Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 99-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шөп шабу және мал жаю қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 қарашадағы № 1338 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 16 наурыздан бастап ҚР Үкіметінің 24.02.2016 жылғы № 105 Қаулысына сәйкес «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шөп шабу және мал жаю қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 12.10.2015 жылғы 18-02/909 Бұйрығын қараңыз
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 99-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шөп шабу және мал жаю қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 қарашадағы № 1338 қаулысымен бекітілген
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шөп шабу мен мал жаю қағидалары 1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шөп шабу мен мал жаю қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 99-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шөп шабу мен мал жаю тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) орманның генетикалық резерваты – генетикалық-селекциялық тұрғыдан алғанда бағалы өсімдіктер түрі, қосымша түрі таралымдарының бір бөлігі бар орман учаскесі;
2) орман пайдалану – орман ресурстарын және орманның пайдалы қасиеттерін пайдалану жөнінде заңдық және экономикалық тұрғыдан реттелген қызмет;
3) орман пайдаланушы – Қазақстан Республикасының Орман кодексінде белгілеген тәртіппен уақытша орман пайдалану құқығы берілген жеке немесе заңды тұлға;
4) орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның ведомствосы – орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру саласында басқару мен бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
2. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шөп шабу мен мал жаюға жарамды алқаптарды анықтау тәртібі
3. Шөп шабу мен мал жаюға болатын мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның ведомствосы бекіткен орман орналастыру жобаларына сәйкес мемлекеттiк орман иеленушiлер айқындайды.
4. Шөп шабу үшін мемлекеттік орман қорының құрамына енетін осы мақсатқа жарамды ауыл шаруашылығы жерлерінің алқаптары бөлінеді, сондай-ақ алаңқайлар және шөп шабу басталғанға дейін орманды табиғи немесе жасанды жолмен жаңарту, оларды жақсарту жөнінде басқа да іс-шаралар жүргізу көзделмейтін басқа да орман көмкермеген жерлер, сондай-ақ қайта жаңартуға арналмаған құндылығы аз екпелердің жекелеген учаскелері пайдаланылады.
5. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шөп шабуға болатын алқаптарды жыл сайын шөп шабу басталғанға дейін орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның ведомствосы бекіткен орман орналастырудың жоспарлау-картографиялық материалдарының, сондай-ақ ормандарды түгендеу мен тексеру материалдарының негізінде орман иеленушілер нақтылайды.
3. Мемлекеттік орман қоры учаскелерін шөп шабу мен мал жаю үшін пайдалану тәртібі
6. Мал жаюға мемлекеттік орман қоры учаскелерінде осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес айқындалатын алқаптарда рұқсат етіледі, бұл ретте мал жаю үшін учаскелер таңдау орман жайылымдарын маусымдық пайдалану мүмкіндіктері, жайылым айналымдарын және оларға жеткілікті жүктемені ескере отырып, жүзеге асырылады.
7. Жайылым айналымдары жайылымдық жерлерді неғұрлым тиімді пайдалану, олардың шығымдылығын арттыру, топырақтың эрозияға ұшырауын төмендету немесе оны болдырмау мақсатында енгізіледі.
Жайылым айналымының алқабы:
1) өсу кезеңінің табиғи-климаттық жағдайларын;
2) жайылымдардың шығымдылық деңгейі;
3) эрозияға ұшырау үдерістерінің ықтимал мүмкіндігі және нақты байқалуы;
4) жабайы өсетін шөптердің ерекше құнды тұқымдарын жинау мүмкіндігі;
5) «демалыс» берудің орындылығы, яғни жыл бойына мал жаюды, шөп шабуды толық болдырмау ескеріле отырып, белгіленеді.
8. Мынадай мемлекеттік орман қоры учаскелерінде:
1) «орманның генетикалық резерваттарын», «ерекше құнды орман алаптарын» қоса алғанда, «мемлекеттiк өңірлік табиғи қорықтардың», «мемлекеттiк орман табиғат ескерткiштерiнің ормандары», «ғылыми маңызы бар орман учаскелерi» мемлекеттік орман қоры санаттарында, сондай-ақ мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер мен мемлекеттiк өңірлік табиғи парктердің қорық режимі аймақтарында, мемлекеттік өңірлік табиғи резерваттардың қорықтық кіндігі аймақтарында;
2) рекреациялық пайдалану аймақтарындағы, әкiмшiлiк-өндiрiстiк мақсаттағы, келушiлер мен туристерге қызмет көрсетуге арналған кіші аймақтардағы «мемлекеттiк ұлттық табиғи парктердің ормандары» және «мемлекеттiк өңірлік табиғи парктер ормандары» мемлекеттiк орман қоры санаттарында; бүлдірілген ландшафтарды қалпына келтiру аймағындағы «мемлекеттiк табиғи резерваттар ормандары» мемлекеттiк орман қоры санатында; тапсырыс режимi аймағындағы «мемлекеттiк қорық аймақтары ормандары» мемлекеттiк орман қоры санатында; «жаңғақ кәсiпшiлiгi аймақтары», «орманның жемiс екпелерi», «aca биiк тау ормандары», «мемлекеттiк қорғаныштық орман белдеулерi», «эрозияға қарсы ормандар», «өзендер, көлдер, су қоймалары, каналдар және басқа да су объектiлерi жағалауларындағы ормандардың тыйым салынған белдеулерi» мен «халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланудағы темiр жолдар мен автомобиль жолдарының, магистральдық құбырлар мен басқа да желiлiк құрылыстардың бөлiп берiлген белдеулерiндегi қорғаныштық екпелер», «халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланудағы темiр жолдар мен автомобиль жолдары бойындағы қорғаныштық орман белдеулерi» мемлекеттiк орман қоры санаттарында;
3) Тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
3-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 18.10.2013 жылғы № 1102 Қаулысымен (14.11.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.10.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
9. Мал жаюға рұқсат етілген учаскелер тізбесін мемлекеттік орман қоры жерлерінің жай-күйіне қатысты болып жатқан өзгерістерді, сондай-ақ орманды қалпына келтіру іс-шараларын жүргізу мен орман ресурстарын дайындау жоспарларын ескере отырып, мемлекеттік орман иеленушілер жыл сайын нақтылап отырады.
10. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ешкі жаюға арнайы бөлінген қоршалған учаскелерде ғана рұқсат етіледі.
10-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 18.10.2013 жылғы № 1102 Қаулысымен (14.11.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.10.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
11. Шөп шабу мен мал жаю үшін мемлекеттік орман қоры учаскелері қысқа мерзімді (1 жылға дейін пайдалану мерзіміне) және ұзақ мерзімді (10 жылға дейін пайдалану мерзіміне) орман пайдалануға беріледі.
12. Орман иеленушілер Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 шілдедегі Жер кодексінің 36, 41-баптарына сәйкес шөп шабу мен мал жаюға жарамды мемлекеттік орман қоры учаскелерінен оларды алуға құқығы бар орман шаруашылығы мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар қызметкерлеріне шөп шабу үшін қызметтік жер телімдерін, мал ұстайтын осы қызметкерлерге мал жаю үшін учаскелерді, сондай-ақ биотехникалық іс-шаралар өткізу шеңберінде қатаң жемшөп дайындау үшін мемлекеттік орман қоры учаскелерін бөледі.
13. Шөп шабу мен мал жаю үшін мемлекеттік орман қоры учаскелерін ұзақ мерзімді орман пайдалануға бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 қаңтардағы № 32 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман ресурстарын ұзақ мерзімді орман пайдалануға беру жөнінде тендерлер өткізу қағидаларына сәйкес тендерлік негізде жүзеге асырылады.
Бұл тармақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға қолданылмайды.
14. Шөп шабу мен мал жаюға жарамды қалған алқаптар туралы мәліметтерді (осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетілгеннен басқа) орман иеленушілер тендер ұйымдастырушыларға шөп шабу мен мал жаю басталғанға дейін екі айдан кешіктірмей береді.
15. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінен шөп шабатын және мал жаятын жерлердің бөлінуіне мұқтаж орман пайдаланушылар:
1) ұзақ мерзімді негізде (ұзақ мерзімді орман пайдалану) тендер өткізуді ұйымдастырушыларға шөп шабу мен мал жаю үшін ұзақ мерзімді пайдалануға мемлекеттік орман қоры учаскелерін беру бойынша тендерге қатысуға арналған өтінім-лоттарды орман иеленушілердің дайындауы үшін тиісті өтінімдер жібереді;
2) қысқа мерзімді негізде (қысқа мерзімді пайдалану) шөп шабу мен мал жаю басталғанға дейін екі айдан кешіктірмей орман иеленушілерге орман пайдалану үшін учаскелер беру жөнінде өтініш жазады.
16. Тендерлер өткізуді ұйымдастырушылар шөп шабу мен мал жаю үшін мемлекеттік орман қоры учаскелерін беру жөнінде өткізілген тендерлердің нәтижелері негізінде мемлекеттік орман қоры учаскелерін ұзақ мерзімді орман пайдалануға беру туралы шешім қабылдайды, оның негізінде тендерлер өткізуді ұйымдастырушылар мен орман пайдаланушылар арасында осы учаскелерді ұзақ мерзімді пайдалану туралы шарт жасалады, оларда осы учаскелерді пайдалану жөніндегі талаптармен және тараптардың өзара қарым-қатынастарының шарттарымен қатар Қазақстан Республикасының ормандарында өрт қауіпсіздігін сақтауды айқындайтын нормативтік құқықтық актіні орындау, оларға бөлінген шөп шабатын және мал жаятын жерлерді қорғау және олардың сапасын жақсарту іс-шараларын жүргізу жөніндегі соңғыларының міндеттері белгіленеді.
17. Шалғайдағы мал шаруашылығы үшін мемлекеттік орман қоры учаскелерін беру жөніндегі өтінім-лоттарды дайындау кезінде көршілес аудандардың, облыстардың қажеттілігін ескеру керек.
18. Орман иеленушілер өткізілген тендерлердің нәтижелері бойынша жасалған шарттарға сәйкес және орман пайдаланғаны үшін төлем жасалғанын куәландыратын құжаттардың негізінде тендерлердің жеңімпаздарына орман билеттерін жыл сайын беріп тұруды және оларға шөп шабу мен мал жаю үшін мемлекеттік орман қоры учаскелерінің табиғи түрінде берілуін қамтамасыз етеді. Орман билетінде пайдалану алаңы мен орны, төлем мөлшері, шөп шабу мен мал жаюды жүргізу мерзімі мен шарттары көрсетіледі.
19. Шөп шабу мен мал жаю үшін мемлекеттік орман қоры учаскелерін қысқа мерзімді пайдалануға беру кезінде орман пайдаланушының өтініші және орманды пайдаланғаны үшін төлем жасалғанын куәландыратын құжаттардың негізінде орман пайдаланушыларға да орман билеті жазып беріледі.
20. Берілген мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шөп шабу мен мал жаю орман билеттерінде көрсетілген мерзімдерде жүзеге асырылуы тиіс.
21. Шөп шабу мен мал жаю үшін берілген мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 39 -41 -баптарына сәйкес тоқтатыла тұрады, шектеледі немесе тоқтатылады.
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шөп шабу және мал жаю қағидаларына қосымша
Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі мал жаю алқаптарын анықтау
р/с № | Табиғи аймақтар | Үй жануарларының түрлері | Мал жаю алқабы, 1 басқа га |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Жартылай шөлейт және шөлейт | Қой Ірі қара мал (ІҚМ) Жылқы | 7,0 7,0 5,0 |
2 | Далалы | Қой (ІҚМ) Жылқы | 1,5-3,0 1,5-3,0 1,0-2,25 |
3 | Таулы | Қой (ІҚМ) Жылқы | 0,75-1,5 0,75-1,5 1,0 |
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |