Bestprofi Logo

Қаулы № 2 от 2005-06-20г./Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты

Соттардың атқарушылық іс жүргізу жөніндегі заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы

Отправить на почту


Языки документа

Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Документ на казахском языке

Соттардың атқарушылық іс жүргізу жөніндегі заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы Қазақтан Республикасы Жоғарғы Сотының 2005 жылғы 20 маусымдағы N 2 нормативтік қаулысы

Жеке және заңды тұлғалардың сот орындаушыларының әрекеттеріне дау айту туралы арыздары бойынша азаматтық істерді қарау кезінде заңнама мәселелерін соттардың біркелкі қолдануының қажеттілігіне байланысты Қазақтан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді:

1. Атқарушылық іс жүргізуден туындайтын істерді қарау кезінде осы мәселе бойынша заңнаманың Қазақтан Республикасының Конституциясына, Қазақтан Республикасы бекіткен халықаралық шарттардың нормаларына негізделетінін және "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақтан Республикасының Заңынан (бұдан әрі - Заң), Қазақтан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерінен тұратындығын назарда ұстау қажет.

2. Заңның 6-бабына сәйкес, мәжбүрлеп орындату шараларын қолдану үшін сот орындаушысы Заңмен белгіленген тәртіпте өндіріске қабылдаған атқару құжаты негіз болып табылады.

Атқару құжаттарының тізбесі Заңның 5-бабында келтірілген. Сот орындаушысының әрекетіне (әрекетсіздігіне) жасалған шағымды қарау кезінде сот атқарушылық іс қозғаудың негізділігін де тексеруге міндетті.

3. Сот орындаушысының атқару құжатын орындау жөніндегі әрекетіне немесе сондай әрекеттерді жасаудан бас тартуына байланысты борышкер немесе өндіріп алушы шағым жасауы мүмкін. Мұндай жағдайларда Заңның 87-бабына сәйкес, шағым сот орындаушысы әрекет жасаған күннен бастап он күннің ішінде немесе әрекет жасау уақыты мен орны туралы хабарланбаған жағдайда осы аталған адамдарға ол жөнінде белгілі болған күннен бастап сот орындаушысы қызмет көрсететін учаскенің аудандық сотына беріледі.

Шағым басқа тұлғалармен Қазақтан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің (бұдан әрі - АІЖК) 3-бабының екінші бөлігінің негізінде АІЖК-нің 280-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімде берілуі мүмкін.

Егер шешімнің орындалуы үшінші жақтардың мүліктік мүдделеріне қатысты болса, онда мұндай адамдар бұзылған құқықтарын қалпына келтіру туралы өндіріп алушы мен борышкерге талап қойып, сотқа жүгіне алады. Сот мұндай істерді талап қою өндірісінде қарайды және сот орындаушысын өз алдына бөлек дербес талап қоймайтын үшінші жақ ретінде, егер талапкер оны үшінші жақ ретінде немесе қосымша жауапкер ретінде тануды сұрамаса, іске қатыстыруға міндетті.

4. Жеке және заңды тұлғалар сот орындаушыларының әрекеттеріне шағым берген кезде Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Қазақтан Республикасы кодексінің (бұдан әрі - Салық кодексі) 501-бабының 14) тармақшасына сәйкес мемлекеттік баж төлеуден босатылады.

Өздеріне қатысты атқарушылық әрекеттер жүргізілген, мүлікке құқығы бар үшінші жақтар талап қойған жағдайда, Салық кодексінің 496-бабы 1-тармағының 1) тармақшасымен көзделген тәртіпте мемлекеттік баж төленуге жатады.

5. Сот нақтылы атқару құжатын орындауға байланысты сот орындаушысының әрекетіне (әрекетсіздігіне) жасалған шағымдарды қарау кезінде сот отырысының орны мен уақыты туралы сот орындаушысына хабар беруге міндетті.

Сот орындаушысы болмаған (сот орындаушысы жұмыстан босатылған, еңбек демалысында болған, ұзақ уақыт бойы еңбекке жарамсыз болған (10 күннен артық) немесе іссапарда жүрген) жағдайда сот отырысына осы аумақтық учаскеден басқа сот орындаушысы жіберілуі мүмкін.

Сот орындаушыларының заңсыз әрекеттерінің (әрекетсіздіктерінің) нәтижесінде келтірілген зиянды өтеу туралы талаптар бойынша не сот шығындарын өндіру туралы талаптар қойылған кезде Сот әкімшілері жауапкерлер ретінде қатыстырылуы мүмкін.

6. Сот орындаушыларының әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) жасалған шағымдарды, атқару құжаттарының орындалу процесінде үшінші жақтың мүліктік мүдделерін қорғау туралы талаптарды қарай отырып соттар:

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание