• Мое избранное
"Кенді, кенсіз және ұсақ тау жынысты кен орындарын ашық тәсілмен игеру үдерістерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 03.02.2017 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 2

"Кенді, кенсіз және ұсақ тау жынысты кен орындарын ашық тәсілмен игеру үдерістерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қарашадағы N 1939 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 3 ақпаннан бастап ҚР Үкіметінің 30.01.2017 жылғы № 29 Қаулысына сәйкес
"Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Кенді, кенсіз және ұсақ тау жынысты кен орындарын ашық тәсілмен игеру үдерістерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі                               К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2009 жылғы 26 қарашадағы
 N 1939 қаулысымен
 бекітілген
"Кенді, кенсіз және ұсақ тау жынысты кен орындарын ашық тәсілмен игеру үдерістерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті
1. Қолданылу саласы
1. Осы "Кенді, кенсіз және ұсақ тау жынысты кен орындарын ашық тәсілмен игеру үдерістерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) пайдалы қазбалардың кенді, кенсіз және ұсақ тау жынысты кен орындарын ашық тәсілмен игерумен байланысты өндірістік үдерістердің қауіпсіздігіне қойылатын ең төменгі талаптарды белгілейді.
2. Мыналар:
1) тау-кен жыныстарының тұрақсыздығы;
2) қолданыстағы электр қондырғылары;
3) су басу қаупі;
4) жанғыш пайдалы қазбалардың өздігінен тұтануы;
5) персоналдың дұрыс емес әрекеті;
6) таулы жердегі көшкіндер мен селдер;
7) ауа ортасының ластануы;
8) радиациялық қауіптілік;
9) Жарылыс, өрт қауіптілігі жол берілмеуі тиіс негізгі қауіпті факторлар (қауіп-қатерлер) болып табылады.
2. Терминдер мен анықтамалар
3. Осы Техникалық регламентте өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы және Техникалық реттеу саласындағы заңнамада белгіленген терминдер мен анықтамалар, сондай-ақ тиісті анықтамаларымен мынадай терминдер қолданылады:
1) ашық тау-кен жұмыстары - ашық тау-кен қазбаларында, жер бетімен тікелей жүргізілетін тау-кен жұмыстары;
2) берма - карьердің жұмыс жүргізілмейтін ернеуіндегі биіктігі бойынша жапсарлас кемерлерді бөлетін көлденең алаң;
3) драга - ұсақ тау жынысты пайдалы қазбалардың кен орындарын қазуға арналған мамандандырылған тау-кен байыту жабдығы;
4) кенжар - тау-кен жыныстарының сілеміндегі немесе үйіндідегі кеңістікте орналасатын, қазу объектісі болып табылатын қабаты;
5) кемер - биіктігі бойынша жұмыс алаңдарымен, бермалармен шектелген карьер ернеуінің бөлігі;
6) қазылған кеңістік — пайдалы қазбалар мен аршу жыныстарын алғаннан кейін түзілетін кеңістік;
7) құлау призмасы - кемер сілемінің оның еңісі жағынан тұрақсыз бөлігі;
8) өндіру — жер қойнауынан пайдалы қазбаларды алу бойынша өндірістік үдерістердің кешені;
9) тау-кен жұмыстары - минералды-шикізат ресурстарын шығаруға және олардан қоғамдық пайдалы өнімдерді алуға бағытталған жер қойнауын қайта өзгерту бойынша үдерістердің кешені;
10) тау-кен сілемін тасымалдау - аршу жыныстары мен пайдалы қазбаларды кенжарлардан жер бетіне, үйінділерге, тұтынушылардың қабылдау бекеттеріне немесе қоймаларға орналастыру үдерісі;
11) паспорт (кен ісінде) - тау-кен жұмыстарын жүргізу өлшемдері мен тау-кен жабдығын орналастырудың өзара байланысын көрсете отырып, тау-кен жұмыстарын жүргізу тәртібін анықтайтын құжат.
3. Пайдалы қазбалардың кен орындарын ашу кезіндегі қауіпсіздікке қойылатын талаптар
4. Пайдалы қазбалардың кен орындарын ашу жұмыстары жұмыс жобалау құжаттамасына сәйкес жүргізіледі.
5. Пайдалы қазбалардың кен орындарын игерудің жобалау құжаттамасы өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ететін технологиялық үдерістерді, жабдықтарды, қондырғыларды қолдануды қарастыруы, жоспарланатын қызметтің қоршаған ортаға әсерінің бағасын қамтуы тиіс.
6. Пайдалы қазбалардың кен орындарын ашу әдістері жұмыс немесе адамдардың жүріп-тұратын және жабдық орындарында ернеулердің, кемерлер мен бермалардың тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
7. Кемерлерді жабу, оларды шекті қалпына қою кезінде пайдалы қазбалардың кен орындарын игерудің жобалау құжаттамасында белгіленген ернеулердің еңістерінің жалпы бұрышы сақталады.
8. Тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде ернеулердің, орлардың, кемерлердің, еңістер мен үйінділердің жай-күйін жүйелі бақылау, маркшейдерлік және геофизикалық қадағалау жүзеге асырылады. Тау-кен жыныстарының сырғу белгілері анықталған жағдайда тау-кен жыныстарының сырғу белгілері анықталған орындағы жұмыстар тоқтатылады және олардың тұрақтылығын қамтамасыз ету шаралары қолданылады.
9. Тау-кен жұмыстарын жүргізу аймағындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін кемерлерді салбыраңқылар мен қалқаншалардан бүрмелеу жүргізіледі.
10. Шөгіндіге бейім кен орындарын игерудің жобалау құжаттамасында қауіпсіздік шаралары көзделеді.
11. Өздігінен тұтануға бейім пайдалы қазбалардың кен орындарын игеру кезінде тұтануға кедергі келтіретін шаралар қолданылады.
12. Көшкін қаупі мен сел қаупі бар аймақтарда жұмыс жүргізу кезінде қар көшкіні мен сел ағыстарынан қорғау шаралары жүзеге асырылады.
13. Ескі және су басқан қазбалар, ұңғымалар мен су айдындары тау-кен жұмыстарын жүргізу сызбасында көрсетілуі тиіс.
Су басқан қазбалардың немесе су айдындарының жанында тау-кен жұмыстары судың болдырмау үшін кентіректер қалдырып жүргізіледі.
4. Тазалау жұмыстары кезіндегі қауіпсіздікке қойылатын талаптар
14. Тау-кен жыныстары сілемінің бұзылуын, тау-кен сілемін тиеуді және жинауды қамтитын пайдалы қазбаларды тазалап қазудың өндірістік үдерістері пайдалы қазбалардың кен орындарын игерудің қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс.
15. Тау-кен, көлік, құрылыс-жол машиналары жарамды күйде болуы тиіс және дабыл құрылғыларымен, тежеуіштермен, қол жетімді қозғалғыш бөлшектерді қоршағыштармен, өртке қарсы құралдармен жарақталады, жарық беретіні, жарамды құрал-сайман жинағы және тиісті бақылау-өлшеу аппаратурасы болуы тиіс.
16. Тау-кен көлік жабдығы, көлік коммуникациялары, электрмен жабдықтау және байланыс желілері құлау призмасының шегінен тыс кемерлердің жұмыс алаңдарында орналасуы тиіс.
Кемердің жұмыс алаңының ені қолданылатын технологиялық жабдықты ескере отырып, есеппен анықталады.