• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторын белгiлеу жөніндегі бiлiктiлiк талаптары мен өлшемдерiн бекiту туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
Осы редакция 10.03.2010 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторын белгiлеу жөніндегі бiлiктiлiк талаптары мен өлшемдерiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 тамыздағы N 909 қаулысы       
Қазақстан Республикасының " Байланыс туралы " және " Қазақстан Республикасының кейбiр заң актілеріне байланыс мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасының қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс рыногын ырықтандырудың бiрiншi кезеңін iске асыру және байланыс операторларының магистральдық тораптардың желілiк ресурстарына және қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторының байланыс желілерiне қол жетiмділiгін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторын белгiлеу жөнiндегi білiктiлiк талаптары мен өлшемдерi бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2004 жылғы 27 тамыздағы
 N 909 қаулысымен
 бекітілген
Қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторын белгілеу жөніндегі біліктілік тараптары мен өлшемдері Қазақстан Республикасының " Байланыс туралы " және " Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне байланыс мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерiнде (бұдан әрi - ҚР ОПТЖ) қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс қызметтерiн ұсыну жөнiндегi қызметтi мынадай байланыс операторлары жүзеге асырады:
қалааралық және халықаралық байланыс операторлары; 
халықаралық байланыс операторлары; 
қалааралық байланыс операторлары. 
Қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторларының қызметi уәкілеттi органның телекоммуникация саласындағы қызметті жүзеге асыруға берген тиiстi лицензияларымен айқындалады. 
Қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторларын белгілеу бойынша негізгi бiлiктiлiк талаптары мен өлшемдерi: 
1. Қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс қызметтерiн көрсетуде өтiнiш берушi мен операторға мынадай негіздерде талаптар қойылады: 
1) қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторлары Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген уәкiлеттi органның келiсiмiнсiз дербес жеке және заңды тұлғалардың немесе топ құрамындағы тұлғалардың меншігіне он пайыздан астам дауыс беретiн акцияларды, сондай-ақ байланыс жолдарын басқару немесе пайдалану жөнiндегi қызметтi иеленетiн және (немесе) жүзеге асыратын ұйымдардың үлестерiн, жарналарын сатпайды немесе өзгеше тәсiлмен бермейдi; 
2) қалааралық жәнe (немесе) халықаралық байланыс операторлары қолданыстағы және пайдалануға берілетiн жаңа телекоммуникация желiлерiнде және байланыс құралдарында арнайы жедел-iздестiру iс-шараларын жүзеге асыратын ұлттық қауiпсiздiк органдарымен келiсiм бойынша уәкiлетті орган анықтайтын жедел-iздестiру iс-шараларын қамтамасыз ету бойынша нормативтiк құқықтық және нормативтiк-техникалық кесiмдер талаптарының орындалуын қамтамасыз етедi; 
3) қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторы мәртебесiн беретiн лицензияны алуға (қайта ресiмдеуге) өтiнiш берген кезде өтiнiш берушi (байланыс операторы) өтiнiш берушiнiң (байланыс операторының) акционерлерi (ортақ құрылтайшылары) арасындағы акциялар пакеттерiн (үлестерiн, жарналарын) бөлу жөнiндегi құжаттарды беруге тиiс. 
Акцияларды (үлестердi, жарналарды) бөлу өзгерген кезде байланыс операторы екi апта мерзiмде лицензиарға растау құжаттарын ұсына отырып тиiсті ақпаратты ұсынады; 
4) қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторының телекоммуникация желiсi Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жер үсті сегменттерi мен коммутациялық тораптарды, басқару орталығын қамтуы тиiс. 
2. Трафик транзитiн қамтамасыз ету және жергiлiктi телекоммуникация желiлерiн дамытуға қатысу бойынша қойылатын талаптар: 
1) қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторлары Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерi транзитiнiң трафигiн iске асыру үшiн желiлiк ресурстарға сұраныстарды ескерiп, ұлттық қауiпсiздiк органдарымен келiсiм бойынша, үкiметтiк байланыстың техникалық мүмкiндiктерi мен жабдықталғандығын ескерiп, телекоммуникация желілерiн жаңғыртады, дамытады және магистральды байланыс жолдарын салады; 
2) қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторлары Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн бағдарламаларға сәйкес өздерiнiң телекоммуникацияның әмбебап қызметтерiн қамтамасыз ететiн желiлерiн құруды (дамытуды) дербес қарастырады. 
3. Қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторының телекоммуникация желiсiне қойылатын талаптар осы қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторын белгiлеу бойынша бiлiктiлiк талаптары мен өлшемдерi қосымшамен айқындалады. 
Қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторларының желілерiмен басқа байланыс операторларының телекоммуникация желiлерiнiң өзара iс-қимылын ұйымдастыру уәкiлеттi орган бекiтетiн Телекоммуникация желiлерiн ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiсiне қосу және Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiсi бойынша трафиктi өткiзудi реттеу ережесiне сәйкес жүзеге асырылады. 
