• Мое избранное
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерімен шоғырландырылған қаржы есептілігін жасау ережесін бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 30.10.2013 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 3

Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерімен шоғырландырылған қаржы есептілігін жасау ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 25 маусымдағы № 303 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 19 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6339 болып енгізілді

Осы Бұйрық күшін жойды 11.03.2014 жылдан бастап ҚР Қаржы министрінің 30.10.2013 жылғы № 500 Бұйрығына сәйкес
Редакция 01.01.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 118-бабын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 
1. Қоса беріліп отырған Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерімен шоғырландырылған қаржы есептілігін жасау ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудиторлық қызмет әдіснамасы департаменті (А.О. Төлеуов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2013 жылғы қаңтардың бірінші күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр                                         Б. Жәмішев
  • 1
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2010 жылғы 25 маусымдағы
№ 303 бұйрығымен бекітілген
Бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнің шоғырландырылған қаржылық есептiлiкті жасау ережесi
Атау өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 12.09.2012 жылғы № 417 Бұйрығымен (25.06.2010 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2013 жылдан бастап)
1. Жалпы ережелер
1. Пайдаланушыларға оларды ұсыну мақсатында республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шоғырландырылған қаржылық есептілігін жасаудың және ұсынудың көлемі, нысандары, мерзімділігі, мерзімдері мен тәртібі осы Ережемен белгіленеді.
2. Республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері осы Ережеде белгіленген көлемде және нысандар бойынша жылдық, тоқсандық есептілікті құрастырады.
3. Осы Ережеде мынадай негізгі түсініктер қолданылады:
3-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 12.09.2012 жылғы № 417 Бұйрығымен (25.06.2010 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2013 жылдан бастап)
бюджеттік бағдарлама әкімшісінің шоғырландырылған қаржы есептілігі – бюджеттік бағдарламалардың әкімшісінің және оның ведомствосындағы мемлекеттік мекемелердің бірыңғай экономикалық ұйымның қаржы есептілігі ретінде ұсынған жеке қаржы есептілігінің жиынтығы;
квазимемлекеттік сектордың субъектілеріне инвестициялар – бұл мемлекеттік кәсіпорындарға, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге, акционерлік қоғамдарға, оның ішінде қатысушысы немесе акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге, ұлттық компанияларға, сондай-ақ еншілес, тәуелді және олармен аффилиирленгендер болып табылатын өзге де заңды тұлғаларға салынатын бюджет қаражатының салымдары;
элиминирленген – бюджеттік бағдарламалар әкімшісі және оның ведомствосындағы мемлекеттік мекемелер арасындағы немесе бюджеттік бағдарламалардың бір әкімшісінің ведомствосындағы мемлекеттік мекемелер арасындағы бір жүйе ішіндегі өзара операциялардың қайта есепке алынуын алып тастау.
4. Шоғырландырылған қаржы есептiлiгiн жасау кезінде мынадай талаптар сақталады:
4-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 12.09.2012 жылғы № 417 Бұйрығымен (25.06.2010 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2013 жылдан бастап)
есеп кезеңіндегі барлық операциялардың толықтығы мен дәлдігін;
есептік кезеңге кірістер мен шығыстардың жатқызылуы дұрыстығын;
есепті кезеңнен кейінгі айдың бірінші күніне синтетикалық есеп шоттары бойынша айналымдар мен қалдықтардың талдамалы есебі деректерінің теңдігін;
көрсеткіштерді толтыруда ұқыптылықты және түзетулер мен өшірулердің болмауының сақталуы тиіс. Қателер түзетілген жағдайда қаржылық есептілікке қол қойған тұлғамен расталған, түзету мерзімі көрсетілген тиісті жазулар жасалады.
5. Шоғырландырылған қаржылық есептіліктің нысандары онда көрсетілген көрсеткіштермен толық сәйкестілікте толтырылады. Қаржылық есептіліктің нысандарында бекітілген көрсеткіштерінің және олардың кодтарының өзгеруіне немесе оларға қосымша көрсеткіштер енгізуге рұқсат етілмейді.
Ағымдағы есептік кезеңге жатқызылатын қаржылық есептіліктің деректері ағымдағы есептік кезеңдегідей қаржы есептілігінің келесі кезеңіне (оларды бекіткеннен кейін) деректерді бұрмалаушылықтар анықталған кезеңде жасалған шоғырландырылған қаржылық есептілікте жүргізіледі.
6. Бюджетті атқару бойынша орталық уәкілетті орган бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы, оларды енгізудің себептерін көрсету арқылы жазбаша хабарлама жібереді.
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бюджетті атқару бойынша орталық уәкілетті органмен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес жазбаша хабарлама алған сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде өзінің шоғырландырылған қаржылық есептілігіне өзгерістер енгізеді. Егер өзгерістер тиісті ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекеменің қаржылық есептілігіне қатысты болса, бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі тиісті ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемені жазбаша хабардар етеді және өзгерістер мен толықтырулар бойынша ұсыныстарды оның жеке қаржылық есептілігіне 10 жұмыс күні ішінде енгізу үшін қайта жібереді.
Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға шоғырландырылған қаржылық есептілікті тапсырғаннан кейін оған бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен өзгерістер енгізу осы Ережеге өзгерістер енгізу және қаржылық есептілікті жасау мен ұсынудың бекітілген Ережесі бойынша принциптер мен міндеттерді міндетті түрде сақтай отырып, олардың есепті қарау нәтижелері бойынша бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның жазбаша хабарламасынан кейін ғана енгізіледі.
Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органмен шоғырландырылған қаржылық есептілікке жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісі өзгерістер енгізген жағдайда, соңғы қаржылық есептіліктегі түзетулерді ұқсас тәртіпте енгізген жөн.
Шоғырландырылған қаржылық есептілікке өзгеріс енгізген республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне бұрын ұсынылған есептіліктің данасына тиісті өзгерістер енгізу қажет.
7. Нысандардың мекенжайлық бөлігі мынадай тәртіпте толтырылады:
«Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі» деректемесі - Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің атауы мен коды;
«Мемлекеттік мекеменің атауы» деректемесі – әкімшімен толтырылмайды;
«Мерзімділік» деректемесі – қаржылық есептілік кезеңі көрсетіледі;
«Өлшем бірлігі» деректемесі – мың теңге;
«КҰЖЖ» коды – Кәсіпорын мен ұйымның жалпы сыныптаушысына сәйкес мемлекеттік мекеменің коды көрсетіледі.
8. Жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілік есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жасалады. Тоқсандық шоғырландырылған қаржылық есептілік ағымдағы қаржы жылының 1 шілдесі мен 1 қазанындағы жағдай бойынша жасалады.
Жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілік 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғандағы күнтізбелік кезең үшін жасалады.
9. Республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi үшiн шоғырландырылған қаржылық есептiлiктi ұсыну мерзiмдерi бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган, жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi үшiн – бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органдар белгiлейдi.
9-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 12.09.2012 жылғы № 417 Бұйрығымен (25.06.2010 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2013 жылдан бастап)
Шоғырландырылған қаржылық есептiлiк қағаз тасығышта кiтапша түрiнде және электронды түрде, беттерi нөмiрленiп, нысандардың толық көлемінің мазмұны көрсетiлiп ұсынылады.
Жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi шоғырландырылған қаржылық есептiлiктi бюджеттi атқару жөніндегі тиiстi жергiлiктi уәкiлеттi органға ұсынады.
Республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi шоғырландырылған қаржылық есептiлiктi бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға ұсынады. Шоғырландырылған қаржылық есептiлiктi ұсыну мерзiмi оны бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның кеңсесiнде тiркеген күн болып есептеледi.
Есептiлiктi ұсыну үшiн белгiленген мерзiм демалыс (жұмыс iстемейтiн) күнiмен сәйкес келген жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептiлiк одан кейiнгi бiрiншi жұмыс күнi ұсынылады.
10. Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi ұсынатын жылдық, тоқсандық шоғырландырылған қаржылық есептiлiктің көлемiне мыналар:
10-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 12.09.2012 жылғы № 417 Бұйрығымен (25.06.2010 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2013 жылдан бастап)
1) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес 1-нысан бойынша бухгалтерлiк баланс;
2) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес 2-нысан бойынша қаржы қызмет нәтижелері туралы есеп;
3) осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес 3-нысан бойынша қаржыландыру көздерi (тікелей әдіс) бойынша мемлекеттiк мекеменiң шоттарындағы ақша қозғалысы туралы есеп;
4) осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес 4-нысан бойынша таза активтердің/капиталдың өзгерістері туралы есеп;
5) осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес 5-нысан бойынша шоғырландырылған қаржылық есептiлiкке түсiндірме жазба кіреді.
11. Жылдық, тоқсандық шоғырландырылған қаржылық есептілікке шоғырландырылған қаржылық есептілікке қол қою құқығының бұйрығы қоса беріледі. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің жылдық және тоқсандық шоғырландырылған қаржылық есептілігіне бірінші болып қол қоюға осы органның басшысы немесе оны алмастыратын тұлға құқылы, екінші – бас бухгалтер немесе бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің шоғырландырылған қаржылық есептілігінің қамтамасыз ететін бөлімшені басқаратын тұлға құқылы.
11-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 12.09.2012 жылғы № 417 Бұйрығымен (25.06.2010 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2013 жылдан бастап)
Ұсынылатын шоғырландырылған қаржылық есептіліктің барлық нысандарында басшы мен бас бухгалтердің қолының қасында міндетті түрде қол таратылып жазылуы тиіс (тегі және аты-жөні).
12. Министрлікті және өзге де атқарушы органды қайта ұйымдастыру (біріктіру, қосу, бөлу, бөліну) кезінде мүліктік құқықтар мен міндеттемелер біріктіру және қосу кезінде - тапсырып беру актісіне сәйкес, ал бөлген және бөлінген кезде – бөлу балансына сәйкес құқықтық мирасқорға беріледі. Бөлу балансы әр бөлінетін мемлекеттік мекеме үшін бір данадан жасалады. Тарату кезінде «Бухгалтерлік баланс» 1-нысаны бойынша тарату балансы жасалады.