Toggle Dropdown
3
Тарихи-мәдени сараптама жүргізудің ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрінің 2007 жылғы 20 тамыздағы N 219 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 14 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4933 болып енгізілді.
Toggle Dropdown
Редакция 23.10.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі Заңының 19-бабының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Тарихи-мәдени сараптама жүргізудің ережесі бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Тарихи-мәдени мұра департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Toggle Dropdown
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жолдасын;
Toggle Dropdown
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр А.И. Бөрібаевқа жүктелсін.
Toggle Dropdown
4. Осы бұйрық оның бірінші рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
2
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат министрінің
2007 жылғы 20 тамыздағы
№ 219 бұйрығымен
бекітілген
Toggle Dropdown
Тарихи-мәдени сараптама жүргізудің ережесі
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы тарихи-мәдени сараптама жүргізудің ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабы 7) тармақшасына сәйкес әзірленген және тарихи-мәдени мұра объектілеріне тарихи-мәдени сараптама жүргізудің тәртібін айқындайды.
Toggle Dropdown
2. Тарихи-мәдени сараптама (бұдан әрі - сараптама) мәдени-мұра объектісінің тарихи-мәдени маңызын және сақталу деңгейін белгілеу мақсатында жүргізіледі.
Toggle Dropdown
3. Халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне сараптаманың жүргізілуін тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) қамтамасыз етеді.
Toggle Dropdown
4. Тарихи-мәдени мұра объектілеріне немесе жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне сараптаманың жүргізілуін қамтамасыз етуді облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - жергілікті атқарушы орган) қамтамасыз етеді.
Toggle Dropdown
2-тарау. Тарихи-мәдени сараптама жүргізудің тәртібі
Toggle Dropdown
5. Тарихи-мәдени мұра объектілеріне немесе тарих және мәдениет ескерткіштеріне сараптама уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органның шешімі негізінде тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-жаңғырту жұмыстарын жүргізу лицензиясы бар сарапшыны (сарапшыларды) сараптамалық жұмысты орындау шартын жасау арқылы жүргізіледі.
Toggle Dropdown
Сараптаманы бірнеше мекеме немесе сарапшы жүргізген жағдайда сараптамалық жұмысты орындау шарты әрқайсысымен жасалады.
Toggle Dropdown
6. Уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган сарапшыға (сарапшыларға) мынадай материалдар ұсынады:
Toggle Dropdown
1) тарихи-мәдени мұра объектісіне тарих және мәдениет ескерткіші мәртебесін беру мақсатында:
Toggle Dropdown
сипаттамасы, орнатылған уақыты мазмұндалған мәлімет;
Toggle Dropdown
тарихи-мәдени мұра объектісінің фотосуреті;
Toggle Dropdown
2) тарих және мәдениет ескерткіші мәртебесінен айыру мақсатында;
Toggle Dropdown
тарих және мәдениет ескерткішінің төлқұжаты, есеп карточкасы;
Toggle Dropdown
тарих және мәдениет ескерткішінің қорғау міндеттемесі;
Toggle Dropdown
3) тарих және мәдениет ескерткіштерінің орнын ауыстыруға және оларды өзгерту мақсатында:
Toggle Dropdown
тарих және мәдениет ескерткішінің төлқұжаты;
Toggle Dropdown
тарих және мәдениет ескерткішінің қорғау міндеттемесі;
Toggle Dropdown
тарихи-мәдени мұра объектісінің фотосуреті.
Toggle Dropdown
7. Сараптама сарапшыға (сарапшыларға) материалдарды ұсынған күнінен бастап отыз күнтізбелік күннен аспайтын, шартта көрсетілген мерзімде жүргізіледі.
Toggle Dropdown
Сараптаманы жүргізу үшін қосымша материалдар мен ақпаратты зерделеу қажет болған кезде сараптама жүргізудің шартта көрсетілген мерзімі мекеменің немесе сарапшының жазбаша ұсынымы негізінде отыз күнтізбелік күнге ұзартылады.
Toggle Dropdown
8. Уәкілетті орган және жергілікті атқарушы орган мүдделі мемлекеттік органдарға және басқа ұйымдарға сұрау салулар жіберу жолымен сарапшыға (сарапшыларға) қосымша материалдар мен ақпарат алуға жәрдем көрсетеді.
Toggle Dropdown
9. Сараптама жүргізу кезінде мекеме (сарапшы):
Toggle Dropdown
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы органмен жасалған шарттың талаптарын сақтайды;
Toggle Dropdown
2) тарихи-мәдени мұра объектісінің немесе тарих және мәдениет ескерткіштерінің орнына барып, тікелей қарауды жүзеге асырады;
Toggle Dropdown
3) сараптама жүргізу үшін ұсынылған сараптама объектісі, материалдар мен ақпараттар туралы мәліметтерді жария етпейді, сондай-ақ, оларға көпшілікте баға беруде қалыс қалады.
Toggle Dropdown
10. Сараптама жүргізу мүмкін болмаған жағдайда, сондай-ақ, оны жүргізуге кедергі келтіретін жағдайлар туындағанда, осы жағдай мәлім болған кезден бастап үш күн ішінде мекеме (сарапшы) уәкілетті немесе жергілікті атқарушы органды хабардар етеді.
Toggle Dropdown
11. Жүргізілген сараптаманың нәтижелері бойынша сараптама жүргізудің мәніне мекеменің (сарапшылардың) дәлелді, ғылыми негізделген, объективті және толық тұжырымдары қамтылған сараптамалық қорытынды жасалады.
Toggle Dropdown
12. Сараптамалық қорытынды сараптама жүргізген ұйымның фирмалық бланкісінде мемлекеттік және орыс тілдерінде екі данада жасалады, ал сараптаманы жеке тұлға жүргізген жағдайда қорытындыда оның тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса) және оның құзыреттілігін көрсететін деректер, сондай-ақ, қолы көрсетіледі.
Toggle Dropdown
13. Сараптамалық қорытынды ұсынымдық сипатқа ие.
Toggle Dropdown
14. Сараптамалық қорытындыда мыналар көрсетілуі тиіс:
Toggle Dropdown
1) сараптама жүргізген мекеме немесе тұлға, лицензия нөмірі және оның берілген мерзімі;
Toggle Dropdown
2) сараптама жүргізілген ғылымның саласы;
Toggle Dropdown
3) сараптаманың мәні мен мақсаттары;
Toggle Dropdown
4) сараптама объектісінің атауы;
Toggle Dropdown
5) сараптама объектісінің белгіленуі;
Toggle Dropdown
6) қойылған сұрақтарға негізделген және толық жауап.
Toggle Dropdown
15. Сараптама қорытындысында сараптама объектісі туралы қосымша мәліметтер көрсетілуі мүмкін.
Toggle Dropdown
16. Мекеме (сарапшы) жүргізілген сараптама нәтижесі бойынша:
Toggle Dropdown
1) объектіге тарих және мәдениет ескерткіші мәртебесін беру немесе бермеу туралы;
Toggle Dropdown
2) объектінің тарих және мәдениет ескерткіші мәртебесінен айыру немесе айырмау туралы;
Toggle Dropdown
3) тарих және мәдениет ескерткіштерінің орнын ауыстыруға және (немесе) оларды өзгертуге немесе ауыстырмауға және (немесе) оларды өзгертпеуге қорытынды береді.