| р/с N | Құжаттың атауы | Сақтау орны |
| 1 | 2 | 3 |
| Қызметті ұйымдастыру бойынша |
| 1. | Қызмет кітабы | Қарауыл бастығы |
| 2. | Кезекшілік қарауыл қызметкерлерінің функционалдық міндеттері | Бөлім бастығы, N 1 папка |
| 3. | Бөлімшедегі өрт сөндіру автомобильдерінің жауынгерлік есебінің табелі | N 1 папка, стенд |
| 4. | Қарауылға қызметкерлерді бекітіп беру туралы бөлім бастығының бұйрығы | Бөлім бастығы, N 1 папка |
| 5. | Қызметкерлердің мекен-жайы мен телефондарының тізбесі | N 2 папка |
| 6. | Телефон анықтамалығы, ӨБОБ (КҚЖБО), бөлімшелердің, гарнизонның лауазымды тұлғаларының шақыру радио станциялары | N 1, 2 папка |
| Дайындықты ұйымдастыру бойынша |
| 7. | Жеке құрамның кәсіби дайындығын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі бұйрық (ағымдағы жылға) | Бөлім бастығы |
| 8. | Өрт сөндіруші, жүргізуші және радиотелефонист лауазымдарына жұмысқа қабылданған қызметкерлердің алғашқы дайындығын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі құжаттар | Бөлім бастығы |
| 9. | Алғашқы дайындықтан өткеннен кейін дербес жұмыс істеуге жіберу туралы бұйрық | Бөлім бастығы |
| 10. | Өрт сөндірушілерді, жүргізушілерді және радиотелефонистерді кейіннен дайындау жөніндегі тақырыптық жоспарлар мен сабақтардың кестесі | Бөлім бастығы |
| 11. | Объектілерді жедел тактикалық зерделеудің жоспар-кестесі, өрт-тактикалық сабақтар өткізу (күндізгі және түнгі уақытта) | N 1 папка |
| 12. | Жеке құрамды тыныс алу және көру органдарын жеке қорғау құралдарында (бұдан әрі — ТКОЖҚҚ) түтін камерасында жаттықтырудың жоспар-кестесі | Бөлім бастығы, N 1 папка |
| Өрт сөндіруді ұйымдастыру бойынша |
| 13. | Бөлімшелердің шығу кестесі (үзінді көшірме) немесе "Күштер мен құралдарды жұмылдыру жоспары" | Бөлімнің байланыс пункті |
| 14. | Бөлімшелердің орнатылған су көздеріне, өрт шығу, жарылу қаупі бар объектілерге, ҚӘУЗ объектілеріне, адамдар жаппай жиналатын объектілерге және басқа да маңызды объектілерге шығу ауданының жоспар-картасы | Бөлімінің байланыс пункті |
| 15. | Өзара іс-қимыл жасау, тіршілікті қамтамасыз ету қызметтерінің, ҚР ТЖМ аумақтық бөлімшелерінің телефон анықтамалығы | N 2 папка |
| 16. | Өзара іс-қимыл жасау, тіршілікті қамтамасыз ету қызметтерімен, ҚР ТЖМ аумақтық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасау нұсқаулығы | N 1, N 2 папка |
| 17. | Өрт сөндірудің жедел жоспарлары мен карточкаларының тізімі | Бөлімнің байланыс пункті, N 2 папка |
| 18. | Өрт сөндірудің жедел жоспарлары мен карточкалары | Бөлімнің байланыс бекеті |
| 19. | Өрт сөндіру автомобильдерінің өрт орнына шығу жолдамалары | Бөлімнің байланыс бекеті |
| 20. | Бөлімнің байланыс пунктінің журналы | Бөлімнің байланыс бекеті |
| 21. | Саптық жазба журналы | Бөлімнің байланыс бекеті |
| 22. | Кіріс телефонограммаларының журналы | Бөлімнің байланыс бекеті |
| 23. | Жабық өту жолдарын, жолдарды, ақауы бар өртке қарсы сумен жабдықтау учаскелерін және т.б. есепке алу журналы | Бөлімнің байланыс бекеті |
| Газ түтінінен қорғау қызметі бойынша (болған жағдайда) |
| 24. | Газ түтінінен қорғаушының жеке карточкасы | Қарауыл бастығы |
| 25. | Газ түтінінен қорғаушыға ТОЖҚҚ бекіту (қайта бекіту) туралы бұйрық | N 1 папка |
| 26. | Қызметкерлерді қауіпсіздік бекетіне дербес жұмыс істеуге жіберу туралы бұйрықтан үзінді көшірме | N 1 папка |
| 27. | ГТҚҚ бекетіндегі ГТҚҚ мүлігінің тізімі (жабдық, аспап, маска жарағы, баллондар, регенеративті патрондар, ТОЖҚҚ) | ГТҚҚ бекеті |
| 28. | ГТҚҚ бекетінде жұмыс істеген және ТОЖҚҚ қызмет көрсету кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы нұсқаулық | ГТҚҚ бекеті |
| 29. | ТОЖҚҚ жөндеуге тапсыру туралы акт | ГТҚҚ бекеті (папкада) |
| 30. | ТОЖҚҚ N 1 тексерісті тіркеуді есепке алу журналы | Қарауыл бастығы |
| 31. | ТОЖҚҚ N 2 тексерісті тіркеуді есепке алу журналы | Қарауыл бастығы |
| 32. | ГТҚҚ жұмыс істеуші буындарды есепке алу журналы | Жауынгерлік есептегі әрбір негізгі автомобильге 1 |
| Қауіпсіздік техникасы бойынша |
| 33. | Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық журналы | Бөлім бастығы |
| Өрт сөндіру техникасы бойынша |
| 34. | Өрт сөндіру машиналарына жүргізушілер құрамын бекітіп беру туралы бұйрықтан үзінді көшірме | N 1 папка |
| 35. | Өрт сөндіру машиналарына техникалық қызмет көрсету кестесі, өрт сөндіру автомобильдеріне ТҚК жүргізудің жоспар-картасы | Бөлім бастығы, N 1 папка, стенд |
| 36. | Өрт сөндіру автомобильдерін қабылдау-тапсыру журналы | Қарауыл бастығы |
| Өрт-техникалық жарақ бойынша |
| 38. | Өрт-техникалық жарақты сынау журналы | Қарауыл бастығы |
| 39. | Әрбір негізгі және арнайы автомобильге өрт-техникалық жарақ тізімі | Қарауыл бастығы, автокөлік |
| 40. | Диэлектрлік құралдарды сынау актілері | Қарауыл бастығы |
| Жеңдік шаруашылық бойынша |
| 41. | Өрт сөндіру жеңдерінің паспорты | Қарауыл бастығы |
| 42. | Жеңдерді есепке алу журналы | Қарауыл бастығы |
| 43. | Өрт сөндіру жеңдерін соңғы сынау ведомосы | Бөлім бастығы, қарауыл бастығы |
| Өртке қарсы сумен жабдықтау бойынша |
| 44. | Гидранттарды және басқа да сумен жабдықтау көздерін тексеру журналы | Қарауыл бастығы |
| 45. | Объектінің су көздерінің анықтамасы мен планшеті | Жауынгерлік есептегі әрбір негізгі автомобильге |
Комментарий успешно добавлен