Toggle Dropdown
1
"Көтермелеудің салалық жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2007 жылғы 12 сәуірдегі № 111 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2012 жылғы 9 сәуірдегі № 29 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 4 мамырда № 7617 тіркелді
Toggle Dropdown
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 1539 қаулысына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. "Көтермелеудің салалық жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2007 жылғы 12 сәуірдегі № 111 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 30 сәуірдегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 4651 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Toggle Dropdown
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мәдениет саласының қызметкерлерін көтермелеудің салалық жүйесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
Toggle Dropdown
2. Әкімшілік-құқықтық департаменті белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр А.И.Бөрібаевқа жүктелсін.
Toggle Dropdown
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Министр Д. Мыңбай
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат министрінің
2012 жылғы 9 сәуірдегі
№ 29 бұйрығына
қосымша
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат министрінің
2007 жылғы 12 сәуірдегі
№ 111 бұйрығымен бекітілген
Toggle Dropdown
Мәдениет саласының қызметкерлерін көтермелеудің салалық жүйесі
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы мәдениет саласының қызметкерлерін көтермелеудің салалық жүйесі "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген (бұдан әрі - Көтермелеу).
Toggle Dropdown
2. Көтермелеу мәдениет саласының қызметкерлерінің еңбегін ынталандыру нысаны болып табылады.
Toggle Dropdown
3. Мәдениет саласының қызметкерлерін көтермелеу мақсатында "Мәдениет саласының дамуына қосқан үлесі үшін" құрмет дипломы (бұдан әрі - Құрмет дипломы) осы Көтермелеудің қосымшасына сәйкес нысанда белгіленеді.
Toggle Dropdown
2. Құрмет дипломымен марапаттау шарттары
Toggle Dropdown
4. Құрмет дипломымен мәдениет және өнер саласының дамуына ерекше үлес қосқан және қызметтік міндеттерін үлгілі орындаған мәдениет жүйесінің қызметкерлері марапатталады, Құрмет дипломымен осы салада үш жылдан аса еңбек өтілі бар мәдениет және өнер саласының қызметкерлері марапатталады.
Toggle Dropdown
5. Құрмет дипломымен марапатталуға бір тұлға қайталап ұсыныла алмайды.
Toggle Dropdown
3. Материалдарды ұсыну және қарау тәртібі
Toggle Dropdown
6. Мәдениет және өнер саласының қызметкерлерін Құрмет дипломымен марапаттау үшін, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне үміткердің нақты сіңірген еңбектері, сіңірген еңбегінің дәрежесін ашатын жетістіктері мен табыстары жазылуы тиіс мінездеме (аты-жөні, тегі, білімі, еңбек өтілі, жеткен жетістіктері көрсетілуі қажет) ұсынылады, оған кандидатты ұсынған мемлекеттік органның немесе ұйымның басшысы қол қояды.
Toggle Dropdown
7. Құрмет дипломымен марапаттау мемлекеттік, кәсіби, өзге де мерекелер мен мерейтой күндеріне орай өткізіледі.
Toggle Dropdown
8. Материалдар Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ведомстволық наградалар жөніндегі комиссиясының отырысында қаралады. Комиссия шешімдері хаттамамен ресімделеді және Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің қарауына енгізіледі.
Toggle Dropdown
9. Құрмет дипломымен марапаттау Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығымен жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
4. Қорытынды ережелер
Toggle Dropdown
10. Құрмет дипломын табыстауды салтанатты түрде Министр немесе ол өкілеттік берген тұлға жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
11. Мемлекеттік органдардың немесе басқа да ұйымдардың кадр қызметі қызметкердің еңбек кітапшасына және жеке іс-қағазына марапаттау туралы бұйрықтың шыққан күні мен нөмірін көрсете отырып, тиісті жазба енгізеді.
Toggle Dropdown
Көтермелеудің салалық жүйесіне
қосымша нысан
Toggle Dropdown
Герб Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі
Toggle Dropdown
ҚҰРМЕТ ДИПЛОМЫ МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ДАМУЫНА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН МАРАПАТТАЛАДЫ
Toggle Dropdown
Астана 20__ жыл №