Toggle Dropdown
4
Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясының ұшуын электрлі жарықпен-техникалық қамтамасыз ету қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2011 жылғы 16 мамырдағы № 520 Қаулысы
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабы 31) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясының ұшуын электрлі жарықпен-техникалық қамтамасыз ету қағидасы бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Toggle Dropdown
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 16 мамырдағы
№ 520 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясының ұшуын электрлі жарықпен техникалық қамтамасыз ету қағидасы
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясының ұшуын электрлі жарықпен қамтамасыз ету қағидасы (бұдан әрi – Қағида) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңына сәйкес, сондай-ақ Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсыныстары ескеріле отырып әзірленді.
Toggle Dropdown
2. Осы Қағида ұшуды электрлі жарықпен техникалық қамтамасыз етуді, азаматтық авиация ұйымдарындағы электр қондырғыларын техникалық пайдалануды регламенттейді.
Toggle Dropdown
3. Осы Қағиданың талаптары азаматтық авиацияның кәсіпорындары мен ұйымдарының басшы құрамына, ұшуды электрлі жарықпен техникалық қамтамасыз етумен байланысты немесе өз қызметiнде электр қондырғыларын қолданатын және азаматтық авиация ұйымдарында олардың техникалық пайдалануды ұйымдастыру мәселелерiн шешетiн инженерлiк-техникалық құрам мен қызметтерге қолданылады.
Toggle Dropdown
4. Ұшуды электрлі жарықпен техникалық қамтамасыз ету:
Toggle Dropdown
1) регламентке, зауыттық нұсқаулықтарға, осы Қағидаға, сондай-ақ электр қондырғыларын пайдалану жөніндегі қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес әуежайдың электр энергиясын бөлуге және оны энергия жүйелерінен бөлуге арналған электр қондырғыларын, әуе кемелерінің ұшуын қамтамасыз ету үшін электрлі жарықтың техникалық жабдығын, әуежайдың өндірістік және жолаушылар объектілерін электрлі күш және жарық жабдығын техникалық пайдалануды;
Toggle Dropdown
2) ұшуды қамтамасыз етудің радиожарық техникалық құралдарын, азаматтық авиация ұйымдары өндiрiстiк және жолаушылар объектiлерiнiң электр күш және жарық жабдықтарын энергия жүйесiнен электр энергиясымен үздiксiз жабдықтау;
Toggle Dropdown
3) энергия жүйесiнен электр энергиясын ұтымды және орынды пайдалану;
Toggle Dropdown
4) объектiлердiң электрмен жабдықталу мен электр қондырғыларының жұмысының сенiмдiлiгiн арттыруды, техникалық қызмет ету сапасын арттыру және электр энергиясын қамтамасыз ететiн іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асыру.
Toggle Dropdown
Ұшуды электрлі жарықпен техникалық қамтамасыз етуді әуежайда орналасқан ұшуды электрлі жарықпен техникалық қамтамасыз ету қызметі (бұдан әрi – Қызмет) жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
5. Осы Қағидада пайдаланылатын негiзгi ұғымдар, терминдермен аббревиатуралар:
Toggle Dropdown
әуеайлақ минимумы – осы әуеайлақта осы үлгідегі әуе кемесінің ұшуын және қонуын орындауға рұқсат етілетін ұшып-қону жолағы мен бұлттардың төменгi шектік биiктiгiндегi (немесе шешiм қабылдау биiктiгiндегi) көрiнiмдердiң ең аз рұқсат етілетін мәнi;
Toggle Dropdown
