Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 77-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді аттестаттау мен есепке алу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 желтоқсандағы № 1589 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 16 наурыздан бастап ҚР Үкіметінің 24.02.2016 жылғы № 105 Қаулысына сәйкес «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді аттестаттау мен есепке алу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 21.10.2015 жылғы № 18-02/937 Бұйрығын қараңыз
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 77-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді аттестаттау мен есепке алу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2011 жылғы 23 желтоқсандағы № 1589 қаулысымен бекітілген
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді аттестаттау мен есепке алу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді аттестаттау мен есепке алу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 77-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленген және мемлекеттік орман қоры учаскелерінде селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді аттестаттау мен есепке алу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) орман тұқымы плантациялары (бұдан әрі - ОТП) - тұқым қуалаушылық қасиеттері құнды тұқымдар алуға арналған екпелер селекциясының әртүрлі әдістерін қолдану негізінде жасанды жолмен құрылатын плантациялар;
2) тұрақты орман тұқым учаскелері (ТОТУ) - ұзақ уақыт кезеңі бойына қалыпты және жақсартылған тұқымдар алу үшін арнайы қалыптастырылған аналық екпелер. ТОТУ шығу тегі табиғи (жасандыдан сирек) жоғары өнімді, жоғары сапалы екпелерде отырғызылады;
3) артықшылығы бар екпелер - орман өсірудің белгілі бір жағдайларына арналған жоғары өнімді және тұрақты екпелер;
4) аналық плантациялар - оларды көптеп көбейту және ұластырған шабыққа кейіннен ұластыру үшін сап дайындау мақсатында артықшылығы бар ағаштардың вегетативтік тұқымын пайдалану арқылы құрылатын плантациялар;
5) клондық ОТП - артықшылығы бар немесе элиталық ағаштардың вегетативтік ұрпағын (клондарын) пайдаланып құрылатын ОТП;
6) тұқымдас ОТП - артықшылығы бар ағаштардың тұқымдарынан өсірілген көшеттерді немесе екпе көшеттерді отырғызумен құрылған ОТП;
7) вегетациялық кезең - өсімдіктердің өсу мен өрістеуі (вегетация) мүмкін болатын жылдың кезеңі;
8) орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру саласында басқару мен бақылау функциясын жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
2. Селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді аттестаттау тәртібі
3. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді аттестаттауды осы салада маманданған ұйымдар (бұдан әрі – мамандандырылған ұйым) жүзеге асырады.
3-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 21.11.2012 № 1472 (23.12.2011 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
4. Мамандандырылған ұйымы бірінші басшысының бұйрығымен мынадай құрамда аттестаттау комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) құрылады:
1) мамандандырылған ұйымның бірінші басшысының орынбасары (Комиссияның төрағасы);
2) мамандандырылған ұйымның мамандары;
3) уәкілетті органның аумақтық органының өкілі;
4) аумағынан селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілер анықталған орман иеленушінің өкілі.
5. Селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді аттестаттау:
1) анықталған және құрылған селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілердің дайындығына қарай кез келген уақытта вегетациялық кезеңде өткізіледі;
2) осы Қағидалардың 1, 2, 3 -қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді алдын ала есепке алу және іріктеу бойынша материалдар болған жағдайда жүзеге асырылады.
6. Комиссия селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді анықтаған ұйым өкілдерінің және мемлекеттік орман иеленуші өкілдерінің қатысуымен олардың нысаналы мақсатына сәйкес келуін орынға барып айқындайды.
7. Селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді нәтижелері бойынша Комиссияның қорытындысы осы Қағидалардың 4 -қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік орман қоры аумағындағы селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді тексеру нәтижелері және орман иеленушіге беру-қабылдау актісінде (бұдан әрі - акт) көрсетіледі. Комиссияның оң қорытындысы болған жағдайда Комиссия актіге қол қойғаннан кейін күнтізбелік үш күн өткен соң селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объект аттестацияланған болып есептеледі.
8. Анықталған және құрылған селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілер өздерінің нысаналы мақсатына сәйкес келмеген жағдайда Комиссия теріс қорытынды береді.
9. Аттестацияланған селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді орман иеленушіге беру актіге қол қою кезінде бір мезгілде жүзеге асырылады.
10. Аттестацияланған селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерге Комиссия осы Қағидалардың 5, 6, 7 -қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша паспорттарды толтырады. Паспорттарға орамдық желіге немесе басқа тұрақты бағдарларға байланыстырылған селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілердің орналасуының сызбалық жоспарлары қоса тіркеледі.
11. Аттестацияланған селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерге паспорттар алты данада: біріншісі - мемлекеттік орман иеленуші; екіншісі - мемлекеттік орман иеленуші қарауында болатын мемлекеттік орган; үшіншісі - уәкілетті органның аумақтық органы, төртіншісі - мамандандырылған ұйым, бесіншісі - уәкілетті орган және алтыншысы - селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді анықтаған ұйым үшін толтырылады.
12. Аттестацияланған селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілер:
1) жергілікті жерде арнайы белгілерімен шектеледі, оларға осы Қағидалардың 8 -қосымшасында көрсетілген орман шаруашылығы таңбалары басылады;
2) осы Қағидалардың 9 -қосымшасына сәйкес нысан бойынша жиынтық ведомосқа енгізіледі. Жиынтық ведомості мамандандырылған ұйым толтырады және жүргізеді.
3. Селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді есепке алу тәртібі
13. Селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді есепке алу, олардың жай-күйіне және нысаналы пайдаланылу дәрежесіне талдау жасау үшін мамандандырылған ұйым уәкілетті органның аумақтық органдарының және орман иеленушілердің өкілдерімен бірлесіп жыл сайын оларды тексеріп отырады.
14. Вегетациялық кезеңде табиғи күйін көзбен шолып тексеруге барлық аттестацияланған селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілер жатады.
15. Тексеру көлемі олардың алқабына байланысты және осы Қағидалардың 10 -қосымшасына сәйкес анықталады.
16. Әрбір селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объект бойынша оның қаз-қалпында ресімделуі (шекаралық белгілердің және оларда жазбалардың болуы), оның жай-күйі (ағаштарды зиянкестердің бүлдіру және ауруға шалдығу, механикалық және басқа да зақымдар нышандарының болуы, ұшарбаста кеуіп бара жатқан бұтақтардың сипаты және болуы, екінші қабаттың өсуі, ағаш астында өсімдіктердің өсуі), нысаналы пайдаланылуы (бүрлер, жемістер, тұқымдар, қалемшелер дайындау), сондай-ақ паспорттағы немесе жиынтық ведомостағы жазбалардың нақты деректерге сәйкестігі айқындалады.
17. Мамандандырылған ұйым материалдарды қорытып, селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілердің бар-жоғы және олардың жай-күйі жайында осы Қағидалардың 11 және 12 -қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша уәкілетті орган мен олардың аумақтық органдарына ағымдағы жылдың 15 желтоқсанына дейін жыл сайын ақпарат беріп отырады соларды одан әрі пайдалану, қорғауды жақсарту, қаз-қалпында ресімдеу, қайта жаңарту (қалпына келтіру) немесе есептен шығару жөнінде уәкілетті органға енгізеді.
18. Селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілердің бар-жоғы олардың жай-күйі туралы ақпаратты қарағаннан кейін уәкілетті орган олардың жай-күйін одан әрі жақсарту мен пайдалану немесе есептен шығару жөніндегі шаралар туралы уәкілетті органның бұйрық нысанындағы шешімін қабылдайды.
19. Уәкілетті органның шешімі негізінде мамандандырылған ұйым селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілердің жиынтық ведомостары мен паспорттарына өзгерістер енгізеді және орман орналастыру жұмыстарын жүргізу кезінде пайдалану үшін оларды мемлекеттік орман орналастыру ұйымына жеткізеді.
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді аттестаттау мен есепке алу қағидаларына 1-қосымша
Нысан
ОТП-ны (аналық, клондық, тұқымдас) есепке алу № карточкасы
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |