Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының аумағында шаруашылықішілік аңшылықты ұйымдастыру жөніндегі қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 17-03/362 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 17 тамызда № 7851 тіркелді
Редакция 24.12.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 36) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы аумағында шаруашылықішілік аңшылықты ұйымдастыру жөніндегі қағидасы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті (Е.Н. Нысанбаев) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2012 жылғы 16 шілдедегі
№ 17-03/362 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының аумағында
шаруашылықішілік аңшылықты ұйымдастыру жөніндегі
қағида
1. Осы Қазақстан Республикасының аумағында шаруашылықішілік аңшылықты ұйымдастыру жөніндегі қағида (бұдан әрі – Қағида) «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 36) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында шаруашылықішілік аңшылықты ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) аңшылық шаруашылығы субъектілері – бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптарда аңшылық шаруашылығын жүргiзетiн жеке немесе заңды тұлғалар;
2) бонитировка (бағалау) – аңшылық алқаптардың тұрпаттарын бөлу және олардың өнімділігін айқындау;
3) жануарлардың оңтайлы тығыздығы – алқаптардың өнімділігі барынша толық пайдаланылатын, жануарлар өздерінің қысқы азық базасын бүлдірмейтін әрі орман және ауыл шаруашылығына елеулі зиян келтірмейтін жануарлар саны;
4) камералдық өңдеу – дайындық және далалық кезеңдерде жиналған шаруашылықішілік аңшылықты ұйымдастыру материалдары мен деректерін өңдеу;
5) ревизиялық кезең – шаруашылықішілік аңшылықты ұйымдастыру материалдары бойынша Аңшылық шаруашылығын жүргізу жоспары әзірленетін мерзім;
6) шаруашылықішілік аңшылықты орналастыру объектісі – аңшылық шаруашылығы субъектілеріне бекітіліп берілген аңшылық алқаптары.
3. Шаруашылықішілік аңшылықты ұйымдастырудың міндеттері:
1) аңшылық алқаптарды түгендеу;
2) бонитировка (бағалау);
3) аңшылық алқаптардың табиғи және экономикалық жағдайларын зерттеу;
4) жануарларды есепке алу;
5) биотехникалық және пайдалану іс-шараларын жобалау болып табылады.
4. Шаруашылықішілік аңшылықты ұйымдастыру осы Қағиданың
3-тармағында көрсетілген міндеттерге сәйкес аңшылық шаруашылығы субъектілерінің білікті мамандарымен, керек болған жағдайда аңшылықты орналастыру мамандарының тартылуымен жүзеге асырылады.
5. Шаруашылықішілік аңшылықты ұйымдастыру материалдары бойынша аңшылық шаруашылығы субъектісі 10 (он) жылға немесе аңшылық шаруашылығын жүргізу шартының жасалу мерзіміне белгіленетін ревизиялық кезеңге арналған Аңшылық шаруашылығын жүргізу жоспарын әзірлейді.
6. Шаруашылықішілік аңшылықты ұйымдастырудың толық циклі объектінің күрделілігіне байланысты 18-24 айда жүзеге асырылады және үш кезеңнен – дайындық, далалық және камеральдық кезеңдерден тұрады.
Дайындық кезеңі бірінші жылдың басынан наурыз айына дейін орындалады.
Далалық кезеңнің ұзақтығын аңшылық шаруашылығы субъектісі белгілейді және бірінші жылдың толық далалық маусымын және екінші жылдың кем дегенде 6 (алты) айын қамтиды.
Камералдық өңдеу бірінші жылдың қысқы кезеңінде және толық емес екінші жылы жүргізіледі.
7. Шаруашылықішілік аңшылықты ұйымдастыру нысаналы мақсаты бойынша бастапқы және қайталама шаруашылықішілік аңшылықты ұйымдастыру болып бөлінеді. Шаруашылықаралық аңшылықты ұйымдастыру, орман орналастыру, жерге орналастыру, статистикалық есепке алу материалдары, сондай-ақ зоология, ботаника, география, климатология бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары шаруашылықішілік аңшылықты ұйымдастыруды жүргізуге негіз болып табылады.
8. Бастапқы шаруашылықішілік аңшылықты ұйымдастыру бұдан бұрын шаруашылықішілік аңшылықты ұйымдастырумен қамтылмаған аңшылық шаруашылықтары аумақтарында жүргізіледі. Бастапқы шаруашылықішілік аңшылықты ұйымдастыруда осы Қағидада айқындалған толық жұмыс кешені жүргізіледі.
9. Қайталама шаруашылықішілік аңшылықты ұйымдастыру бұдан бұрын ұйымдастырылған аңшылық шаруашылықтарында оларда ревизиялық кезең аяқталғаннан кейін жүргізіледі.
Қайталама шаруашылықішілік аңшылықты ұйымдастыруда осының алдындағы шаруашылықішілік аңшылықты ұйымдастыру материалдары толық пайдаланылады.
Қайталама шаруашылықішілік аңшылықты ұйымдастыруды жүргізу кезінде:
1) аңшылық алқаптар түрлерінің қазіргі учаскелерінің пішінін сақтау;
2) өзгерістерге ұшыраған аңшылық алқаптары түрлерінің учаскелерін көзбен шолып қарап шығу керек.
10. Шаруашылықішілік аңшылықты ұйымдастыру жұмыстары іздестіру жұмыстарының көлеміне, аңшылық алқаптардың құндылығына және аңшылық шаруашылығының санатына байланысты төрт разряд бойынша жүргізіледі.
Шаруашылықішілік аңшылықты ұйымдастыру бойынша мына жерлерде жұмыстар жүргізу ұсынылады:
1) 1-разряд бойынша – заңнамаға сәйкес шектеулі шаруашылық қызмет, оның ішінде аң аулау мен балық аулау рұқсат етілетін ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда және бірінші санатқа жататын аңшылық шаруашылықтарда;
2) 2-разряд бойынша – екінші санатқа жататын аңшылық шаруашылықтарда;
3) 3-разряд бойынша – үшінші санатқа жататын аңшылық шаруашылықтарда;
4) 4-разряд бойынша – төртінші және бесінші санаттарға жататын аңшылық шаруашылықтарда.
11. Шаруашылықішілік аңшылықты ұйымдастыру бойынша жұмыстар разрядын таңдауды аңшылық шаруашылығының субъектісі айқындайды.
2. Аңшылық алқаптарды түгендеу
12. Шаруашылықішілік аңшылықты ұйымдастыруды жүргізу кезіндегі түгендеу:
1) аңшылық шаруашылықтарының шекарасы мен санаттарын нақтылауды;
2) қорықшы айналмаларын анықтауды;
3) аңшылық алқаптардың тұрпаттарын нақтылауды;