• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери нышандары туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң әскери нышандары туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы. 1996 жылғы 18 шiлде N 3068

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң әскери нышандарын белгiлеу мақсатында қаулы етемiн:
1. Мыналар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң әскери нышандары болып белгiленсiн: 
1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi түрлерiнiң (Құрлықтағы әскерлердiң, Әскери-Әуе Күштерiнiң, Әуе қорғанысы әскерлерiнiң және Әскери-Теңiз Күштерiнiң) тулары; 
2) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi әскери бөлiмдерiнiң жауынгерлiк тулары; 
3) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң нышаны. 
2. Мыналар бекiтiлсiн: 
1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi түрлерi туларының бейнесi мен сипаттамасы (сызба, түрлi-түстi бейнесi мен сипаттама мәтiнi қоса берiлiп отыр); 
2) Әскери бөлiмнiң жауынгерлiк туының бейнесi мен сипаттамасы (сызба, түрлi-түстi бейнесi мен сипаттама мәтiнi қоса берiлiп отыр); 
3) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi Нышанының бейнесi (сызба және түрлi-түстi бейнесi қоса берiлiп отыр); 
4) Әскери бөлiмнiң Жауынгерлiк Туы туралы ереже (қоса берiлiп отыр). 
3. Былай деп белгiленсiн: 
1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi түрлерiнiң тулары, әскери бөлiмдерiнiң жауынгерлiк тулары мен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Нышанын жасау заңда белгiленген тәртiппен берiлетiн тиiстi лицензия болған жағдайда жүзеге асырылады; 
2) Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында жүрген адамдар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң туларын, әскери бөлiмдерiнiң жауынгерлiк туларын және Қарулы Күштерiнiң Нышанын қастерлеуге мiндеттi; 
3) Қазақстан Республикасының жауынгерлерi, сондай-ақ әскери жиындарға шақырылған азаматтар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi түрлерiнiң туларын, әскери бөлiмдерiнiң жауынгерлiк тулары мен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Нышанын қастерлеуге, ұрыс кезiнде жауынгерлiк туларды қайсарлықпен және ерлiкпен қорғауға, олардың дұшпан қолына түсуiне жол бермеуге мiндеттi; 
4) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi түрлерiнiң туларын, әскери бөлiмдерiнiң жауынгерлiк тулары мен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Нышанын қорлауға кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады. 
4. Былай деп айқындалсын: 
1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi түрлерiнiң тулары ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тiк бұрышты мата. Күн шұғыла және қыран бейнелерi - алтын түстес; 
2) Құрлықтағы әскерлер мен Әуе қорғанысы әскерлерi туларының маталары - көгiлдiр түстi, Құрлықтағы әскерлер туының матасында оң жақ бетiнiң сол жағында және сыртқы бетiнiң оң жағында жоғарғы бұрышында - қызыл түстi бес бұрышты жұлдыз, Әуе қорғанысы әскерлерi туының матасында оң жақ бетiнiң сол жағында және сыртқы бетiнiң оң жағында жоғарғы бұрышында матаның 1:3 көлемiне екi жағының қатынасы тең келетiн тiк бұрышта - ортасында қызыл түстi бес бұрышты жұлдыз және одан ақ түстi сәулелер таралған тiк бұрыш; 
3) Әскери-Әуе Күштерi туының матасы - көгiлдiр түстi, жоғарғы бөлiгiнде көлденеңiнен симметриялы ақ түстi сәулелердiң бейнесi бар, матаның оң жақ бетiнiң сол жағында және сыртқы бетiнiң оң жағында жоғарғы бұрышында - қызыл түстi бес бұрышты жұлдыз; 
4) Әскери-Теңiз Күштерi туының матасы - көлденеңiнен симметриялы ақшыл-көгiлдiр түстi, матаның оң жақ бетiнiң сол жағында және сыртқы бетiнiң оң жағында жоғарғы бұрышында - қызыл түстi бес бұрышты жұлдыз және ақшыл-көгiлдiр түстi зәкiр; 
5) Қарулы Күштер түрлерi туларының енi мен ұзындығының қатынасы - 1:2; 
6) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi түрлерiнiң тулары мен олардың бейнелерi көлемдерiне қарамастан, Қарулы Күштер түрлерiнiң штабтарында сақтаулы тұрған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi түрлерiнiң тулары эталонының түрлi-түстi және сызба бейнелерiне дәлме-дәл сәйкес келуге тиiс. 
5. Былай деп белгiленсiн: 
1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi түрлерiнiң тулары мынадай жерлерде тiгiледi немесе орнатылады (алып келiнедi): Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi штабтары мен оларға бағынысты бөлiмдер штабтарының ғимараттарында; Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi түрлерi қолбасшыларының кабинеттерiнде; Қазақстан Республикасының әскери корабльдерi мен кемелерiнде әскери жарғыларға сәйкес; Қарулы Күштер әскери құрамалары мен бөлiмдерiнде - ант қабылдау кезiнде; мемлекеттiк мекемелерге арналған салтанатты мәжiлiстерде; әскери шерулерiнде; 
2) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң жалпы әскери жарғыларымен немесе Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрiнiң нормативтiк актiлерiмен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң түрлерi туларының өзге де реттерде мiндеттi түрде алып келiнуi көзделуi мүмкiн; 
3) Ұлттық азаға байланысты Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi түрлерiнiң тулары тұғырдың биiктiгiнiң жарты деңгейiне ұлттық аза тұту мерзiмi бойына төмен түсiрiледi. 
6. Әскери бөлiмнiң Жауынгерлiк туы көлемi: ұзындығы бойынша 145 см, енi бойынша 115 см, үш жағынан алтын түстi жiбек шашақтармен жиектелген, көгiлдiр түстi тiк бұрышты мата деп айқындалсын. Матаның оң жақ бетiнде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы кестеленген, оның астында "Қазақстан Республикасы" деген жазу, ал төменгi жақ шетiнде - "Отан үшiн" деген ұран бар. Матаны сыртқы жағында ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген бес бұрышты жұлдыз кестеленген. Матаның жоғары жоқ шетiнде "Мiндет, аброй, ерлiк" деген ұран, ал төменгi жағына - әскери бөлiмнiң атауы кестеленiп тiгiлген. Мемлекеттiк елтаңба, күн, шұғыла және жазу бейнесi - алтын түстес, ал бес бұрышты жұлдыз бейнесi - күрең қызыл түстi. 
7. Жауынгерлiк Туды сақтау, ұстау және алып келу тәртiбi Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң жалпы әскери жарғыларымен айқындалады деп белгiленсiн. 
8. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң нышаны - ортасында шұғылалы күн және оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген бес бұрышты жұлдыз деп айқындалсын. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi Нышанының түрлi-түстi бейнесi екi түрлi: қызыл-күрең және алтын түстес болады, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi Нышанының көшiрме бейнесi, оның көлемiне қарамастан, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң ғимаратында сақтаулы тұрған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Нышаны эталонының түрлi-түстi немесе ақ-қара түстi бейнелерiне дәлме-дәл сәйкес келуi керек. 
9. Былай деп белгiленсiн: 
1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi Нышанының бейнесi: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi түрлерiнiң, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi бiрлестiктерiнiң, құрамаларының, бөлiмдерiнiң, әскери-оқу орындары мен мекемелерi штабтарының ғимараттарында; Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрiнiң кабинетiнде, Қазақстан Республикасы қорғаныс министрлiгi алқасының және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi түрлерiнiң әскери кеңестерiнiң мәжiлiс залдарында, офицерлер үйi мен солдаттар клубтарының акт залдарында орнатылады; 
2) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң жалпы әскери жарғыларымен немесе Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрiнiң нормативтiк актiлерiмен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi Нышаны бейнесiнiң көшiрмесiн мiндеттi түрде орналастырудың басқа да реттерi көзделуi мүмкiн. 
10. Қазақстан Республикасының Үкiметi тұрақты түрде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң әскери нышандарын насихаттау, азаматтар мен әскери қызметшiлердiң бойында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң нышандарына құрмет сезiмiн қалыптастыру жөнiнде шаралар кешенiн әзiрлеп, жүзеге асырсын. 
11. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi жалпы әскери жарғылардың және өз бұйрықтарының талаптарын осы Жарлыққа сәйкес келтiрсiн. 
12. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының 
Президентi
Қазақстан Республикасы
 Президентiнiң
 1996 жылғы 18 шiлдедегi
 N 3068 Жарлығымен
 бекiтiлген
Әскери бөлiмнiң Жауынгерлiк Туының Сипаттамасы
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi әскери бөлiмiнiң Жауынгерлiк Туы екi жақты матадан, ағаш саптан және шашақтары бар баудан тұрады. 
Жалаудың матасы тiк бұрышты, көлемi: ұзындығы бойынша - 145 см, енi бойынша - 115 см, көгiлдiр түстi жiбек файдан екi бүктелiп жасалынады және үш жағының шеттерi алтын түстi жiбек шашақтармен жиектеледi. 
Матаның оң жақ бетiнiң ортасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасының нұсқасы алтын түстi жiбек жiппен жапсыра тiгiлген, бейненiң көлемi биiктiгi бойынша 50 см. 
Матаның жоғарғы жақ шетiнде "Қазақстан Республикасы", ал төменгi жағында - "Отан үшiн" деген жазулар алтын түстi жiбек жiппен кестеленген, жазу әрiптерiнiң биiктiгi - 7,5 см. 
Матаның сыртқы жағының ортасында - аппликация: ортасында шұғылалы күн мен қалықтап ұшқан қыранның нұсқасы бейнелген, күрең қызыл түстi жiбектен тiгiлген бес бұрышты жұлдыз. Жұлдыздың қарама-қарсы ұштары аралығының өлшемi - 56 см, жұлдыздың үстiнде алтын түстi жiбек жiппен: "Мiндет, аброй, ерлiк" деген ұран, ал жұлдыздың астыңғы жағында әскери бөлiмнiң нөмiрi мен атауы кестеленiп тiгiлген. Цифрлардың көлемi биiктiгi бойынша - 10 см, жазу әрiптерiнiң көлемi - 7,5 см. Әскери бөлiм атауындағы сөздердiң санына қарай, цифрлардың көлемi 6 см. дейiн, ал әрiптердiң көлемi - 4,5 см дейiн кiшiрейтiлуi мүмкiн. Мұндай жағдайда жұлдыздың бейнесi Жауынгерлiк Ту матасының ортасынан 12 см дейiнгi аралыққа жоғары көтерiлуi мүмкiн. 
Матаның сол жағында оны ағаш сапқа өткiзуге арналған диаметрi 4 см тесiк бар. 
Тудың сабы ағаштан дөңгелек қима етiп жасалған, диаметрi 4 см, ұзындығы 2,5 м. Сап қара қоңыр түске боялған, лакталған және төменгi жақ шетiнде металлдан жасалған шығыршығы, ал жоғарғы жағында - алтын түстi әшекейлi ұштығы бар. 
Тудың алтын түстi жiбек жiппен ширатылып жасалған бауы, шет-шетiнде екi шашағы бар. Баудың ұзындығы - 270-285 см.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi Әскери-Теңiз Күштерiнiң тулары мен жалаушаларының Сипаттамасы
1. 1-шi және 2-шi дәрежелi кемелердiң гюйсi - ортасында Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк туының белгiсi бар ақ түстi, тiк бұрышты мата (екi жағының қатынасы 1:1). Эмблеманың биiктiгi гюйс биiктiгiнiң 1/2-не тең. Мата нұсқасы бойынша үш жолақпен жиектелген. Сырт жағы мата енiнiң 1/27-не тең келетiндей қара-көк түстi. Одан кейiн ақ түстi (мата енiнiң 1/13,5-i), Iшкi жағы алтын түстес (мата енiнiң 1/9-i). 
2. Әскери кемелердiң жалаушасы - жiңiшке конус нысанды ақ түстi жолақ. Жалауша шкаторинасынан (шкаторина тұсынан) басталатын мата бөлiгiнiң оның ұзындығына қатынасы 1:12 (1-шi және 2-шi дәрежелi кемелер үшiн 1:30). 
3. Қазақстан Республикасы Әскери-Теңiз Күштерiнiң қосымша флотының туы - енi мен ұзындығының қатынасы 1:2 тiк бұрышты мата. Ту көлемiнiң 1/4-iне тең келетiн бөлiкте жоғарғы сол жақ бұрышта - Қазақстан Республикасы Әскери-теңiзiнiң туы, ал қалған мата - қара-көк түстi.
Лауазымды адамдардың тулары мен брейд-жалаушалары
1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң байрағы Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 2736 Жарлығымен бекiтiлген. 
2. Кеме бортында мемлекеттiң жоғары лауазымды адамдары болған кезде фок-мачта гафелiнде Әскери-теңiз туынан жоғары Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туы көтерiледi. 
3. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрiнiң туы - енi мен ұзындығының қатынасы 1:2 тiк бұрышты мата. Тудың матасы тiгiнен екi бiрдей бөлiкке (мата ұзындығының 1/2 бөлiгiне): көгiлдiр (шкаторина тұсында) және ақ түстi болып бөлiнедi. Тудың көгiлдiр түстi жарты бөлiгiнiң ортасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туының нышаны (алтын күн мен қыран) бейнеленген. Ақ түстi жолағында диаметрi ту енiнiң 1/3-iне тең келетiн, ортасы шкаторинадан ту ұзындығының 3/4-iндей және матаның жоғарғы жиегiнен ту биiктiгiнiң 1/2-iндей аралықта орналасқан қызыл жұлдыз бар. 
4. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi Бас штабы бастығының туы - енi мен ұзындығының қатынасы 1:2 тiк бұрышты мата. Тудың матасы тiгiнен екi бiрдей бөлiкке (ту ұзындығының 1/2 бөлiгiне): көгiлдiр (шкаторина тұсында) және ақ түстi болып бөлiнедi. Тудың көгiлдiр түстi жартысының ортасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туының нышаны - алтын күн мен қыран бейнеленген. Ақ түстi жолағында диаметрi ту енiнiң 1/5-iне тең келетiн екi қызыл бес бұрышты жұлдыз орналасқан. Олардың ортасы шкаторинадан ту ұзындығының 3/4-не тең және матаның жоғарғы және төменгi жиектерiнен ту енiнiң 1/4-не тең аралықта орналасқан. 
5. Қазақстан Республикасы Әскери-Теңiз Күштерi Қолбасшысының туы - енi мен ұзындығының қатынасы 1:2 тiк бұрышты мата. Мата тiгiнен мата ұзындығының 1/2-iне тең келетiндей екi бiрдей бөлiкке: көгiлдiр (шкаторина тұсында) және ақ түстi болып бөлiнедi. Ақ түстi бөлiгiнiң бұрыштама ойығы бар. Нәтижесiнде алынған екi бұрымшаның ұзындығы ту ұзындығының 1/4-iне тең. Ақ түстi жолағында диаметрi ту енiнiң 1/3-iне тең келетiн, ортасы ақ жолақтың 1/4-не және матаның жоғарғы жақ жиегiнен ту биiктiгiнiң 1/2-iне тең келетiн аралықта орналасқан қызыл бес бұрышты жұлдыз бар. 
6. Қазақстан Республикасы Әскери-Теңiз Күштерi штабы бастығының туы - енi мен ұзындығының қатынасы 1:2 тiк бұрышты мата. Мата тiгiнен мата ұзындығының 1/2-iне тең келетiн екi бiрдей бөлiкке: көгiлдiр (шкаторина тұсында) және ақ түстi болып бөлiнедi. Ақ түстi бөлiгiнiң бұрыштама ойығы бар. Нәтижесiнде алынған екi бұрымшаның ұзындығы ту ұзындығының 1/4-iне тең. Ақ түстi жолағында диаметрi ту енiнiң 1/5-iне тең келетiн, ортасы ақ түстi жолақтың 1/4-iне және матаның жоғарғы, төменгi жиектерiнен ту енiнiң 1/4-iне тең келетiн аралықта орналасқан екi қызыл бес бұрышты жұлдыздар бар. 
7. Кемелер құрамасы командирiнiң брейд-жалаушасы - ақ түстi бұрыштамалары бар конус нысанды мата. Брейд-жалаушаның енi мен ұзындығының қатынасы 1:5. Бұрымша кесiндiлерiнiң ұзындығы брейд-жалауша ұзындығының 1/5-iне тең. Брейд-жалаушаның өзiнiң ұзындығының 1/3-iне тең келетiн бөлiгi көгiлдiр түстi. Брейд-жалауша бұрымшаларының тарқатылған күйi жалауша енiнiң 1/2-iне тең. 
8. Кемелер тобы командирiнiң брейд-жалаушасы - екi бұрымшасы бар, конус нысанды мата. Брейд-жалаушаның енi мен ұзындығының қатынасы 1:5. Бұрымша кесiндiлерiнiң ұзындығы брейд-жалауша ұзындығының 1/5-iне тең, брейд-жалауша бұрымшаларының тарқатылған күйi оның енiнiң 1/2-iне тең. Шкаторинадан оның ұзындығының 1/3-iне тең келетiн брейд-жалауша бөлiгi көгiлдiр түстi. Брейд-жалауша матасының қалған бөлiгi көлденеңiнен: жоғарғы жағы - ақ, төменгi жағы - көк-жасыл түстi екi бөлiкке бөлiнген. 
9. Рейдтегi аға бастықтың брейд-жалаушасы - шкаторинадан ұзындығының 1/4-iне дейiнгi бөлiгi - көгiлдiр, ал 3/4 бөлiгi - ақ түстi, конус нысанды мата. Брейд-жалаушаның ұзындығы мен енiнiң қатынасы 4:1. 
Брейд-жалауша бұрымшаларының тарқатылған күйi жалауша енiнiң 1/2-iне тең.
Қазақстан Республикасы
 Президентiнiң
 1996 жылғы 18 шiлдедегi
 N 3068 Жарлығымен
 бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi Нышанының Сипаттамасы
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Нышаны - шеттерi алтын түстi нұсқамен жиектелген бес бұрышты жұлдыз. 
Жұлдыздың ортасында шұғылалы күн және оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген. 
Күн, шұғыла және қыран түстi - алтын түстес.
Қазақстан Республикасы
 Президентiнiң
 1996 жылғы 18 шiлдедегi
 N 3068 Жарлығымен
 бекiтiлген
Әскери бөлiмнiң Жауынгерлiк Туы туралы Ереже
1. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi әскери бөлiмiнiң Жауынгерлiк Туы - жауынгерлiк абырой, ерлiк пен даңқ нышаны, ол Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң әрбiр қызметшiсiне өз Отанына адал қызмет ету, оны ерлiкпен және бiлгiрлiкпен қорғау, өз қаны мен жанын аямай өз елiнiң әрбiр қарыс жерiн жаудан қорғау жөнiндегi оның қасиеттi борышын есiне салу болып табылады. 
2. Әскери бөлiмге Жауынгерлiк Туды ол құрылған кезде Қазақстан Республикасы Президентiнiң атынан Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң өкiлi тапсырады. 
3. Жауынгерлiк Ту әскери бөлiмнiң атауы мен нөмiрiнiң өзгеруiне қарамастан әскери бөлiмге барлық уақытқа бекiтiлiп берiледi. Әскери бөлiмнiң атауы мен нөмiрiндегi өзгерiстер Жауынгерлiк Туды тапсыру кезiнде берiлген Қазақстан Республикасы Президентiнiң Грамотасына енгiзiледi. 
4. Жауынгерлiк Ту үнемi өз әскери бөлiмiнде, ал ұрыс майданында - соғыс қимылы жүрiп жатқан аймақта болады. 
5. Әскери бөлiмнiң бүкiл жеке құрамы ұрыс кезiнде Жауынгерлiк жалауды жанқиярлықпен және ерлiкпен қорғауға әрi оның дұшпан қолына түсуiне жол бермеуге мiндеттi. 
Жауынгерлiк Туды жоғалтқан кезде, мұндай масқаралыққа тiкелей кiнәлi әскери бөлiм командирi мен әскери қызметшiлер сотқа тартылады, ал әскери бөлiм таратылады. 
