1. Қоса беріліп отырған:
-
Продукты:
Судебная практика
Отправить по почте
Республикалық және халықаралық маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қорының геологиялық, геоморфологиялық және гидрогеологиялық объектілерінің тізбесін, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда оларды шектеулі шаруашылық мақсатта пайдалану қағидасын, сондай-ақ республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар санатына жатқызылған айрықша экологиялық, ғылыми, мәдени және өзге де құндылықты білдіретін жер қойнауы учаскелерінің тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 қарашадағы N 1212 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2018 жылғы 31 шілдеден бастап ҚР Үкіметінің 17.07.2018 жылғы № 437 Қаулысына сәйкес
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабының 14) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) республикалық және халықаралық маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қорының геологиялық, геоморфологиялық және гидрогеологиялық объектілерінің тізбесі;
2) Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы республикалық және халықаралық маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қорының геологиялық, геоморфологиялық және гидрогеологиялық объектілерін шектеулі шаруашылық мақсатта пайдалану қағидасы;
3) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар санатына жатқызылған айрықша экологиялық, ғылыми, мәдени және өзге де құндылықты білдіретін жер қойнауы учаскелерінің тізбесі бекітілсін.
2. «Республикалық және халықаралық маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қорының геологиялық, геоморфологиялық және гидрогеологиялық объектілерінің тізбесін, оларды ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда шектеулі шаруашылық мақсатта пайдалану ережесін, сондай-ақ айрықша экологиялық, ғылыми, мәдени және өзге де құндылықты білдіретін, республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар санатына жатқызылған жер қойнауы учаскелерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы № 657 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 27, 337-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 қарашадағы № 1212 қаулысымен бекітілген
Республикалық және халықаралық маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қорының геологиялық, геоморфологиялық және гидрогеологиялық объектілерінің тізбесі 1. Республикалық және халықаралық маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қорының геологиялық объектілері
Ақмола облысы
1. Аютас тауы
2. Бурабай тауы
3. Жеке Батыр тауы
4. Көкшетау тауы
5. Лысая тауы
6. Үлкен Бүркітті тауы
7. Малиновая өзеніндегі жал
8. Зеренді көліндегі жасыл мүйіс
9. Жұмбақтас тас аралы
10. Зеренді көлінің жанындағы қызыл күрең мүйіс
11. Зеренді көліндегі алыптар жағажайы
12. Бастион жартасы
13. Оқжетпес жартасы
14. Сұңқар ұясы жартасы
15. Пахомовка жартасы
16. Үш апалы-сіңлі жартасы
17. Қарамай шоқысы
18. Өрт байқау шоқысы
19. Қашқын шоқысы
Ақтөбе облысы
20. Әулие алқабы
21. Тікбұтақ бұлағындағы палеоген және кейінгі бор жасындағы өсімдіктер мен жануарлар қалдықтарының мол орналасқан орны
22. Ақтасты өзеніндегі төменгі пермь жасындағы цефалопод қалдықтарының мол орналасқан орны
23. Ақтасты рифінің төменгі пермь жасындағы су балдырларының рифтік әктастары
24. Бөртебей бұлағындағы әктасты-терриген қабаты
25. Жаманшы шатқалындағы кратер
26. Қызылтөбе төбесіндегі олигоцен жасындағы өсімдіктердің таңбалары
27. Жалғызтау палеожанартауы
28. Көкжиде құмы
29. Оңтүстік Ақтолағай үстірті
30. Оңтүстік Жамантау руда кеніші
31. Әлімбет өзеніндегі серпентинитті меланж (девон-карбон)
32. Домбар қырқасындағы ерте карбонды аммоноидтардың жиналуы
33. Боқтықарын тұз күмбезі. Төменгі - жоғарғы Маастрихт шекарасы
34. Шуылдақ палеожанартау ауданы
Алматы облысы
35. Озерная өзенінің жоғарғы сағасындағы Городецкий және Моренный белсенді тас глетчерлері
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |