1. Қоса беріліп отырған:
Отправить по почте
Зияткерлік меншік саласындағы мемлекеттік қызмет Регламенттерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 27 маусымдағы № 239 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 15 тамызда № 7133 тіркелді
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалануға байланысты басқаға беру шарттарын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет регламенті;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет регламенті;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Туындыларды және сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет регламенті;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалануға байланысты лицензиялық, сублицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет регламенті;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Патенттік сенім білдірілген өкілдерді мемлекеттік тіркеу және аттестаттау» мемлекеттік қызмет регламенті;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын сақтау, қолжазбаларды сақтауға тапсыру туралы анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет регламенті;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес «Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті (Л.С.Стамбекова):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрық тіркелгеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары Ә.Т.Аманбаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Р. Түсіпбеков
Қазақстан Республикасы Әдiлет министрінің 2011 жылғы 27 маусымдағы № 239 бұйрығына 1-қосымша
«Өнеркәсіптік меншік объектілеріне ерекше құқықты беру туралы шарттарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызметінің регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Өнеркәсіптік меншік объектілеріне ерекше құқықты беру туралы шарттарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызметінің регламенті (бұдан әрі – Регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді.
2. Осы Регламентте мынадай ұғымдар қолданылады:
1) тіркеуші орган – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті;
2) өтініш беруші – өнеркәсіптік меншік объектісіне ерекше құқығы бар жеке және заңды тұлғалар;
3) сараптама жасау ұйымы – мемлекеттiк монополияға жатқызылған салаларда (өнеркәсіптік меншік объектілерін қорғау саласында қызметтер көрсету) қызметтi жүзеге асыратын тіркеуші органға ведомстволық бағынысты ұйым.
3. Мемлекеттік қызметті тіркеуші орган көрсетеді.
4. Мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
5. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шілдедегі Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлім) 1000, 1029-баптары, «Патент заңы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңының 11-бабының 6-тармағы, «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 26 шілдедегі Заңының 21-бабының 1, 2, 3-тармақтары, «Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 29 маусымдағы Заңының 8-бабы, «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі Заңының 18, 19, 20-баптары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 мамырдағы № 579 қаулысымен бекітілген «Өнеркәсіптік меншік объектілеріне ерекше құқықты беру туралы шарттарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде көрсетіледі.
6. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны қағаз тасымалдағышта берілетін шарттың тіркелген күні мен ағымдағы нөмірі бар мөртаңба басылған тіркелген шартты беру не бас тарту себептері туралы жазбаша түрде дәлелді жауап беру болып табылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі бойынша талаптар
7. Мемлекеттік қызмет Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8-үй, № 13 кіреберіс мекенжайы бойынша тіркеуші органмен көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда аптасына бес күн сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін көрсетіледі.
Қабылдау кезек бойынша жүргізіледі. Алдын ала жазылу немесе жедел қызмет көрсету көзделмеген.
8. Құжаттарды толтыру орны қажетті құжаттар тізбесі мен оларды толтыру үлгілері бар тағанмен жабдықталған.
Физикалық мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін пандустар мен лифтілер көзделген.
9. Мемлекеттік қызметті көрсету туралы толық ақпарат тіркеуші органның интернет-ресурсінде орналасқан: www.intellkaz.kz, сонымен қатар ресми ақпарат көздерінде. Анықтама телефоны: (87172) 74-07-54.
10. Өнеркәсіптік меншік объектілеріне ерекше құқықты беру туралы шарттарды мемлекеттік тіркеу:
1) тіркеуге өтініш пен құжаттарды қабылдауды;
2) тіркеуші органда келіп түскен құжаттарды бөлуді;
3) өтінішті қарауды және ұсынылған материалдардың Стандартқа сәйкестігін тексеруді;
4) сараптама жасау ұйымына шарт жасалатынға қатысты ерекше құқықтарды беруге бөгет жасайтын міндеттемелердің алдында жасалған шарттарда болуы туралы ақпарат ұсыну туралы өтінім жіберуді;
5) сараптама жасау ұйымының жауабын алғаннан кейін тіркеу әрекеттерін жүзеге асыруды немесе бас тарту себептері туралы жазбаша түрде дәлелді жауап әзірлеуді;
6) басшылықтың құжаттарды қарауды және оларды өтініш берушіге беруді әзірлеуді;
7) құжаттарды немесе дәлелді жауапты беруді қамтиды.
11. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
1) мемлекеттік қызмет өтініш беруші Стандарттың 11-тармағында белгіленген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап 35 (отыз бес) жұмыс күні ішінде көрсетіледі;
2) құжаттарды тапсыру кезінде кезекте күтудің ең көп рұқсат берілген уақыты 10 минуттан аспайды;
3) құжаттарды алу кезінде кезекте күтудің ең көп рұқсат берілген уақыты 10 минуттан аспайды.
12. Осы мемлекеттік қызметті көрсетуде іс жүргізуді тоқтату негіздері Стандарттың 16-тармағында көзделген.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |