«Астық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңының 5-бабы 13) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
Астықтың сандық-сапалық есебiн жүргiзу қағидаларын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1676 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 30 қарашадан бастап ҚР Үкіметінің 31.10.2015 жылғы № 870 Қаулысына сәйкес «Астықтың сандық-сапалық есебiн жүргiзу қағидаларын бекiту туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 19.06.2015 жылғы № 4-1/546 Бұйрығын қараңыз
Редакция 08.08.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Астық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңының 5-бабы 13) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берiлiп отырған Астықтың сандық-сапалық есебiн жүргiзу қағидалары бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1676 қаулысымен бекітілген
Астықтың сандық-сапалық есебiн жүргiзу қағидалары
Осы Астықтың сандық-сапалық есебiн жүргiзу қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрленді және астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу тәртібін, оның ішінде астық қабылдау кәсiпорындарында астықты қабылдау, өлшеу, тазалау, кептiру, сақтау және тиеп жөнелту жөніндегі операцияларды ресiмдеу және есепке алу, астық сақтау қоймаларында сақтаудағы астықтың мөлшерін айқындау тәртiбiн айқындайды.
Кіріспе өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.08.2013 жылғы № 811 Қаулысымен (23.07.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар:
1) астық иесi – астығын астық қабылдау кәсiпорнына сақтауға берген жеке немесе заңды тұлға;
2) астық партиясы – астық сапасы туралы мәлiметтерi бар құжаттармен ресiмделген, бiр жылғы егiннiң сапасы бойынша бiртекті оқшауланған астық мөлшері;
3) астықтың сандық-сапалық есебi – астық қабылдау кәсiпорнында астықты қабылдау, тазалау, кептiру, сақтау, орнын ауыстыру және тиеп жөнелту процесiнде онымен жасалатын барлық операцияларды есепке алу және тiркеу жүйесi;
4) жеке шот – астық қабылдау кәсiпорны әрбiр астық иесi, сыныбы және сорты бойынша жеке жүргiзетiн астықтың сандық-сапалық есебi кітабының құрамдас бөлігі;
5) есеп актісі – астық иесiне жiберуге жататын астық және (немесе) астық қалдықтарының мөлшерін айқындау үшiн астық қабылдау кәсiпорны жасайтын құжат;
6) есептелген нақты салмағы – ылғалдылығы, арамшөптi және дәндi қоспа бойынша астық иесi мен астық қабылдау кәсiпорны арасындағы шартта айқындалған және астықтың сақталуын қамтамасыз ететiн нормаларға келтірілген астықтың нақты салмағы;
7) материалдық жауапты тұлға – сақтауға қабылданған астықтың сандық-сапалық сақталуына жауап беретін астық қабылдау кәсiпорнының лауазымды тұлғасы;
8) мемлекеттiк астық инспекторы – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен өз өкілеттігін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті аумақтық инспекциясының инспекторы;
9) нақты салмағы – таразыда өлшеу жолымен айқындалған астықтың массасы;
10) тазарту актiсi – астықты есепке алу мақсатында астық қабылдау кәсiпорны жасайтын құжат;
11) түгендеу – астықтың нақты бар болуының және оның сапасының есептік деректерге сәйкестiгiн тексеруге бағытталған іс-шаралар кешені.
2. Астықпен жасалатын барлық операциялар (қабылдау, өлшеу, кептiру, тазалау, сақтау, тиеп жөнелту), сандық-сапалық есебi және тиісті құжаттарды ресiмдеу 1 килограммға дейiнгi дәлдiкпен нақты салмақта жүргiзiледi. Астық қолхатын ресiмдеу кезiнде есептелген нақты салмағы қолданылады.
2. Астықтың келіп түсуін ресiмдеу
3. Астық қабылдау кәсiпорнына келіп түсетін астықты мөлшері бойынша өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен тексеруден өткен таразыларда өлшенгеннен кейiн материалдық жауапты тұлға қабылдайды.
4. Автомобиль көлігімен келіп түсетін астық тауарлық-көлiктік жүкқұжаттарымен бірге жiберiледi. Тауарлық-көлiктік жүкқұжат әрбiр автомобиль партиясына (жеке автомобиль немесе тiркемесi бар автомобиль (трактор), автопоезд) жазылады. Әрбiр автомобиль үш (төрт) дана тауарлық-көлiктік жүкқұжаттармен бiрге жіберіледі.
Басқа астық қабылдау кәсiпорындарынан автомобиль көлігімен келіп түскен астық партиясы тауарлық-көлiктік жүкқұжатпен және сапасы туралы құжатпен (Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен берiлген астық сапасы паспортымен немесе осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша астықты талдау карточкасымен) бірге жүреді.
5. Өндiрiстiк-технологиялық зертхана (бұдан әрi – ӨТЗ) маманы қолданыстағы және мемлекетаралық стандарттарға (бұдан әрі – стандарттар) сәйкес астық сапасын айқындау үшiн астықтың әрбiр келiп түскен автомобиль партиясынан сынаманы iрiктеп алады. Сынаманы ірiктеп алу кезiнде маман дақылдың және автомобильдiң мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiсiнiң тауарлық-көлiктік жүкқұжаттың деректеріне сәйкестiгiн тексередi. Iрiктеп алынған сынама бойынша астықты орналастыру үшiн қажетті сапасын алдын ала талдау жүргiзiледi. Алдын ала талдау нәтижелерi бойынша жүкқұжаттың бiрiншi данасында астықты түсiру нүктесi көрсетiледi.
5-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 23.07.2013 жылғы № 735 Қаулысымен (30.12.2011 ж. редакцияны қараңыз) 5-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.08.2013 ж. № 811 Қаулысымен (23.07.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
6. Таразыда жүргiзушi барлық тауарлық-көлiктік жүкқұжаттарды оларға өлшеудiң нәтижелерiн енгiзетiн таразышыға бередi. Жүкқұжаттардағы деректер әрбiр тақ және жұп күндер бойынша жеке жүргiзiлетiн, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша автомобильдер таразысында жүктер өлшеудi тiркеу журналына енгiзiледi. Жүргiзушiге бiрiншi данасынан басқа барлық жүкқұжаттар қайтарылады.
7. Астық темiр жол көлiгiмен келiп түскен кезде вагонның бүтiндiгi, саңылаусыздығы және пломбасының болуы тексеріледi.
Темiр жол көлiгiмен келiп түскен астық темiр жол жүкқұжатымен және сапасы туралы құжатпен (астық сапасы паспортымен немесе астықты талдау карточкасымен) бірге жүреді. Егер жолда жүк тексеріп қаралса, онда астыққа сондай-ақ вагонның ашылғандығы туралы актi қоса берiледi. Темiр жол жүкқұжаты және сапасы туралы құжат әрбiр вагонға жазылады. Өлшеу нәтижелерi осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша вагон таразыларында жүктер өлшеудi тiркеу журналына енгiзiледi.
8. Келiп түскен астықтың сапасын айқындауды астықты сақтау шартында көрсетiлген стандарттарға сәйкес ӨТЗ мамандары жүргiзедi. Сынаманы талдау нәтижелерi астықты талдау карточкасымен ресiмделедi және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша зертханалық талдаулар нәтижелерiн тiркеу журналында тiркеледi.
9. Тәулiктiң соңында таразышы барлық тауарлық-көлiктік жүкқұжаттарды бухгалтерияға тапсырады. Әрбiр астық иесi мен астықты түсiру нүктесi бойынша топталған тауарлық-көлiктік жүкқұжаттар негiзiнде олардың орташа тәулiктiк сынамасы бойынша сапасын айқындай отырып, осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша автомобиль көлігімен қабылданған астыққа екi данада жүкқұжаттар тiзiлiмi жасалады.
Астық темiр жол көлiгiмен келiп түскен кезде темiр жол жүкқұжаттарының негiзiнде осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша темiр жол көлiгiмен қабылданған астыққа жүкқұжаттар тiзiлiмi жасалады.
10. Орташа тәулiктiк сынамасы бойынша сапасын айқындай отырып автомобиль көлігімен қабылданған астыққа жүкқұжаттар тiзiлiмi немесе темiр жол көлiгiмен қабылданған астыққа жүкқұжаттар тiзiлiмi (бұдан әрі – тізілім) жасалғаннан кейін ӨТЗ маманына берiледi, ол тiзiлiмнiң II бөлiмiне астықты зертханалық талдау нәтижелерін енгiзедi. Енгiзiлген деректер ӨТЗ меңгерушiсiнiң қолымен расталады.
Бұдан кейін тiзiлiм астық қабылдау кәсіпорнының бухгалтеріне қайтарылады, ол тiзiлiмдегі және жүктер өлшеудi тiркеу журналындағы нақты салмақ деректерiнiң сәйкестiгiн, зертханалық талдаулар нәтижелерiн енгiзудiң дұрыстығын салыстырып тексереді және тiзiлiмнiң III бөлiмiнде есептелген нақты салмағын есептеуді, IV бөлiмiнде астықты қабылдау, кептiру және тазалау жөніндегі қызметтер құнын есептеудi жүргiзедi. Бұдан әрi тiзiлiм оған қоса берілген тауарлық-көлiктік жүкқұжаттармен бiрге оның дұрыс толтырылуын тексеру және тiзiлiмнiң III бөлiмiнде көрсетiлген ылғалдылық, арамшөптi және дәнді қоспа бойынша нақты шегерiмдерге сәйкес астық қалдықтары мен кептiру бойынша кемулерді алдын ала есептен шығару үшiн материалдық жауапты тұлғаға берiледi.
11. Тексеру бiткеннен соң материалдық жауапты тұлға тiзiлiмге қол қояды және осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша астық сақтау қоймасындағы астық пен ыдыстың қозғалысы туралы есеп жасайды. Бұдан әрi тiзiлiм мен есеп астық қабылдау кәсіпорнының бухгалтеріне қайтарылады, ол астық қабылданғаннан кейінгі екінші тәулiкте тiзiлiмнiң екiншi данасын астық иесiне бередi.
12. Астық сақтау қоймасындағы астық пен ыдыстың қозғалысы туралы есеп егiннің жылы, дақылдар сыныбы бойынша күн сайын қорытынды жасай отырып жүргiзiледi. Есеп материалдық жауапты тұлғаға жүктелген қойма, қоймалар тобы, элеватор бойынша жүргiзiледi.
3. Есептелген нақты салмағын есептеу
13. Есептелген нақты салмағы ылғалдылықтың, арамшөптi және дәндi қоспалардың келiсiлген нормаларын ескере отырып, нақты салмағынан ылғалдылық, дәндi және арамшөптi қоспалар бойынша нақты шегерiмдер пайызын айқындау жолымен келесiдей тәртiппен айқындалады:
1) ылғалдылық бойынша нақты шегерiм пайызы мынадай формула бойынша есептеледi:
100 х (а - б)
Ув = ------------------,
100 - б мұндағы: Ув - ылғалдылық бойынша нақты шегерiм пайызы;
а - кiрiс бойынша астық ылғалдылығы, %;
б - сақтау шарты бойынша астық ылғалдылығы, %;
2) арамшөптi қоспа бойынша нақты шегерiм пайызы мынадай формула бойынша есептеледі:
(в - г) х (100 - Ув)
Ус = ------------------------,
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |