1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу ережесі бекітілсін.
Отправить по почте
Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы N 393 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылғы 25 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6443 болып енгізілді.
#$Қолданушылардың назарына! Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 116-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудиторлық қызмет әдіснамасы департаменті (А.О.Төлеуов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр Б. Жәмішев
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу ережесі 1-бөлім. Жалпы ережелер 1. Жалпы ереже
1. Осы Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес әзірленді және республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу тәртібін белгілейді.
2. Мемлекеттік мекемелер бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есептілікті қалыптастыруды осы Ережеде көзделген есептің нақты модельдерін анықтайтын есеп саясатына сәйкес жүзеге асырады.
3. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) активтер - болашақта экономикалық пайда немесе сервистік әлеуетті қамтамасыз ете алатын, өткен оқиғалар нәтижесінде мемлекеттік мекеме бақылайтын ресурстар;
2) амортизация – пайдалы қолдану мерзімі ішінде активтің құнының жүйелі бөлінуі;
3) аннуитет – белгілі жылдар саны ішінде жүйелі төлемдер арасындағы тең аралықтағы, бір бағыттағы төлемдердің ағымы;
4) аннуитеттің болашақ құны – аннуитетке енгізілген әрбір жеке төлемнің немесе түсімнің болашақ құндарының сомасы;
5) ақшалай (монетарлы) баптар – иелікте бар ақшалай қаражат, алуға немесе тіркелген немесе анықталған сомада төлеуге жататын активтер мен міндеттемелер;
6) ақшалай балама – ақша қаражатының белгілі бір сомасына оңай айырбасталатын және құндылықтың өзгеруінің елеусіз тәуекеліне ұшырайтын қысқа мерзімді, жоғары өтімді инвестициялар;
7) активтің өтелетін құны – сатуға және оның тұтыну бағасына (пайдалану құндылығын) жұмсалатын шығындарды алып тастағанда активтің әділ құнының ең көп мәні;
8) активтің құнсыздануы – ішкі немесе сыртқы факторлардың әсерінен туындаған активтің елеулі арзандауы;
9) ақшалай емес (монетарлы емес) баптар – ақшалай болып табылмайтын баптар;
10) айырбасталмайтын операциялар – айырбастаулы болып табылмайтын операциялар. Айырбасталмайтын операцияларды жүзеге асырғанда мемлекеттік мекеме не шамамен құнына тең айырбасқа тікелей тапсырусыз басқа ұйымнан құн алады не шамамен құнына тең айырбасқа тікелей алусыз басқа тарапқа құнды тапсырады;
11) айырбасталатын операциялар – бұл операцияларды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік мекеме алынатын активтерге/қызметтерге, өз міндеттемелерін өтеуге айырбасқа шамамен құнға тең баламаны тапсырады (негізінен ақшалай қаражат, көрсетілетін қызметтер немесе қолдануға басқа активтерді ұсыну түрінде);
12) активті алмастыру құны – бұл активтің жалпы пайдалы әлеуетін алмастыру үшін қажет құн;
13) ағымдағы қалпына келтіру құны – есептілік күніне активті сатып алу нәтижесінде мемлекеттік мекемеде туындауы мүмкін шығындар;
14) активтің құнсыздануынан болатын шығын – оны алмастыратын құннан асатын активтің баланстық құнының сомасы;
15) ақша қаражатының ағыны – ақша мен олардың баламаларының ағындары (түсімдері) мен шетке кетуі (төлемдер);
16) ауылшаруашылық қызметі – оларды сату, ауылшаруашылық өнімін алу немесе қосымша биологиялық активтер өндіру мақсатында субъектінің биологиялық активтердің биотрансформациясын басқаруды жүзеге асыруы;
17) әділ құн – актив айырбастала алатын сома, ол бойынша жақсы хабардар, мұндай операция жасауға ниетті, тәуелсіз тараптар арасында операциялар жасағанда міндеттеме өтеле алатын сома;
18) ауылшаруашылық қызметі – субъекттің биологиялық активтерді сату, ауылшаруашылық өнімін алу немесе қосымша биологиялық активтерді өндіру мақсатында биологиялық активтердің биоөзгеруін басқаруы.
19) белсенді нарық – мынадай шарттар орындалатын нарық:
нарық айналымындағы тауарлар біртекті болып табылады;
іс жүзінде мәміле жасауға ниетті кез келген уақытта сатып алушылар мен сатушылар бар;
баға туралы ақпарат жалпы қол жетімді болып табылады;
20) баланстық құн – ол бойынша актив немесе міндеттеме бухгалтерлік баланста танылатын сома;
21) биологиялық актив – жануар немесе өсімдік;
22) бағамдық айырма – басқа валюталық бағамдар бойынша бір валюта бірлігінің бірдей санын басқа валютаға қайта есептеу кезінде туындайтын айырма;
23) болашақ кезеңдердің шығыстары – осы кезеңде жүргізілген, бірақ болашақ кезеңдерге жатқызылған шығыстар;
24) болашақ кезеңдердің кірістері – болашақ кезеңдерге жатқызылған, бірақ іс жүзінде есепті кезеңде алынған кірістер;
25) валюталық бағам - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен бірлесіп белгіленген тәртіппен айқындалған, бір валютаны екіншісіне айырбастау коэффициенті;
26) есептеу әдісі – операциялар мен оқиғалар орын алған есепті кезеңдегі (ақшалай қаражаты мен олардың баламаларының нақты түсімі мен төлеміне байланысты емес) оларды жасау фактісі бойынша танылатын бухгалтерлік есеп әдісі;
27) ең аз жалдау төлемдері – жалға алушыдан шартты жалдау төлемін, жалға беруші төлейтін қызметтер мен салықтардың төлемі бойынша соманы немесе оған қайтарылатын соманы алып тастағанда жалдау мерзімі бойы талап етілетін немесе талап етіле алатын төлемдер:
жалға алушы үшін – жалға беруші кепілдік беретін немесе жалға берушімен байланысты тарап кепілдік беретін кез келген сомамен;
жалға беруші үшін – мынадай тараптардың бірі жалға берушіге кепілдік берген кез келген қалдық құнмен:
жалға алушы;
жалға алушымен байланысты тарап;
28) есеп саясаты – барлық мемлекеттік мекемелер үшін бірыңғай болып табылатын, мемлекеттік мекемелер қаржылық есептілікті жасау және ұсыну кезінде қолданатын қағидаттар, негіздер, ережелер, қағидалар мен тәжірибе;
29) жалдау – ол бойынша жалға беруші жалға алушыға келісілген уақыт кезеңі ішінде төлемге немесе төлемдер тобына айырбастауға активті пайдалану құқығын беретін шарт;
30) жалдау мерзімі – жалға алушы активті жалдауға келіскен кезең, сондай-ақ, егер жалдау мерзімінің басталу сәтінде жалға алушы осындай таңдау жасайды деген дәлелді сенімділік болса, кез келген қосымша мерзім, ол мерзімде жалға алушының таңдауы бойынша төлем арқылы немесе онсыз активті жалдауды жалғастыра алады;
31) заңды міндеттеме – заңнама немесе шарт негізінде туындайтын міндетте;
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |