• Мое избранное
"Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 19.09.2015 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

"Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 6 наурыздағы № 291 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 19 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 07.09.2015 жылғы № 754 Қаулысына сәйкес
"Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.02.2015 жылғы № 176 Бұйрығын қараңыз
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 6-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі                           К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2012 жылғы 6 наурыздағы
 № 291 қаулысымен
 бекітілген
«Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары
1. Негізгі ережелер
1. Осы санитариялық қағидалар өндірістік объектілердегі өндіріс және тұтыну қалдықтарын, қатты тұрмыстық қалдықтар мен денсаулық сақтау объектілерінде пайда болатын қалдықтарды жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды (бұдан әрі - Санитариялық қағидалар) белгілейді.
2. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылды:
1) қалдықтарды көму – қалдықтарды шектеусіз мерзім бойы оларды қауіпсіз сақтау үшін арнайы белгіленген орындарда қалдықтарды жинау;
2) медициналық қалдықтарды көму – зиянды заттардың қоршаған ортаға түсуінің алдын алу бағытталған және осы медициналық қалдықтарды пайдалану мүмкіндігін болдырмайтын залалсыздандырылған медициналық қалдықтарды кейін қайта алу ниетінсіз оларды топыраққа қауіпсіз орналастыру;
3) қалдықтардың сыныптамасы – оларды қалдықтардың қоршаған орта мен адамның денсаулығы үшін қауіптілігіне сәйкес оларды қалдықтардың сыныптарға жатқызу тәртібі;
4) қалдықтар сыныптауышы – қалдықтарды сыныптау нәтижелері қамтылған, қолданбалы сипаттағы ақпараттық-анықтамалық құжат;
5) медициналық қалдықтар – медициналық қызметтерді көрсету және медициналық манипуляциялар жүргізу үдерісінде пайда болатын қалдықтар;
6) өндіріс және тұтыну қалдықтары - өндіріс немесе тұтыну үдерісінде пайда болған шикізаттың қалдықтары, материалдардың, өзге де бұйымдар мен өнімдердің, сондай-ақ өздерінің тұтынушылық қасиеттерін жоғалтқан тауарлар (өнімдер);
7) қалдықтармен жұмыс істеу – осы операцияларды бақылауды және жою орындарын қадағалауды қоса алғанда, қалдықтардың пайда болуының алдын алуға, оларды жинауға, тасымалдауға, сақтауға, өңдеуге, кәдеге жаратуға, жоюға, залалсыздандыруға және көмуге бағытталған іс-қимылдар;
8) қалдықтарды залалсыздандыру – механикалық, физикалық-химиялық немесе биологиялық өңдеу жолымен қалдықтардың қауіпті қасиеттерін азайту немесе жою;
9) қалдықтармен жұмыс істеу объектілері – қалдықтарды жинау, сақтау, өңдеу, кәдеге жарату, жою, залалсыздандыру және көму үшін пайдаланылатын орындар немесе объектілер;
10) қалдықтарды өңдеу (қайта өңдеу) – қалдықтарды экологиялық қауіпсіз сақтауға, тасымалдауға, кәдеге жаратуға немесе жоюға дайындау мақсатында олардың физикалық, химиялық немесе биологиялық құрамын өзгертуге байланысты кез келген технологиялық операцияларды жүзеге асыру;
11) қауіпті қалдықтар – құрамында қауіпті қасиеттерге (уыттылық, жарылысуға қауіпті, радиоактивтілік, өртке қауіпті, реакциялық қабілеті жоғары) ие зиянды заттар бар және дербес немесе басқа заттармен байланысқа түскен кезде қоршаған ортаға және адам денсаулығына тікелей немесе әлеуетті қауіп тудыруы мүмкін қалдықтар;
12) қалдықтарды қайта өңдеу – қалдықтардың сипаттамасын олардың көлемін азайту немесе олармен жұмыс істеуді жеңілдететін немесе оларды кәдеге жаратуды жақсартатын қауіпті қасиеттерін азайту үшін өзгертетін, сұрыптауды қоса алғанда физикалық, жылу, химиялық немесе биологиялық үдерістер;
13) жоспарлы-тұрақты тазарту – қалдықтарды белгіленген жиілікпен жинау және жою бойынша іс-шаралар жүйесі;
14) қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған полигондар – қатты тұрмыстық қалдықтарды оқшаулауға және залалсыздандыруға арналған арнайы құрылыстар;
15) ассенизациялау алқабы, жер жырту алқабы – елді мекеннің шегінен тыс сұйық қалдықтарды жинау және залалсыздандыру үшін арнайы бөлінген аумақ;
16) өндірістік объект - адамның тіршілік ету ортасына және денсаулығына әсер ету көздері болып табылатын үдерістерді, жабдықты және технологияны пайдалана отырып жүзеге асырылатын өнімді шығарумен, жұмыстарды орындаумен және қызмет көрсетумен байланысты шаруашылық қызмет объектісі;
17) өнеркәсіптік алаң – өндіріс және тұтыну қалдықтарын уақытша сақтау үшін өндірістік объектіде бөлінетін функционалдық аймақ;
18) санитариялық тазарту – мақсаты елді мекенде халықтың тіршілік әрекеті нәтижесінде пайда болатын қалдықтарды жинау, жою және залалсыздандыру болып табылатын іс-шаралар жүйесі;
19) қалдықтарды жинау – қалдықтарды одан әрі кәдеге жарату немесе жою мақсатында оларды сұрыптауды қамтитын қалдықтарды арнайы бөлінген орындарға немесе объектілерге шығаруға, жинау және орналастыруға байланысты қызмет;
20) ағызу станциялары – сұйық қалдықтарды кәрізге жинауға және ағызуға арналған құрылыстар;
21) өлген малды көметін орын – арам өлген не шарасыздықтан сойғаннан кейін малдардың өлекселерін залалсыздандыруға және көмуге арналған құрылыс;
22) мамандандырылған кәсіпорындар – қалдықтарды жинауды, пайдалануды, қолдануды, залалсыздандыруды, тасымалдауды, сақтауды және көмуді жүзеге асыратын ұйымдар;
23) санитариялық-қорғаныш аймағы (бұдан әрі - СҚА) – арнаулы мақсаттағы аймақтарды, сондай-ақ елді мекендегі өнеркәсіп ұйымдары мен басқа да өндірістік, коммуналдық және қоймалық объектілерді жақын маңдағы қоныстану аумақтарынан, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстардан оларға қолайсыз факторлардың әсер етуін азайту мақсатында бөліп тұратын аумақ;
24) қоныстану аумағы – тұрғын үй, қоғамдық (қоғамдық-іскерлік) және рекреациялық аймақтарды, сондай-ақ инженерлік және көлік инфрақұрылымдарының жекелеген бөліктерін, басқа да орналастырылуы мен қызметі арнаулы санитариялық-қорғаныш аймақтарын талап ететіндей әсер етпейтін басқа да объектілерді орналастыруға арналған, елді мекен аумағының бір бөлігі;
25) қалдықтарды тасымалдау – қалдықтарды олардың пайда болған немесе сақталған жерінен өңдеу, кәдеге жарату немесе жою орындарына немесе объектілеріне тасымалдау;
26) қатты тұрмыстық қалдықтар (бұдан әрі – ҚТҚ) – халықтың тұтынуынан немесе пайдалануынан кейінгі қоғамдық немесе жеке тұтыну (тіршілік ету) қалдықтары;
27) қалдықтарды кәдеге жарату – қалдықтарды қайталама материалдық немесе энергетикалық ресурстар ретінде қолдану;
28) қалдықтарды сақтау – қалдықтарды кейіннен қауіпсіз жою мақсатында арнайы бөлінген орындарда жинау.
2. Өндірістік объектілердегі қалдықтарды жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
3. Өндірістік объектілерде өндіріс қалдықтарын жинау және уақытша сақтау (орналастыру) қалдықтардың қауіптілік деңгейіне сәйкес келетін арнайы өнеркәсіптік алаңдарда өткізіледі. Қалдықтарды жиналуына қарай олардың қауіптілік сыныбына сәйкес әрбір қалдықтар топтарына арналған ыдысқа жинайды.
4. Қалдықтарды сақтау орындарынан (өнеркәсіптік алаң) тұрғын үй құрылысы, коммуналдық және өндірістік мақсаттағы объектілердің аумағына дейінгі СҚА көлемдері Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен санитариялық қағидаларға сәйкес айқындалады.
5. Өндіріс қалдықтары қауіптілік дәрежесі бойынша мынадай 4 қауіптілік сыныбына бөлінеді:
І қауіптілік сыныбы – төтенше қауіпті қалдықтар;
ІІ қауіптілік сыныбы – қауіптілігі жоғары қалдықтар;
ІІІ қауіптілік сыныбы – қауіптілігі орташа қалдықтар;
ІV қауіптілік сыныбы – қауіптілігі аз қалдықтар.
6. I қауіптілік сыныбының қалдықтары тұмшаланған ыдыста сақталады (болат бөшкелер, контейнерлер). Толуына қарай қалдықтар салынған ыдысты болат қақпақпен жабады, қажеті болған кезде электрлі газбен дәнекерлейді.
7. II қауіптілік сыныбының өндіріс қалдықтары агрегаттық күйіне сәйкес полиэтилен қаптарда, пакеттерде, бөшкелерде және зиянды заттардың (ингридиенттердің) таралуына кедергі болатын ыдыстардың басқа да түрлерінде сақталады.
8. III қауіптілік сыныбының өндіріс қалдықтары жайылтпай сақтауды қамтамасыз ететін, тиеу-түсіру жұмыстарын орындауға мүмкіндік беретін және зиянды заттардың таралуын болдырмайтын ыдыста сақталады.
9. IV қауіптілік сыныбының өндіріс қалдықтары өнеркәсіптік алаңдарда конус тәрізді үйінді түрінде ашық сақталады, сол жақтан олар автотиегішпен автокөлікке тиеледі және кәдеге жарату және көму орындарына жеткізіледі. Бұл қалдықтарды тұтыну қалдықтарын көму орындарында олармен біріктіруге немесе оқшаулағыш материал немесе аумақтағы жоспарлау жұмыстары түрінде пайдалануға жол беріледі.
10. Сұйық және газ түріндегі қалдықтар тұмшаланған ыдыста сақталады және кәсіпорын аумағынан бір тәулік ішінде шығарылады немесе оны залалсыздандыруды өнеркәсіптік объектіде жүргізеді.
11. Қатты, оның ішінде сусымалы қалдықтар контейнерлерде, пластик, қағаз пакеттерде немесе қаптарда сақталады және олардың жиналуы бойынша шығарылады.
12. Қалдықтарды уақытша сақтауға арналған өнеркәсіптік алаңды кәсіпорын аумағында желдің ық жағына орналастырады. Алаңды қатты және уытты заттарды өткізбейтін материалмен жабады, тазарту құрылыстары жағына қарай құйылыс құрылғысы және еңісі бар төсеніш төсейді. Алаңдардың бетіндегі жиналған суларды жалпы жауын-шашын бұрғышына бағыттауға жол берілмейді. Алаңдардың бетіндегі жиналған сулар үшін уытты заттармен жұмыс істеуді, тазалауды және оларды залалсыздандыруды қамтамасыз ететін арнайы тазарту құрылыстары көзделеді. Алаңда қалдықтарды атмосфералық жауын-шашынның және желдің әсерінен қорғау көзделеді.
13. Өндіріс қалдықтарын сақтайтын орындарда стационарлық немесе жылжымалы тиеу-түсіру механизмдері қарастырылады.
14. Өнеркәсіптік алаң аумағындағы қалдықтардың рұқсат етілетін мөлшерін кәсіпорын қауіптілік деңгейі бойынша қалдықтарды сыныптау негізінде анықтайды.
15. Қалдықтарды сақтайтын алаңдардың орналасқан ауданындағы (орнындағы) қоршаған ортаның жағдайын бақылау өндірістік объектінің өндірістік зертханасында не аккредиттелген зертхананы тарта отырып жүзеге асырылады.
16. Кәсіпорындардың өндірістік объектілерде мынадай жағдайларда:
1) қалдықтарды пайдалану кезінде оларды кәдеге жарату мақсатында;
2) көмуге арналған полигондардың немесе қалдықтарды шығаратын көлік құралдары уақытша жоқ болғанда қалдықтарды жинақтауға және сақтауға жол беріледі.
17. Өнеркәсіптік алаңдарда қалдықтарды арнайы салынған шлам, шлак, күл жинағыштар және үйінді болған жағдайда қалдықтарды жинауға және сақтауға жол беріледі.
18. Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органының көлікке санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы бар болғанда, осы үшін арнайы жабдықталған көлік құралдарында өндіріс қалдықтарын тасымалдауға жол беріледі.
19. Тасымалданатын қалдықтардың мөлшері көліктің жүк көлеміне сәйкес келеді. Өндіріс қалдықтарын тасымалдау кезінде оларды толтыру, тасымалдау және түсіру орындарында қоршаған ортаны ластауға жол берілмейді.
20. I-III қауіптілік сыныбының қалдықтарын тиеуге, тасымалдауға және түсіруге байланысты барлық үдерістерді механикаландырылады. Жартылай сұйық (паста тәрізді) қалдықтарды тасымалдауға арналған көлік ағызуға арналған шлангы құрылғысымен жабдықталады.
21. Қатты және шаң тәрізді қалдықтарды тасымалдаған кезде көлік қорғаныш қабықшамен немесе түсіруге арналған дербес автокранмен жабдықталады.
22. Шаң тәрізді қалдықтарды барлық кезеңде: тиеу, тасымалдау, түсіру кезеңдерінде ылғалдайды.
23. Өндіріс қалдықтарын тасымалдау кезінде кәсіпорынның көлікті басқарушы адамынан және персоналынан басқа бөтен адамдардың болуына жол берілмейді.
24. Қалдықтарды шикізат ретінде қолданатын кәсіпорындарда технологиялық үдерістерді автоматтандыруды және механикаландыруды қамтамасыз етеді.
Кәдеге жарату алдында қауіпті қалдықтар қалдықтардың қауіптілік деңгейіне байланысты залалсыздандыруға жатады.
25. Кәдеге жарату орындарында жинақталған өндіріс қалдықтарының мөлшері қалдықтарды өңдейтін өндірістік жабдықтың екі апталық қуатынан аспауы тиіс.
26. Өндіріс қалдықтарын (ІІІ-ІV қауіптілік сыныбы) залалсыздандыру үшін өндіріс қалдықтарының бір бөлігін тиісті кәсіпорындарда тұтыну қалдықтарымен бірге өңдеу және өндіріс қалдықтарының бір бөлігін ҚТҚ полигонында жинақтау тәсілдері қолданылады. Уытты өндіріс қалдықтарын (I-II қауіптілік сыныбы) залалсыздандыруды уытты өндіріс қалдықтарын көму полигондарында жүзеге асырады.
