Toggle Dropdown
1
Профилактикалық, алдын ала және мiндеттi медициналық тексерулерден өтуге тиiс адамдардың осындай тексерулерден уақтылы өтуiн қамтамасыз ету ережесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 8 қыркүйектегі N 856 Қаулысы
Toggle Dropdown
"Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 10 желтоқсандағы Заңының 8-бабы 2-тармағының 16) тармақшасына сәйкес және жеке және қоғамдық денсаулықты сақтау мен нығайтуға мемлекеттiң, жұмыс берушiнiң және азаматтардың өздерiнiң бiрлескен жауапкершiлiгiн iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Toggle Dropdown
1. Қоса берiлiп отырған Профилактикалық, алдын ала және мiндеттi медициналық тексерулерден өтуге тиiс адамдардың осындай тексерулерден уақтылы өтуiн қамтамасыз ету ережесi бекiтiлсiн.
Toggle Dropdown
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Toggle Dropdown
Премьер-Министрiнің міндетін атқарушы
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2006 жылғы 8 қыркүйектегi
N 856 қаулысымен
бекiтiлген
Toggle Dropdown
Профилактикалық, алдын ала және мiндеттi медициналық тексерулерден өтуге тиiс адамдардың осындай тексерулерден уақтылы өтуiн қамтамасыз ету ережесi
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Профилактикалық, алдын ала және мiндеттi медициналық тексерулерден өтуге тиiс адамдардың осындай тексерулерден уақтылы өтуiн қамтамасыз ету ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 10 желтоқсандағы Заңына және "Азаматтардың денсаулығын қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шiлдедегi Заңына сәйкес әзiрлендi.
Toggle Dropdown
1
2. Ереже жұмыс берушiнiң профилактикалық, алдын ала және мiндеттi медициналық тексерулерден өтуге тиiс адамдардың осындай тексерулерден уақтылы өтуiн қамтамасыз ету тәртiбiн белгiлейдi.
Toggle Dropdown
1
3. Профилактикалық, алдын ала және мiндеттi медициналық тексерулерден (бұдан әрi - медициналық тексеру) өтудiң негiзгi мақсаттары денсаулықты қалыптастыру мен нығайтуға, аурулардың, оның iшiнде кәсiптiк аурулардың, уланулардың, жазатайым оқиғалардың алдын алуға, оларды анықтауға және таралуын болдырмауға, сондай-ақ қандай да бiр шаруашылық және (немесе) өндiрiстiк қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардың қызметкерлерiнiң, адамдардың еңбек қауiпсiздiгi мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған уақтылы медициналық тексерудi жүргiзудi қамтамасыз ету болып табылады.
Toggle Dropdown
1
4. Профилактикалық медициналық тексерулер - тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiнiң шеңберiнде диспансерлеу, серпiндi қадағалау мақсатында жыл сайын жүргiзiлетiн медициналық тексерулер (жыл сайынғы медициналық тексерулер).
Toggle Dropdown
Алдын ала медициналық тексерулер - жұмысқа орналасатын және оқуға түсетiн адамдардың денсаулық жағдайын анықтау, жазатайым оқиғалардың, жалпы, кәсiптiк, жұқпалы және паразитарлық аурулардың алдын алу және таралуын болдырмау мақсатында жүргiзiлетiн, оларды медициналық тексерулер.
Toggle Dropdown
Мiндеттi медициналық тексерулер - денсаулық жағдайын серпiндi қадағалауды, аурулардың бастапқы белгiлерiн уақтылы анықтауды, жалпы, кәсiптiк, жұқпалы және паразитарлық аурулардың алдын алуды және таралуын болдырмауды қамтамасыз ету мақсатында мерзiмдi жүргiзiлетiн халықты медициналық тексерулер (мерзiмдi тексерулер).
Toggle Dropdown
5. Профилактикалық, алдын ала және мiндеттi медициналық тексерулердi қажеттi материалдық-техникалық, кадр ресурстары бар және еңбекке қабiлеттiлiгi мен кәсiптiк жарамдылығына сараптама жасауға лицензиясы бар денсаулық сақтау ұйымдары жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
2. Медициналық тексерулерден уақтылы өтудi қамтамасыз ету тәртiбі
Toggle Dropdown
6. Жұмыс берушiлер меншiк нысанына қарамастан өзiнiң қаражаты есебiнен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес осы тексерулерден өтуге тиiс қызметкерлердiң медициналық тексерулерден уақтылы өтуiн қамтамасыз етедi.
Toggle Dropdown
7. Жұмыс берушi жыл сайын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттiк санитарлық- эпидемиологиялық қызмет органдарымен келiсiм бойынша медициналық тексерулерден өтуге тиiс қызметкерлер әсерiне ұшырайтын өндiрiстi, цехты, мамандықтарды, зиянды, қауiптi заттар мен өндiрiстiк факторларды көрсете отырып, адамдардың аты-жөнi бойынша тiзiм жасайды және бекiтедi.
Toggle Dropdown
8. Жұмыс берушi жыл сайын медициналық тексерулерден өтуге тиiс адамдардың тiзiмiн бекiткеннен кейiн еңбекке қабiлеттiлiгi мен кәсiптiк жарамдылығына сараптама жасауға лицензиясы бар денсаулық сақтау ұйымдарымен медициналық тексерулердi жүргiзуге шарт жасасады.
Toggle Dropdown
9. Жұмыс берушi бекiткен тiзiмге сәйкес қызметкерлердің медициналық тексерулерден өту кестесiн бекiтетiн жауапты адамдарды жұмыс берушi тағайындайды.
Toggle Dropdown
10. Медициналық тексеруден өтуге тиiс қызметкерлер бекiтiлген кестелерге сәйкес тиiстi шарттар жасалған денсаулық сақтау ұйымдарына жiберiледi.
Toggle Dropdown
11. Жұмыс берушілер Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтетiн тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiнiң - тiзбесiне сәйкес профилактикалық медициналық тексеруден өтуге тиiс адамдардың осындай тексерулерден өтуi үшiн жағдай жасайды.
Toggle Dropdown
12. Жұмыс берушi профилактикалық, алдын ала және мiндеттi медициналық тексерулерден өтуге тиiс адамдардың осы тексерулерден уақтылы өтуiн ұйымдастыруға жауапты болады.
Toggle Dropdown
13. Профилактикалық, алдын ала және мiндеттi медициналық тексерулерден өтудiң уақтылығын мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары, медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау жөнiндегi мемлекеттiк органдар мен еңбек жөнiндегi уәкiлеттi органның мемлекеттiк еңбек инспекторлары бақылайды.