• Мое избранное

Отправить по почте

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың кадр комиссиялары туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 7 наурыздағы № 520 Жарлығы

Жарлықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 04.08.2018 жылғы № 723 Жарлығына сәйкес (12.06.2017 ж. редакцияны қараңыз)
Редакция 29.06.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс
«Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 18 желтоқсандағы № 449 Жарлығын іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия (бұдан әрі-Ұлттық комиссия) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Ұлттық комиссия туралы ереже;
2) Ұлттық комиссияның лауазымдық құрамы;
3) Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың кадр комиссиясы туралы үлгілік ереже (бұдан әрі – Үлгілік ереже);
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 04.08.2018 жылғы № 723 Жарлығына сәйкес (12.06.2017 ж. редакцияны қараңыз)
4) Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың кадр комиссиясының үлгілік лауазымдық құрамы (бұдан әрі – Үлгілік құрам) бекітілсін
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 04.08.2018 жылғы № 723 Жарлығына сәйкес (12.06.2017 ж. редакцияны қараңыз)
3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың кадр комиссияларын құрсын, олардың ережесі мен құрамын осы Жарлықпен бекітілген Үлгілік ережеге және Үлгілік құрамға сәйкес бекітсін.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 04.08.2018 жылғы № 723 Жарлығына сәйкес (12.06.2017 ж. редакцияны қараңыз)
4. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Президенті Әкімшілігі және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агентттігі осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы  Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
6. Осы Жарлық 2013 жылғы 26 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Президенті                               Н. Назарбаев
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2013 жылғы 7 наурыздағы
№ 520 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия туралы ЕРЕЖЕ
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 18.01.2021 жылғы № 495 Жарлығына сәйкес (14.01.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 18.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия (бұдан әрі - Ұлттық комиссия) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру және Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттік әкімшілік қызметке кіру, оны өткеру және тоқтату, сондай-ақ мемлекеттік органдарға шетелдік жұмыскерлерді тарту мәселелерін қарау мақсатында құрылады.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 29.12.2015 жылғы № 157 Жарлығына сәйкес (29.08.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
2. Ұлттық комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін және осы Ережені басшылыққа алады.
2-тарау. Ұлттық комиссияның міндеттері
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 18.01.2021 жылғы № 495 Жарлығына сәйкес (14.01.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 18.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3.  Ұлттық комиссияның міндеттері:
1) «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне қатысты кадр саясатын қалыптастыру және оны іске асыру бойынша ұсыныстар тұжырымдап, Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізу;
2) «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне қойылатын арнайы біліктілік талаптарын қарау;
2-1) мемлекеттік органдарға шетелдік жұмыскерлерді тарту мәселелерін қарау;
3-тармақ 2-1-тармақшамен толықтырылды ҚР Президентінің 29.12.2015 жылғы № 157 Жарлығына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
2-2) мыналардың:
3-тармақ 2-2-тармақшамен толықтырылды ҚР Президентінің 29.12.2015 жылғы № 157 Жарлығына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
2-2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 13.07.2016 жылғы № 298 Жарлығына сәйкес (29.12.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
2-2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 14.01.2020 жылғы № 239 Жарлығына сәйкес (28.10.2019 ж. редакцияны қараңыз)
2-2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 18.01.2021 жылғы № 495 Жарлығына сәйкес (14.01.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 18.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 15.06.2023 жылғы № 255 Жарлығына сәйкес (13.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
өз өкілеттіктерін кемінде алты ай орындап жүрген қызметтегі судьялардың, Парламент депутаттарының, тұрақты негізде жұмыс iстейтiн мәслихат депутаттарының, мемлекеттік саяси қызметшілердің, халықаралық қызметшілердің;