27. Суда ерімейтін уытты ингредиенттері бар II-III қауіпсіздік сыныбының қатты және шаң тәрізді қалдықтарын көмуді өндіріс қалдықтары полигондарында қазаншұңқырларда жүзеге асырады. Қазаншұңқырларда қалдықтарды төгуді қабаттап тығыздау арқылы жүргізеді. Қазаншұңқырлардағы қалдықтардың ең жоғары деңгейі жоспарланған белгіден төмен, қазаншұңқырлар аумағына іргелес кемінде 2 метр (бұдан әрі – м) қарастырылады.
Қазаншұңқырларды жабдықтау кезінде қазаншұңқырларға іргелес аумақтың енін кемінде 8 м қарастырады. Топырақтың сүзгілеу коэффициенті тәулігіне 6-10 метрден (бұдан әрі - м/тәу) аспағанда көмуге жол беріледі.
28. Шаң тәрізді қалдықтарды көмуді осы қалдықтардың желмен таралуын болдырмауға кепілдік беретін іс-шараларды есепке ала отырып қазаншұңқырларда жүргізеді. Көмудің тәуліктік жұмыс алаңы ең аз болуы тиіс. Қазаншұңқырларға шаң тәрізді қалдықтарды әрбір тиегеннен кейін оларды қалыңдығы кемінде 20 сантиметр (бұдан әрі - см) топырақпен оқшаулайды.
29. Суда еритін уытты заттары бар II-III қауіптілік сыныбының қатты және паста тәрізді қалдықтары түбі мен бүйір қабырғаларын қалыңдығы 1 м тығыздалған балшық қабатымен және полиэтилен қабықшадан жасалған қорғаныш қалқамен оқшаулау арқылы қазаншұңқырларда көмуді жүзеге асырылады.
30. Қазаншұңқырдың көмілген учаскесін топырақтың тығыздалған қабатымен жабады, оның үстінен қазаншұңқырдың қалған бөлігін толтыру үшін қалдықтарды тасымалдау жүзеге асырылады. Қалдықтарды топырақтың тығыздалған қабаты бойынша тасымалдау оны бұзбауы тиіс.
31. Нашар еритін уытты заттары бар бірінші қауіптілік сыныбының қалдықтарын көмген кезде олардың топыраққа және жер асты суларына көшуін болдырмау бойынша мынадай шаралар қабылдайды:
1) қазаншұңқырлардың түбі мен бүйір қабырғаларын сүзгілеу коэффициенті 10 м/тәу аспайтын кемінде бір метр балшық қабатымен қымтау;
2) қосылған жерлерді битум, гудрон немесе басқа да су өткізбейтін материалдар құю арқылы қазаншұңқырлардың түбіне бетон плиталар салу және қабырғаларын бекіту.
32. Бірінші қауіптілік сыныбына жататын, суда еритін қалдықтарды көму қазаншұнқырларда болат контейнерлерде немесе бетон қораптарға салынатын, оларды толтырғанға дейін және одан кейін тұмшалануын екі рет бақылай отырып, қабырғаларының қалыңдығы кемінде 10 миллиметр (бұдан әрі – мм) баллондарда жүргізеді.
33. Қалдықтармен толтырылған қазаншұңқырларды қалындығы 2 м тығыздалған топырақ қабатымен оқшаулайды, содан кейін гудроннан, тез қатаятын шайырдан, цементті гудроннан жасалған су өткізбейтін жабынмен жабады.
34. Су өткізбейтін жабындар және тығыздалған қабаттар қазаншұңқырларға іргелес аумақтардан шығып тұрады. Су өткізбейтін жабындар қазаншұңқырлардың көлемінің әр жағынан 2-2,5 м шығып тұрады және көрші қазаншұңқырлар жабындарымен түйіседі. Түйіскен жерлер қазаншұңқырлар бетіндегі жауын-шашын және еріген суларды арнайы буландыратын алаңға жинауға және шығаруға мүмкіндік беретіндей етіп жасалады.
35. Қазаншұңқырлардың оқшаулайтын жабындарын, су бұратын арналарын жабдықтау бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды, оларды толтыру тәсілін әр нақты жағдайда учаскенің бедерін, гидрогеологиялық жағдайларды, тиісті механизмдердің болуын есепке ала отырып шешеді.
36. Жағуға жататын өндіріс қалдықтарын жою кезінде жұмыс режимі 1000-1200 градус Цельсий температурамен (бұдан әрі – 0 С) жұмыс істейтін пештерді пайдаланады. Полигонға ауыр металдар мен басқа да заттарды алудың тиімді әдістері әзірленген өндіріс қалдықтарын, өңдеуге жататын радиоактивті қалдықтарды, мұнай өнімдерін қабылдауға жол берілмейді.
37. І-ІІІ қауіптілік сыныбының сұйық қалдықтарын полигонға шығару алдында паста тәрізді консистенцияға айналдырады. Қалдықтарды сұйық күйінде көмуге жол берілмейді.
3. Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
38. Елді мекендер аумағында тұтыну қалдықтарын жинауды, пайдалануды, қолдануды, залалсыздандыруды, тасымалдауды, сақтауды және көмуді мамандандырылған кәсіпорындар жүзеге асырады.
39. Инфекциялық стационарларын қоспағанда (оның ішінде туберкулезге қарсы, тері-венерологиялық) қоғамдық тамақтану, сауда, жалпы білім беру, санаторийлік-курорт ұйымдарының және басқа объектілердің тағам қалдықтары қақпағы бар сыйымдылықтарға жиналады, салқындатылатын үй-жайларда немесе тоңазытқыш камераларда сақталады. Инфекциялық стациоонарларды қоспағанда (оның ішінде туберкулезге қарсы, тері-венерологиялық және басқалары) тағам қалдықтарын малға тамақ ретінде пайдалануға жол беріледі.
40. Иеліктегі үйлердің, ұйымдардың, мәдени-көпшілік мекемелері, демалыс аймақтары аумақтарында көлік кіретін жерлері бар, қалдықтарды жинауға арналған контейнерлерді орналастыруға арналған арнайы алаңдар бөлінеді. Алаңға су өткізбейтін жабын және біртұтас қоршау орнатылады.
41. ҚТҚ жинауға арналған контейнерлерді қақпақпен жабдықтайды. Контейнерлерден алаңның шетіне дейінгі қашықтық кемінде 1 м көзделеді. Алаңды тұрғын және қоғамдық құрылыстардан, барлық бейіндегі ұйымдардан, спорт алаңдарынан және халықтың демалатын орындарынан кем дегенде 25 м және 100 м артық емес қашықтықта орналастырады.
42. Контейнерлердің есепті мөлшері қалдықтардың іс жүзіндегі жиналуына сәйкес келуі тиіс.
Орнатылатын контейнерлердің санын есептеуді қоқыс жинағыштарды пайдаланатын халықтың санын, қалдықтардың жиналу нормасын, олардың сақталу мерзімін есепке ала отырып жүргізеді.
Контейнерлерде қалдықтарды сақтау мерзімін 0 0 С температурада және одан төмен болғанда 3 тәуліктен асыруға, температура плюс болғанда 1 тәуліктен асыруға жол берілмейді.
43. ҚТҚ жинау үшін абаттандырылған тұрғын үй қорында контейнерлер, жекеменшік үй иелігінде (ағаш, металл және басқа) қақпағы бар еркін конструкциялы сыйымдылықтарды пайдалануға жол беріледі.
44. Орталықтандырылған сумен жабдықтау, кәріз жүйелеріне қосылған тұрғын объектілері, ұйымдар мен кәсіпорындар аумағында қоқыс жинауға арналған аулалық қондырғылар, қазылған қоқыс төгетін орлар мен алаңдар салуға немесе қайтадан жабдықтауға жол берілмейді.
45. Сұйық қалдықтарды жинау үшін су өткізбейтін оры бар және нәжісті бөлуге арналған қақпағы мен торымен жер беті бөлігі бар қоқыс төгетін орларда жүзеге асырылады. Аулалық дәретхана бар жерлерде қоқыс төгетін орлар жалпы болуы мүмкін.
46. Кәрізденбеген аулалық және қоғамдық дәретханалар тұрғын және қоғамдық ғимараттардан, балалар ойнайтын алаңнан және дем алатын орындардан кем дегенде 25 м қашықтыққа, құдықтан, бұлақ көзінен кем дегенде 50 м қашықтыққа алшақтатады.
47. Көп қабатты тұрғын үй құрылысы аудандарында алаңның шетінен 1,5 м радиустағы контейнер алаңына іргелес аумақта қажеттілігіне қарай ҚТҚ-дан жоспарлы-тұрақты тазарту жүргізеді.
48. Қалдықтарды тасымалдауға арналған көліктердің санын салынып жатқан учаскенің іс жүзінде дамуын және нақты елді мекеннің жергілікті жағдайларын есепке ала отырып анықтайды.
49. Көлік құралдарын жууға арналған алаңды шаруашылық аймағынан тыс жерде орналастырады. Алаңда салқын су келтірілген жуу бөлімшесі қарастырылады. Таза және лас контейнерлердің және полигонға келетін қоқыс тасығыштардың көлік ағындары қиылыспауы тиіс.
50. Су құбыры суы жоқ болғанда контейнерлерді жуу сыртқы ауаның температурасы плюс 50 С-ден жоғары болғанда су себетін машиналармен жүзеге асырылады.
51. Контейнерлер мен автокөлікті жуған шайынды сулар булану үшін карталарға жіберіледі немесе ҚТҚ-нды ылғалдандыру үшін пайдаланылады.
52. Полигоннан шығатын жерде қоқыс тасымалдағыштардың дөңгелектерін залалсыздандыруға арналған дезинфекциялаушы бетон ванна орнатады. Ваннаның ұзындығы кемінде 8 м, ені 3 м, тереңдігі 0,3 м болып қарастырылады.
53. Полигонның барлық аумағының периметрі бойынша жеңіл қоршау немесе тереңдігі 2 м астам кептіретін траншея немесе биіктігі 2 м аспайтын топырақ үйінділерін орнатады.
4. Денсаулық сақтау объектілерінде жиналатын қалдықтарды жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
54. Медициналық қалдықтар қауіптілік дәрежесі бойынша мынадай 5 қауіптілік сыныбына бөлінеді:
А сыныбы – ҚТҚ ұқсас қауіпті емес медициналық қалдықтар;
Б сыныбы – қауіпті (қатерлі) медициналық қалдықтар;
В сыныбы – төтенше қауіпті медициналық қалдықтар;
Г сыныбы – құрамы бойынша өнеркәсіп қалдықтарына ұқсас медициналық қалдықтар;
Д сыныбы – радиоактивті медициналық қалдықтар;
55. Медициналық қалдықтарды тасымалдауды жүзеге асыратын адамдар көлік құралына тиеген сәттен бастап белгіленген орында оларды қабылдағанға дейін олармен қауіпсіз жұмыс істеу шараларын сақтауы тиіс.
56. Медициналық қалдықтарды жинау, қабылдау және тасымалдау бір рет қолданылатын пакеттерде, сыйымдылықтарда, қауіпсіз кәдеге жарату қораптарында (бұдан әрі – ҚКЖҚ), контейнерлерде жүзеге асырылады. Медициналық қалдықтардың әр сыныбы үшін контейнерлердің, сыйымдылықтар мен пакеттердің бояуы таңбалануы әртүрлі болуы тиіс. Контейнерлердің конструкциясы су өткізбейтін болуы, бөтен адамдардың олардың ішіндегімен жанасу мүмкіндігін болдырмауы тиіс.
57. Медициналық қалдықтарды қолмен нығыздауға және медициналық қалдықтарды жинауды, сұрыптауды жеке қорғаныш құралынсыз жүзеге асыруға жол берілмейді.
58. Б сыныбының медициналық қалдықтары арнайы қондырғыларда залалсыздандырылады.
59. Пайдаланылған шанышқылы және басқа да өткір заттар (инелер, қауырсын тәрізді құралдар, ұстаралар, ампулалар) алдын ала сұрыпталмастан кәдеге жаратылатын ҚКЖҚ-на қабылданады.
60. Инфекциялық емес науқастардың операциялық бөлімшелерінің органикалық қалдықтары (ағзалар, тіндер) бейіттердің арнайы бөлінген орындарында көмуге жатады.
61. Пайдаланылған люминесцентті шамдар, құрамында сынабы бар аспаптар мен жабдықтар сақтау және тасымалдау кезінде сынуын болдырмайтын тығыз жабылатын сыйымдылықтарда тасымалданады және сақталады.
62. Медициналық қалдықтарын жағу өнімдері немесе күл А сыныбының қалдықтары сияқты жойылады.
63. Г сыныбының медициналық қалдықтарын көму уытты заттарға арналған полигондарда жүзеге асырылады.
64. Медициналық қалдықтарды тасымалдауға су өткізбейтін жабық кузовпен жабдықталған, дезинфекциялық оңай өңделетін көлік құралында көлікке Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органының санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы бар болғанда жол беріледі.
65. Медициналық қалдықтарды түсіргеннен кейін көлік құралы жуылады және дезинфекцияланады, таза күйінде ұсталады.
66. Медициналық қалдықтарды объектілер мен елді мекендердің аумағында арнаулы қондырғылардан тыс жағуға тыйым салынады.
67. Медициналық қалдықтарды термиялық тәсілмен залалсыздандыру (жағу) медициналық қалдықтарға термиялық әсер ету жолымен 800-10000 С температурада жүргізіледі.
68. Медициналық қалдықтар залалсыздандыруға қалдықтардың сыныбы мен көлемі көрсетілген, объектінің басшысы (жауапты тұлғасы) қол қойған ілеспе актісі бар болғанда қабылданады.
69. Медициналық қалдықтарды қабылдау қаптамаланған күйде, арнайы журналда сапалық және сандық есепке ала отырып жүзеге асырылады.
70. Медициналық қалдықтарды залалсыздандыруға арналған арнайы қондырғыны дайындаушының техникалық құжаттамасына сәйкес орналастыру және пайдалану қажет.
71. Медициналық қалдықтарды сұрыптауға және уақытша сақтауға арналған бөлменің алаңы кемінде 12 м2 болуы тиіс және ішке сору-сыртқа шығару желдеткішімен, биологиялық қалдықтарды сақтауға арналған тоңазытқыш жабдығымен, стеллаждармен, медициналық қалдықтар бар пакеттерді жинауға арналған контейнерлермен, таразымен, ыстық және суық су келтірілген раковинамен, бактерицидті шаммен жабдықталады. Әр үй-жайда сыйымдылықтарды жууға, сақтауға және залалсыздандыруға арналған жағдайлар жасалады. Қызмет көрсететін персонал үшін жеке арнайы киім бөлінеді.
72. Медициналық қалдықтарды уақытша сақтауға арналған үй-жайдың едені, қабырғасы, төбесі жуу және дезинфекциялау құралдарына төзімді материалдардан жасалады.
73. Негізгі үй-жайлардан басқа персонал үшін алаңы кемінде 6 м2 үй-жайлар, жинау мүкаммалына, жуу және дезинфекциялау құралдарына, жуатын айналым ыдысына (бар болғанда) арналған қойма кемінде 4 м2 бөлінеді.