6. Әскери корабльде көтерiлетiн Қазақстан Республикасының Әскери-Теңiз жалауы корабльдiң Жауынгерлiк Туы болып табылады және оның мемлекетке тиесiлiгi мен дербестiгiн көрсетедi.
Қазақстан Республикасы
 Президентiнiң
 1996 жылғы 18 шiлдедегi
 N 3068 Жарлығымен
 бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Құрлықтағы әскерлерi туының Сипаттамасы
Құрлықтағы әскерлерiнiң туы матадан, ағаш саптан және баудан тұрады. 
Тудың матасы тiк бұрышты, көлемi: ұзындығы бойынша 2 м, енi бойынша 1 м, көгiлдер түстi жiбек файдан дайындалады. Матаның оң жағы мен сыртқы жағының ортасында шұғылалы күн мен қалықтап ұшқан қыранның нұсқасы алтын түстес жiбек жiппен жапсыра тiгiлген. Күн дөңгелегiнiң ортасы матаның жоғарғы шетiнен 45 см аралықта орналасқан. Бейненiң көлемi: биiктiгi бойынша - 65 см, енi бойынша - 75 см, Матаның оң жақ бетiнiң сол жағында және сыртқы бетiнiң оң жағында жоғарғы бұрышында қызыл түстi бес бұрышты жұлдыз бейнесi, жұлдыздың қарама-қарасы ұштары аралығының көлемi 30 см, жұлдыздың ортасы матаның сол (оң) жақ жиегiнен 32 см және жоғарғы жиегiнен 28 см аралықта орналасқан. 
Матаның сол жағында оны ағаш сапқа өткiзуге арналған диаметрi 4 см тесiк бар. 
Тудың сабы ағаштан дөңгелек қима етiп жасалынған, диаметрi - 4 см. Сап қара-қоңыр түске боялған, лакталған және төменгi жақ шетiнде металдан жасалған шығыршағы, ал жоғарғы жағында - алтын түстi әшекейлi ұштығы бар. 
Тудың алтын түстi жiбек жiптен ширатылып жасалынған бауы, шет-шетiнен екi шашағы бар. Баудың ұзындығы - 270-285 см.
Қазақстан Республикасы
 Президентiнiң
 1996 жылғы 18 шiлдедегi
 N 3068 Жарлығымен
 бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Әскери-Әуе Күштерi туының Сипаттамасы
Әскери-Әуе Күштерiнiң туы матадан, ағаш саптан және баудан   тұрады. 
Тудың матасы тiк бұрышты, көлемi: ұзындығы бойынша 2 м, енi бойынша 1 м, көгiлдiр түстi жiбек файдан дайындалады. Матаның жоғарғы бөлiгiнде көлденеңiнен симметриялы ақ түстi сәулелер бейнеленген. Матаның оң жағы мен сыртқы жағының ортасында шұғылалы күн мен қалықтап ұшқан қыранның нұсқасы алтын түстi жiбек жiппен жапсыра тiгiлген. Бейненiң көлемi: биiктiгi бойынша - 65 см, енi бойынша - 75 см. 
Матаның оң жақ бетiнiң сол жағында және сыртқы бетiнiң оң жағында жоғарғы бұрышында қызыл түстi бес бұрышты жұлдыздың бейнесi, жұлдыздың қарама-қарсы ұштары аралығының көлемi - 30 см, жұлдыздың ортасы матаның сол (оң) жақ жиегiнен 32 см және жоғарғы жиегiнен 18 см аралықта орналасқан. 
Матаның сол жағында оны ағаш сапқа өткiзуге арналған диаметрi 4 см тесiк бар. 
Тудың сабы ағаштан дөңгелек қима етiп жасалынған, диаметрi- 4 см. Сап қара-қоңыр түске боялған, лакталған және төменгi жақ шетiнде металлдан жасалған шығыршығы, ал жоғарғы жағында - алтын түстi әшекейлi ұштығы бар. 
Тудың алтын түстi жiбек жiптен ширатылып жасалынған бауы, шет-шетiнде екi шашағы бар. Баудың ұзындығы - 270-285 см.
