Bestprofi Logo

Қаулы № 1335 от 2008-12-31г./Қазақстан Республикасының Үкіметі

"Мұнай операцияларына байланысты жер үсті және теңіз өндірістік объектілерін салу қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы

Отправить на почту


Языки документа

Внимание! Документ утратил силу с 20.11.2017 г.

Документ на казахском языке

"Мұнай операцияларына байланысты жер үсті және теңіз өндірістік объектілерін салу қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1335 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 20.11.2017 жылғы № 759 Қаулысына сәйкес

"Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған "Мұнай операцияларына байланысты жер үсті және теңіз өндірістік объектілерін салу қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті бекітілсін.

2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1335 қаулысымен бекітілген

"Мұнай операцияларымен байланысты жерүсті және теңіз өндірістік объектілерін салу қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті

1. Осы "Мұнай операцияларымен байланысты жерүсті және теңіз өндірістік объектілерін салу қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) мұнай операцияларымен байланысты жерүсті және теңіз өндірістік объектілері құрылысының қауіпсіздігіне, жобалау, салу мен монтаждау, қалпына келтіру, жөндеу процестеріндегі қойылатын талаптарды белгілейді.

Осы техникалық регламентте техникалық реттеу объектілеріне төмендегілер жатады:

1) мұнай операцияларымен байланысты жер үсті және теңіз өндірістік объектілері. Бұларға - бұрғылау қондырғысы, ұңғыма, мұнай әзірлеу бөліктері, сорғыш және сығымдағыш станциялар, құрлық пен теңізде орналасқан, көмірсутегілерді өндіру мен бастапқы әзірлеуге арналған қондырғылар мен құрылыстар кешенінің құраушылар мен қосалқы бөліктері, соның ішінде жобамен белгіленген жалғағыш жүйелер; кәсіптік құбырлар мен солардың желілік құрылыстары; мұнай айдау станциясы және басқа да объектілер (бұдан әрі - өндіріс объектілері);

2) өндіріс объектілерін жобалау, салу мен монтаждау, қалпына келтіру, жөндеу процестері.

2. Осы техникалық регламенттің техникалық реттеу объектілері оның талаптарын қолдану мақсатымен төмендегідей критерийлер бойынша сәйкестендіріледі:

1) өндіріс объектілеріне арналған жобалық құжаттардың түрлері мен құрамы бойынша;

2) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңдармен бекітілген тәртіппен жүзеге асырылатын құрылыстық-монтаждау жұмыстарының түрлері бойынша;

3) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңдарға сәйкес жобалық-сметалық құжаттардың қызметтік арналуы бойынша.

3. Өндіріс объектілерінің құрылысын салу мен монтаждау, қалпына келтіру, жөндеу кезінде аулақ болу жөн болатын негізгі қауіпті факторлар (қатерлер) мыналар болып табылады:

1) жобалық-сметалық құжаттарға сәйкес келмейтін құрылыс алаңшасы түрлі материалдардың құлауымен немесе жұмысшылардың қондырғылар мен жабдықтармен соқтығысуынан туындайтын жазатайым оқиғалардың бастапқы себебі болып табылады;

2) кеңістіктің жетіспеушілігі жұмысшылар мен көліктің емін-еркін қозғалып жүруін шектейді және жазатайым оқиғаларға жағдай тудырады;

3) адамдардың ернеулік қоршаулардан асып құлауы: жабындар мен алаңшалардың ашық жиектеріндегі таяныштар мен қоршағыш ернеулер;

4) жұмысшылардың құрылыс алаңшасында ретсіз түрде шашылған жабдыққа, құрал-саймандар мен материалдарға шалынып, тайғанап құлауы;

5) жер қазу жұмыстарын жүргізу кезінде топырақ қабырғалардың опырылып құлауының нәтижесінде жұмысшыларды басып қалу, жұмысшыларға жарақат әкелетін түрлі материалдардың немесе заттардың құлауы, қазаншұңқырға жұмысшылардың құлауы;

6) құрылыс алаңшаларында жер қазу жұмыстарын жүргізу барысында кернеу астында тұрған жерасты электркабельдерінің кездейсоқ түрде зақымдалуының нәтижесінде ауыр күйіктерге шалдығу;

7) арқандардың, сақтандырғыш торламалардың, сақтандырғыш белдіктер мен белбеулердің үзілуі;

8) судың бетінде немесе судың жанында жұмыс істеу кезінде оған құлап батып кету немесе ағынмен әкетілу қаупі орын алады;

9) тез тұтанғыш материалдар болған жабдықты шешіп алу мен құлату кезінде ыстық газ-жалынмен кесу әдістерін қолдану, жұмысшылардың ауыр жарақаттар алып және өлуіне әкеп соқтырады;

10) құрылыс кезінде қауіпті өндірістік нысанда қолданылып жатқан құрылыстар мен (немесе) техникалық құрылғылардың қирауы;

11) өндіріс нысаны аумағында адамға соққылық әсерін тигізуі мүмкін құрылыс материалдарының, құрылымдар мен жабдықтың бұзылуы мен ақаулануы;

12) өндіріс нысаны шегінде техногендік сипаттағы, адамды күйдіріп немесе үсітуі мүмкін ыстық немесе өте суық беттердің, сұйықтардың, газдардың, ауалық массалардың болуы;

13) төтенше жағдайлар кезіндегі көшіру жолдарында заттардың үйілуі және өзге де кедергілер;

14) өрт сөндіргіш және құтқару топтарының өндіріс нысанына қарай жүру жолдарында жобада ескерілмеген кедергілердің тұруы;

15) бұрғылау жұмыстары мен қаттық қысымы шектен тыс жоғары болатын аймақтарды аршу аудандарындағы тектоникалық бұзылулар;

16) топырақтың ығысуы және шайылулардың болуы;

17) жарылу қаупі бар орта жағдайларында туындайтын электростатикалық разрядтар жарылыстар мен өрт шығуларға әкеп соқтыруы мүмкін, ал жоғары потенциалдардың туындауы күтім жасаушы жұмысшылардың өміріне қауіп төндіреді;

18) өндіріс нысандарын салу мен жинақтау, қайта құру мен жөндеу барысында технологиялық жабдықты немесе құбырлардың қымтамасын ашу кезінде, қауіпсіздік техникасы ережелерінің бұзылуы кезінде өрт немесе жарылыстың туындауы;

19) қоршауы жоқ немесе ол ақауланған жағдайда жұмысшылардың сорғыштардың, сығымдағыштар мен өзге де механизмдердің айналып тұрған және қозғалып тұрған бөліктерімен жарақаттануы;

20) электржабдығының ток өткізгіш бөліктерінің оқшауламасы бүліне, жерлендіру ақауланып, дербес қорғану құралдарын қолданбаудың нәтижесінде электр тоғының әсеріне түсу;

21) жоғарғы деңгейлердегі шу мен дірілдер;

22) жұмыс аймағының жеткілікті мөлшерде жарықтандырылмауы;

23) биікте орналасқан жабдықтың күтімін жасау кезінде жұмысшылар мен құрал-сайманның құлау ықтималдығы;

24) жұмыс аймағының ауасында улы, жарылу және өртену қаупі бар шаң және/немесе газ тәрізді заттардан адамдардардың қатты немесе созылмалы улануын, жарылыс немесе өрт шығуды тудыратындай мөлшерде болуы немесе бөлініп шығу ықтималдығы;

25) қауіпті химиялық немесе өрт-жарылыс қаупі бар заттарды қысыммен шығарылуымен және төгілуімен байланысты болып келетін өндіріс нысандары мен солардың желілік құрылыстарындағы техногендік төтенше жағдайдың туындауына әкеп соқтыратын апат;

26) ұңғыманың оқпанындағы қаттық қысымның ерітінді бағанының гидростатикалық қысымымен теңгерілмеуінің салдарынан газ-мұнай-су белгілерінің туындауы мен дамуы.

4. Осы техникалық регламенттің талаптары өндіріс объектілерін пайдалану мен жою процестеріне қолданылмайды.

5. Осы Техникалық регламентте мұнай өнеркәсібі, техникалық реттеу саласы мен сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласына қатысты заңнамалық, нормативтік құқықтық актілерде қолданылатын негізгі ұғымдар қолданылады, соған қосымша түрде төмендегідей терминдер мен анықтамалар қолданылады:

1) жіктемелегіш қоғам - кемелерді техникалық куәландыру мен жіктемелеу әрекетін жүргізетін ұйым;

2) құрылыс - өндіріс процесінің ортақ қызметтерін орындауға арналған инженерлік-құрылыс нысаны (теңіз түбінің жерасты ресурстарын іздестіру, барлау, өндіру және мұнай кенорындарын игеру кезінде қолданылатын барлық платформалар, тұрғылықты немесе жылжымалы, бұрғылау қондырғылары (соның ішінде жүзбелі), ұңғымалар, құбырлар, ғимараттар мен өзге де өндіріс объектілері;

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание