Toggle Dropdown
1
Сенімхат негізінде көлік құралдарын пайдаланатын адамдарды тіркеу және есепке алу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 23 тамыздағы № 504 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2005 жылғы 19 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 3840
Toggle Dropdown
2
Сенімхат негізінде көлік құралдарын пайдаланатын адамдарды тіркеу кезінде ішкі істер органдарының жол полициясы бөлімшелері қызметінің тиімділігін одан әрі жетілдіру және арттыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. Сенімхат негізінде көлік құралдарын пайдаланатын адамдарды тіркеу және есепке алу ережесі бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Облыстардың, Астана, Алматы қалалары ІІД-нің бастықтары жол полициясы қызметкерлерінің Ереже талаптарын зерделеуін және орындауын қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
3. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-министрі полиция генерал-майоры А.Ж.Шпекбаевқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы департаментіне (Ө.Т.Түсімов) жүктелсін.
Toggle Dropdown
4. Осы бұйрық ресми жарияланған сәтінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2005 жылғы 23 тамыздағы
N 504 бұйрығымен бекітілген
Toggle Dropdown
Сенімхат негізінде көлік құралдарын пайдаланатын адамдарды тіркеу және есепке алу ережесі
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының аумағында ішкі істер органдарының жол полициясы бөлімшелерінде (бұдан әрі - жол полициясы бөлімшелері) сенімхаттар негізінде көлік құралдарын пайдаланатын адамдарды (бұдан әрі - сенімді адамдар) тіркеудің және есепке алудың бірыңғай тәртібін белгілейді.
Toggle Dropdown
2. Сенімді адамдарға белгіленген тәртіппен тіркелмеген көлік құралдарын пайдалануға жол берілмейді.
Toggle Dropdown
2. Жұмысты ұйымдастыру
Toggle Dropdown
3. Сенімді адамдарды тіркеу және есепке алу "Сенімхат" автоматтандырылған ақпараттық-іздеу жүйесін (бұдан әрі - ААІЖ) құру арқылы жүзеге асырылады. Осы ретте Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі - ІІМ) Ақпараттандыру және байланыс департаментінің (бұдан әрі - АжБД) автоматтандырылған деректер банкі бойынша, сондай-ақ тіркеу фактісі бойынша көлік құралдарын автоматты түрде тексеру орындалады.
Toggle Dropdown
4. ААІЖ-нің автоматтандырылған жұмыс орны (бұдан әрі - АЖО) байланыс, күзет және өрт қауіпсіздігі құралдарымен жабдықталуы тиіс жол полициясының әрбір тіркеу бөлімшесінің арнайы үй-жайында орналасады.
Toggle Dropdown
5. АЖО-да ААІЖ-ні бағдарламалық қамтамасыз ету орнатылуы тиіс.
Toggle Dropdown
6. Сенімді адамдарды есепке алу көлік құралының тұрақты тіркелген жері бойынша немесе сенімді адамды тұрақты не уақытша тіркеу бойынша сенімхатты алған күннен бастап он күн ішінде жол полициясының тіркеу бөлімшелерінде жүргізіледі.
Toggle Dropdown
3. Технологиялық процесс
Toggle Dropdown
7. Сенімді адамдар жол полициясының тіркеу бөлімшелеріне тіркеу үшін өтініш жасаған кезде жол полициясы тіркеу бөлімшесінің жауапты қызметкері ААІЖ-ге мынадай:
Toggle Dropdown
1) көлік құралы туралы мәліметтерді (маркасы/моделі, шығарылған жылы, қозғалтқыштың нөмірі, шанақтың нөмірі, шассидің нөмірі, мемлекеттік нөмірлік тіркеу белгісі, көлік құралын тіркеу туралы куәліктің сериясы және нөмірі (бұдан әрі - КҚТК), КҚТК-нің берілген күні);
Toggle Dropdown
2) көлік құралының иесі туралы мәліметтерді (тегі, аты, әкесінің аты, туған күні);
Toggle Dropdown
3) сенімді адам туралы мәліметтерді (тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, жынысы, жеке басын куәландыратын құжаттың сериясы, нөмірі және берілген күні, құжатты кім және қашан берді, СТН, тұрақты не болмаса уақытша тіркелген мекен-жайы);
Toggle Dropdown
4) соның негізінде көлік құралын пайдаланатын сенімді адамның құжаты туралы деректерді (құжаттың атауы, сериясы және нөмірі, кім және қашан берді, тіркелген күні, сенімхаттың түрі, тізілім бойынша берілген нөмірі, құжаттың қолдану мерзімі) енгізуді қамтамасыз етеді.
Toggle Dropdown
8. Осы Ереженің 7-тармағының 1), 2), 3)-тармақшаларында көрсетілген деректерді ААІЖ-ге енгізу кезінде Ішкіісмині АжБД-нің автоматтандырылған деректер банкі бойынша көлік құралдарының нөмірлік агрегаттарын және сенімді адамдарды, көлік құралын тіркеу заңдылығын тексеруге сұрау салу автоматты түрде қалыптасады.
Toggle Dropdown
9. Тіркеу әрекеттері аяқталғаннан кейін сенімхатта, соның негізінде сенімді адам көлік құралын пайдаланатын мынадай құжаттар:
Toggle Dropdown
1) жол полициясы тіркеу бөлімшесінің атауы;
Toggle Dropdown
2) сенімхаттың тіркелген күні;
Toggle Dropdown
3) жол полициясы тіркеу бөлімшесінің жауапты қызметкерінің тегі және аты-жөні көрсетіледі.
Toggle Dropdown
Аталған мәліметтерді ААІЖ-ге енгізу, сенімхатты жол полициясы тіркеу бөлімшесі жауапты қызметкерінің қолымен және мөрімен растау сенімді адам өтініш жасаған сәттен бастап сол жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Toggle Dropdown
10. Күн сайын жұмыс күні аяқталғаннан кейін сенімді адамдарды тіркеу тізілімі қалыптасады.
Toggle Dropdown
11. Тізілімдер жеке томдарға жүз парақтан тігіледі және үш жыл бойы сақталады.
Toggle Dropdown
12. Қазақстан Республикасы ІІМ АжБД-нің сенімді адамдарды тіркеудің бірыңғай деректер базасын әрі қарай қалыптастыру үшін облыстардың, Астана, Алматы қалалары Ішкі істер департаменттерінің ақпараттандыру және байланыс бөлімшелеріне аптасына кемінде бір рет сенімді адамдарды тіркеу туралы деректерді жібереді.