• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 26.05.2019 г

Отправить по почте

1

"Алкоголь өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 қазандағы № 1081 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2019 жылғы 26 мамырдан бастап ҚР Үкіметінің 13.05.2019 жылғы № 272 Қаулысына сәйкес
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Алкоголь өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2010 жылғы 20 қазандағы
 № 1081 қаулысымен
 бекітілген
1
«Алкоголь өнімінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті
1. Осы «Алкоголь өнімінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) Қазақстан Республикасының «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы » 1999 жылғы 16 шілдедегі, «Техникалық реттеу туралы » 2004 жылғы 9 қарашадағы, «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы » 2007 жылғы 21 шілдедегі заңдарына сәйкес әзірленген және мынадай өнімге қолданылады:
2. Техникалық регламент Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының (КО СЭҚ БТН) 2203, 2204, 2205, 2206, 2207, 2208 тауар позицияларына кіретін алкоголь өніміне қолданылады және дайын өнімнің қауіпсіздігіне, өнімнің жаңа түрлерін әзірлеу және өндіріске қою кезеңдерінде оны қайта өңдеу, өндіру, сақтау, тасымалдау, сатып алу, елге әкелу және өткізу, кәдеге жарату және жою кезінде қойылатын талаптарды белгілейді.
3. Алкоголь өнімінің санаты осы Техникалық регламентке 1-қосымшада келтірілген.
1) жануардан алынатын құрамында спирті бар тамақ өнімін (оның ішінде қымыз, қатық, айран, шұбат), сондай-ақ спиртті ашыту жолымен алынған квасты және шөптің спирттелген тұлбаларын және шарап материалдарын пайдалану арқылы дайындалған алкогольсіз сусындарды өндірумен және олардың айналымымен байланысты қызметке;
2) құрамында спирті бар тағамдық емес өнімдерді (дәрілік, жуу және дезинфекциялау құралдары, лак-бояу және парфюмерлік-косметикалық өнім, өзге де ұқсас тауарлар) өндірумен және олардың айналымымен байланысты қызметке қолданылмайды.
5. Алкоголь өнімінің тіршілік циклы процесінде туындайтын қауіпті (тәуекел) факторларға мыналар жатады: осы Техникалық регламентте белгіленген уытты элементтердің, радионкулидтердің, метил спиртінің (арақ және ішуге жарамды этил спирті үшін) рұқсат етілген деңгейінің, альдегидтердің, шырықшөп майының, нитрозаминдердің (сыра үшін) массалық шоғырлануының артуы, өнімнің механикалық және микробиологиялық ластануы, тағамдық емес немесе зиянкестермен ластанған шикізаттарды пайдалану.
6. Ықтимал тәуекелдер алкоголь өнімінің тіршілік циклының мынадай сатыларында (процестерінде) туындайды:
2) қойма, өндірістік үй-жайларды, машиналарды, жабдықтарды, көлік құралдарын, қосымша материалдарды өндіріске дайындау;
3) негізгі және қосымша шикізаттарды, оның ішінде тағамдық қоспаларды, жартылай фабрикаттарды және ингредиенттерді өндіріске қабылдау және дайындау;
7. Алкоголь өнімін осы Техникалық регламент талаптарына сәйкестендіру мақсатында алкоголь өнімін өндіру саласындағы шаруашылық қызметке қатысушылар мынадай қағидаттарға негізделген өндірістік бақылау жүйесін ұйымдастырады, қолданады және қолдайды:
1) осы Техникалық регламент талаптарына сәйкес келмейтін алкоголь өнімін айналымға шығаруы мүмкін өндіріс процесіндегі кез келген қауіпті айқындау;
2) осы Техникалық регламентке сәйкес айқындалған қауіпті болдырмау немесе жою үшін қажет бақылауға өндіріс процесінде қиын бақылау нүктелерін айқындау;
3) қиын бақылау нүктелерінде айқындалатын және бақыланатын көрсеткіштердің шекті мәндерін белгілеу;
4) қиын бақылау нүктелерінде бақыланатын көрсеткіштердің мониторингін жүргізу;
5) қауіпсіздіктің белгіленген көрсеткіштері ауытқыған жағдайда әрекет ету тәртібін белгілеу;
6) қауіпсіздіктің тиісті шараларын қолдануды тіркейтін құжаттаманы жүргізу.
8. Алкоголь өнімін сәйкестендіру оған жазылған таңбалауды және (немесе) ілеспе құжаттаманы пайдалана отырып, онда сәйкестендіру көрсеткіштерінің болуын көзбен көріп тексеру арқылы, сондай-ақ белгіленген тәртіппен алынған өнім үлгілері бойынша алкоголь өнімінің сапасы мен қауіпсіздігін өндірушінің көрсеткен сертификатына теңестіруге зертханалық зерттеу жүргізу арқылы жүргізіледі.
Осы Техникалық регламенттің 1-тармағына сәйкес алкоголь өнімін сол немесе өзге түріне жатқызу «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
1) алкоголь өнімін осы Техникалық регламенттің қолданылу саласына жатқызу;
2) алкоголь өнімінің, оның ішінде олардың атаулары мен сәйкестендіру көрсеткіштерін осы Техникалық регламенттің талаптарына сәйкестендіруді белгілеу;
4) органолептикалық көрсеткіштер: дәм, иіс, хош иіс, сәндік, түс (бояу), мөлдірлігі, аққыштық, шөгінді;
5) физикалық-химиялық көрсеткіштер: мықтылығы, қанттың массалық шоғырлануы, жалпы экстракті, лимон қышқылына қайта есептегендігі қышқылдығы және осы Техникалық регламенттің және алкоголь өнімінің нақты түріне арналған нормативтік құжаттаманың талаптарына сәйкес басқа да көрсеткіштер;