Toggle Dropdown
4
"Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 15 қазандағы N 1328 Қаулысы
Toggle Dropdown
Редакция 29.06.2012 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
"Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған:
Toggle Dropdown
1) қабылдау және жұмыс комиссияларының өкілеттіктері, міндеттері, міндетті құрамы;
Toggle Dropdown
2) Қабылдау және жұмыс комиссияларының объектiлердi қабылдау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар);
Toggle Dropdown
3) жұмыс комиссиясы қорытындысының және қабылдау комиссиясы актісінің нысандары;
Toggle Dropdown
4) мемлекеттік қабылдау комиссиясының салынған объектіні пайдалануға қабылдау туралы актісінің бірыңғай нысаны бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Toggle Dropdown
Премьер-Министрі
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2001 жылғы 15 қазандағы
N 1328 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
1
Қабылдау және жұмыс комиссиясының өкілеттіктері, міндеттері
және міндетті құрамы
Toggle Dropdown
1. Қабылдау комиссиясының өкілеттіктері, міндеттері және
міндетті құрамы
Toggle Dropdown
1. Қабылдау комиссиясының өкілеттігіне мыналар кiредi:
Toggle Dropdown
1) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңының (бұдан әрі – Заң) 76-бабында көзделген объектiлердi олар бекiтiлген жобаға сәйкес және пайдалануға қабылдау туралы актiнi ресiмдей отырып, пайдалануға толық дайын болған кезде қабылдау;
Toggle Dropdown
2) жобалау, іздестiру және (немесе) құрылыс-монтаж жұмыстарының орындалмауына немесе сапасыз орындалуына жол берген адамдарды заңнамада белгiленген тәртiппен жауапқа тарту жөнiндегі ұсыныстарымен, анықталған бұзушылықтарды жою үшін тапсырыс берушіге (инвесторға, құрылыс салушыға) және бас мердiгерге пайдалануға берiлетiн объектiнiң жарамсыздығы туралы қорытынды беру.
Toggle Dropdown
2. Қабылдау комиссиясының өкiлеттiктерi қабылдау үшiн комиссия тағайындалған объектiге ғана қолданылады.
Toggle Dropdown
Қабылдау комиссиясының нақты объект бойынша өкiлеттiктерi тапсырыс беруші (инвестор, құрылыс салушы) оны тағайындаған күнiнен басталады және объектiнi қабылдау туралы актіге қол қойған күнінен бастап тоқтайды.
Toggle Dropdown
3. Қабылдау комиссиясының мiндетiне мыналар кiредi:
Toggle Dropdown
1) құрылысы аяқталған объектiнiң пайдалануға беруге дайындығын белгілеу және құжаттамалық түрде растау;
Toggle Dropdown
2) жұмыстарды орындаушының нормативтiк талаптарды, бекiтiлген жобаны сақтауы жөнiндегi болған ауытқушылықтар бойынша әрекеттерiн белгілеу және оларды мемлекеттік нормативтерде белгiленген тәртiппен келiсу;
Toggle Dropdown
3) iске қосылатын объектi қуатының (сыйымдылығының, өткiзу қабiлетiнiң) бекiтiлген жобадағы көрсеткiштерiмен сәйкестiгiн белгілеу;
Toggle Dropdown
4) тапсырыс берушіден (инвестордан, құрылыс салушыдан) немесе бас мердiгерден алынған құжаттамаларды өкiлеттiктерi аяқталғаннан кейiн қайтарып беру.
Toggle Dropdown
4. Қабылдау комиссиясының міндетті құрамына мыналар кiредi:
Toggle Dropdown
1) қабылдау комиссиясының төрағасы болып табылатын тапсырысшы (инвестор, құрылыс салушы) не тапсырыс берушінің (инвестордың, құрылыс салушының) жауапты өкiлi;
Toggle Dropdown
2) комиссия төрағасының орынбасары болып табылатын мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органының өкілі;
Toggle Dropdown
3) бас мердігердің, қосалқы мердігерлік ұйымның не бас жобалаушының не жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзiрлеушiнiң, қосалқы жобалаушылардың (жобаның бөлімдерін әзірлеушілердің), жергiлiктi атқарушы сәулет және қала құрылысы органдары, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының, пайдаланушы ұйымдардың (кәсіпорындардың, мекемелердің), пайдалануға берiлетiн объектiнiң бейiнiне (мақсатына) қарай басқа да мүдделi мемлекеттiк органдардың өкiлдерi.
