Bestprofi Logo

Қаулы № 325 от 2006-04-25г./Қазақстан Республикасының Үкіметі

Шетелде тұратын отандастардың істері жөнінде комиссия құру туралы

Отправить на почту


Языки документа

Внимание! Документ утратил силу с 20.05.2010 г.

Документ на казахском языке

Шетелде тұратын отандастардың iстерi жөнiнде комиссия құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 сәуірдегі N 325 Қаулысы

Күші жойылды ҚР Үкіметінің 20.05.2010 № 453 Қаулысымен. (13.11.2009 жылғы редакцияны қараңыз)

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 6 қаңтардағы N 24 қаулысымен бекiтiлген Шетелде тұратын отандастарды қолдаудың 2005 - 2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарының 3-бөлiмiнiң 3-тармағын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Шетелде тұратын отандастардың iстерi жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрылсын.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 25 сәуiрдегi N 325 қаулысымен бекiтiлген

Шетелде тұратын отандастардың iстерi жөнiндегi комиссия туралы ереже

1. Шетелде тұратын отандастардың iстерi жөнiндегi комиссия Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.

2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi және осы Ереженi басшылыққа алады.

2. Комиссияның мiндеттерi, функциялары мен құқықтары

3. Комиссияның негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:

1) шетелде тұратын қазақ диаспорасының өмiрiне және қызметiне байланысты проблемаларды зерделеу;

2) шетелде тұратын отандастармен жан-жақты байланысты дамыту және нығайту үшiн қажеттi жағдай жасауға жәрдем көрсету;

3) шетелде тұратын отандастарды қолдау процесiнде туындайтын мәселелердi шешуде мемлекеттiк органдарға консультативтiк көмек көрсету;

4) қазақ диаспорасының ұлттық-мәдени қажеттiлiктi қанағаттандыру саласындағы құқықтарын бұзу фактiлерiне мониторинг жүргiзу.

4. Жүктелген мiндеттердi iске асыру мақсатында Комиссия мынадай функцияларды орындайды:

1) шетелдегi қазақ диаспораларымен өзара iс-қимыл мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi;

2) шетелде тұратын отандастармен әлеуметтiк-мәдени байланыстарды дамыту үшiн қолайлы жағдай жасау жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi;

3) шетелде тұратын отандастармен экономикалық байланыстарды нығайту және кеңейту жөнiнде ұсынымдар әзiрлейдi;

4) мемлекеттiк органдарға талдамалық, әдiстемелiк және өзге де материалдарды қарау үшiн жiбередi;

5) шетелде тұратын отандастардың ғылыми, мәдени және шығармашылық ұйымдарымен тұрақты қатынастарды қолдау жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi.

5. Комиссия заңнамада белгiленген тәртiппен өз мiндеттерi мен функцияларын жүзеге асыру үшiн:

1) мемлекеттiк органдардан және өзге де ұйымдардан Комиссия қызметiне байланысты материалдар мен құжаттарды сұратуға және алуға;

2) Комиссияның құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша комиссия отырыстарына мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдардың өкiлдерiн шақыруға және тыңдауға;

3) Қазақстан Республикасының Үкiметiне өзiнiң құзыретiне кiретiн мәселелер жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;

4) Комиссия мен мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың өзара iс-қимылын қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдауға байланысты өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыруға құқығы бар.

7. Комиссияның жетекшiсi оның қызметiне басшылық жасайды, комиссия отырыстарында төрағалық етедi, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешiмдерiнiң iске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және комиссия жүзеге асыратын қызмет үшiн жауап бередi. Төраға болмаған кезде оның функцияларын орынбасары атқарады.

8. Комиссияның хатшысы комиссия отырысының күн тәртiбi жөнiнде ұсыныстар, қажеттi құжаттар, материалдар дайындайды және өткiзiлгеннен кейiн хаттамалар ресiмдейдi.

9. Комиссияның отырыстары қажеттiлігіне қарай, бiрақ кемiнде жылына екi рет өткiзiледi және егер оларға Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының үштен екiсi қатысса заңды болып саналады.

10. Комиссияның шешiмдерi хаттама түрiнде ресiмделедi және ұсынымдық сипатта болады.

11. Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң Тiл комитетi болып табылады.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 25 сәуiрдегi N 325 қаулысымен бекiтiлген

құрам өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.10.2007 № 897, 11.06.2008 № 577, 31.12.2008. № 1338, 13.11.2009 № 1834 Қаулыларымен. (25.04.2006 жылғы редакцияны қараңыз)

Шетелде тұратын отандастардың iстерi жөнiндегi комиссияның құрамы

Құл-Мұхаммед - Қазақстан Республикасының Мәдениет

Мұхтар Абрарұлы және ақпарат министрі, төраға

Төлебаев - Қазақстан Республикасының Мәдениет

Ғазиз Тұрысбекұлы және ақпарат вице-министрі, төрағаның орынбасары

Алпысбаев - Қазақстан Республикасы Мәдениет және Төлеубек Жұмагелдіұлы ақпарат министрлігінің Тіл комитеті нормативтік-лингвистикалық проблемалар басқармасының бастығы, хатшы

Ақылбай Серiк - Қазақстан Республикасы Парламентi

Байсейiтұлы Сенатының депутаты (келiсiм бойынша)

Әбдіғалиев - "Мемлекеттік тілді дамыту қорының"

Әбішев - Қазақстан Республикасы Еңбек және Хабылсаят Әзімбайұлы халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Қоңырбаев - Қазақстан Республикасының

Уәлихан Сиянбекұлы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)

Қалижанұлы - Қазақстан Республикасы Парламентi

Уәлихан Мәжiлiсiнiң депутаты (келiсiм бойынша)

Мамашев - Дүниежүзi қазақтары қауымдастығының

Талғат Асылұлы Төралқа төрағасының бiрiншi орынбасары (келiсiм бойынша)

Мұхамеджанов - Қазақстан Республикасының

Төлеген Мұхамеджанұлы Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша)

Тiлеухан - Қазақстан Республикасы Парламентi

Бекболат Қанайұлы Мәжiлiсiнiң депутаты (келiсiм бойынша)

Жалмағамбетова - Қазақстан Республикасының

Светлана Жақиянқызы Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша)

Ғарифолла Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша)

Шаймерден - Қазақстан Республикасының Мәдениет

Ербол Шаймерденұлы және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің төрағасы

Қуанғанов - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым

Фархад Шаймұратұлы министрлігінің жауапты хатшысы

Жошыбаев - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер

Рәпіл Сейітханұлы министрлігінің жауапты хатшысы

Құрманғалиева - Қазақстан Республикасының Экономика

Аида Дәденқызы және бюджеттік жоспарлау министрлігі

Әлеуметтік саланы дамыту департаментінің директоры

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание