• Мое избранное
Сақтандыру туралы
Внимание! Документ утратил силу с 18.12.2000 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 601

Заң күшi бар Сақтандыру туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1995 жылғы 3 қазан N 2475.

"Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабына сәйкес және сақтандыру қызметi нарығын дамыту, азаматтар мен заңды тұлғаларды сақтандыру тұрғысында қорғау мақсатында осы Жарлықты шығарамын.
1-тарау. Жалпы ережелер
  • 7
1-бап. Сақтандыру және сақтандыру қызметi жайындағы ұғым
1. Сақтандыру өздерiне сақтанушылар төлеген сақтану төлемдерiнен, сондай-ақ заңдарда тыйым салынбаған өзге де төлем көздерiнен сақтандырушылар құрайтын ақша қорлары есебiнен белгiлi бiр сақтандыру оқиғалары болған кезде сақтандыру өтемдерiн төлеу арқылы азаматтар мен заңды тұлғалардың (сақтандырушылардың) мүдделерiн мүлiктi қорғау жөнiндегi қарым-қатынасты бiлдiредi. 
2. Сақтандыру қызметi - сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының, сақтандыру және қайта сақтандыру брокерлерiнiң уәкiлеттi мемлекеттiк органның тиiстi лицензиясы негiзiнде жүзеге асыратын және сақтандыру мен қайта сақтандыру шарттарын жасасумен және оларды орындаумен байланысты қызметi.  
2-1. Уәкілеттi мемлекеттiк орган - мемлекеттiң сақтандыру қызметiн реттеу және қадағалау жөнiндегi мiндеттер мен өкiлеттiктердi заңдарда белгiленген өкiлеттiктерге сәйкес жүзеге асыратын органы.  
1-бап өзгертілді және толықтырылды ҚР
       1999.07.16. N 436 Заңымен.  
2-бап. Сақтандыру туралы заңдар
Сақтандыру туралы заңдар Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексiнiң тиiстi баптарынан, осы Жарлықтан, Қазақстан Республикасының заң актiлерiнен және соларға сәйкес қабылданған Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң, сондай-ақ уәкiлеттi мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.  
2-бап өзгертілді ҚР 16.07.1999.
       N 436 Заңымен.  
3-бап. Осы Жарлықпен реттелетiн қатынастары
1. Осы Жарлық: 
- сақтандыру шартын жасасу және оны орындау процесiнде сақтандырушы мен сақтанушының арасында туындайтын қатынастарды; 
- уәкiлеттi мемлекеттiк органның сақтандыру қызметiн реттеу және 
қадағалау жөнiндегi өзiнiң қызметi мен өкiлеттiктерiн жүзеге асырумен
байланысты туындайтын қатынастарды реттейдi.

     - сақтандыру қатынасынан туындайтын сақтандырушылар мен
сақтанушылардың өзге де тұлғалармен (сақтандырушылармен және
пайда алушылармен) қатынастарын реттейдi.
     
2. Мiндеттi сақтандыру ерекшелiктерi, осы Жарлықта көзделгеннен
басқа жағдайларда, арнайы заңдармен реттеледi.

      3-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 
              1996.08.23. N 35-I  

 
  Заңымен. 
      3-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. 
              N 436 Заңымен.  

 
  
       4-бап. Сақтандыру түрлерi
     Сақтандыру:
     1) мiндеттiлiк дәрежесi бойынша:
     а) ерiктi;
     б) мiндеттi;
     2) сақтандыру объектiлерi бойынша:
     а) жеке;
     б) мүлiктiк болып бөлiнедi.
       5-бап. Мiндеттi және ерiктi сақтандыру
     1. Мiндеттi сақтандыру - заң талаптарына орай жүзеге
асырылатын сақтандыру.
2. Мiндеттi сақтандырудың түрлерi заң актiлерiмен белгiленедi. Мiндеттi сақтандыруды жүргiзудiң тәртiбi мен шарттарын олардың Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделмегендiгiне қарай Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi. 
Егiндi, көп жылдық өсiмдiктердi, ауылшаруашылық жануарларын, қозғалатын және қозғалмайтын мүлiктi, ауылшаруашылық өндiрiсiнiң өнiмдерi мен тауарларын қолайсыз табиғи-климаттық жағдайлардан, эпизоотиядан және басқа дүлей зiлзаладан мiндеттi сақтандыру белгiленсiн.  
3. Өзiнiң өмiрiн немесе денсаулығын сақтандыру мiндетi азаматқа заңдармен де шартпен де жүктелмейдi. 
4. Мiндеттi сақтандыру кезiнде сақтанушы сақтандырудың осы түрiн реттейтiн заң актісінде тұжырымдалған талаптарға сәйкес сақтандырушымен шарт жасасуға мiндеттi.  
5. Мiндеттi сақтандыру шарты сақтандырудың осы түрiн жүзеге асыруға лицензиясы бар сақтандырушымен ғана жасалуы мүмкiн. Аталған сақтандырушы үшiн мұндай шартты жасау мiндеттi болып табылады. 
6. Ерiктi сақтандыру - тараптардың өз еркiн бiлдiруiне орай 
жүзеге асырылатын сақтандыру.
     Ерiктi сақтандырудың түрлерi, шарттары мен тәртiбi
тараптардың келiсiмiмен белгiленедi.
     
7. Азаматтың немесе заңды тұлғаның кез келген мүддесi
сақтандыру объектiсi бола алады.
     Сақтанушының құқыққа қайшы келетiн мүдделерi сақтандыруға
жатпайды.
     Сақтандырудың мiндеттi түрлерi бойынша сақтандыру объектiсi
сақтандырудың осы түрiн реттейтiн заңдармен белгiленедi.
      5-баптың 2-тармағы жаңа абзацпен толықтырылды -   
              Қазақстан Республикасының 1996.08.23. N 35-I Заңымен.        
               

 
  
      5-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. 
              N 436 Заңымен.  

 
  
     6-бап. Мiндеттi сақтандыру туралы ережелердi бұзудың салдары
1. Заң актiсiне сәйкес оның пайдасына мiндеттi сақтандыру жүзеге асырылуға тиiстi адам, егер сақтандырылмағаны өзiне белгiлi болса, осы мiндет жүктелген сақтанушыдан өзiнiң сақтандырылуын сот тәртiбiмен талап етуге хақылы. 
2. Егер сақтандырушы сақтандыру шартын жасаспаса не оны заңдарда көзделгенмен салыстырғанда сақтандырылушының жағдайын нашарлататын талаптармен жасасқан болса, ол сақтандыру оқиғасы болған жағдайда, тиiсiнше сақтандырылған кезде сақтандыру өтемi төленуге тиiс ретпен сақтандырылушының алдында жауапты болады. 
3. Сақтанушы осы Жарлықтың 5-бабының 5-тармағына сәйкес сақтандыруды жүзеге асыруға мiндеттi сақтандырушыны сот тәртiбiмен мәжбүрлеудi талап етуге хақылы. 
  • 2
7-бап. Жеке және мүлiктi сақтандыру
1. Жеке сақтандыруға азаматтың өмiрiн, денсаулығын, еңбекке қабiлетiн және жеке басына байланысты өзге де мүдделерiн сақтандыру жатады. 
2. Мүлiктiк сақтандыруға мүлiктi және кәсiпкерлiк тәуекелдер мен азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi сақтандыруды қоса, сонымен байланысты мүдделердi сақтандыру жатады. 
Кәсiпкерлiк тәуекелдер сақтандырылған кезде кәсiпкердiң контрагенттерiнiң (шарт жасасқан тараптардың) өз мiндеттемелерiн бұзуы немесе кәсiпкердiң еркiнен тыс жағдаяттарда осы iс-әрекет жағдайларының өзгеруi себептi кәсiпкерлiк қызметтен күтiлген табыстың алынбау тәуекелi сақтандырылады. 
Азаматтық-құқықтық жауапкершiлiк сақтандырылған кезде басқа азаматтардың өмiрiне, денсаулығына немесе мүлкiне зиян келтiру салдарынан туындайтын мiндеттемелер бойынша жауапкершiлiк тәуекелi, сондай-ақ шарттардан немесе өзге де негiздерден туындайтын мiндеттемелер бойынша жауапкершiлiк тәуекелi сақтандырылады. 
  • 6
8-бап. Шетелдiк заңды тұлғалар мен шетел азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағында сақтандыру саласындағы қызметi
1. Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметiн жүзеге асыратын шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар, шетелдiк заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының азаматтарымен және заңды тұлғаларымен бiрдей сақтандыру тұрғысында қорғалу құқығын пайдаланады. 
Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметiн жүзеге асыратын шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар, шет ел қатысатын кәсiпорындар, шетелдiк заңды тұлғалардың филиалдары мен өкiлдiктерi осы қызметке байланысты тәуекелдердi сақтандыруды Қазақстан Республикасының сақтандыру туралы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының сақтандыру ұйымдарында жүргiзедi. 
2. Қазақстан Республикасының аумағында тiкелей сақтандырушы ретiндегi шетелдiк сақтандырушы және қайта сақтандырушы ұйымдардың, шетелдік сақтандыру делдалдарының қызметiне тыйым салынады.  
3. Қазақстан Республикасының сақтандырушылары өз мойнына алған тәуекелдердi қайта сақтандыру жөнiндегi шетелдiк сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының қызметi Қазақстан Республикасының аумағында аталған ұйымдардың белгiленген тәртiппен тiркелген филиалдары мен өкiлдiктерi арқылы жүзеге асырылады. 
Қазақстан Республикасының сақтандырушылары өз тәуекелдерiн тiкелей шетелдiк қайта сақтандырушыларда қайта сақтандыра алады. 
4. Қазақстан Республикасының аумағында шетелдiк заңды тұлғалардың сақтандырушы делдал функцияларын жүзеге асыруына Қазақстан Республикасының сақтандырушыларына олардың шетелдегi тәуекелдерiн қайта сақтандыру жөнiнде қызмет көрсету саласында ғана жол берiледi. Бұл ретте шетелдiк заңды тұлғалар өз қызметiн Қазақстан Республикасының аумағында белгiленген тәртiппен тiркелген филиалдары мен өкiлдiктерi арқылы жүзеге асырады. 
Қазақстан Республикасының сақтандырушылары өз тәуекелдерiн шетелде қайта сақтандыруға орналастыруына байланысты шетелдiк делдалдық ұйымдардың қызметiн тiкелей пайдалана алады. 
5. Шетелдiктер қатысатын кәсiпорындар (шетелдiк кәсiпорындар мен бiрлескен кәсiпорындар) сақтандыру саласындағы делдалдық қызметтi Қазақстан Республикасының басқа да заңды тұлғалары қызметiнiң шарттарына сәйкес жүзеге асырады. 
5-1. Шетел қатысатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы - акцияларының үштен бірінен астамы мыналардың: 
1) Қазақстан Республикасының резидент еместерiнiң; 
2) акцияларының (қатысушылар салымдарының) үштен бiрiнен астамы Қазақстан Республикасы резидент еместерінiң не соларға ұқсас Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң - заңды тұлғаларының меншiгiнде және (немесе) басқаруында болатын Қазақстан Республикасының резиденттерi - заңды тұлғалардың; 
3) Қазақстан Республикасының резидент еместерiнiң қаражатын бөлушiлер (сенiм көрсетiлген адамдар) болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденттерi не осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетiлген заңды тұлғалардың иелiгiндегi және (немесе) басқаруындағы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы.  
5-2. Шетел қатысқан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының жиынтық тiркелген жарғы капиталы, уәкiлеттi мемлекеттiк орган рұқсат берген жағдайды қоспағанда, Қазақстан Республикасының барлық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының бiрге тiркелген жарғы капиталының жиырма бес процентiнен аспауға тиiс.  
8-бап өзгертілді және толықтырылды ҚР
       1999.07.16. N 436 Заңымен.  
2-тарау. Сақтандыру қатынастарының қатысушылары
  • 4
9-бап. Сақтанушылар
  • 1
1. Сақтанушы - сақтандырушымен сақтану шартын жасасқан адам. 
2. Заңды тұлғалар мен азаматтар сақтанушылар бола алады.