown
Теңiз порттарын салу үшін оларды орналастыру ережесi
Toggle Dropdown
Осы Теңiз порттарын салу үшiн оларды орналастыру ережесi оларды орналастыру тәртiбiн анықтайды және "Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабы 2-тармағының 6) тармақшасына сәйкес әзiрленген.
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Теңiз порттарын жобалау порттарды, олардың аумағын, айдынын және iргелес елдi мекендермен әрi өнеркәсіптік ұйымдармен бiрге олардың даму перспективасын ескере отырып және бекiтiлген қала салу құжаттамасымен ұштастырып ұтымды орналастыру шарттары сақталып, жүзеге асырылады. Теңiз портын жобалау кезiнде әлеуметтік және экологиялық проблемалар мiндеттi түрде қарауға жатады, бұл ретте қоршаған ортаны тиiмдi қорғауды және сақтауды, сондай-ақ шекаралық және кедендік бақылау жұмыстарын ұйымдастыру мүмкiндігін қамтамасыз ететiн шаралар әзiрленедi.
Toggle Dropdown
2. Теңiз портын орналастыру және жобалау мiндетi - бұл қауiпсiз қабылдау, тиеудi (түсiрудi) жедел жүргiзу және қазiргi заманғы әрi перспективалы көліктік кемелерге олардың келу кезегiне қарай кешендi қызмет көрсету талаптарын қанағаттандыратын және көлiктің теңiздік әрi аралас түрлерiнде тасымалдаудың прогрессивтi тәсілдерінің шарттарына жауап беретiн бiрыңғай кешен ретінде портты орналастырудың оңтайлы шешiмiн табу. Бұл peттe мыналар қамтамасыз етiлуi тиiс: порттың белгiленген өткiзу қабiлетi, портты есептiк кезең шегiнен тыс ұзақ перспективада дамыту мүмкіндiгi және қабылданған шешiмдердің экономикалық орындылығы.
Toggle Dropdown
3. Жобаланатын порттың технологиялық құрылымының негiзгi элементтерi қабылдау, тиеу (түсiру), теңiз көлiк кемелерiне кешендi қызмет көрсету, сондай-ақ темiр жол, автомобиль, құбыр және көліктің басқа да аралас түрлерінен жүктi қабылдау (беру) үшiн қажетті техникалық құралдардың (құрылыстар, ғимараттар, жабдықтар, жайластыру, көліктік және инженерлiк коммуникациялар) жиынтығы болып табылатын технологиялық қайта тиеу кешенi болуы тиiс.
Toggle Dropdown
4. Портты орналастыру жобасында айдынның жалпы мөлшерi айқындалуы тиiс, ол мынадай қажеттiлiкке негiзделе отырып белгiленеді:
Toggle Dropdown
1) айлақтарға кемелердiң қауiпсiз маневр жасауы және жақын келуi үшiн жағдайлар жасауға;
Toggle Dropdown
2) неғұрлым қолайлы толқын жағдайларына;
Toggle Dropdown
3) жүк және жолаушылар операциялары орындалған, жабдықтау, қызмет көрсету және бос тұрған кезде көлiк флоты кемелерінің ыңғайлы және қауіпсiз жұмысына;
Toggle Dropdown
4) портта орналасқан кемелердi айдында орналастыруға: олардың қауiпсiз кiруi мен тұрағын ескере отырып, техникалық флотты, қызметтiк-қосалқы флотты, мердiгерлік құрылыс ұйымдарын және басқа да ұйымдарды.
Toggle Dropdown
Порт айдынының жалпы мөлшерi, портқа кiретiн қақпалардың енi, мөлшерi және кiру рейдi мен бассейндердiң жоспарлы кескiндерi ұзақ перспективаға кемелер мөлшерiнің болжамды өзгерiсi мен перспективалық кеме айналымы ескерiле отырып, анықталады.
Toggle Dropdown
5. Осы Ережемен қатар құрылыс нормалары мен ережелерінің талаптарын, теңiз порттарын жобалау кезiндегi санитарлық талаптарды басшылыққа алу қажет.
Toggle Dropdown
2. Теңiз портын салу үшiн алаң таңдау
Toggle Dropdown
6. Жаңа теңiз портын салу туралы шешiм қабылдау кезiнде теңiз жағалаулары табиғи режимiнің мынадай жағдайларын бағалау ескеріледі:
Toggle Dropdown
1) топографиялық жағдайлар (жағалау алабының кескiнi - шығанақ, бухта, фьорд, кiрме, көлтабан, лагун, қайраң, мүйiс);
Toggle Dropdown
2) гидрографиялық жағдайлар (теңiз түбінің бедерi - изобата, саяз жағалау, тереңдеу жағалау);
Toggle Dropdown
3) метеорологиялық жағдайлар (aуa температурасы, желдiң бағыты мен жылдамдығы, жауын-шашын және тұман);
Toggle Dropdown
4) гидрогеологиялық жағдайлар (cу деңгейiнің тұрақсыздануы, судың жағасынан шығуы мен қайтуы, толқындануы, теңiз ағысы, теңiз суының физикалық-химиялық қасиеттерi және мұз режимi);
Toggle Dropdown
5) геологиялық және геоморфологиялық жағдайлар, үйiнділер, теңiз суының құрылыс материалдарына әсер етуi.
Toggle Dropdown
Сондай-ақ алдын ала инженерлiк iздестiрулердiң мынадай материалдары мен мәлiметтерi ескеріледi:
Toggle Dropdown
геологиялық материалдар (жағалау мен айдынның топырағы туралы мәліметтер);
Toggle Dropdown
жел, толқын және мұз режимi туралы мәлiметтер, навигациялық кезеңнің ұзақтығы;
Toggle Dropdown
ағыс, үйiндiлер, климаттық жағдайлар туралы мәлiметтер және басқа да мәлiметтер техникалық-экономикалық есептеулерге қосымша ретiнде жеке ресiмделедi.