1. "Қазатомөнеркәсiп" Ұлттық атом компаниясы" жабық акционерлiк қоғамына (бұдан әрi - "Қазатомөнеркәсiп" ҰАК" ЖАҚ) "Yлбi металлургия зауыты" ашық акционерлiк қоғамы, "Қазатомөнеркәсiп" ҰАК" ЖАҚ және "Ньюкем Ньюклеа ГмбХ" арасындағы 2000 жылғы 28 наурыздағы U 308 нысандағы уран материалын сату және сатып алуға нөмiрсiз келiсiм-шартының ережелерiне сәйкес 46700 (+/- 2%) килограмм мөлшерде U (СЭҚ ТН коды 284410390) табиғи уранның шала тотығы - тотығының Қазақстан Республикасынан экспортына рұқсат етiлсiн.