өз өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқандарды қоспағанда, өз өкілеттіктерін кемінде алты ай орындаған және оларды тоқтатқан халықаралық қызметшілердің, судьялардың;
Ұлттық комиссия шешім қабылдаған кезде қолданыста болатын Мемлекеттік саяси және әкiмшілiк қызметшілер лауазымдарының тізіліміне сәйкес лауазымдары мемлекеттік саяси лауазымдарға жатқызылған жағдайда, өз өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқандарды қоспағанда, өз өкілеттіктерін кемінде алты ай орындаған және оларды тоқтатқан мемлекеттік саяси қызметшілердің;
халықаралық, шетелдік немесе трансұлттық ұйымдарда, шетелдік мемлекеттік құрылымдарда кемінде соңғы бес жыл жұмыс өтілі бар адамдардың;
мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар және Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия айқындайтын шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында докторантура (PhD, бейіні бойынша доктор) бағдарламалары бойынша оқуын аяқтаған адамдардың;
Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдардың «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурстық іріктеу өткізілместен орналасуы мәселелерін қарау;
2-3) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ 2-3-тармақшамен толықтырылды ҚР Президентінің 13.07.2016 жылғы № 298 Жарлығына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
2-3-тармақша алынып тасталды ҚР Президентінің 12.06.2017 жылғы № 498 Жарлығымен (05.04.2017 ж. редакцияны қараңыз)
3) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
3-тармақша алынып тасталды ҚР Президентінің 18.01.2021 жылғы № 495 Жарлығымен (14.01.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 18.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің мемлекеттік қызметті өткеру және тоқтату мәселелері бойынша, оқыту, ротация жүргізу, тәртіптік жауаптылыққа тарту, атқаратын лауазымынан босату бойынша ұсынымдарды тұжырымдау және шығару;
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 18.01.2021 жылғы № 495 Жарлығына сәйкес (14.01.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 18.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың кадр комиссияларының қызметін үйлестіру;
5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 04.08.2018 жылғы № 723 Жарлығына сәйкес (12.06.2017 ж. редакцияны қараңыз)
6) Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де міндеттер болып табылады.
3-тарау. Ұлттық комиссияның функциялары
3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 18.01.2021 жылғы № 495 Жарлығына сәйкес (14.01.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 18.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Ұлттық комиссияға оның міндеттеріне сәйкес мынадай функциялар жүктеледі:
1) «А» корпусының лауазымдарына кандидаттардың жеке ісін қарау және қажет болған жағдайда олармен әңгімелесу өткізу;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 18.01.2021 жылғы № 495 Жарлығына сәйкес (14.01.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 18.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жеке істерін және қызметіне қатысты өзге де материалдарды қарау және олармен әңгімелесу өткізу;
2-1) мемлекеттік органдарға шетелдік жұмыскерлерді тарту мәселелері бойынша шешімдерді қабылдау және мемлекеттік органдардағы олардың лауазымдарын келісу;
4-тармақ 2-1-тармақшамен толықтырылды ҚР Президентінің 29.12.2015 жылғы № 157 Жарлығына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
2-2) мыналардың:
4-тармақ 2-2-тармақшамен толықтырылды ҚР Президентінің 29.12.2015 жылғы № 157 Жарлығына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
2-2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 13.07.2016 жылғы № 298 Жарлығына сәйкес (29.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
2-2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 14.01.2020 жылғы № 239 Жарлығына сәйкес (28.10.2019 ж. редакцияны қараңыз)
2-2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 18.01.2021 жылғы № 495 Жарлығына сәйкес (14.01.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 18.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 15.06.2023 жылғы № 255 Жарлығына сәйкес (13.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
өз өкілеттіктерін кемінде алты ай орындап жүрген қызметтегі судьялардың, Парламент депутаттарының, тұрақты негізде жұмыс iстейтiн мәслихат депутаттарының, мемлекеттік саяси қызметшілердің, халықаралық қызметшілердің;
өз өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқандарды қоспағанда, өз өкілеттіктерін кемінде алты ай орындаған және оларды тоқтатқан халықаралық қызметшілердің, судьялардың;
Ұлттық комиссия шешім қабылдаған кезде қолданыста болатын Мемлекеттік саяси және әкiмшілiк қызметшілер лауазымдарының тізіліміне сәйкес лауазымдары мемлекеттік саяси лауазымдарға жатқызылған жағдайда, өз өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқандарды қоспағанда, өз өкілеттіктерін кемінде алты ай орындаған және оларды тоқтатқан мемлекеттік саяси қызметшілердің;
халықаралық, шетелдік немесе трансұлттық ұйымдарда, шетелдік мемлекеттік құрылымдарда кемінде соңғы бес жыл жұмыс өтілі бар адамдардың;
мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар және Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия айқындайтын шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында докторантура (PhD, бейіні бойынша доктор) бағдарламалары бойынша оқуын аяқтаған адамдардың;
республикалық маңызы бар ірі квазимемлекеттік сектор субъектілерінде бірінші басшы лауазымын немесе бірінші басшыдан кейін келесі төмен тұрған лауазымды кемінде екі жыл атқарып жүрген немесе атқарған адамдардың;
Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдардың «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурстық іріктеу өткізілместен орналасуы мәселелері бойынша шешімдер қабылдау;
2-3) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ 2-3-тармақшамен толықтырылды ҚР Президентінің 13.07.2016 жылғы № 298 Жарлығына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
2-3-тармақша алынып тасталды ҚР Президентінің 12.06.2017 жылғы № 498 Жарлығымен (05.04.2017 ж. редакцияны қараңыз)
3) Ұлттық комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан, оның ішінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың кадр комиссияларынан ақпарат сұрату және алу;
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 04.08.2018 жылғы № 723 Жарлығына сәйкес (12.06.2017 ж. редакцияны қараңыз)
4) Ұлттық комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша отырыстарда мемлекеттік органдардың, ұйымдардың басшыларын және өкілдерін, оның ішінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың кадр комиссияларының төрағаларын тыңдау;
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 04.08.2018 жылғы № 723 Жарлығына сәйкес (12.06.2017 ж. редакцияны қараңыз)
5) Ұлттық комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдер қабылдау;
6) мемлекеттік органдардың басшыларына және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың кадр комиссияларының төрағаларына шешімдерді жіберу;
6-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 04.08.2018 жылғы № 723 Жарлығына сәйкес (12.06.2017 ж. редакцияны қараңыз)
7) Ұлттық комиссияның құзыретіне кіретін мәселелерді қарауға мемлекеттік органдардың, ұйымдардың лауазымды адамдары мен мамандарын қажеттігіне қарай тарту;
8) Ұлттық комиссияның отырысына Ұлттық комиссияның мүшесі болып табылмайтын лауазымды және өзге де адамдарды, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін шақыру;
9) Ұлттық комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша тапсырмалар мен нормативтік құқықтық актілер әзірлеу жөнінде Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыныстар енгізу;
9-1) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ 9-1-тармақшамен толықтырылды ҚР Президентінің 14.01.2020 жылғы № 239 Жарлығына сәйкес
9-1-тармақша алынып тасталды ҚР Президентінің 18.01.2021 жылғы № 495 Жарлығымен (14.01.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 18.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10) Ұлттық комиссияға жүктелген міндеттерді жүзеге асыруға қажетті, Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
4-тарау. Ұлттық комиссияның құрамы және оның қызметін ұйымдастыру
4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 18.01.2021 жылғы № 495 Жарлығына сәйкес (14.01.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 18.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5. Ұлттық комиссия төрағадан, оның орынбасарынан және комиссия  мүшелерінен тұрады. Қазақстан Республикасының Президенті оның  лауазымдық құрамын айқындайды.
6. Ұлттық комиссияның төрағасы:
1) Ұлттық комиссияның қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
2) Ұлттық комиссияның отырыстарын өткізу орны мен уақытын айқындайды;
3) Ұлттық комиссияның отырыстарында төрағалық етеді;
4) Ұлттық комиссияның дербес құрамын бекітеді;
5) Ұлттық комиссияның жұмыс жоспарын бекітеді;
6) Ұлттық комиссияның мүшелеріне орындауға міндетті нұсқаулар береді;
7) Қазақстан Республикасының Президенті алдында Ұлттық комиссияның жұмысы туралы есеп береді.
