• Мое избранное
Жарылғыш материалдарды сатып алу, сақтау, есепке алу, тасымалдау, әкелу және әкету қағидаларын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 20.02.2016 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 8

Жарылғыш материалдарды сатып алу, сақтау, есепке алу, тасымалдау, әкелу және әкету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қарашадағы № 1302 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 20 ақпаннан бастап ҚР Үкіметінің 04.02.2016 жылғы № 53 Қаулысына сәйкес
Редакция 29.11.2012 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңының 4-5-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының ҮкіметіҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Жарылғыш материалдарды сатып алу, сақтау, есепке алу, тасымалдау, әкелу және әкету қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі                           К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 7 қарашадағы
 № 1302 қаулысымен
 бекітілген
Жарылғыш материалдарды сатып алу, сақтау, есепке алу, тасымалдау, әкелу және әкету қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жарылғыш материалдарды сатып алу, сақтау, есепке алу, тасымалдау, әкелу және әкету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Ішкі істер органдары туралы » 1995 жылғы 21 желтоқсандағы, «Лицензиялау туралы » 2007 жылғы 11 қаңтардағы және «Экспорттық бақылау туралы » 2007 жылғы 21 шілдедегі заңдарына сәйкес жарылғыш материалдарды сатып алу, сақтау, есепке алу, тасымалдау, әкелу және әкету тәртібін айқындайды.
2. Жарылғыш материалдарды сатып алу тәртібі
2. Жарылғыш материалдарды сатып алу ішкі істер органдарының рұқсаты негізінде жүзеге асырылады.
3. Жарылғыш материалдарды сатып алуға рұқсат беру үшін ұйым ішкі істер органына:
1) сатып алынатын жарылғыш материалдардың атауы мен саны (салмағы, мөлшері), сатып алуға жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты, жеке куәлігінің немесе паспортының сериясы мен нөмірі көрсетіле отырып, ұйым басшысының қолдаухаты;
2) тиісті қызмет түрін жүзеге асыруға арналған лицензияның көшірмесі;
3) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі берген жарылғыш материалдарды сатып алуға арналған рұқсат (куәлік);
4) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі берген жарылғыш материалдарды сақтау орнын пайдалануға арналған рұқсат (куәлік);
5) аумағында қойма үй-жайы орналасқан ішкі істер органы берген жарылғыш материалдарды сақтауға арналған рұқсат;
6) сатып алу-сату келісімшартының (шарттың) немесе мәмілеге қатысушылар арасындағы өзге де иеліктен шығару құжатының көшірмесі;
7) егер делдал импорттаушы ретінде қатысса, өндіруші мен импорттаушы және тұтынушы мен импорттаушы арасындағы келісімшарттың (келісімшарттардың) көшірмелері ұсынылады.
4. Жарылғыш материалдарды сатып алуға арналған рұқсат осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес заңды тұлғаларға өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі берген жарылғыш материалдарды сатып алуға арналған куәлікте көрсетілген деректердің негізінде толтырылады.
Сатып алуға арналған рұқсатты ішкі істер органдары:
1) заңды тұлға өтініш білдірген, оны қарау үшін өзге субъектілерден, лауазымды адамдардан ақпарат алу не сол жерге шыға отырып, тексеру талап етілмеген кезде күнтізбелік он бес күн;
2) заңды тұлға өтініш білдірген, оны қарау үшін өзге субъектілерден, лауазымды тұлғалардан ақпарат алу не сол жерге шыға отырып, тексеру талап етілмеген кезде күнтізбелік отыз күн ішінде береді.
Егер, осы Қағидалардың 3-тармағының талаптарына сәйкес құжаттар ұсынылмаған жағдайда рұқсат беруден бас тартылады.
5. Сатып алуға арналған рұқсаттың жарамдылық мерзімі өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі берген жарылғыш материалдарды сатып алуға арналған куәліктің жарамдылық мерзіміне сәйкес келеді.
6. Басқа ұйымда ішкі істер органы берген жарылғыш материалдарды сатып алуға арналған рұқсат болмаған жағдайда, оған жарылғыш материалдарды беруге (сатуға) жол берілмейді.
7. Көрсетілген мерзім ішінде пайдаланылмаған рұқсаттың күші жойылады және оның мерзімі ұзартуға жатпайды.
Сатып алуға арналған рұқсатты жоғалтқан жағдайда рұқсатты берген ішкі істер органын дереу жазбаша хабардар еткен және рұқсаттың жоғалғаны туралы бұқаралық ақпарат құралдарына хабарландыру берген кезде төлнұсқа беріледі.
3. Жарылғыш материалдарды сақтау және есепке алу тәртібі
8. Жарылғыш материалдарды сақтау ішкі істер органының рұқсаты негізінде жүзеге асырылады.
9. Ұйым жарылғыш материалдарды сақтауға рұқсат беру кезінде қызмет көрсететін аумағында қойма орналасқан ішкі істер органына:
1) сақтауға жататын жарылғыш материалдардың атауы мен санын (салмағы, мөлшері), сақтау үшін жауапты адамның тегін, атын, әкесінің атын, жеке куәлігінің немесе паспортының сериясы мен нөмірін көрсете отырып, ұйым басшысының қолдаухатын;
2) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі берген жарылғыш материалдарды сақтау орнын пайдалануға арналған рұқсатты (куәлікті);
3) жарылғыш материалдар қоймасы паспортының көшірмесін ұсынады.
10. Жарылғыш материалдарды сақтауға арналған рұқсатты берер алдында ішкі істер органының қызметкері «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңында белгіленген тәртіппен сақтау орнын (қойманы) тексереді.
Жарылғыш материалдарды сақтауға арналған қоймаларын, сақтау орындарының техникалық жабдықталуы және объектілердің күзетін ұйымдастырылуын тексеру кезінде:
1) объектілердің техникалық жабдықталу жай-күйі (қоршаулардың, бекет мұнараларының бар-жоғы және беріктігі, тыйым салынған аймақтың жабдықталуы, шамдардың ақаусыздығы, күзет сигнализациясының, жақын жерде орналасқан күзет бекеттерімен және ішкі істер органдарымен байланыс құралдарының ақаусыздығы);
2) жарылғыш материалдарды сақтауға арналған қойма үй-жайларының жарамдылығы, кіреберіс жолдарының жай-күйі;
3) жарылғыш материалдарды сақтауға, пайдалануға және тасымалдауға байланысты жұмыстарға адамдарды жіберуді жүзеге асырудың дұрыстығы;
4) объект күзетінің жай-күйі (атыс қаруын пайдалана отырып, күзет қызметтерін көрсетуге арналған шарттың бар-жоғы);
5) қойма аумағына өткізу режимін жүзеге асыру (материалдық өткізу қағаздарын ресімдеу дұрыстығы, өту, жүріп өту, жарылғыш материалдарды шығару, әкелу және әкету тәртібі) тексеріледі.
11. Жарылғыш материалдарды сақтауға арналған орынды (қойманы) тексергеннен кейін ішкі істер органының қызметкері осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес жарылғыш материалдарды сақтауға арналған қойма үй- жайларының жарамдылығы туралы тексеру актісін толтырады.
12. Тексеру актісінің және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі берген жарылғыш материалдарды сақтау орнын (қойманы) пайдалануға арналған куәлікте көрсетілген деректердің негізінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес ішкі істер органдары жарылғыш материалдарды сақтауға арналған рұқсат:
1) заңды тұлға өтініш білдірген, оны қарау үшін өзге субъектілерден, лауазымды адамдардан ақпарат алу не сол жерге шыға отырып, тексеру талап етілмеген кезде күнтізбелік он бес күн;
2) заңды тұлға өтініш білдірген, оны қарау үшін өзге субъектілерден, лауазымды тұлғалардан ақпарат алу не сол жерге шыға отырып, тексеру талап етілген кезде күнтізбелік отыз күн ішінде беріледі.
Қойма осы Қағидалардың 10-тармағының талаптарына сәйкес келмеген кезде рұқсат беруден бас тартылады.
13. Жарылғыш материалдарды сақтауға арналған рұқсаттың жарамдылық мерзімі өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі берген сақтау орнын пайдалануға арналған куәліктің жарамдылық мерзіміне сәйкес келеді.
14. Жарылғыш материалдарды сақтауға арналған рұқсаттың мерзімі аяқталған жағдайда ол ұзартуға жатпайды.
Жарылғыш материалдарды сақтауға арналған рұқсатты жоғалтқан жағдайда рұқсатты берген ішкі істер органын дереу жазбаша хабардар еткен және рұқсаттың жоғалғаны туралы бұқаралық ақпарат құралдарына хабарландыру берген кезде төлнұсқа беріледі.
15. Рұқсаттың жарамдылық мерзімінің өтуі, оның атына рұқсат берілген заңды тұлғаның, жауапты адамның мекенжайының, атауының, сақтау орны мен қойма сыйымдылығының өзгеруі рұқсаттарды қайта ресімдеу үшін негіздер болып табылады.
16. Жарылғыш материалдар осы мақсаттар үшін орнатылған немесе жабдықталған (базисті, шығыс және т.б.) арнайы қоймаларда ғана сақталады.
Жарылғыш материалдардың әрбір қоймасының аумағы айналасына қоршауды есептегенде ені кемінде 50 метр болатын тыйым салынған аймақ белгіленеді.
17. Жарылғыш материалдардың жылжымалы қоймасы күзетуге жатады.
Күзет түрі, бекеттердің құрамы, саны, орналасуы мен жарылғыш заттар қоймаларын күзету тәртібі ішкі істер органымен келісім бойынша кәсіпорын (ұйым) басшысы мен жеке күзет ұйымы басшысының бірлескен бұйрығымен белгіленеді. Ішкі істер органымен келісім бойынша ғана күзет бекеттерінің санын өзгертуге жол беріледі.
18. Жарылғыш материалдары бар сақтау орындары жұмыстан тыс  уақытта құлыппен жабылады, пломбаланады немесе мөрленеді. Кілттер, пломбалау қысқыштары мен мөрлер қойма меңгерушісінде сақталады.
19. Қойманың, басқа сақтау орнының аумағына адамдардың кіруі  кәсіпорын (ұйым) басшысының немесе қойма осы ұйымның қарамағында болса, мердігерлік ұйым басшысының рұқсатымен берілетін тұрақты немесе біржолғы рұқсат қағаздары бойынша жүргізіледі.
20. Барлық жарылғыш материалдар қоймалары тәулік бойы күзетуге жатады. Күзет атыс қаруымен қаруланады.
Жер астындағы қоймалардың күзеті арнайы құралдармен ғана қаруланады.
21. Адамдарға жарылғыш материалдарды сатып алумен, сақтаумен, есепке алумен, тасымалдаумен, пайдаланумен тікелей байланысты жұмыстарға рұқсат беруді ұйым әкімшілігі оларды ішкі істер органдары алдын ала жан-жақты және мұқият тексергеннен кейін ғана жүргізеді.
22. Адамдарға жарылғыш материалдармен байланысты жұмыстарға рұқсат беруді келісу үшін ұйымдар аумақтық ішкі істер органына мынадай құжаттарды:
1) тегін, атын, әкесінің атын, туған күні мен жерін, тұрғылықты жерін көрсете отырып, адамдардың тізімін;
2) көрсетілген жұмыс түріне адамның жарамдылығын куәландыратын медициналық анықтамаларды (психиатрдың, наркологтың анықтамасы) ұсынады.
Ішкі істер органдарының қызметкерлері құжаттар келіп түскен күннен бастап бір айға дейінгі мерзімде көрсетілген адамдарды ішкі істер органдарының есептері және тұрғылықты жері бойынша тексереді.
23. Адамдарға бұйымдар мен заттарды сатып алуға, сақтауға, есепке алуға, пайдалануға, тасымалдауға, күзетуге байланысты жұмысқа рұқсат беруге кедергі келтіретін мән-жайлар болған кезде ішкі істер органы бұл туралы ұйымның әкімшілігіне 20 күн ішінде жазбаша нысанда хабарлайды.
24. Жарылғыш заттарды сатып алуға, сақтауға, есепке алуға, пайдалануға, тасымалдауға байланысты жұмысқа рұқсат берілетін адамдардың тізімі ішкі істер органының бастығымен немесе оның орынбасарымен келісіледі.
