• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 23.03.2026 г

Отправить по почте

Әкімшілік қадағалаудағы адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 11 ақпандағы № 97 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2005 жылғы 23 наурызда тіркелді. Тіркеу N 3505

Осы Бұйрықтың атауы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 21.06.2016 жылғы № 660 Бұйрығына сәйкес (02.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.08.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Осы Бұйрық 2026 жылғы 23 наурыздан бастап күшін жойды ҚР Ішкі істер министрінің 05.03.2026 жылғы № 163 Бұйрығына сәйкес
Редакция 17.10.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
"Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкімшілік қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының әкімшілік қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі қызметін одан әрі жетілдіру, оның рецидивтік қылмысқа қарсы күрестегі тиімділігін арттыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 
1. Қоса беріліп отырған Әкімшілік қадағалаудағы адамдарды есепке алу қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 01.10.2025 жылғы № 742 Бұйрығына сәйкес (08.08.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.10.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, Көліктегі полиция департаменттерінің бастықтары:
2-тармақ өзгертілді ҚР Ішкі істер министрінің 28.11.2014 жылғы № 852 Бұйрығымен (11.02.2005 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап)
2-тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 16.07.2018 жылғы № 517 Бұйрығына сәйкес (25.04.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.08.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) сынақтар қабылдай отырып, әкімшілік полиция, криминалдық полиция, ақпараттық-аналитикалық орталықтар бөлімшелері жеке құрамының осы Ережені әскери және қызметтік даярлық жүйесінде зерделеуін;
ішкі істер органдарының әкімшілік полиция, криминалдық полиция және ақпараттық-аналитикалық орталықтар бөлімшелерінің арасында әр тоқсан сайын әкімшілік қадағалау орнатылған адамдардың есебін салыстыра тексеруді, сондай-ақ жедел кеңестерде қарай отырып, рецидивтік қылмысқа қарсы күрес жөніндегі жұмыстың жай-күйі мен нәтижелерін талдауды ұйымдастырсын;
2) әкімшілік қадағалауда тұратын және соттылық белгілері бойынша «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкімшілік қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) қолданысына түсетін адамдардың тарапынан қадағалау ережелері мен белгіленген шектеулерді бұзуды анықтау мақсатында қоғамдық тәртіпті қорғауға түсетін патрульдік жасақшаларының олардың тізімімен;
соттылық белгілері бойынша Заңның қолданысына түсетін адамдарға қажетті есепке алу материалдарын ашу, оларды ашудың негізділігіне, толықтығына және профилактикалық жұмыстың нәтижелеріне комиссиялық тексеруді жүзеге асыруды;
ойластырылып, дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыстар туралы ақпаратты уақтылы алу, әкімшілік қадағалауда тұрған және соттылық белгілері бойынша Заңның қолданысына түсетін адамдардың қылмыстық әрекетінің алдын алу және жолын кесу, әкімшілік қадағалаудан жалтарып жүрген адамдарды іздестіру мақсатында оларға бақылау жүргізуде жедел-іздестіру мүмкіндіктерін белсенді пайдалануды;
әкімшілік қадағалау орнатылуы мүмкін адамдарға қатысты ақпарат алу мақсатында олардың мінез-құлқы мен өмір салты туралы жедел хабардар болуды арттыру жөніндегі қосымша шараларды әзірлеу және жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі органдарымен өзара іс-қимыл жасасуды;
әкімшілік қадағалауда тұрған адамдар қасақана жасаған қылмыстың әрбір фактісі бойынша анықталған кемшіліктерді жою және қадағаланушылармен жүргізілетін жеке профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттыру жөнінде шаралар қабылдай отырып, қызметтік тексеру жүргізуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ақпараттық-аналитикалық орталығы (Р.Н. Закаргаева) әкімшілік қадағалауда тұрған және соттылық белгілері бойынша Заңның қолданысына түсетін адамдарды орталықтандырылған есепке алуды қамтамасыз етсін.
3-тармақ өзгертілді ҚР Ішкі істер министрінің 28.11.2014 жылғы № 852 Бұйрығымен (11.02.2005 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап)
4. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тыл департаменті (Ыбраев Б.Ә.) қосымшаларға сәйкес құжаттама бланкілерін дайындауды қамтамасыз етсін. 
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетіне (И.В. Лепеха) жүктелсін.
5-тармақ өзгертілді ҚР Ішкі істер министрінің 28.11.2014 жылғы № 852 Бұйрығымен (11.02.2005 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап)
6. "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға әкімшілік қадағалау орнату және оны жүзеге асыру тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2000 жылғы 4 тамыздағы N 436  бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1270 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2001 жыл, N 3) күші жойылды деп есептелсін. 
7. Осы бұйрық рәсми түрде жариялаған күнінен бастап қолданысқа енеді.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі
КЕЛІСІЛГЕН 
Қазақстан Республикасының 
Бас прокуроры 
2005 жылғы 28 ақпан
Қазақстан Республикасы
 Ішкі істер министрінің
 2005 жылғы 11 ақпандағы
 N 97 бұйрығымен
 бекітілген
Әкімшілік қадағалаудағы адамдарды есепке алу қағидалары
Тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 01.10.2025 жылғы № 742 Бұйрығына сәйкес (08.08.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.10.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 16.07.2018 жылғы № 517 Бұйрығына сәйкес (25.04.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.08.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1. Осы Әкімшілік қадағалаудағы адамдарды есепке алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) әкімшілік қадағалаудағы адамдарды есепке алу тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 01.10.2025 жылғы № 742 Бұйрығына сәйкес (08.08.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.10.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Әкімшілік қадағалау рецидивті қылмыстың алдын алудың нысаны болып табылады, заңдылықты, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін сақтау негізінде іске асырылады және ішкі істер органдарымен бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар тарапынан құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында олардың мінез-құлқын қадағалау түріндегі мәжбүрлеу шарасы ретінде заңнамада белгіленген шектеулер сот қаулысы негізінде жүзеге асырылды.
2-тармақ өзгертілді ҚР Ішкі істер министрінің 21.06.2016 жылғы № 660 Бұйрығымен (02.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.08.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 08.08.2022 жылғы № 655 Бұйрығына сәйкес (16.07.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.08.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Әкімшілік қадағалау алты айдан үш жылға дейінгі мерзімге, ал кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшiн жазасын өтеген адамдарға қатысты – Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 79-бабына сәйкес сотталғандық мерзімі өтелгенге дейін белгіленеді.
Қадағалауға алынған адам осы қағидаларды немесе өзiне жарияланған шектеулердi бұзған, сол сияқты құқық бұзушылықтар жасаған жағдайларда, белгіленген әкімшілік қадағалау мерзiмi iшкi iстер органдарының дәлелді ұсынуы бойынша судьяның қаулысымен – әрбір кезде алты айға ұзартылады, бiрақ ол екi жылдан аспауы тиiс, ал кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдарға қатысты әрбір кезде бір жылға ұзартылады. Осыған байланысты әкімшілік қадағалауды ұзарту мерзімі судьяның әкімшілік қадағалауды ұзарту туралы қаулысы шыққан кезден бастап есептеледі.
«Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкімшілік қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес (бұдан әрі – Заң) ішкі істер органдары қадағалаушыларға және соттылық белгілері бойынша Заңның қолданысына түсетін адамдарға қатысты қажетті профилактикалық және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізеді.
3. Қадағаланушыларды және соттылық белгілері бойынша Заңның қолданысына түсетін адамдарды бас бостандығынан айыру орындарынан босату, олардың тұрғылықты жерлеріне келуін және тіркелуін бақылау Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
4. Әкімшілік қадағалауға алынған адамдарға әкімшілік қадағалау істері (1-қосымша) жүргізіле отырып, міндетті түрде ішкі істер органдарының профилактикалық есебіне алынуы тиіс.
Әкімшілік қадағалау істері ішкі істер органының қызметтік үй-жайында сақталады, ал оларды жүргізу учаскелік полиция инспекторларының басшылығымен бөлімше инспекторларының біріне жүктеледі. Ішкі істер органы бастығының (оның міндетін атқаратын адамның) бұйрығы бойынша әкімшілік қадағалау істері тиісті сақталу жағдайларында учаскелік полиция инспекторының (бұдан әрі - учаскелік инспектор) қызметтік үй-жайында сақталуы мүмкін.
4-тармақтың екінші абзацы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 02.12.2015 жылғы № 981 Бұйрығына сәйкес (28.11.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.01.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
4-тармақтың екінші абзацы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 16.07.2018 жылғы № 517 Бұйрығына сәйкес (25.04.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.08.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Ішкі істер органы бастығының немесе оның орынбасарының өкімі бойынша әкімшілік қадағалау істері тиісті сақталу жағдайларындағы учаскелік полиция инспекторының қызметтік үй-жайында (бұдан әрі - учаскелік инспектор) сақталуы мүмкін.