7. Ұлттық комиссияның төрағасы болмаған уақытта оның функцияларын Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары орындайды.
8. Ұлттық комиссияның отырыстары оның жұмыс кестесіне сәйкес, сондай-ақ қажеттігіне қарай, бірақ жартыжылдықта кемінде бір рет өткізіледі.
9. Ұлттық комиссия төрағасының тапсырмасы бойынша Ұлттық комиссия мүшелерінің сырттай дауыс беруі өткізілуі мүмкін.
9-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 21.11.2013 жылғы № 697 Жарлығымен (16.08.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.11.2013 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Ұлттық комиссияның отырысы немесе сырттай дауыс беру оның құрамының жалпы санының кемінде үштен екісі отырысқа қатысқан немесе сырттай дауыс беруге қатысқан жағдайда заңды болып табылады. Ұлттық комиссияның мүшелері отырыстарға және сырттай дауыс беруге ауысу құқығынсыз қатысады.
Ұлттық комисссия мүшелерінің сырттай дауыс беру мерзімі Ұлттық комиссия мүшелеріне материалдар жіберілген күннен бастап үш жұмыс күнінен аспауы тиіс.
Сырттай дауыс беру мерзімі аяқталғанға дейін Ұлттық комиссия мүшелері өз пікірлерін Ұлттық комиссияның жұмыс органына жазбаша түрде жолдайды.
Көрсетілген мерзімде жауап ұсынылмаған жағдайда Ұлттық комиссия мүшесі шешім жобасын қабылдауға дауыс берді деп саналады.
Ұлттық комиссияның шешімдері ашық дауыс беру немесе сырттай дауыс беру арқылы Ұлттық комиссия отырысына қатысушы немесе дауыс беруге қатысушы мүшелерінің жалпы санының қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
10. Ұлттық комиссияның шешімдері хаттамамен ресімделеді, оған Ұлттық комиссия төрағасы мен хатшысы қол қояды.
Ұлттық комиссияның шешімдері тиісті мемлекеттік органдарға, ұйымдарға жіберіледі және Ұлттық комиссия белгілеген мерзімде міндетті қаралуға жатады.
11. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет бөлімінің меңгерушісі Ұлттық комиссияның хатшысы болып табылады.
11-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 2023 жылғы 13 қыркүйектегі № 350 Жарлығына сәйкес (15.06.2023 ж. редакцияны қараңыз)
12. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет бөлімі Ұлттық комиссияның жұмыс органы болып табылады.
12-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 2023 жылғы 13 қыркүйектегі № 350 Жарлығына сәйкес (15.06.2023 ж. редакцияны қараңыз)
Ұлттық комиссияның қызметін ұйымдық қамтамасыз етуді мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2013 жылғы 7 наурыздағы
№ 520 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның ЛАУАЗЫМДЫҚ ҚҰРАМЫ
Лауазымдық құрам өзгертілді ҚР Президентінің 16.08.2013 жылғы № 616 Жарлығымен (07.03.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.08.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Лауазымдық құрам өзгертілді ҚР Президентінің 29.01.2014 жылғы № 742 Жарлығымен (21.11.2013 ж. редакцияны қараңыз)
Лауазымдық құрам өзгертілді ҚР Президентінің 11.04.2014 жылғы № 795 Жарлығымен (29.01.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Лауазымдық құрам өзгертілді ҚР Президентінің 29.08.2014 жылғы № 900 Жарлығымен (11.04.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Лауазымдық құрам өзгертілді ҚР Президентінің 29.12.2015 жылғы № 157 Жарлығымен (29.08.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
Лауазымдық құрам өзгертілді ҚР Президентінің 29.12.2015 жылғы № 158 Жарлығымен (29.08.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Лауазымдық құрам өзгертілді ҚР Президентінің 10.10.2016 жылғы № 357 Жарлығымен (13.07.2016 ж. редакцияны қараңыз)
Лауазымдық құрам өзгертілді ҚР Президентінің 22.07.2019 жылғы № 74 Жарлығымен (04.08.2018 ж. редакцияны қараңыз)
Лауазымдық құрам өзгертілді ҚР Президентінің 28.10.2019 жылғы № 195 Жарлығымен (22.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)
Лауазымдық құрам өзгертілді ҚР Президентінің 13.04.2023 жылғы № 195 Жарлығымен (10.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.04.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Лауазымдық құрам жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 2023 жылғы 13 қыркүйектегі № 350 Жарлығына сәйкес (15.06.2023 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Лауазымдық құрам жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 29.06.2024 жылғы № 591 Жарлығына сәйкес (13.09.2023 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, төраға
Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасы Президентінің өңірлік саясат мәселелеріне жетекшілік ететін кеңесшісі, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің әкімшілік реформа және мемлекеттік қызмет мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының Басшысы
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы
Қазақстан Республикасының Әділет министрі
Қазақстан Республикасы Президентінің әлеуметтік-экономикалық мәселелерге жетекшілік ететін кеңесшісі
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2013 жылғы 7 наурыздағы
№ 520 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың кадр комиссиясы туралы үлгілік ереже
Ереженің тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 04.08.2018 жылғы № 723 Жарлығына сәйкес (12.06.2017 ж. редакцияны қараңыз)
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 18.01.2021 жылғы № 495 Жарлығына сәйкес (14.01.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 18.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың кадр комиссиясы (бұдан әрі – комиссия) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын және кадр саясатын іске асыру мақсатында құрылады.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 29.12.2015 жылғы № 157 Жарлығына сәйкес (29.08.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 04.08.2018 жылғы № 723 Жарлығына сәйкес (12.06.2017 ж. редакцияны қараңыз)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 15.06.2023 жылғы № 255 Жарлығына сәйкес (13.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін және осы Ережені басшылыққа алады.
2-тарау. Комиссияның міндеттері
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 18.01.2021 жылғы № 495 Жарлығына сәйкес (14.01.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 18.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Комиссияның міндеттері:
3-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 21.11.2013 жылғы № 697 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.11.2013 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 05.04.2017 жылғы №456 Жарлығымен (10.10.2016 ж. редакцияны қараңыз) (қол қойылған күнінен бастап бір ай өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
3-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 14.01.2020 жылғы № 239 Жарлығымен (28.10.2019 ж. редакцияны қараңыз)
3-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 18.01.2021 жылғы № 495 Жарлығымен (14.01.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 18.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 15.06.2023 жылғы № 255 Жарлығына сәйкес (13.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның (бұдан әрі – Ұлттық комиссия) шешімдерін іске асыру;
2) кадр саясатын қалыптастыру бойынша ұсыныстарды тұжырымдау және Ұлттық комиссияға енгізу;
3) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өңірлік кадр резервін (бұдан әрі – өңірлік резерв) қалыптастыру бойынша жұмысты жалпы үйлестіру;
4) өңірлік резервке алу және одан шығару туралы мәселелерді шешу болып табылады.