25. Мына жағдайларда:
1) психикалық сырқатымен, алкоголизммен немесе нашақорлықпен байланысты қарсы көрсетулердің жоқ екені туралы медициналық анықтамалар ұсынылмаса;
2) қасақана қылмыс жасағаны үшін өтемеген немесе заңда белгіленген тәртіппен алынбаған соттылығы бар болса;
3) тұрғылықты тұратын мекен-жайы болмаса;
4) он сегіз жасқа толмаса, ішкі істер органдары ұйымға адамдарды жарылғыш материалдармен жұмыстарға рұқсат беруден бас тартады.
26. Қоймаларда жарылғыш материалдарды есепке алудың дұрыстығын тексеруді ұйым басшысы арнайы тағайындаған адам және өндірістік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның өкілі жүргізеді.
Тексеріс кезінде жарылғыш материалдардың жетіспейтіні немесе артық екені анықталған жағдайда, шаралар қабылдау үшін кәсіпорын немесе ұйым басшысы ішкі істер органына дереу хабарлайды.
4. Жарылғыш материалдарды тасымалдау тәртібі
27. Жарылғыш материалдарды тасымалдау «Темір жол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы, «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Автомобиль көлiгiмен қауіптi жүктердi тасымалдау жөнiндегi кейбiр мәселелер туралы» 2004 жылғы 12 наурыздағы № 316, «Темір жол көлігімен жүк тасымалдау қағидасын бекіту туралы» 2011 жылғы 21 маусымдағы № 682, «Ішкі су көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидасын бекіту туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі № 839 қаулыларына сәйкес жүзеге асырылады.
27-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 29.11.2012 № 1502 (07.11.2011 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
28. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алынып тасталды ҚР Үкіметінің 29.11.2012 № 1502 Қаулысымен (07.11.2011 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
29. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алынып тасталды ҚР Үкіметінің 29.11.2012 № 1502 Қаулысымен (07.11.2011 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
30. Жарылғыш материалдарды қала, аудан шегінде, бір және сол кәсіпорынға тиесілі қоймадан басқа қоймаларға тасымалдау наряд-жүкқұжаты бойынша, ал жару жұмыстарын жүргізу орындарына (жарылғыш материалдарды пайдалану немесе сынау) наряд-жүкқұжат немесе наряд-жолдама бойынша жүргізіледі.
30-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 29.11.2012 № 1502 (07.11.2011 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
5. Жарылғыш материалдарды әкелу, әкету тәртібі
31. Жарылғыш материалдарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және одан әкету Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау саласындағы заңнамасына және Кеден одағының заңнамасына сәйкес экспорттық бақылау саласындағы уәкілетті орган беретін импорт пен экспортқа арналған лицензиялардың негізінде жүзеге асырылады.
32. Ішкі істер министрлігі жарылғыш материалдардың импортына, экспортына лицензия беруге өтініштерді экспорттық бақылау саласындағы  уәкілетті орган  мынадай құжаттарды:
1) экспорттық заңнамаға сәйкес белгіленген нысандағы өтінішті;
2) заңды тұлға үшін - өтініш берушіні заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесін;
3) өтініш берушіні салық органында есепке қою туралы куәліктің көшірмесін;
4) сатып алу-сату келісімшартының (шартының) немесе сыртқы сауда мәмілесіне қатысушылардың арасындағы иеліктен айырудың өзге де құжатын;
5) егер өтініш беруші ретінде делдал қатысса, экспорттаушы мен  өндіруші немесе импорттаушы мен тұтынушы арасындағы келісімшарттың көшірмесін;
6) тиісті қызмет түрін жүзеге асыруға арналған лицензияның көшірмесін;
7) Қазақстан Республикасынан импортталатын өнімді тек осы елдің қажеттілігі үшін ғана пайдаланатыны және оны кері экспорттауға немесе  қазақстандық тараптың келісімінсіз үшінші елге беруге жол бермейтіні туралы алушы елдің міндеттемесін қамтитын алушы елдің уәкілетті мемлекеттік органы берген соңғы пайдаланушы (экспорттық бақылауға жататын өнімдердің экспорты кезінде) сертификатының көшірмесін;
8) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі берген жарылғыш материалдарды сатып алуға (импорт үшін) рұқсаттың (куәліктің) көшірмесін;
9) аумақтық ішкі істер органы берген жарылғыш материалдарды сатып алуға арналған рұқсаттың көшірмесін;
10) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі берген жарылғыш материалдарды сақтау үшін қойманы (базистік, шығыс) пайдалануға арналған рұқсаттың көшірмесін;
11) аумақтық ішкі істер органы берген жарылғыш материалдарды сақтауға арналған рұқсаттың көшірмесін;
12) жарылғыш материалдарды автомобиль көлігімен тасымалдаған жағдайда, қауіпті жүкті тасымалдаудың жол полициясы органдарымен келісілген бағыты ұсынылады.
13) жарылғыш материалдарды сақтау үшін жеке меншік қойма болмаған жағдайда, өндірістік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган  және ішкі істер органдары берген, оларды пайдалануға және сақтауға арналған тиісті куәліктері мен рұқсаттары бар үшінші тұлғадан сақтауға не қойманы (қоймаларды) жалға алуға арналған келісімшарттың (келісімшарттардың) көшірмесін ұсынған кезде келіседі.
32-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.11.2012 № 1502 Қаулысымен (07.11.2011 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
33. Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау туралы заңнамасына сәйкес Ішкі істер министрлігі импортқа (экспортқа) лицензия беруге өтініштерді келіседі немесе импортқа (экспортқа) лицензия беруге өтініштерді келісуден бас тартады.
Жарылғыш материалдарды сатып алу, сақтау,
 есепке алу, тасымалдау, әкелу және әкету
 қағидаларына
 1-қосымша
№ _ рұқсат түбіртегі             Қазақстан Республикасы
       20__жылғы "__" _________         Ішкі істер министрлігі
       ________________________    _______________________________
       (заңды тұлғаның атауы, мекенжайы       (ішкі істер органының атауы, 
       __________________________           №___ рұқсат 
         және қызметтік телефоны)        _______________________________
       ___________________________     (заңды тұлғаның атауы, 
       (сатып алуға рұқсат етілген        _______________________________________ 
 материалдардың атауы,                 мекенжайы және қызметтік телефоны) 
       ___________________________ _______________________________
Келісімшарттың №, оның саны)       (сатып алуға рұқсат етілген 
       __________________________________ материалдардың атауы,
       __________________________  _______________________________
       __________________________      келісімшарттың №, оның саны) 
       (жауапты адамның тегі, аты-жөні    _______________________________
       __________________________  _______________________________
       қызметтік телефоны)              _______________________________
       сатып алу құқығына_______   (жауапты адамның тегі, аты-жөні, 
       __________________ дербес   ________________________________
жауапкершілігімен берілді.  қызметтік телефоны) 
                                    сатып алу құқығына _______дербес
                            жауапкершілігімен берілді.
       20__жылғы "__" ________дейін  20__жылғы "__" ________дейін
жарамды.                      жарамды.
       Бастық ___________________   Бастық _______________________
            (қолы)                               (қолы)
#$Материалдар атауларының Материалдар атауларының
саны көп болған жағдайда қосымша      саны көп болған жағдайда қосымша 
беріледі, ал осы рұқсаттың ажырамас   беріледі, ал осы рұқсаттың ажырамас 
бөлігі болып табылады.                бөлігі болып табылады.
Жарылғыш материалдарды сатып алу,
 сақтау, есепке алу, тасымалдау,
 әкелу және әкету қағидаларына
 2-қосымша
Жарылғыш заттары бар қоймаларды тексеру туралы акт
      20___ жылғы «__» _______        ______________________
                                     (елді мекен) 
       Мен, (біз),__________________________________________________
         (тексерушінің (лерді ң ) лауазымы, тегі, аты, ә кесіні ң аты  көрсетіледі) 
       ________________________________________________ _ өкілдерінің қатысуымен
       ______________________________________________________________
       (объектіні ң атауы, оның мекенжайы немесе орналасқан жері) 
       ___________________________ жарылғыш заттар қоймасын тексердік.
       Жауапты адам ___________________________________болып табылады.
                (лауазымы, тегі, әкесінің аты) 
       Қойма түрі ____________________________________________________
                (базистік, шығыс, тұрақты, уақытша, қысқа уақытқа) 
       Объектілердің техникалық құрал-жабдықтардың жай-күйі __________
       _______________________________________________________________
      (қоршаудың бар-жоғы және беріктілігі, бекеттік мұнаралар, тыйым салынған аумақтың 
жабдықтары, шамдардың ақаусыз болуы, аумақтың тазалығы, 
        _______________________________________________________________
күзет сигнализациясының ақаусыз болуы, жақын маңдағы күзет бекеттерімен және 
ішкі істер органдарымен 
       _______________________________________________________________
байланыс құралдары) 
       Қойма үй-жайларының жарамдылығы _______________________________
                                жарылғыш материалдарды сақтауға, 
                                          кіреберіс жолдардың жай-күйі) 
       Адамдарға рұқсат беруді жүзеге асырудың дұрыстығы _____________
       _______________________________________________________________
       (жарылғыш материалдарды сақтаумен, пайдаланумен және тасымалдаумен байланысты 
                     жұмыстарға рұқсат берілген) 
       Объектіні күзету жай-күйі _____________________________________
                         (атыс қаруын пайдалана отырып, күзет қызметін 
                            көрсетуге арналған келісімшарттың бар-жоғы) 
       Қойма аумағында өткізу режимінің жүзеге асырылуы ______________
                                                (заттарды өткізуді 
       _______________________________________________________________
ресімдеудің дұрыстығы, өту, көлікпен өту, жарылғыш материалдарды шығару, әкелу 
                      және әкету тәртібі) 
       Жарылғыш заттардың сақтаудағы кемшіліктер _____________________
       Оларды жою жөніндегі ұсыныстар ________________________________
       Орындау мерзімі _______________________________________________
Өткен тексерулердің нәтижелері бойынша ұсыныстардың орындалуы
       ____________________________________________________________
       (соңғы тексеруді кім өткізді, кемшіліктерді жою жөніндегі ұсыныстар орындалды 
немесе орындалған жоқ) 
       Объектіні тексеру бойынша шешім _______________________________
       (әрі қарай сақтау мен пайдалануға рұқсат, тыйым салу не мөрлеу, шешімнің 
себебін көрсету) 
       Тексерушінің (лердің) қолы (дары) _____________
                                     (Т.А.Ә.) 
       Актінің көшірмесін алдым ________________
                            (Т.А.Ә.)
Жарылғыш материалдарды сатып алу, сақтау,
 есепке алу, тасымалдау, әкелу және әкету
 қағидаларына
 3-қосымша
№ _ рұқсат түбіртегі             Қазақстан Республикасы
       20__жылғы "__" _________         Ішкі істер министрлігі
       ________________________    _______________________________
     (заңды тұлғаның атауы, мекенжайы       (ішкі істер органының атауы, 
       __________________________           №___ рұқсат 
         және қызметтік телефоны)        _______________________________
       ___________________________     (заңды тұлғаның атауы, 
       (сақтауға рұқсат етілген            ____________________________________ 
 материалдардың атауы,               мекенжайы және қызметтік телефоны) 
       ___________________________  _______________________________
олардың                          (сақтауға рұқсат етілген материалдардың 
        ____________________________________  атауы, олардың саны 
       саны ________________________  _______________________________
       __________________________    _______________________________
       ____________________________  _______________________________
       (жауапты адамның тегі, аты-жөні        (жауапты адамның тегі, аты-жөні, 
       ____________________________________  _________________________________________ 
қызметтік телефоны)                қызметтік телефоны) 
       ______________сақтау құқығына  ________________сақтау құқығына
дербес жауапкершілігімен       дербес жауапкершілігімен
берілді                          берілді.
       20__жылғы "__" ________дейін  20__жылғы "__" ________дейін
жарамды.                      жарамды.
       Бастық ___________________   Бастық ___________________
            (қолы)                               (қолы)
#$Материалдар атауларының Материалдар атауларының
саны көп болған жағдайда қосымша      саны көп болған жағдайда қосымша 
беріледі, ал осы рұқсаттың ажырамас   беріледі, ал осы рұқсаттың ажырамас 
бөлігі болып табылады.                бөлігі болып табылады.