Toggle Dropdown
7
Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның тауарларды мемлекеттік материалдық резервтен шығаруына жазылған құжаттар тізілімін табыс ету қағидаларын, нысаны мен мерзімін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 қазандағы № 1198 Қаулысы
Toggle Dropdown
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 270-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған:
Toggle Dropdown
1) Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның тауарларды мемлекеттік материалдық резервтен шығаруына жазылған құжаттар тізілімін табыс ету қағидалары мен мерзімі;
Toggle Dropdown
2) мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның тауарларды мемлекеттік материалдық резервтен шығаруына жазылған құжаттар тізілімінің нысаны бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Toggle Dropdown
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 24 қазандағы
№ 1198 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
1
Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның тауарларды мемлекеттік материалдық резервтен шығаруына жазылған құжаттар тізілімін табыс ету қағидалары, нысаны мен мерзімі
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Қағидалар мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның (бұдан әрі — уәкілетті орган) тауарларды мемлекеттік материалдық резервтен шығаруға жазылған құжаттар тізілімін табыс ету (бұдан әрі - тізілім) тәртібі мен мерзімін айқындайды.
Toggle Dropdown
2. Тізілімді тауарлар мемлекетті материалдық резервтен шығарылғаннан кейін уәкілетті орган жасайды.
Toggle Dropdown
3. Тізілімді уәкілетті орган мемлекеттік немесе орыс тілінде 2 данада қағаз тасығыштарда уәкілетті орган тіркеу есебінде тұрған жердің салық органына табыс етеді. Тізілімнің бір данасы салық органының белгісімен уәкілетті органға қайтарылады.
Toggle Dropdown
4. Тізілімді табыс ету үшін есепті кезең күнтізбелік тоқсан болып табылады.
Toggle Dropdown
5. Тізілім есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірмейтін мерзімде табыс етіледі.
Toggle Dropdown
6. Тізілім есепті кезең ішінде мемлекеттік материалдық резервтен шығарылған тауарлар бойынша уәкілетті орган жазып берген құжаттар туралы мәліметтерді көрсетуге арналған.
Toggle Dropdown
7. Тізілім мынадай түрлерге бөлінеді:
Toggle Dropdown
1) кезекті - тізілімді табыс ету бойынша міндеттеме алғаш туындаған есепті кезең үшін және осындай кезеңнен кейінгі есепті кезеңдер үшін уәкілетті орган табыс ететін тізілім;
Toggle Dropdown
2) қосымша - өзгерістер және (немесе) толықтырулар жататын есепті кезең үшін бұрын табыс етілген тізілімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде уәкілетті орган табыс ететін тізілім.
Toggle Dropdown
8. Тізілім қара немесе көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспаханалық бас әріптермен немесе баспа құрылғысы пайдаланыла отырып толтырылады.
Toggle Dropdown
9. Тізілімді толтыру кезінде түзетуге, тазартуға және өшіруге жол берілмейді.
Toggle Dropdown
10. Тізілім уәкілетті органның мөрімен куәландырылады және оны жасауға жауапты тұлға, сондай-ақ уәкілетті органның басшысы не уәкілетті органның уәкілеттік берілген адамы қол қояды.
Toggle Dropdown
1
2. Тізілімді жасау
Toggle Dropdown
11. Тізілімде мынадай деректер көрсетіледі:
Toggle Dropdown
1) А бағанында — жолдың реттік нөмірі;
Toggle Dropdown
2) В бағанында - сатып алушы - салық төлеушінің жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес сәйкестендіру нөмірі);
Toggle Dropdown
«Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жол 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап міндетті түрде толықтырылуы керек;
Toggle Dropdown
3) С бағанында - мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды шығаруға арналған құжатта көрсетілген сатып алушы салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
Toggle Dropdown
4) D бағанында - мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды шығаруға арналған құжаттың нөмірі;
Toggle Dropdown
5) Е бағанында - мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды шығаруға арналған құжаттың жазылған күні;
Toggle Dropdown
6) F бағанында - мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды шығаруға арналған құжатта көрсетілген тауарлардың қосылған құн салығын есепке алмағандағы жалпы құны;
Toggle Dropdown
7) G бағанында - мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды шығаруға арналған құжатта көрсетілген қосылған құн салығының сомасы.
Toggle Dropdown
G бағанының жиынтық шамасы тізілімнің тек бірінші бетінде ғана көрсетіледі және барлық беттердің осы бағандарында көрсетілген барлық шамаларды жинақтау жолымен айқындалады.
Toggle Dropdown
ЕСЕПТІ САЛЫҚ КЕЗЕҢІ ІШІНДЕ
МЕМЛЕКЕТТІК МАТЕРИАЛДЫҚ РЕЗЕРВТЕР ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК
ОРГАННЫҢ ТАУАРЛАРДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МАТЕРИАЛДЫҚ РЕЗЕРВТЕН ШЫҒАРУЫНА ЖАЗЫЛҒАН ҚҰЖАТТАРДЫҢ ТІЗІЛІМІ