Қазақстан Республикасы
 Президентiнiң
 1996 жылғы 18 шiлдедегi
 N 3068 Жарлығымен
 бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Әуе қорғанысы әскерлерi туының Сипаттамасы
Әуе қорғанысы әскерлерiнiң туы матадан, ағаш саптан және баудан тұрады. 
Тудың матасы тiк бұрышты, көлемi: ұзындығы бойынша 2 м, енi бойынша 1 м, көгiлдiр түстi жiбек файдан дайындалады. Матаның оң жағы мен сыртқы жағының ортасында шұғылалы күн мен қалықтап ұшқан қыранның нұсқасы алтын түстi жiбек жiппен жапсыра тiгiлген. Күн дөңгелегiнiң ортасы матаның жоғарғы шетiнен 45 см аралықта орналасқан. бейненiң көлемi: биiктiгi бойынша -65 см, енi бойынша - 75 см. 
Матаның жоғарғы бөлiгiнде, матаның оң жақ бетiнiң сол жағында және сыртқы бетiнiң оң жағында ортасында қызыл түстi бес бұрышты жұлдыз және одан шашыраған ақ түстi сәулелер бейнеленген тiк бұрыш. Тiк бұрыштың көлемi биiктiгi бойынша 32 см, енi бойынша 65 см, жұлдыздың қарама-қарсы ұштары аралығының көлемi - 30 см. 
Матаның сол жағында оны ағаш сапқа өткiзуге арналған диаметрi 4 см тесiк бар. 
Тудың сабы ағаштан дөңгелек қима етiп жасалынған, диаметрi- 4 см. Сап қара-қоңыр түске боялған, лакталған және төменгi жақ шетiнде металдан жасалған шығыршығы, ал жоғарғы жағында - алтын түстi әшекейлi ұштығы бар. 
Тудың алтын түстi жiбек жiптен ширатылып жасалынған бауы, шет-шетiнде екi шашағы бар. Баудың ұзындығы - 270-285 см.
Қазақстан Республикасы
 Президентiнiң
 1996 жылғы 18 шiлдедегi
 N 3068 Жарлығымен
 бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Әскери-Теңiз Күштерi туының Сипаттамасы
Әскери-Теңiз Күштерiнiң туы матадан, ағаш саптан және баудан тұрады. 
Тудың матасы тiк бұрышты, көлемi: ұзындығы бойынша 2 м, енi бойынша 1 м, жiбек файдан дайындалады. Матаның түсi көлденеңiнен симметриялы ақшыл-көк түстi, оң жағы мен сыртқы жағының ортасында шұғылалы күн мен қалықтап ұшқан қыранның нұсқасы бейнеленген, бейненiң көлемi биiктiгi бойынша -65 см, енi бойынша - 75 см. 
Күн, шұғыла және қалықтап ұшқан қыранның бейнесi - алтын түстес. 
Матаның оң жақ бетiнiң сол жағында және сыртқы бетiнiң оң жағында жоғарғы бұрышында зәкiр мен бес бұрышты жұлдыз бейнесi. Бейненiң көлемi енi бойынша 25 см, биiктiгi бойынша 35 см, бейненiң ортасы матаның сол (оң) жақ жиегiнен 32 см және жоғарғы жиегiнен 24 см аралықта орналасқан. 
Зәкiрдiң бейнесi ақшыл-көгiлдiр түстi, ал жұлдыздың бейнесi қызыл түстi. 
Матаның сол жағында оны ағаш сапқа өткiзуге арналған тесiк бар, оның диаметрi - 4 см, немесе бау өткiзуге арналған тесiк оның диаметрi - 1 см. 
Тудың сабы ағаштан дөңгелек қима етiп жасалынған, диаметрi- 4 см. Сап қара-қоңыр түске боялған, лакталған және төменгi жақ шетiнде металдан жасалған шығыршығы, ал жоғарғы жағында - алтын түстi әшекейлi ұштығы бар. 
Тудың алтын түстi жiбек жiптен ширатылып жасалынған бауы, шет-шетiнде екi шашағы бар. Баудың ұзындығы - 270-285 см.