Toggle Dropdown
2. Жұмыс комиссиясының өкілеттіктері, міндеттері мен міндетті
құрамы
Toggle Dropdown
5. Жұмыс комиссиясының өкілеттігіне мыналар кiредi:
Toggle Dropdown
1) Заңның 75-бабында көзделген мемлекеттiк қабылдау комиссиясының объектiлердің оларды қабылдауға толық дайындығына кешендi бағалау жүргiзуі;
Toggle Dropdown
2) технологиялық жабдық пен инженерлiк жүйелерге бақылау сынақтарын жүргiзу;
Toggle Dropdown
3) жобалау, іздестiру және (немесе) құрылыс-монтаж жұмыстарының орындалмауына немесе сапасыз орындалуына жол берген адамдарды заңнамада белгiленген тәртiппен жауапқа тарту жөнiнде ұсыныстарымен анықталған бұзушылықтарды жою үшін тапсырыс берушіге объектiнiң пайдалануға беруге толық дайын еместiгi туралы лер беру;
Toggle Dropdown
4) кешендi бағалау нәтижелерi бойынша оның нәтижелерiн мемлекеттiк қабылдау комиссиясына ұсыну үшiн объектiнiң дайын екендiгi туралы қорытындыны ресiмдеу.
Toggle Dropdown
6. Жұмыс комиссиясының өкiлеттiктерi дайындыққа кешенді бағалау жүргізу үшiн жұмыс комиссиясы тағайындалған объектiге ғана қолданылады.
Toggle Dropdown
Жұмыс комиссиясының нақты объект бойынша өкiлеттiктерi оны тағайындаған сәттен басталады және тапсырыс берушіге пайдалануға берiлетiн объектiнi кешендi бағалау бойынша объектiнiң пайдалануға беру дайындығы туралы көрсете отырып, заңнамада белгiленген тәртiппен ресiмделген қорытындыны бергеннен кейiн тоқтайды.
Toggle Dropdown
7. Жұмыс комиссиясының мiндетiне мыналар кiредi:
Toggle Dropdown
1) орындалған құрылыс-монтаж жұмыстарының және құрастырылған технологиялық, инженерлiк немесе өзге де жабдықтың белгiленген тәртiппен бекiтiлген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаларына, нормативтiк талаптарға (шарттарға, шектеулерге) сәйкестiгiн бағалау;
Toggle Dropdown
2) пайдалана бастауға объектiнiң дайындығын не дайын еместiгiн белгілеу;
Toggle Dropdown
3) бас мердiгерден алынған құжаттамаларды өкiлеттiктерi аяқталғаннан кейiн қайтарып беру.
Toggle Dropdown
8. Жұмыс комиссиясының міндетті құрамына мыналар:
Toggle Dropdown
1) қабылдау комиссиясының төрағасы болып табылатын тапсырыс беруші (инвестор, құрылыс салушы) не тапсырыс беруші (инвестордың, құрылыс салушының) жауапты өкiлi;
Toggle Dropdown
2) бас жобалаушының не жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзiрлеушiнiң, қосалқы жобалаушылардың (жобаның бөлімдерін әзірлеушілердің), бас мердігердің, қосалқы мердігерлік ұйымдардың, жергiлiктi атқарушы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарының, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының, мемлекеттік халықты әлеуметтік қорғау органының, пайдаланушы ұйымдардың (кәсіпорындардың, мекемелердің), объектiнiң бейiнiне (мақсатына) қарай басқа да мүдделi мемлекеттiк органдардың өкiлдерi кiредi.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2001 жылғы 15 қазандағы
N 1328 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
5
Қабылдау және жұмыс комиссияларының объектiлердi қабылдау
қағидалары
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Қабылдау және жұмыс комиссияларының объектiлердi қабылдау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңының (бұдан әрі – Заң) 77-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және салынған объектiлердi пайдалануға қабылдау тәртібін белгілейді.
Toggle Dropdown
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Toggle Dropdown
1) қабылдау комиссиясы – құрылысы аяқталған объектінің дайындығын белгілейтін және құжаттамалық растайтын және салынған объектiнi пайдалануға қабылдайтын уақытша алқалы орган;
Toggle Dropdown
2) жұмыс комиссиясы – нәтижелерiн мемлекеттiк қабылдау комиссиясына ұсыну үшiн объектiнiң дайындығына кешендi бағалау жүргiзетiн уақытша алқалы орган;