• Менің таңдаулыларым
  • Word –да сақтау
  • Word - та сақтау (альбом бағдарлауы)
  • Word - та сақтау (мазмұнымен)
  • PDF – та сақтау
  • Отправить по почте
Құжат демонстрациялық түрде көрсетілген Бағасы: 240 тг/жылы
Назар аударыңыз! Қолданыста жоқ құжат редакциясы Қолданыстағы редакцияны қарау

Отправить по почте

Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарында заң жобалау жұмыстарын ұйымдастыру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 тамыздағы N 840 қаулысы       
1. Қoca берiлiп отырған Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органдарында заң жобалау жұмыстарын ұйымдастыру ережесi бекітілсін.
2. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң заң жобалау қызметiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 11 қыркүйектегi N 1376  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 40, 455-құжат) мынадай өзгерiс пен толықтыру енгізiлсiн: 
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Заң жобалау қызметi мәселелерi жөнiндегі ведомствоаралық комиссия туралы ережеде: 
4-тармақтың он бiрiншi абзацында "қатынастар бойынша" деген сөздерден кейiн "заң жобаларының тұжырымдамаларын және" деген сөздермен толықтырылсын.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2003 жылғы 21 тамыздағы
 N 840 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органдарында заң жобалау жұмыстарын ұйымдастыру ережесi 
1. Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органдарында заң жобалау жұмыстарын ұйымдастыру ережесi (бұдан әрі - Ереже) "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы  Заңына  және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 10 желтоқсандағы N 1300  қаулысымен  бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Регламентiне (бұдан әрi - Үкiметтiң Регламентi) сәйкес заң жобаларын әзiрлеушi уәкiлеттi органдарда (бұдан әрi - Уәкiлеттi органдар) заң жобалау жұмыстарын ұйымдастыру тәртiбiн айқындайды.
2. Уәкiлеттi органдардың заң жобалау қызметiн жүзеге асыруы мынадай кезеңдерді қамтиды: 
заң жобаларының тұжырымдамаларын әзiрлеу және оларды Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Заң жобалау қызметi мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссияда (бұдан әрi - Комиссия) қарау; 
заңнамалық кесiмдер жобаларына ғылыми сараптама жүргiзу; 
Үкіметтiң Регламентiне сәйкес мемлекеттiк органдармен заң жобаларын келiсу; 
заңнамалық кесiмдер жобаларын жетілдiргенде тұжырымдамалық өзгерiстер енгiзілген жағдайда қосымша ғылыми сараптама жүргiзу; 
заң жобаларын Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзу; 
заң жобаларын Қазақстан Республикасы Парламентiнiң палаталарында қарау кезiнде оларды ұйымдастырушылық және ақпараттық қамтамасыз ету.
3. Уәкiлеттi органдар заң жобаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi заң жобалау жұмыстарының ағымдағы және перспективалық жоспарларын орындау үшiн, сондай-ақ Мемлекет басшысы мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жекелеген тапсырмаларына сәйкес әзiрлейдi. 
Қажеттi жағдайларда заң жобаларын әзiрлеудi Уәкiлеттi органдар өз бастамасы бойынша белгiленген құзыретiне сәйкес жүзеге асырады.
4. Заңнамалық кесiмнiң жобасы Комиссия мақұлдаған оның тұжырымдамасына қатаң сәйкестiкпен әзiрленуi тиiс.