4. Қалааралық және халықаралық байланыс операторын белгiлеу өлшемдерi: 
1) қалааралық және халықаралық байланыс операторының телекоммуникация желiсi жұмылдыру дайындығы бойынша iс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етуi және мемлекеттiк органдар, қорғаныс, қауiпсiздiк пен құқықтық тәртiбiн қорғау мұқтаждарын қамтамасыз ету мақсатында мәлiмделген қажеттіліктерге сәйкес алдын ала брондау және шұғыл ұсынуы мүмкiндiгi бар үлгілік арналардың (негiзгi цифрлық және үндiк жиiлiктердi тарату) желілiк тораптары мен станцияларында мiндеттi түрде техникалық бөлу мүмкіндігіне ие болуы тиiс. 
2) қалааралық және халықаралық байланыс операторының телекоммуникация желiсi (бұдан әрi - ҚХБОТЖ) тармақталған болуы және кемiнде алты облыс (географиялық нөмiрлеу аймағы) пен Астана және Алматы қалаларының аумағын қамтуы тиiс не осы желiнiң негiзгі элементтерiн құру қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторы мәртебесiн берген сәтте бекiтiлген және iске асырылған оператордың телекоммуникация желiлерiн салу және (немесе) жаңғырту жоспарларына кiредi. ҚХБОТЖ коммерциялық пайдалануға енгізу күнi ҚХБОТЖ-ға қатысты және байланыс саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен нормативтiк кесiмдерге толық сәйкес келуi тиiс; 
3) көлiктiк желiлердi резервке қою тәуелсiз географиялық трассалар бойынша ұйымдастырылған тәуелсiз айналма жолдарды беру немесе сол тарату желiлерiнде ұйымдастырылатын трактiлерге (арналарға) ауыстыру жолымен жүзеге асырылуы тиiс. Көлiктiк ҚХБОТЖ желiлерi бойынша хабарламаларды тарату сенiмдiлiгіне пайдаланушылар талаптарына қарай трафиктi өткiзуге екi-үш тәуелсiз бағыт берiлуi тиiс; 
4) қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторы мәртебесiн берген (лицензия берілген) сәтте байланыс операторының кепiлiндегi және (немесе) ол пайдаланылатын қолданыстағы телекоммуникация желiсi көлiктiк телекоммуникация желiлерiнен (магистральды және iшкi аймақтық байланыс желiлерi) қалааралық және халықаралық коммутация станцияларынан, трафик (биллинг) есеп айырысу жүйесiнен, желiнi басқару жүйесiнен және тактiлi желілiк синхрондау жүйесiнен тұруы тиiс; 
5) ҚХБОТЖ құрамындағы көлiктiк телекоммуникация желiлерi жалға алынатын не өзiнiң байланыс жолдары негiзiнде жер бетiндегi және жерсерiктiк тарату жолдары бойынша ұйымдастырылуы тиiс; 
6) қалааралық және халықаралық байланыс операторы желiсiнiң жер үстiндегi байланыс жолдары бойынша көлiктiк желiнiң шет елдердiң байланыс операторларының телекоммуникация желiлерiмен кемiнде бiр тоғысу нүктесi болуы тиiс. Тоғысу нүктелерi географиялық таралған байланыс пункттерiнде орналасуы тиiс; 
7) iшкi аймақтық байланыс жолдарында сымдық құралдар да (коаксиальдық, симметриялық, талшықты-оптикалық кабельдер мен әуе жолдары) және радиоқұралдар (тура көрiнетiн радиорелелiк жолдар, жерсерiктiк жолдар) пайдаланыла алады; 
8) жаңадан салынып жатқан көлiктiк телекоммуникациялар желілерiнде синхронды цифрлық иерархия (бұдан әрi - SDН), асинхронды тасымалдау режимi (бұдан әрi - АТМ) мен басқа да цифрлық технологиялар негiзiнде цифрлық тарату жүйелерi пайдаланылуы тиiс, қолданыстағы магистральды және iшкi аймақтық желiлерде аналогтық тарату жүйелерiн қолдануға жол беріледi; 
9) қалааралық және халықаралық байланыс операторы желiсiнде ҚР ОПТЖ қалааралық және (немесе) халықаралық байланыстың басқа операторларының желілерiмен қосылысын қамтамасыз ететін байланыс жолдары (арналары) ұйымдастырылуы тиiс. 
5. Халықаралық байланыс операторын белгілеу өлшемдерi: 
1) халықаралық байланыс операторының телекоммуникация желiсi (бұдан әрi - ХаБОТЖ) тармақталған болуы тиiс және кемiнде үш облыстың (географиялық нөмiрлеу аймағы), Астана және Алматы қалаларының аумағын қамтуы тиiс не осы желiнiң негізгi элементтерiн құру халықаралық байланыс операторы мәртебесiн берген сәтте бекiтілген және iске асырылған оператордың телекоммуникация желiлерiн салу және (немесе) жаңғырту жоспарларына кiредi. ХаБОТЖ коммерциялық пайдалануға енгізу күнi ХаБОТЖ-ға қатысты және байланыс саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен нормативтiк кесiмдерге толық сәйкес келуi тиiс; 
2) көліктік желiлердi резервке қою тәуелсiз географиялық трассалар бойынша ұйымдастырылатын тәуелсiз айналма жолдарды беру немесе сол тарату желiлерiнде ұйымдастырылатын трактілерге (арналарға) ауыстыру жолымен жүзеге асырылуы тиiс. Көлiктiк ХаБОТЖ бойынша хабарламаларды тарату сенiмділігіне пайдаланушылар талаптарына қарай трафиктi өткiзуге екi-үш тәуелсiз бағыт берiлуi тиiс; 
3) қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторы мәртебесiн берген (лицензия берiлген) сәтте оператордың иелігіндегі және (немесе) ол пайдаланылатын қолданыстағы телекоммуникация желiсi көлiктiк телекоммуникация желілерiнен (магистральды және iшкi аймақтық байланыс желiлерi), қалааралық және халықаралық коммутация станцияларынан, трафик (биллинг) есеп айырысу жүйесiнен желiнi басқару жүйесiнен және тактілі желілiк синхрондау жүйесiнен тұруы тиiс; 
4) ХаБОТЖ құрамындағы көлiктiк телекоммуникация желiлерi жалға алынатын не өзiнiң байланыс жолдары негізiнде жер бетiндегі және жерсерiктiк тарату жолдары бойынша ұйымдастырылуы тиiс; 
5) халықаралық байланыс операторы желiсiнiң жер үстіндегі байланыс жолдары бойынша көлiктiк желiнiң шет елдердiң байланыс операторларының телекоммуникация желiлерiмен кемiнде бiр тоғысу нүктесi болуы тиiс. Тоғысу нүктелерi географиялық таралған байланыс пункттерiнде орналасуы тиiс; 
6) ішкі аймақтық байланыс жолдарында сымдық құралдар да (коаксиальдық, симметриялық, талшықты-оптикалық кабельдер мен әуе жолдары) және радиоқұралдар (тура көрiнетiн радиорелелiк жолдар, жерсерiктiк жолдар) пайдаланыла алады; 
7) жаңадан салынып жатқан көліктiк телекоммуникация желiлерiнде SDH, АТМ цифрлық тарату жүйелерi және басқа да цифрлық технологиялар пайдаланылуы тиiс, қолданыстағы магистральды және iшкi аймақтық желілерде аналогтық тарату жүйелерiн қолдануға жол беріледi; 
8) халықаралық байланыс операторы желiсiнде ҚР ОПТЖ қалааралық және (немесе) халықаралық байланыстың басқа операторларының желiлерiмен қосылысын қамтамасыз ететiн байланыс жолдары (арналары) ұйымдастырылуы тиiс. 
6. Қалааралық байланыс операторын белгілеу өлшемдерi: 
1) қалааралық байланыс операторының телекоммуникация желiсi (бұдан әрi - ҚаБОТЖ) тармақталған болуы тиiс және кемiнде үш облыстың (географиялық нөмiрлеу аймағы), Астана және Алматы қалаларының аумағын қамтуы тиiс не осы желiнiң негізгі элементтерiн құру қалааралық байланыс операторы мәртебесiн берген сәтте бекiтiлген және iске асырылған оператордың телекоммуникация желiлерiн салу және (немесе) жаңғырту жоспарларына кiредi. ҚаБОТЖ коммерциялық пайдалануға енгiзу күнi ҚаБОТЖ-ға қатысты және байланыс саласындағы уәкiлеттi органның бекiткен нормативтiк кесiмдерiне толық сәйкес келуi тиiс; 
2) көлiктiк желiлердi резервке қою тәуелсiз географиялық трассалар бойынша ұйымдастырылған тәуелсiз айналма жолдарды беру немесе сол тарату желiлерiнде ұйымдастырылатын трактілерге (арналарға) ауыстыру жолымен жүзеге асырылуы тиiс. Көлiктiк ҚаБОТЖ бойынша хабарламаларды тарату сенiмдiлiгiне пайдаланушылар талаптарына қарай трафиктi өткiзуге екi-үш тәуелсiз бағыт берiлуi тиiс; 
3) оператордың оған қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторы мәртебесiн берген (лицензия берiлген) сәтте иелігіндегi және (немесе) ол пайдаланылатын қолданыстағы телекоммуникация желiсi көлiктiк телекоммуникация желiлерiнен (магистральды және iшкi аймақтық байланыс желiсi), қалааралық және халықаралық коммутация станцияларынан, трафик (биллинг) есеп айырысу жүйесiнен, желiнi басқару жүйесiнен және тактілi желiлiк синхрондау жүйесiнен тұруы тиiс; 
4) ҚаБОТЖ құрамындағы көлiктiк телекоммуникация желiлерi жалға алынатын не өзiнiң байланыс жолдары негiзiнде жер бетiндегі және жерсерiктiк тарату жолдары бойынша ұйымдастырылуы тиiс; 
5) iшкi аймақтық байланыс жолдарында сымдық құралдар да (коаксиальдық, симметриялық, талшықты-оптикалық кабельдер мен әуе жолдары) және радиоқұралдар (тура көрiнетiн радиорелелiк жолдар, жерсерiктiк жолдар) пайдаланыла алады;