• Менің таңдаулыларым
  • Word –да сақтау
  • Word - та сақтау (альбом бағдарлауы)
  • Word - та сақтау (мазмұнымен)
  • PDF – та сақтау
  • Отправить по почте
Құжат демонстрациялық түрде көрсетілген Бағасы: 240 тг/жылы
Назар аударыңыз! Қолданыста жоқ құжат редакциясы Қолданыстағы редакцияны қарау

Отправить по почте

Iшкi бақылау қызметтерiн құру рұқсат етiлетiн мемлекеттiк органдардың тiзбесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 қыркүйектегі N 931 қаулысы       
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегi Бюджет кодексiнiң  141-бабына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған iшкi бақылау қызметтерiн құру рұқсат етiлетiн мемлекеттік органдардың тiзбесi бекiтiлсiн.
2. Көрсетiлген тiзбеге енгiзiлген мемлекеттiк органдардың iшкi бақылау қызметтерiн құруы бекiтiлген штат саны шегінде жүргiзiледi деп белгiленсiн.
1) "Қазақстан Республикасындағы ведомстволық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 25 маусымдағы N 539  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1993 ж., N 24, 302-құжат); 
2) "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінiң 1993 жылғы 25 маусымдағы N 539 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 3 қаңтардағы N 3 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1995 ж., N 1, 3-құжат).