3-тарау. Комиссияның функциялары
3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 18.01.2021 жылғы № 495 Жарлығына сәйкес (14.01.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 18.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Комиссияға оның міндеттеріне сәйкес мынадай функциялар жүктеледі:
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 15.06.2023 жылғы № 255 Жарлығына сәйкес (13.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) комиссияның құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпаратты мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан сұрату және алу;
2) отырыстарда комиссияның құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың, ұйымдардың басшылары мен өкілдерін тыңдау;
3) комиссияның құзыретіне жататын мәселелер бойынша шешімдер қабылдау;
4) шешімдерді мемлекеттік органдардың, ұйымдардың басшыларына жіберу;
5) комиссияның құзыретіне жататын мәселелерді қарауға мемлекеттік органдардың, ведомстволар мен ұйымдардың лауазымды адамдары мен мамандарын қажеттілігіне қарай тарту;
6) комиссияның отырысына комиссияның мүшесі болып табылмайтын лауазымды және өзге де адамдарды, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін шақыру;
7) Ұлттық комиссияға комиссияның құзыретіне жататын мәселелер бойынша тапсырмалар мен нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізу;
8) өңірлік резервке алуға ұсынылған кандидатураларды қарау;
9) адамды өңірлік резервтен шығару туралы мәселені қарау;
10) мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша әрбір нақты іріктеу үшін облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды және мемлекеттік басқару жүйесін дамыту басымдықтарын ескере отырып, іріктеу кезеңдерін өткізу мерзімдерін, өңірлік резервке алынатын кандидаттардың санын, салалық бағыттарды бекіту;
11) комиссияға жүктелген міндеттерді жүзеге асыруға қажетті, Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген және Ұлттық комиссияның шешімдерінде белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
4-тарау. Комиссияның құрамы және оның қызметін ұйымдастыру
4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 18.01.2021 жылғы № 495 Жарлығына сәйкес (14.01.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 18.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
                       5. Комиссия төрағадан, оның орынбасарынан және комиссия
мүшелерінен тұрады.
6. Комиссияның төрағасы:
1) комиссияның қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
2) комиссияның отырыстарын өткізу орны мен уақытын айқындайды;
3) комиссияның отырыстарында төрағалық етеді;
4) комиссияның дербес құрамын бекітеді және комиссияның жұмыс органының ұсынуымен оның хатшысын айқындайды;
5) комиссияның жұмыс жоспарын бекітеді;
6) комиссияның мүшелеріне орындауға міндетті нұсқаулар береді;
7) комиссияның жұмысы туралы Ұлттық комиссияның алдында есеп береді.
7. Комиссияның төрағасы болмаған уақытта оның функцияларын
комиссия төрағасының орынбасары орындайды.
8. Комиссияның отырыстары оның жұмыс кестесіне сәйкес, сондай-ақ қажеттігіне қарай, бірақ жартыжылдықта кемінде бір рет өткізіледі.
9. Комиссияның отырысы оның құрамының кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда заңды болып табылады. Комиссияның мүшелері отырыстарға ауыстыру құқығынсыз қатысады.
Комиссияның шешімдері ашық дауыс беру арқылы комиссия отырысына қатысушы мүшелерінің жалпы санының қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
10. Комиссияның шешімдері хаттамамен ресімделеді, оған комиссияның төрағасы және хатшысы қол қояды.
Комиссияның шешімдері тиісті мемлекеттік органдарға, ұйымдарға жіберіледі және комиссия белгілеген мерзімде міндетті қаралуға жатады.
11. Комиссияның жұмыс органы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі болып табылады.
12. Жұмыс органы комиссияның қызметін ақпараттық-талдамалық және ұйымдастырушылық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде комиссияның жұмыс жоспарларының жобаларын, отырыстарының күн тәртібін және оның жұмысын ұйымдастыруға қажетті өзге де материалдарды дайындауды қамтамасыз етеді, оларды комиссияның қарауына ұсынады, өңірлік резервке алынған адамдардың мемлекеттік қызметті өткеруіне мониторинг жүргізеді.
12-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 15.06.2023 жылғы № 255 Жарлығына сәйкес (13.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2013 жылғы 7 наурыздағы
№ 520 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың кадр комиссиясының үлгілік лауазымдық құрамы
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 29.12.2015 жылғы № 157 Жарлығымен (29.08.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 29.12.2015 жылғы № 158 Жарлығымен (29.08.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 10.10.2016 жылғы № 357 Жарлығымен (13.07.2016 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 04.08.2018 жылғы № 723 Жарлығына сәйкес (12.06.2017 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 22.07.2019 жылғы № 74 Жарлығымен (04.08.2018 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 10.04.2023 жылғы № 190 Жарлығымен (18.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 12.04.2023 жылдан бастап)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 15.06.2023 жылғы № 255 Жарлығымен (13.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі, комиссия төрағасы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық бөлімшесінің басшысы, комиссия төрағасының орынбасары
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі аппаратының басшысы
Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының төрағасы
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясының төрағасы