Мемлекеттiк қарыздар мен гранттарды жоспарлау, тарту және пайдалану тиімділігi мәселелері жөнiндегі үйлестiру кеңесін құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 қазандағы N 1047 Қаулысы
Осы редакция 26.03.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды
Мемлекеттiк қарыздар мен гранттарды жоспарлау, тарту және пайдалану тиімділігi мәселелерi жөнiндегi үйлестірудi күшейту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қосымшаға сәйкес құрамда Мемлекеттік қарыздар мен гранттарды жоспарлау, тарту және пайдалану тиімділігі мәселелерi жөнiнде үйлестіру кеңесi құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Мемлекеттiк қарыздар мен гранттарды жоспарлау, тарту және пайдалану тиімдiлігі мәселелерi жөнiндегi үйлестіру кеңесi туралы epeжe бекiтiлсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2005 жылғы 19 қазандағы
N 1047 қаулысына
қосымша
Мемлекеттік қарыздар мен гранттарды жоспарлау, тарту және пайдалану тиімділігі мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің
құрамы