• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы істер бойынша сот практикасы туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
Осы редакция 29.12.2012 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы істер бойынша сот практикасы туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы 2002 жылғы 28 маусым N 13.
Заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы азаматтық істерді қарау кезінде заңнаманың дұрыс әрі біркелкі сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы
                        ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы істер басқа тұлғалардың мүдделерін қорғау үшін заң бойынша сотқа жүгінуге құқығы бар азаматтардың, ұйымдардың, сондай-ақ өзге де адамдардың арыздары бойынша қозғалатынына (АІЖК-нің  56, 63-баптарының талаптарына сай) және факт туралы даудың болу ықтималдығымен, бірақ құқық туралы даудың сөзсіз болмайтындығымен сипатталатынына соттардың назары аударылсын. Егер арызданушы заңдық маңызы бар бірнеше фактілерді анықтау туралы арыз берсе, онда соттар осы талаптарды бір өндірісте қарауға құқылы. 
2. Соттар заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы арыздарды егер: 
- мұндай фактілер заңға сәйкес (АІЖК-нің  291-бабының 1-тармағы) заңдық маңызы бар жағдайларды тудырса (азаматтар мен ұйымдардың жеке немесе мүліктік құқықтарының пайда болуы, өзгеруі немесе тоқтатылуы); 
- фактіні куәландыратын тиісті құжаттарды алуға немесе оларды қалпына келтіретін арызданушының басқа мүмкіндігі болмаса (АІЖК-нің  292-бабы); 
- қолданыстағы заңнамамен оларды анықтаудың өзге (соттан тыс) мүмкіндігі көзделмесе (АІЖК-нің  292-бабы); 
- фактіні анықтау соттың ведомстволығына жататын құқық туралы дауды кейін шешуге байланысты болмаса, қабылдап, ондай істерді ерекше өндіріс тәртібімен қарай алады (АІЖК-нің  290-бабының 2-тармағы). 
3. Арызды қабылдау кезінде сот арызданушыдан ол фактіні анықтаудың оның қандай заңдылық мүддесін қорғайтындығын айқындап, арызданушыдан фактіні куәландыратын тиісті құжатты алудың немесе оны қалпына келтірудің мүмкін еместігін растайтын жазбаша дәлелдемелерді талап етуі қажет. 
Құжатты алу мүмкіндігінің жоқтығы деп белгілі бір фактіні тіркеу ережелерінің талабын (мысалы, асырауда болуды) не фактіні тіркеу тәртібінің сақталмауын немесе сол сәтте ондай шараға бара алмаушылықты, жүгінуге жағдайы болмауын түсіну қажет (мысалы, өлім фактісі, баланың ата-анасы бала туғаннан кейін некені тіркетпеген, баланың туғаны туралы жазбаға уақытында түзету енгізбеген және әкенің қайтыс болуына байланысты мұны жасау мүмкін болмаған жағдайларда әкелікті тану фактісі). Құжатты алуға мүмкіншілік жоқ деп, сондай-ақ фактіні растайтын құжаттар болғанмен, алайда сол құжатта дәлелдемелік маңызынан айыратын, түзетілуі мүмкін емес (мысалы, қайғылы жағдай туралы акт) қателіктер мен фактіні тура дәлелдейтін негіздемелер болмаса, ол құжаттар дәлел болу маңыздылығын жоғалтып, оны түзетуге жағдайлар болмауын түсіну қажет. 
Құжаттың жоғалып немесе жойылып кетуіне байланысты тиісті органның оның көшірмесін беру мүмкіндігінің болмауын жоғалған құжатты қалпына келтіруге мүмкіндік жоқ деп түсіну қажет. 
Егер қолданыстағы заңнамамен оларды анықтаудың өзге (соттан тыс) тәртібі көзделсе, онда сот АІЖК-нің  153-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес арызды қабылдаудан бас тартуға тиіс. 
Арыз қателікпен қабылданып, ол бойынша іс қозғалған жағдайда, онда ол АІЖК-нің  247-бабының 1) тармақшасының негізінде қысқартылуға жатады.