1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Дарын" мемлекеттiк жастар сыйлығы жөнiндегi комиссиясының құрамы бекiтiлсiн.
-
Продукты:
Судебная практика
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң "Дарын" мемлекеттiк-жастар сыйлығы жөнiндегi комиссиясының құрамы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 14 шілде N 1074
2000 жылы "Дарын" мемлекеттiк жастар сыйлығын алуға конкурс өткiзуге байланысты Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Дарын" мемлекеттiк жастар сыйлығы жөнiндегi комиссиясының құрамы бекiтiлсiн.
2. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң "Дарын" мемлекеттiк жастар сыйлығы жөнiндегi комиссиясының құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 27 қазандағы N 1086 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 38, 344-құжат) күшi жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2000 жылғы 14 шілдедегі N 1074 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң "Дарын" мемлекеттiк жастар сыйлығы жөнiндегі комиссиясының ҚҰРАМЫ Сәрсенбаев Алтынбек Сәрсенбайұлы - Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрi, төраға Коржова Наталья Артемовна - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрi, төрағаның орынбасары Кәлетаев Дархан Аманұлы - Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң Iшкi саясат департаментi жастар саясаты бөлiмiнiң бастығы, жауапты хатшы Ғылым, техника және сәулет секциясы Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлы - Қазақстан Республикасы Инженерлiк академиясының президентi (келiсiм бойынша) Ибраев Бек Әнуарбекұлы - Қазақстан Республикасы Сәулеткерлер одағының мүшесi (келiсiм бойынша) Қошанов Аманжол Қошанұлы - Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының гуманитарлық және қоғамдық ғылымдар жөнiндегi академик-хатшысы (келiсiм бойынша) Сапарғалиев Ғайрат Сапарғалиұлы - Қазақ мемлекеттiк заң академиясы мемлекет және құқық институтының директоры (келiсiм бойынша) Спанов Мағбат Уарызбекұлы - Қазақстан даму институтының президентi (келiсiм бойынша) Тәкiбаев Нұрғали Жабағыұлы - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының бас ғалым- хатшысы (келiсiм бойынша) Мәдениет, өнер, әдебиет, журналистика және спорт секциясы Әбдiрахманов Сауытбек Әбдiрахманұлы - "Қазақ теледидары мен радиосы" республикалық корпорациясының бiрiншi вице-президентi (келiсiм бойынша) Андриасян Рубен Суренович - М. Лермонтов атындағы Мемлекеттiк академиялық орыс театрының бас режиссерi (келiсiм бойынша) Есдәулетов Ұлықбек Оразбайұлы - Қазақстан Жазушылар одағының басқарма мүшесi (келiсiм бойынша) Жүнiсбаев Несiп Жүнiсбайұлы - "Спорт" газетiнiң бас редакторы (келiсiм бойынша) Қасейiнов Дүйсен Қорабайұлы - Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және коғамдық келiсiм министрлiгi Мәдениет комитетiнiң төрағасы Қонақбаев Серiк Керiмбекұлы - Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаты (келiсiм бойынша) Медетбек Темiрхан - Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы (келiсiм бойынша) Мұхамеджанов Төлеген Мұхамеджанұлы - Астана қаласы әкiмiнiң орынбасары Мұсаходжаева Айман Қожабекқызы - Қазақ ұлттық музыка академиясының ректоры (келiсiм бойынша) Михайлов Валерий Федорович - "Казахстанская правда" газетiнiң бас редакторы (келiсiм бойынша) Смағұлов Максим Жұмаханұлы - Қазақстан Кинематографистер одағының президентi (келiсiм бойынша) Тiлеухан Бекболат Қанайұлы - Қазақстан Республикасының Президентi Республикалық гвардиясы оркестрiнiң халық аспаптары ансамблiнiң көркемдiк жетекшiсi (келісім бойынша) Оқығандар: Қобдалиева Н.М. Орынбекова Д.К.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |