Toggle Dropdown
Кеме құжаттарының тiзбесiн, Кеме құжаттарын жүргiзу қағидаларын және кеме құжаттарына қойылатын талаптарды бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 шілдедегі № 856 Қаулысы
Редакция 04.12.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабы 2-тармағының 22) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) кеме құжаттарының тізбесі;
2) Тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз);
3) Кеме құжаттарын жүргiзу қағидалары және кеме құжаттарына қойылатын талаптар бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2011 жылғы 26 шілдедегі
№ 856 қаулысымен
бекiтiлген
Кеме құжаттарын жүргiзу қағидалары және кеме құжаттарына қойылатын талаптар
1. Осы Кеме құжаттарын жүргiзу қағидалары және кеме құжаттарына қойылатын талаптар (бұдан әрі – Қағида) «Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туы астында жүзетiн кемелердегi кеме құжаттарын жүргiзу және кеме құжаттарына қойылатын талаптардың тәртiбiн айқындайды.
Кеме құжаттарындағы барлық жазбалар мемлекеттiк немесе орыс немесе ағылшын тiлдерінде жүргiзiледi.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы астында жүзетін кемеде осы қаулымен бекітілген кеме құжаттарының тізбесіне сәйкес кеме құжаттары болады.
2. Кеме журналын жүргізу тәртiбi
3. Осы Кеме журналын жүргізу тәртiбi 1978 жылғы хаттамамен өзгертілген (СОЛАС 74/78) Теңiзде адам өмiрiн қорғау туралы 1974 жылғы халықаралық конвенцияға және "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленген.
4. Кеме журналы кеме құжаты болып табылады, онда кеменің үздіксіз өміршеңдігі көрсетіледі.
5. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз).
6. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз).
Соңғы бетте типографиялық әдiспен салынған мөртабанмен кеменің тіркеу портының тiзiлiмi бойынша Кеме журналының нөмiрi, нөмiрленген және тiгілген беттердiң саны, кеменің тіркеу портының атауы көрсетiледi.
7. Кеме журналына өзгерістер мен толықтыруларды кеме капитанының вахталық көмекшiсi не кеме капитаны енгізеді.
Өзгертiлуі тиiс мәтiн жеңiл оқылатындай етiп жiңiшке сызықпен сызылады және жақшаға алынады. Егер жазба барысында қателiк байқалса, онда жақшадан кейiн бiрден дұрыс мәтiн жазылады. Қалған жағдайларда жақшадан кейiн не жiберiлген жағдайда мәтiнді қосу қажет сөзден кейiн жазылып, сілтеменiң сандық белгiсi толассыз нөмiрлеу арқылы әр бет үшiн қойылады. Мәтінді өзгерту немесе толықтыру журналдағы соңғы жазбадан кейiн жазылады, сiлтеме сандық белгiмен қойылады және мынандай нысанда түзету немесе толықтыру енгізген адамның қолымен бекiтiледi:
1) "қате жазылған", егер сызылған мәтiндi басқасымен ауыстыру қажет болмаса;
2) "оқу:" және бұдан әрi дұрыс мәтiн;
3) "толықтыру:" және бұдан әрi дұрыс мәтiн.
Егер түзетулер немесе толықтырулар алдыңғы беттерге қатысты болса, онда оның алдына сiлтеме нөмiрiнен кейiн бет және жеке жол нөмiрi көрсетiледi мысалы: 3/б. 15.
8. Навигациялық сипаттағы жазбалар көлемiн кеме капитаны картадағы астарымен және тiркеудің техникалық құралдары ақпаратымен бiрге кеменiң жүзу бағытын қалпына келтiруге болатынын ескере отырып белгілейді. Бұл ретте картадағы астар картаны қайта пайдаланғанға дейiн сақталады, ал өзi жазатын таспалар - курсограмма, peвepcoгpaмма, эхограмма, телетайп бағдарламасы және басқалар екi жыл бойы кемеде сақталады.
9. Кеме журналы вахта процесінде оқиға болған сәтте не одан кейiн жазылады.
10. Кеме капитанының вахталық көмекшiсi жүргiзген жазбаларды лауазымын көрсету арқылы қол қоюмен бекiтедi, мынадай қысқартуларды пайдаланады: капитанның аға көмекшiсi - TКАК, капитанның екiншi (үшiншi, төртiншi) көмекшiсi - 2 ТКК (3ТКК, 4TКК).
11. Кеме капитаны Кеме журналындағы жазбаларды бақылайды және әрбiр беттің соңына қолын қойып куәландырады.
12. Кеме журналындағы жазбалар түсiнiктi болуы тиіс. Жазбаны қарындашпен жазуға болмайды.
13. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз).
14. Кеме журналына кеме капитаны мен кеме капитанының вахталық көмекшісi қажеттілігіне қарай кеменiң күнделiктi өмiрiне қатысты жазба енгізеді, бұлар кеме, кеме иесi мен жүктiң мүддесiн қорғауда маңызды болуы мүмкін.
15. Әрбiр тәулiктiң жазбасы Кеме журналында жаңа беттен басталады. Тәулiк iшiнде толтырылмаған жолдар "Z" белгiсiмен сызылады.
16. Кеме журналының титул парағында кеме журналының нөмірі, кеменің атауы, кеменің түрі, кеме иесі туралы деректер (атауы және орналасқан мекенжайы), Халықаралық теңіз ұйымының сәйкестендіру нөмірі, кеменің тіркеу нөмірі немесе шақыру сигналы, кеменің тіркелген порты, кеме журналының басталған күні және аяқталған күні көрсетіледі.
17. Кеме журналына кесте түрінде мынадай мәліметтер енгізіледі:
2) гирокомпас бойынша курс;
3) магнит компасы бойынша курс;
7) желдiң бағыты мен жылдамдығы;
8) теңiз бетiнiң жай-күйi;
9) ауа-райының жай-күйi – көріну;
11) ауаның температурасы;
13) вахтада өткiзiлген уақыт, әрбiр вахтаның вахталық матростарының аты-жөндері. Қажет болған кезде вахтаны күшейту үшiн шақырылған экипаж мүшелерінің аты-жөндері жазылады.