әуеайлақтың жарық сигнал беру жабдығының жүйесi – әуеайлақта белгiлi схема бойынша орналастырылған және көрiнiмнiң әртүрлi жағдайында әуе кемелерiнiң ұшып шығуын, қонар алдындағы соңғы кезеңін, қонуы мен жермен жүруін қамтамасыз етуге арналған жарық сигнал беру аспаптарының, электр жабдықтары мен басқару аппараттарының жиынтығы;
Toggle Dropdown
әуежай объектiлерiн электрмен қоректендірудің бұзылуы – электрмен қоректендірудің осы объектiнi резервтік қуат көзiне ауыстыру үшiн белгіленген мерзiмнен кем уақытқа ажыратылуы;
Toggle Dropdown
әуежайды электрмен жабдықтаудың сыртқы, тәуелсiз көзi – басқа қуат көздерiнде кернеу жоғалған кезде, кернеу сақталатын энергия жүйесінің буыны әуежай объектiлерiн қоректендіретін электр станциясы, қосалқы станция; әуежай объектiлерiн электрмен қоректендірудің істен шығуы – осы объекті үшін резервтiк қуат көзіне көшу үшiн белгiленген уақыттан ұзағырақ уақытқа электрмен қоректендіруді ажырату;
Toggle Dropdown
автономды электрмен қоректендіру көзi – әуежайдың электр жүйесiмен байланысы жоқ және кепілдікті электрмен қоректендіру қалқанына немесе тікелей электр-қабылдағыштарға қосылған электрмен қоректендіру көзі;
Toggle Dropdown
аз қарқынды от – жарық күші 10000 канделден төмен жарық сигнал беретiн от;
Toggle Dropdown
глиссада - қонуға бет алудың соңғы кезеңiнде әуе кемесiнiң төмендеуi үшiн белгiленетін ұшу бейiні;
Toggle Dropdown
глиссадалық оттар – глиссаданы көзбен көрiп индикациялауға арналған оттар;
Toggle Dropdown
жарықтың орташа күшi – жарық шоғыры шашуының берілген бұрыштары шегінде барлық бағыттар бойынша жарық күшінің орташаланған мәнi;
Toggle Dropdown
жоғары қарқынды от – жарық қүші 10000 кандел және одан көп жарық сигнал беретiн от;
Toggle Dropdown
қауіпті аймақ – әуе кемелерін қоса алғанда, онда көлік құралдары болған кезде радиомаяктар сипаттамаларының рұқсат етілмейтін бұрмалануын туындататын бағыттық немесе глиссадалық радиомаяктар айналасындағы кеңістік:
Toggle Dropdown
от – жарық сигнал беру жүйесінiң негiзгi элементi болып табылатын, жарық таратудың берілген қисығы бар жарық аспабы;
Toggle Dropdown
оттың істен шығуы – қандай да бір себеппен жарықтың орташа күшінің берілген сәуле шашу бұрыштарында жаңа оттың нормалық жарық күшімен салыстырғанда 50% астам төмендеуі;
Toggle Dropdown
электрмен қоректендірудің кепiлдiкті жүйесi - нормативтiк мерзiмнен аспайтын уақыт iшiнде электрмен жабдықтауды (электрмен қоректендіруді) қалпына келтіруді қамтамасыз ететін қоректендірудің резервтiк жүйесi;
Toggle Dropdown
резервті электрмен қоректендіру көзі - негізгі көзден электрмен қоректендіру бұзылған кезде электр қабылдағыштарға қосылатын және негізгі көзден электрмен қоректендіруді қалпына келтіру үшін қажетті барынша уақыттан асатын уақыт ішінде электрмен қоректендіруді қамтамасыз ететін электрмен қоректендіру көзі;
Toggle Dropdown
талдау – персоналдың кәсiби дайындығын жетiлдiру, жұмыстағы ауытқуларды жою және олардың алдын алу мақсатында жұмысты орындау сапасын талдау;
Toggle Dropdown
электрмен жабдықтау – әуежай мен оның объектiлерiн энергия жүйесінен электр қуатымен қамтамасыз ету;
Toggle Dropdown
электр қондырғылары – электр энергиясын өндiруге, өзгертуге, трансформациялауға, беруге, бөлуге және оны энергияның басқа түрiне айналдыруға арналған машиналардың, желiлiк аппараттар мен қосымша жабдықтардың (осылар орнатылған ғимараттары және үй-жайларымен бірге) жиынтығы.
Toggle Dropdown
электрмен қоректендірудің үздiксiз жүйесi – технологиялық жабдық жұмысының үзiлiссiздігі бұзылмайтындай уақыт iшiнде электрмен жабдықтауды (электрмен қоректендіруді) қалпына келтіруді қамтамасыз ететін электрмен қоректендіру жүйесi;
Toggle Dropdown
ҰЭЖТҚЕ – ұшуды электрлі жарықпен техникалық қамтамасыз ету
Toggle Dropdown
көрiнiм - атмосфералық жағдайлармен анықталатын және арақашықтық өлшем бiрлiгiмен көрсетiлетiн күндіз жарықтандырылмаған анық көрінетін және түнде жарықтандырылған анық көрінетін объектiлердi көру мен тану мүмкiндiгi;
Toggle Dropdown
ұшу-қону жолағындағы көрiнiм (ұшу-қону жолағындағы көрiнiм қашықтығы) – ұшу-қону жолағының остік сызығындағы әуе кемесiнiң ұшқышы ұшу-қону жолағы жамылғысының таңбалануын немесе оны шектейтін немесе оның остік сызығын белгiлейтін оттарды көре алатындай шектегі ең ұзақ қашықтық.
Toggle Dropdown
желiлiк от – ең үлкен аралықпен көлденең желi бойына орнатылып, қашықтықтан қысқа жарық жолағы болып көрiнетiн екi немесе одан да көп оттар;
Toggle Dropdown
Қызмет объектiлерi – ұшуды жарықпен техникалық қамтамасыз етуге, 10 (6) киловольттық кернеудi 0,4 киловольтқа трансформациялауға, электр энергиясын әуежай объектiлерiнiң, авиакәсіпорындарының қызметтiк және жолаушы объектiлерi электр күш жабдықтары арасында беру және бөлуге арналған электрлі қондырғылары бар объектiлер; өнеркәсіптік энергия жиілігін басқа энергия күшіне немесе басқа жиіліктегі энергия күшіне өзгертуге, өндірістік мақсаттағы объектілердің ішінде электр энергиясын беру мен бөлуге арналған басқа қызметтер объектілері, электр қондырғылары бар объектілер, сондай-ақ олардың электр күш және жарық беру жабдықтары;
Toggle Dropdown
2. Әуежайлардың электрлiк техникалық жабдықтары
Toggle Dropdown
6. Әуежайдың электрмен жабдықтау жүйесi оның аумағында орналасқан объектiлердi ондағы электр энергиясымен қабылдағыштардың санатымен анықталатын электр энергиясымен қамтамасыз етуге арналған.
Toggle Dropdown
7. Әуежайлардың электрмен қоректендіру жүйелерiн қайта жаңарту мен салу жобалық және техникалық құжаттамаға, әуежайларда әуе кемелерiн қондыру жүйесiнiң жарықпен сигнал беру және электр жабдықтарының жобалау нормаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
8. Сыртқы электр энергия көздерін әуеайлақтың, аэронавигация объектілерінің кіру трансформатор кіші станциясына дейін электр тарату желілері трасса сипатына және оның әуе қатысты орналасуына байланысты әуе немесе кабельдік болуы мүмкін.
Toggle Dropdown
Әуе қозғалысына қызмет көрсету, навигация, қондыру және байланыс объектiлерiнiң, әуежай және бөгде ұйымдардың электр энергиясын тұтынушылардың ерекше топтағы электр қабылдағыштарды бірінші санатты және бiрiншi санатты топпен қоректендірілетін жоғары кернеулi және төмен кернеулi тарату құрылғыларына қосуға тыйым салынады.
Toggle Dropdown
10. Көрсетiлген объектiлердiң төмен кернеулi таратушы құрылғыларына метеорологиялық жабдықтарды, сондай-ақ осы объектiлердiң (жарықтау, жылыту, желдету) қалыпты жұмыс жағдайын және оларға қызмет көрсетiлуiн қамтамасыз етуге арналған тұтынушылардың қосылуына рұқсат етіледі.
Toggle Dropdown
11. I санатты электр қабылдағыштар өзара резервтейтін тәуелсіз екі қоректендіру көзінен электр энергиясымен қамтамасыз етіледі және қоректендіру көздерінің бірінен электрмен жабдықтау бұзылған кезде оларды электрмен жабдықтау үзілісі қоректендіруді автоматты түрде қалпына келтіру уақытына ғана рұқсат етіледі.