• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 наурыздағы № 230 Қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Внимание! Документ утратил силу с 03.02.2017 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 наурыздағы № 230 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 25 қаңтардағы № 21 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 3 ақпаннан бастап ҚР Үкіметінің 30.01.2017 жылғы № 29 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 наурыздағы № 230 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 14, 124-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентінде:
5-тармақтың 41) тармақшасында «34» деген цифрлар «32» деген цифрлармен ауыстырылсын;
55-тармақтың жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Ораманың (ыдыстың) зат белгілерінде «сүт» деген сөздің алдында сүт алынған ауыл шаруашылығы жануарларының түрі көрсетіледі (сиыр сүтін қоспағанда). Егер сүт өнімі қойылтылған не қоюлатылған сүттен не құрғақ табиғи сүттен немесе құрғақ майсыздандырылған сүттен өндірілген жағдайда ораманың беткі жағында тиісінше: «қойылтылған сүттен қалпына келтірілген», «коюлатылған сүттен қалпына келтірілген», «құрғақ табиғи сүттен қалпына келтірілген» және «құрғақ майсыздандырылған сүттен қалпына келтірілген» деген сөздер көрсетіледі. Бұл ретте өнімнің атауы және көрсетілген жазулар бір өлшемдегі қаріппен орындалуы тиіс.»;
12-бөлім алынып тасталсын;
59-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«59. Қазақстан Республикасының аумағында сатылатын ҚР СЭҚ ТН 0402, 0405 және 0406 тауарлық позицияларына кіретін сүт және сүт өнімдері «Сәйкестікті растау рәсімдері» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 ақпандағы № 90  қаулысына сәйкес осы техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін міндетті растауға жатады.»;
60, 61 және 62-тармақтар алынып тасталсын;
14-бөлім алынып тасталсын.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі                              К. Мәсімов