74. Жуу бөлмесі ағынды салқын және ыстық су келтірілген ваннамен немесе еденге түсетін кранмен жабдықталады. Персоналдың жеке гигиена қағидаларын сақтауы үшін қолды жууға және кептіруге арналған құралдармен жарақталған, салқын және ыстық су келтірілген раковина бөлінеді.
75. Объектінің басшысы алдын ала (жұмысқа тұру алдында) және мерзімдік медициналық тексерулер жүргізуді қамтамасыз етеді. Жұмыскерлердің жеке медициналық кітапшалары жұмыс орнында сақталады.
76. Медициналық қалдықтарды көму орындарында мынадай жеке гигиена талаптары сақталады:
1) жұмыс қорғаныш бетпердесімен, экрандармен, бір рет пайдаланылатын резеңке, латекс қолғаптармен жүзеге асырылады;
2) жұмыс орнында темекі шегуге және тамақ ішуге жол берілмейді;
3) жұмыс арнайы киімде жүзеге асырылады;
4) жеке және арнайы киімдер шкафтарда сақталады.
5. Полигондардың құрылысына, күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
77. Өндіріс қалдықтарын көмуге арналған полигон үшін учаскенің көлемі қалдықтардың 20-25 жыл бойы жиналу мерзіміне қарай белгіленеді.
78. Полигонға арналған орындарды бөлек, құрылыстан бос, желденетін, жауын-шашын, еріген және тасыған сулар баспайтын, инженерлік шешімдердің орындалуына жол беретін, елді мекендердің және жаппай демалу, шаруашылық сумен жабдықтау, минералды көздер, ашық су қоймалары және жер асты сулары орналасқан аймақтардың ықтимал ластануын болдырмайтын аумақтарда қарастырады.
79. Полигонды: басым бағыттағы желді ескере отырып, елді мекендердің ық жағында; өзен ағысы бойынша шаруашылық-ауыз сумен жабдықтаудың су алу орындарынан төмен; ашық су қоймаларының су алу аймақтарынан, қыстау орларынан, балықтардың жаппай уылдырық шашу және семірту орындарынан төмен және шекарасынан тыс орналастырады.
80. Полигонды жер асты сулары 20 м артық тереңдікте жатқан және сүзгілеу коэффициенті 10 м/тәул жоғары емес өткізгіштігі аз жыныстармен жабылған учаскелерде орналастырады. Полигон түбінің негізін жер асты суларының ең жоғары негізгі тұрағынан кемінде 4 м орналастырады. Қабырғалары мен түбі сумен оқшаулау арқылы орнатылады.
81. ҚТҚ полигондарын көлемі полигонның шекарасынан тұрғын үйлердің шекарасына дейін кемінде 3000 м болатын СҚА бар елді мекеннің шекарасынан тыс орналастырады. СҚА көлемдері атмосфераға түсетін газ тәрізді заттар рұқсат етілген шекті шоғырланудан (бұдан әрі – СҚА) асқан кезде түзетіледі. СҚА-ның ең аз көгалдандыру алаңы 50 %-ды құрайды. Қоныстану аумағы жағынан ені 50 м кем болмайтын ағаш-бұталы өсімдіктер алабы көзделеді.
82. Полигонды тұрғын үй құрылысының резервті, өндірістік объектілерді кеңейту аумақтарында, рекреациялық аймақтарда, өзендер алқабында, жыраларда, топырағы бурыл учаскелерде, карс процестері дамитын жерлерде, пайдалы қазбалар орналасқан аумақтарда, жер асты ауыз су көздерінің қоректену аймағында орналастыруға жол берілмейді.
83. Полигон аумағының елді мекендер, өнеркәсіптік кәсіпорындар, ауыл шаруашылығы алқаптары мен су ағысы бағытына қарай еңісі 1,5% (бұдан әрі - %) аспайды.
84. Полигонның СҚА көлемі елді мекендерге және ашық су қоймаларына дейін, сондай-ақ рекреациялық мақсатта қолданылатын объектілерге дейін кемінде 3000 м, ауыл шаруашылығы алқаптарынан және транзитті жолдардан кемінде 200 м және рекреациялық мақсатқа арналмаған орман алқаптарынан, орман алаңдарынан кемінде 50 м құрайды.
85. ІV қауіптілік сыныбының өндіріс қалдықтары шектеусіз қабылданады және оқшаулағыш материал ретінде пайдаланылады. Бұл қалдықтар сулы сығындыда ҚТҚ-ның сүзгі деңгейінде уытты заттардың (1 килограмм қалдыққа 1 литр су) болуымен, оттегіге биохимиялық қажеттілік (бұдан әрі – ОБҚтолық ) көрсеткішімен және 1 литрге 300 миллиграмнан (бұдан әрі - мг/л) артық емес оттегіге химиялық қажеттілік (бұдан әрі - ОХҚ) көрсеткішімен сипатталуы тиіс, фракцияларының көлемі 250 мм аспайтын біркелкі құрылымы болады.
ҚТҚ полигонына шектеусіз қабылданатын және оқшаулағыш материал ретінде пайдаланылатын ІV қауіптілік сыныбының өндіріс қалдықтарының тізбесі осы Санитариялық қағидалар 1-қосымшада келтірілген.
Полигонға шектеулі қабылданатын және бірге сақталатын ІІІ-ІV қауіптілік сыныбының өндіріс қалдықтарының тізбесі (ҚТҚ 1000 м3 арналған норматив) осы Санитариялық қағидаларға 2-қосымшада келтірілген.
Шектеулі мөлшерде қабылданатын және ерекше жағдайларды сақтай отырып жиналатын ІІІ-ІV қауіптілік сыныбының өндіріс қалдықтарының тізбесі осы Санитариялық қағидаларға 3-қосымшада келтірілген.
86. Полигон аумағы екі аймаққа бөлінеді: ҚТҚ жинау аймағы және шаруашылық-тұрмыстық объектілерді орналастыру аймағы.
Жинау аймағын полигон әкімшілігі жасаған пайдалану картасының кестесіне сай, кезекпен қалдықтармен толтырылатын бөлек учаскелерге (карталарға) бөледі.
87. Полигон персоналы үшін тұрмыстық үй-жайлар қарастырылады. Тұрмыстық үй-жайлар құрамына тамақтануға арналған бөлме және арнайы киімдерді сақтауға арналған бөлме, ыстық және салқын су келтірілген санитариялық торап және себезгі бөлмесі көзделеді.
88. Полигондар персоналы арнайы киіммен және арнайы аяқ киіммен (жыл мезгіліне байланысты), жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етіледі. Қалдықтарды көму полигонында жұмыс істейтін персоналдың арнайы киімі жеке үй-жайда күн сайын арнайы өңделуге (детоксикация) жатады.
89. Қатты және сұйық қалдықтарды жинаумен, кәдеге жаратумен, тиісті құрылыстарды пайдаланумен айналысатын персонал жұмысқа тұру алдында алдын ала және мерзімдік медициналық тексеруден өтеді.
90. Жинау аймағының барлық алаңы (учаскесі) бойына тығыздалған ҚТҚ-ның аралық және түпкілікті көму үшін топырақ алуға арналған қазаншұңқыр қарастырылады. Қазаншұңқырлардың топырағын полигонның периметрі бойынша үйіндімен жинайды.
91. Полигонда түсетін қалдықтардың құрамына бақылау және есепке алу, қалдықтарды полигонның жұмыс істеп тұрған бөлігіне бөлу, қалдықтарды оқшаулау бойынша технологиялық цикл қамтамасыз етіледі.
92. ҚТҚ полигонына тұтыну қалдықтары және өндіріс қалдықтарының кейбір түрлері (ІІІ-ІV қауіптілік сыныбы), сондай-ақ сыныбы тәжірибелік әдістерімен анықталатын қауіпсіз қалдықтар қабылданады.
93. ҚТҚ бірге жинау үшін ылғалдылығы 85% аспайтын жарылысқа қауіпті емес және өздігінен тұтанбайтын өндіріс қалдықтары қабылданады. Сұйық және паста тәрізді қалдықтар ҚТҚ полигонына қабылданбайды.
94. Полигонда қалдықтар мен олардың мөлшері көрсетілген, қызмет көрсетілетін ұйымдардың тізімі (тізбесі) болады.
95. ІІІ және ІV қауіптілік сыныбының өндіріс қалдықтары (осы Санитариялық қағидаларға 2, 3-қосымшалар ) шектеулі мөлшерде қабылданады (қатты тұрмыстық қалдықтар массасының 30 %-нан асырмай) және сулы сығындыда ҚТҚ-ның сүзгі деңгейінде уытты заттардың болуымен және оттегінің ОБҚ20 және ОХҚ 400-5000 мг/л мәндерімен сипатталатын тұрмыстық қалдықтармен бірге жиналады.
96. Полигонға шығарылатын қалдықтардың әрбір партиясына өндірістік объектінің басшылығы осы Санитариялық қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес анықтама ресімдейді.
97. ҚТҚ полигондарына химиялық қалдықтар мен эпидемиялық қауіп тудыратын, арнайы құрылыстарда залалсыздандырылмаған қалдықтарды қабылдауға жол берілмейді. Радиоактивтілігі бар қатты, сұйық және паста тәрізді қалдықтарды залалсыздандыруды арнайы полигондарда жүзеге асырады.
98. Өлген малдың, конфискаттардың, ет комбинаттарының өлекселерін ҚТҚ полигондарына қабылдауға жол берілмейді. Оларды залалсыздандыру мал өлекселерін көмуге арналған орындарда, кәдеге жарату зауыттарында жүргізіледі.
99. Полигонда қалдықтарды залалсыздандыру үшін бурттарда далалық компостау әдісі пайдаланылады, жылына 120000 м3 ҚТҚ қабылдайтын полигондар үшін ҚТҚ-ды жинаудың траншея схемасын қолданады. Траншеялардың тереңдігі 3-6 м және ал жоғарғы жағының ені 6-12 м болады. Траншеялар желдің жиі соғатын бағытына перпендикуляр орналастырылады.
100. Траншеяларды қазу барысында алынған топырақ ҚТҚ толтырылғаннан кейін оларды жабуға пайдаланылады. Ылғалдылығы 55% ҚТҚ жинауға арналған траншеялардың табаны (түбі) және орташа жылдық жауын-шашын көп болатын климаттық аймақтарда сазды топыраққа ену арқылы кем дегенде 0,5 м көзделеді.
101. Бір траншеяның ұзындығын оны толтырудың мынадай уақытын есепке ала отырып:
1) температура 00 С жоғары болған кезеңде 1-2 ай бойы;
2) температура 00 С-ден төмен болған кезеңде топырақтың барлық тоңазу кезеңіне орнатады.
102. ҚТҚ-ны батпақты жердегі суларға және тасыған су басып кететін учаскелерге тікелей жинауға жол берілмейді. Мұндай учаскелерді ҚТҚ полигонына пайдаланғанға дейін оны жер беті немесе тасыған судың ең үлкен деңгейінен 1 м асатын биіктікке инертті материалдармен үйіп қояды. Үйген кезде су өткізбейтін экран жасайды. 1 м төмен тереңдікте жер асты суы болған жағдайда, жердің бетіне топырақты алдын ала кептіре отырып, оқшаулағыш қабат жасайды.
103. Полигонның жасыл аймағында (периметрі бойынша) ҚТҚ-ның жер асты суларына әсерін есептеу үшін бақылау ұңғымалары орнатылады, олардың бірі жер асты суларының ағысы бойынша полигоннан жоғары, 1-2 ұңғыма полигоннан төмен жерде орналастырылады.
104. Полигонға жеткізілетін ҚТҚ мөлшерін есепке алуды осы Санитариялық қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес арнайы журналда жүргізеді.
105. ҚТҚ-ны жинау кезінде жұмыс картасында қалдықтардың тығыздалған қабатын қалыңдығы 2,0 м топырақпен немесе басқа инертті материалмен аралық немесе түпкілікті оқшаулауды жүзеге асырады. Жазық полигондарда қалдықтарды оқшаулауды жаз мезгілінде күн сайын, температура плюс 50 С-тан төмен болғанда жинаған сәттен бастап 3 тәуліктен кешіктірмей жүргізеді.
106. Оқшаулағыш материал ретінде мынадай шлактар мен/немесе өндіріс қалдықтарын: әк, бор, сода, гипс, графит, асбоцемент, шифер қолданады.
107. ҚТҚ-ны қоқыс тасымалдағыштардан түсіргенде және жинағанда қалдықтардың жеңіл фракцияларын жұмыс істеу үшін желдің басым бағытына перпендикуляр жылжымалы торлы қоршау орнатады. Ауысымына бір реттен сиретпей жылжымалы қалқаншалармен ұсталатын қалдықтар жұмыс картасының беті бойына жиналады және орналастырылады, үстіңгі жағынан топырақпен оқшаулайтын қабатпен тығыздалады.
108. Ашық су қоймаларына жер асты және бетіндегі жиналған ағындарды бұратын айналма арналар жүйелі түрде қоқыстан тазартылып отырады.
109. Полигонның аумағында ҚТҚ-ны жағуға жол берілмейді, ал олар өздігінен жанған жағдайда полигон персоналы өздігінен сөндіреді.
110. Полигонды жабуды оны жобада көзделген биіктікте топырақпен жапқаннан кейін жүзеге асырады. Пайдалану мерзімі 5 жылдан кем полигондарда кейінгі отыруды есепке ала отырып, көзделген тік белгіден 10 %-ға асатын үдерісте жабуға жол беріледі.
111. Полигонды жабу алдында қалдықтардың соңғы қабатын топырақтың сыртқы оқшаулағыш қабатымен түпкілікті жабады.
112. Сыртқы оқшаулағыш қабатты түпкілікті жоспарлаған кезде полигонның шеттеріне қарай су ағатын еңістіктер орнатады.
113. Полигонның сыртқы еңістерін бекітуді полигонды пайдаланудың басынан бастап оның биіктігінің көтерілу шамасына дейін жүргізеді. Полигонның сыртқы еңістеріне арналған материал ретінде топырақ пайдаланылады.
114. Полигонның жоғарғы оқшаулағыш қабатын құру полигон жабылғаннан соң оны пайдаланудың көзделген жағдайларымен анықталады. Жабық полигонды орман-саябақ кешенін, шаңғы спортына арналған төбе немесе төңіректі көзбен шолуға арналған қарау алаңын салу үшін пайдаланған кезде сыртқы оқшаулағыш қабаттың қалыңдығын кемінде 0,6 м көздейді.
115. Полигон еңістерінің үгіліп-мүжілуінен немесе топырағының шайылуынан қорғау үшін сыртқы оқшаулағыш қабатты салғаннан кейін оларды терраса түрінде көгалдандырады.
116. Қайта құнарланатын полигон аумағын күрделі құрылысқа пайдалануға жол берілмейді.
117. Істен шыққан карьерлер, жасанды жасалған қуыстар ластанған жауын-шашын және ағынды сулар жиналатын орын болып табылады. Осы аумақты шаруашылықта пайдалануға жарамды күйге қайтару үшін оған қайта құнарландыру жүргізеді.
118. Карьерлерді және басқа да жасанды жасалған қуыстарды инертті қалдықтарды, ҚТҚ-ны және 3-4 қауіптілік сыныбы қалдықтарын пайдалана отырып жабуға жол беріледі. Қалдықтардың кез келген түрлерін пайдалану кезінде олардың морфологиялық және физикалық-химиялық құрамын анықтайды. Тамақ қалдықтарының жалпы мөлшері 15 %-дан аспауы тиіс. Қалдықтарды орналастыруға арналған негіз қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған полигонды жобалау, пайдалану және қайта құнарландыру бойынша белгіленген тәртіп талаптарын қанағаттандыруы тиіс.
119. Қайта құнарландырылатын карьерге арналған СҚА-ның мөлшерін ҚТҚ-ның қоқыс тиеу станцияларына арналған СҚА-ның мөлшеріне тең қабылдайды және жақын орналасқан тұрғын үй құрылысынан кемінде 100 м құрауы тиіс. Қайта құнарландырылатын карьердің қоршауы және жұмысты орындауды қамтамасыз етуге арналған уақытша шаруашылық-тұрмыстық объектілері болады.
120. ҚТҚ полигоны мен өндіріс қалдықтарын көму полигонында технологиялық бақылауды полигон зертханасы немесе аккредиттелген зертханаларды тарта отырып жүзеге асырады. Зертхана қалдықтардың фракциялық, морфологиялық және химиялық құрамын; контейнерлерді жуу режимдерін сақтауды; атмосфералық ауаның, ашық су қоймалары суының, полигонның жұмыс аймағындағы және СҚА шекарасындағы жер асты суларының ластану жағдайын бақылайды.
121. Өндірістік (зертханалық) бақылауды жер асты сулары ағысы бойынша полигоннан жоғары және төмен, сондай-ақ полигоннан жоғары жер асты су көздерінде және полигоннан төмен су бұрғыш арналарда жүзеге асырады.
122. Полигонның істен шыққан учаскелері мен СҚА шекарасы үстіндегі атмосфералық ауа сынамаларын қоспалардың болуына талдауларды тоқсан сайын жүргізеді. Анықталатын көрсеткіштердің мөлшерін және сынамалар мөлшерінің кезеңділігін полигонды өндірістік бақылау жобасында негіздейді. Атмосфералық ауа сынамаларын талдау кезінде метан, күкіртті сутек, аммиак, көміртегі тотығы, бензол, үш хлорметан, төрт хлорлы көміртек, хлорбензол анықталады.
123. Өндіріс қалдықтарын көму полигонында қалдықтардағы бақыланатын зиянды заттар тізбесі қалдықтар құрамына тәуелді болады.
124. СҚА шекарасында атмосфераның РЕШШ-дан артық ластануы және жұмыс аймағында РЕШШ-дан артық екені анықталғанда ластану деңгейін төмендету бойынша шаралар қабылданады.
125. Өндірістік бақылау жүйесі полигонның ықтимал әсер ету аймағындағы топырақтың жағдайына бақылауды қамтиды. Топырақтың сапасын химиялық (ауыр металдар, нитриттер, нитраттар, гидрокарбонаттар, органикалық көміртегі, рН, цианидтер, қорғасын, сынап, күшәланың болуы), микробиологиялық (жалпы бактериологиялық сан, коли-титр, протей титрі), паразитологиялық (гельминт жұмыртқалары) және радиологиялық көрсеткіштер бойынша бақылайды.
6. Ағызу станцияларын күтіп-ұстауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
126. Ағызу станцияларның диаметрі кемінде 400 мм кәріз коллекторының жанына орналастырады, бұл ретте ағызу станциясынан түсетін ағынды судың мөлшері коллектор бойынша жалпы есепті шығынның 20 %-нан аспауы тиіс.
127. Ағызу станциясына арналған учаскені тұрғын және қоғамдық ғимараттар мен құрылыстарға қатысты желдің ық жағына орналастырады. Жер учаскесінің көлемі су ағынының 1000 литріне 0,2 гектар есебінен анықталады. Учаскеге кіретін жолдар және аумақтың айналасына қорғайтын көгалдандыру жолағы көзделеді. Кіретін жолдар мен аумақта түнгі уақытта жарықтандыру болуы тиіс.
128. Ағызу станциясы айналасындағы СҚА көлемі кемінде 1000 м болады.
129. Ағызу станциясы өндірістік және шаруашылық-ауыз су мақсатына арналған сумен мынадай есеппен қамтамасыз етіледі: бранспойттармен көлік құралдарын жуу үшін 30%, қабылдау құйғыштары арнасында сұйық қалдықтарды араластыру үшін 25% және торлар бөлімшесінде және су шымылдығын жасау үшін 45% және ішке сору-сыртқа шығару желдеткіші болады.
130. Ағызу станциясында мынадай бөлімшелер қарастырылады: ірі механикалық қоспаларды бөлуге арналған торлары бар қабылдау (тиеу) орны, құм тұтқыштар, ірі қоспалар және құмды арнайы жинағыштарда уақытша сақтауға арналған бөлімше, әкімшілік, тұрмыстық және қосалқы үй-жайлар. Әкімшілік-тұрмыстық және қосалқы үй-жайларды өндірістік үй-жайлармен бірге бір ғимаратта орналастырған жағдайда, олар оқшауланады және кіретін есіктері бөлек болады.
131. Вакууммен толтырылған автоцистернадан сұйық қалдықтарды төгуді қабылдау құрылғыларына алу түтік құбырлары арқылы жүргізеді.
132. Ағызу станциясынан түсетін ағынды сулардың құрамында ірі механикалық қоспалар, құм болмауы тиіс және көрсеткіші ОБКтолық 1000 л/мг жоғары болуы тиіс. Кәріз желісіне жіберу алдында жиналған сулар торларға және құм тұтқыштарға түседі. Торлар мен құм тұтқыштарды тазалау үдерістерін механикаландырады. Механикалық қоспалар мен құм тығыз жабылатын қақпағы бар арнайы ауыстырмалы жинағыштарға жиналады.
133. Сұйық қалдықтарға су 1:1 есебінен су қосылады, қатты қоспаларды қоқыс үгітетін қондырғыларда ұсатады да кәрізге жібереді, ал олар болмаған жағдайда ҚТҚ-ды залалсыздандыру үшін бөлінген орындарға күнделікті шығарылады.
134. Кәрізденбеген елді мекендерде қатты және сұйық қалдықтарды бөлек жинайды. Сұйық қалдықтар су өткізбейтін қазылған орларға жиналады және ассенизация алқаптарына немесе жер жырту алқаптарына ассенизациялау көлігімен шығарылады.
135. Ассенизация алқаптарын ыңғайлы кіретін жолдары бар қоныстану аймағының шекараларынан кемінде 1000 м арақашықтықта орнатады.
136. Алқаптарды жазғы және қысқы аумақтарға және бөлек учаскелерге (карталар) бөледі. Сұйық қалдықтарды жер жыртылған беттерге төгеді және 20 см тереңдікке жерді жыртады. Қысқы учаскелерді күзден бастап жыртады және қыста төгеді, ал көктемде учаске кепкеннен кейін қайта жыртады.
137. Ассенизация алқаптарында техникалық дақылдарды себуге жол беріледі және оларды көкөніс дақылдарын себуге пайдалануға жол берілмейді.
138. Жер жырту мен ассенизация алқаптары қоршалады, көлік жууға арналған алаңдарды белгілейді. Жұмысшыларға арналған үй-жай сумен және жарықтандырумен қамтамасыз етіледі.
«Өндіріс және тұтыну қалдықтарын
 жинауға, пайдалануға, қолдануға,
 залалсыздандыруға, тасымалдауға,
 сақтауға және көмуге қойылатын
 санитариялық-эпидемиологиялық
 талаптар» санитариялық
 қағидаларына 1-қосымша
Қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына шектеусіз қабылданатын және оқшаулағыш материал ретінде пайдаланылатын ІV қауіптілік сыныбының өндіріс қалдықтарының тізбесі
 

р/с
Қалдықтар түрі
1 Алюминий силикатты шлам СБ-Г-43-6
2 Асбоцемент сынықтары
3 Асбоцемент ұнтағы
4 Бентонит қалдықтары
5 Кальций карбидін өндірудің істен шыққан графиті
6 В-6 витаминін өндірудің құрамында гипс бар қалдықтары
7 Қайнайтын әк, әктас, сөнгеннен кейінгі шлам
8 Химиялық тұндырылған бордың қатты қалдықтары
9 Істен шыққан брикеттер түріндегі алюминий тотығы
10 Кремний тотығы (ПВХ және AlCl3 өндіргенде)
11 Паратит қалдықтар
12 Натрий сульфаты тұздарының қоспасы
13 Селикагель (уытты емес газдарды кептіру адсорберлерінен)
14 Сүзгі престердің шламдары селикагель өндірісі
15 Соданың түйіршіктелген шламы
16 CaSO4 түрінде дистилденген сода-цемент өндірісінің қалдығы
17 Құрамында ауыр металдар жоқ қалыптағы өзекті қоспалар
18 Химиялық суды тазалау және суды жұмсарту шламдары
19 Ағынды сулардың хлорлы-натрий тұнбалары
20 Стандартты емес хлорлы әк
21 Шифер өндірісінің қатты қалдықтары
22 ЖЭО, көмірмен, шымтезекпен, тақта таспен немесе тұрмыстық қалдықтармен жұмыс істейтін қазандықтар шлактары
23 Ажарлау материалдары
24 Құрылыс қалдықтары: құрылыс топырағы, бетонның, ерітінділердің қалдықтары, ПГС, сынған кірпіштер, керамикалық бұйымдардың, саманның, саздың қалдықтары және т.б.
«Өндіріс және тұтыну қалдықтарын
 жинауға, пайдалануға, қолдануға,
 залалсыздандыруға, тасымалдауға,
 сақтауға және көмуге қойылатын
 санитариялық-эпидемиологиялық
 талаптар» санитариялық
 қағидаларына 2-қосымша
Полигонға шектеулі қабылданатын және бірге сақталатын ІІІ-ІV қауіптілік сыныбының өндіріс қалдықтарының тізбесі (қатты тұрмыстық қалдықтардың 1000 м3 арналған норматив)
 

р/с
Қалдықтар түрі ҚТҚ-ның 1000 м3 -не
өндіріс қалдықтары
тоннамен
шекті мөлшері
1 2 3
1 Сірке ангидриді өндірісінің текше қалдықтары 3
2 резит қалдықтары (қатты формальдегид шайыры) 3
3 Көпіретін полистирол пластиктері өндірісінің қатты қалдықтары 10
Электрмен оқшаулау материалдары өндірісі кезіндегі қалдықтар:
1 Электротехникалық парақты гетиннакс Ш-8,0 10
2 Жабысқақ таспа ЛСНПЛ-0,17 3
3 ПНП полиэтилен түтікше 10
4 Шыны лакты мата ЛСЭ-5 3
5 Шыны мата Э2-62 3
6 Электротехникалық парақты текстолит Б-16,0 10
7 Фенопласт 03-010-02 10
Суспензиялық, эмульсиялық өндірістің қатты қалдықтары:
1 Акрилнитрол немесе метилметал крилат бар стирол сополимерлері 3
2 Полистирол пластиктері 3
3 Акрилонитрилбутадиенстирол пластиктері 10
4 Полистиролдар 3
«Өндіріс және тұтыну қалдықтарын
 жинауға, пайдалануға, қолдануға,
 залалсыздандыруға, тасымалдауға,
 сақтауға және көмуге қойылатын
 санитариялық-эпидемиологиялық
 талаптар» санитариялық
 қағидаларына 3-қосымша
Шекті мөлшерде қабылданатын және ерекше жағдайларды сақтай отырып жиналатын ІІІ-ІV қауіптілік сыныбының өндіріс қалдықтары тізбесі
 

р/с
Қалдықтар түрі Өнеркәсіп қалдықтарының шекті мөлшері (1000 м3 ҚТҚ тоннасына) Полигонда жинаудың немесе өнеркәсіптік
кәсіпорындарда
дайындаудың ерекше
жағдайы
1 2 3 4
1 В-6 витамині өндірісінің белсендірілген көмір 3 0,2 м аспайтын қабатпен салу
2 Ацетобутилатцеллюлоза қалдықтары 3 ылғалданған жағдайда 0,3 х 0,3 х 0,3 м аспайтын мөлшерде бумамен сығымдау
3 Ағаш және үгінді жаңқалы қалдықтары 10 Өндірістік үй-жайларда едендерге төсеуге кететін үгінділер болмауы тиіс
4 Хром құрағы 3 0,2 м дейінгі қабатпен салу
5 Қайтарылмайтын
ағаш және қағаз ыдыстар
10 Майға шыланған қағаздар болмауы тиіс
6 Теріні алмастыратын қиындылар 3 0,2 м аспайтын қабатпен салу
7 Ағартылған жер 3 0,2 м аспайтын қабатпен салу
8 Фаолит шаңы 3 Ылғалды түрде қаптарға салу
«Өндіріс және тұтыну қалдықтарын
 жинауға, пайдалануға, қолдануға,
 залалсыздандыруға, тасымалдауға,
 сақтауға және көмуге қойылатын
 санитариялық-эпидемиологиялық
 талаптар» санитариялық
 қағидаларына 4-қосымша
Нысан
Полигонға жіберілетін өндірістік қалдықтар туралы анықтама
Тіркеу № _______________
 Қалдықтарды тапсырған кәсіпорынның атауы ____________________________
 Жіберілген күні_______________ машина № _____________________________
 Арнайы көлік шаруашылығымен немесе полигонмен шарт № ________________
 Қалдық түрлерінің атауы _____________________________________________
 Мөлшері: тоннамен _________________________________________________м3 
Қолдары:
 Қалдықтары тиеді ____________________________________________________
 Қалдықтарды полигонға тапсырды ______________________________________
 Қалдықтарды қабылдады _______________________________________________
 Қабылданған күні 20 __ жылғы «_____» ________________________________
 Қабылданбады (себебін көрсету) ______________________________________
---------------------------------------------------------------------
Анықтамаға бақылау талоны  (қалдықтарды тапсыратын кәсіпорынға беріледі) _______________________
 Қалдықтарды тапсырған кәсіпорынның атауы ____________________________
 Қабылданған күні _______________________ автомашина № _______________
 Қалдықтардың түрі _________________ мөлшері т., м3 ___________________
 Қалдықтарды қабылдаған адам _________________________________________
 Қалдықтарды тапсырған адам __________________________________________
«Өндіріс және тұтыну қалдықтарын
 жинауға, пайдалануға, қолдануға,
 залалсыздандыруға, тасымалдауға,
 сақтауға және көмуге қойылатын
 санитариялық-эпидемиологиялық
 талаптар» санитариялық
 қағидаларына 5-қосымша
Нысан
Қатты тұрмыстық қалдықтардың мөлшерін есепке алуды журналы
 
Күні Ұйым анықтамасының тіркеу нөмірі Қалдықтардың тиеп жіберген ұйымның атауы Қалдықтардың түрі Қалдықтардың мөлшері Картаның
нөмірі
тонна м 3
1 2 3 4 5 6