5. Есепте тұрғандармен профилактикалық жұмыс жүргізу барысын бақылауды қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесіне жетекшілік ететін ішкі істер органы бастығының орынбасары не қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің басшысы жүзеге асырады, олар тоқсан сайын әкімшілік қадағалау істерінің жүргізілуін тексереді.
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 02.12.2015 жылғы № 981 Бұйрығына сәйкес (28.11.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.01.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 16.07.2018 жылғы № 517 Бұйрығына сәйкес (25.04.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.08.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 01.10.2025 жылғы № 742 Бұйрығына сәйкес (08.08.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.10.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тарау. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылу кезінде әкімшілік қадағалау белгіленген адамдарды есепке алуды және олармен профилактикалық жұмысты ұйымдастыру
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 16.07.2018 жылғы № 517 Бұйрығына сәйкес (25.04.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.08.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
6. Ішкі істер органының бастығы немесе оның орынбасары түзеу мекемесінен жазасын өтеген адамға қатысты әкімшілік қадағалау туралы қаулыны алғаннан кейін, ол қаулыны қадағаланушы тұратын учаскенің учаскелік инспекторына, сондай-ақ криминалдық полицияның жедел уәкіліне береді және оларға қадағаланушының таңдаған тұрғылықты жеріне келуіне бақылау жасауды ұйымдастыруды тапсырады. 
Қадағаланушыны профилактикалық есепке қойғаннан кейін бұл туралы ішкі істер органы әкімшілік қадағалау орнату туралы қаулы келіп түскен түзеу мекемесіне хабарлайды.
7. Учаскелік инспектор Заңның 2-бабының в) тармағы бойынша әкімшілік қадағалау орнату туралы қаулыны алған сәттен бастап тәулік ішінде Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерге шығуға тыйым салуға Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Бүркіт» бірыңғай ақпараттық жүйесіне енгізу үшін тапсырма жоспарын осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес толтырады және «Бүркіт» бірыңғай ақпараттық жүйесіне енгізу үшін облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің бастығына жолдайды.
7-тармақ өзгертілді ҚР Ішкі істер министрінің 28.11.2014 жылғы № 852 Бұйрығымен (11.02.2005 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап)
7-тармақ өзгертілді ҚР Ішкі істер министрінің 02.12.2015 жылғы № 981 Бұйрығымен (28.11.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.01.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
7-тармақ өзгертілді ҚР Ішкі істер министрінің 16.07.2018 жылғы № 517 Бұйрығымен (25.04.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.08.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 08.08.2022 жылғы № 655 Бұйрығына сәйкес (16.07.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.08.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7-тармақ өзгертілді ҚР Ішкі істер министрінің 01.10.2025 жылғы № 742 Бұйрығымен (08.08.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.10.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Таңдаған тұрғылықты жеріне келгеннен және қадағалаудағыны есепке қойғаннан кейін учаскелік инспектор оған тұрғылықты жері бойынша тіркеу ережесін сақтау туралы ескертеді және олардың сот белгілеген шектеуді сақтауын бақылайды, бас бостандығынан айыру орындарынан жіберілген ақпараттық-іздеу картасында (бұдан әрі – Т-АІК) көрсетілген деректердің шынайылығын тексереді, Заңның 7-бабында көзделген шектеулерді орнату туралы өз ұсыныстарын ішкі істер органының бастығына (оның міндетін атқаратын адамға) баяндайды, қадағалаудағы адамға байланыс сызбасын осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес толтырады.
Қадағаланушының сырт пішінінің өзгеруі (татуировкалар), тұрғылықты жерінің, жұмысқа орналасуының өзгеруі туралы ақпарат түзету парағына енгізіледі және ақпараттық-аналитикалық орталықтың бөлімшелеріне (бұдан әрі - ААО) бір тәулік ішінде жіберіледі. Сол сияқты қадағаланушыға байланысты барлық өзгерістер ААО түзету парағымен хабардар етіледі.
8. Заңның 7-бабына сәйкес ішкі істер органының бастығы (оның міндетін атқаратын адам) қадағаланушыға шектеу орнату туралы осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсыну шығарады және оны үш күн ішінде сотқа жібереді.
8-тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 02.12.2015 жылғы № 981 Бұйрығына сәйкес (28.11.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.01.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 16.07.2018 жылғы № 517 Бұйрығына сәйкес (25.04.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.08.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 01.10.2025 жылғы № 742 Бұйрығына сәйкес (08.08.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.10.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің бастығы соттың шектеу орнату туралы қаулысын алып, учаскелік инспектордың қатысуымен қадағаланушыға әкімшілік қадағалаудың, оның міндеттерін және орнатылған қадағалаудың қағидалары мен шектеулерін бұзғаны үшін жауапкершілігін түсіндіреді.
Қадағаланушыға қатысты белгіленген шектеулердің тізбесін ішкі істер органының ұсынуы бойынша оның жеке басын, өмір сүру салтын және мінез-құлқын ескере отырып, судья Заңның 7-бабында көрсетілген шектеулер шегінде қысқартуы немесе толықтыруы мүмкін.
Шектеулер тізбесін қысқарту немесе оны толықтыру туралы ұсынысты әкімшілік қадағалауды жүзеге асыратын учаскелік инспектор дайындайды және ішкі істер органының бастығы (оның міндетін атқаратын адам) қол қойғаннан кейін сотқа жібереді. Судьяның шектеулерді өзгерту туралы қаулысын алған күннен бастап үш күн мерзімде қадағаланушыға қол қойғызып жарияланады.
9. Қадағаланушыға шектеу орнату туралы қаулы әкімшілік қадағалау ісіне тігіледі.
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 08.08.2022 жылғы № 655 Бұйрығына сәйкес (16.07.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.08.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10. Егер түзеу мекемесінен жазасын өтеген қадағаланушыға қатысты әкімшілік қадағалау орнату туралы қаулы келмеген не болмаса қадағаланушыны босату туралы анықтамада көрсетілген тұрғылықты жерге емес, басқа жерге келген жағдайда әкімшілік қадағалаудан жалтару ойы болмаса мұндай адам нақты тұратын учаскедегі учаскелік инспектор үш күн мерзімнің ішінде түзеу мекемесіне немесе қадағаланушы келуге тиіс ішкі істер органына оған әкімшілік қадағалау орнату туралы қаулыны жіберу туралы сұрау салады.
11. Әкімшілік қадағалау қадағаланушының тұрғылықты жері бойынша жүзеге асырылады. Егер қадағаланушы дәлелді себептер бойынша аталған мекенжайда тұра алмаса, ішкі істер органының бастығы (оның міндетін  атқаратын адам) учаскелік инспектордың баянатына және қадағаланушының арызына сәйкес оған қалалық, аудандық органдар қызмет көрсететін аумақтың шегіндегі басқа жерде уақытша тұруға рұқсат беруі мүмкін.
11-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 02.12.2015 жылғы № 981 Бұйрығына сәйкес (28.11.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.01.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
11-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 16.07.2018 жылғы № 517 Бұйрығына сәйкес (25.04.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.08.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
3-тарау. Соттылық белгілері бойынша Заңның қолданысынатүсетін адамдарды есепке алу
3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 16.07.2018 жылғы № 517 Бұйрығына сәйкес (25.04.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.08.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
12. Соттылық белгілері бойынша Заңның қолданысына түсетін адамдар таңдаған тұрғылықты жеріне келген соң мұндай адам келген учаскенің учаскелік инспекторы босатылған адаммен әңгімелеседі, бас бостандығынан айыру орындарынан келіп түскен ақпараттық іздеу карточкасында көрсетілген деректердің дұрыстығын салыстырады және оны есепке қойылған күннен бастап үш күннің ішінде ААО-ға жібереді (егер бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған кезде оған ақпараттық-іздеу карточкасы толтырылмаса, онда оны учаскелік инспектор толтырады), оған тұрғылықты жері бойынша тіркеу ережелерінің сақталуы үшін жауапкершілігі туралы, қоғамдық тәртіпті бұзған немесе өзге де құқық бұзушылықтар жасаған жағдайда, әкімшілік қадағалау орнату мүмкіндігі туралы оны қолхатпен ескертеді. Одан кейінгі барлық өзгерістер туралы ААО түзету парағымен хабардар етіледі.
12-тармақ өзгертілді ҚР Ішкі істер министрінің 28.11.2014 жылғы № 852 Бұйрығымен (11.02.2005 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап)