Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы ұйымдарының авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшылары мен мамандары лауазымдарының тізбесін, сондай-ақ осындай лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 сәуірдегі № 443 қаулысы
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 46) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған:
Toggle Dropdown
1) Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы ұйымдарының авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшылары мен мамандары лауазымдарының тізбесі;
Toggle Dropdown
2) Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы ұйымдарының авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшылары мен мамандарына қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Toggle Dropdown
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 25 сәуірдегі
№ 443 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы ұйымдарының авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшылары мен мамандары лауазымдарының тізбесі
Toggle Dropdown
1. Авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысы.
Toggle Dropdown
2. Авиациялық қауіпсіздік қызметі басшысының орынбасары.
Toggle Dropdown
3. Авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеру бөлімшесі.
Toggle Dropdown
1) қарап тексеру бөлімшесінің бастығы;
Toggle Dropdown
2) қарап тексеру бөлімшесі бастығының орынбасары;
Toggle Dropdown
3) қарап тексеру бөлімшесінің ауысым бастығы;
Toggle Dropdown
4) қарап тексеру бөлімшесінің инспекторы;
Toggle Dropdown
5) техникалық жабдықтау және қауіпсіздік құралдары жөніндегі инспектор.
Toggle Dropdown
4. Авиациялық қауіпсіздік қызметінің қауіпсіздік бөлімшесі:
Toggle Dropdown
1) қауіпсіздік бөлімшесінің бастығы;
Toggle Dropdown
2) қауіпсіздік бөлімшесі бастығының орынбасары;
Toggle Dropdown
3) қауіпсіздік бөлімшесінің ауысым бастығы;
Toggle Dropdown
4) қауіпсіздік бөлімшесінің инспекторы;
Toggle Dropdown
5) қызметтік иттердің инспектор-вожатыйы (патрульдік-іздеу итінің жетекшісі);
Toggle Dropdown
6) бақылау және бейнебақылау пунктінің инспекторы.
Toggle Dropdown
5. Авиациялық қауіпсіздік қызметінің рұқсаттама бюросы:
Toggle Dropdown
1) рұқсаттама бюросының бастығы;
Toggle Dropdown
2) рұқсаттама бюросының инспекторы.
Toggle Dropdown
6. Авиациялық қауіпсіздік қызметінің әкімшілік бөлімшесі:
Toggle Dropdown
1) әкімшілік бөлімшесінің бастығы;
Toggle Dropdown
2) әкімшілік бөлімшесінің инспекторы.
Toggle Dropdown
7. Оқыту жөніндегі нұсқаушы-үйлестіруші.
Toggle Dropdown
8. Сапаны бақылау аудиторы.
Toggle Dropdown
9. Авиациялық қауіпсіздік жөніндегі жауапты тұлға.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы ұйымдарының авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшылары мен мамандарының лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 25 сәуірдегі
№ 443 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
1. Авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысына қойылатын біліктілік талаптары:
Toggle Dropdown
1) Қазақстан Республикасының азаматтығы;
Toggle Dropdown
2) ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісім. Қазақстан Республикасының Президентін және өзге де қорғалатын тұлғаларды тасымалдауды жүзеге асыратын авиакомпаниялардың авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшылары Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінің келісімі бойынша тағайындалады.
Toggle Dropdown
3) жоғары білім («Білім туралы» ҚР Заңының 39-бабына сәйкес құжаттармен расталады);
Toggle Dropdown
4) жасы кемінде 25 жаста;
Toggle Dropdown
5) жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырумен байланысты мемлекеттік органдарда кемінде 5 жыл қызмет өтілі немесе авиация персоналы ретінде кемінде 5 жыл жұмыс өтілі немесе авиациялық қауіпсіздік қызметінің маманы ретінде кемінде 3 жыл жұмыс өтілі немесе Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымында (бұдан әрі – ИКАО) тіркелген азаматтық авиацияның жоғары оқу орындарында «Әуе көлігімен тасымалдау кезінде авиациялық қауіпсіздікті ұйымдастыру» мамандығы бойынша оқу нысанын (күндізгі немесе сырттай) бітіргеннен кейін авиациялық қауіпсіздік қызметінің маманы ретінде кемінде 2 жыл жұмыс өтілі («Білім туралы» ҚР Заңының 39-бабына және Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 34-бабына сәйкес құжат түрінде расталады);
Toggle Dropdown
6) ИКАО-да тіркелген азаматтық авиацияның оқу орны беретін авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысы курсын бітіргені туралы сертификат;
Toggle Dropdown
7) заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылықтың болмауы.
Toggle Dropdown
2. Авиациялық қауіпсіздік қызметі басшысының орынбасарына қойылатын біліктілік талаптары:
Toggle Dropdown
1) Қазақстан Республикасының азаматтығы;
Toggle Dropdown
2) жоғары білім («Білім туралы» ҚР Заңының 39-бабына сәйкес құжаттармен расталады);
Toggle Dropdown
3) жасы кемінде 25-жаста;
Toggle Dropdown
4) жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырумен байланысты мемлекеттік органдарда кемінде 5 жыл қызмет өтілі немесе авиация персоналы ретінде кемінде 5 жыл жұмыс өтілі немесе авиациялық қауіпсіздік қызметінің маманы ретінде кемінде 3 жыл жұмыс өтілі немесе Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымында (бұдан әрі – ИКАО) тіркелген азаматтық авиацияның жоғары оқу орындарында «Әуе көлігімен тасымалдау кезінде авиациялық қауіпсіздікті ұйымдастыру» мамандығы бойынша оқу нысанын (күндізгі немесе сырттай) бітіргеннен кейін авиациялық қауіпсіздік қызметінің маманы ретінде кемінде 2 жыл жұмыс өтілі («Білім туралы» ҚР Заңының 39-бабына және Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 34-бабына сәйкес құжат түрінде расталады);
Toggle Dropdown
5) ИКАО-да тіркелген азаматтық авиацияның оқу орны беретін авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысы курсын бітіргені туралы сертификат;
Toggle Dropdown
6) заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылықтың болмауы.
Toggle Dropdown
3. Авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеру бөлімшесінің бастығына, авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеру бөлімшесі бастығының орынбасарына, авиациялық қауіпсіздік қызметінің қауіпсіздік бөлімшесінің бастығына, авиациялық қауіпсіздік қызметінің қауіпсіздік бөлімшесі бастығының орынбасарына, авиациялық қауіпсіздік қызметінің әкімшілік бөлімшесінің бастығына, авиациялық қауіпсіздік қызметінің рұқсаттама бюросының бастығына, авиациялық қауіпсіздік қызметінің техникалық жабдықтау және қауіпсіздік құралдары жөніндегі инспекторына қойылатын біліктілік талаптары:
Toggle Dropdown
1) Қазақстан Республикасының азаматтығы;
Toggle Dropdown
2) жоғары (техникалық, заң) немесе орта (техникалық және кәсіби) білім («Білім туралы» ҚР Заңының 39-бабына сәйкес құжат түрінде расталады);
Toggle Dropdown
3) авиация персоналы ретінде кемінде 2 жыл жұмыс өтілі немесе авиациялық қауіпсіздік қызметінің маманы ретінде кемінде 1 жыл жұмыс өтілі немесе ИКАО-да тіркелген азаматтық авиацияның жоғары оқу орындарын «Әуе көлігімен тасымалдау кезінде авиациялық қауіпсіздікті ұйымдастыру» мамандығы бойынша оқу нысанын (күндізгі немесе сырттай) бітіргеннен кейін авиациялық қауіпсіздік саласында кемінде 1 жыл жұмыс өтілі («Білім туралы» ҚР Заңының 39-бабына және Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 34-бабына сәйкес құжат түрінде расталады);
Toggle Dropdown
4) ИКАО-да тіркелген азаматтық авиацияның оқу орны беретін авиациялық қауіпсіздік бойынша курсты бітіргені туралы сертификат;
Toggle Dropdown
5) заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылықтың болмауы.
Toggle Dropdown
4. Қызметтік иттердің инспектор-вожатыйына (патрульдік-іздеу итінің жетекшісіне) қойылатын біліктілік талаптары:
Toggle Dropdown
1) Қазақстан Республикасының азаматтығы;
Toggle Dropdown
2) негізгі орта, орта немесе жоғары білім;
Toggle Dropdown
3) кинолог курстарында оқығандығын растайтын құжат;
Toggle Dropdown
4) жасы кемінде 20 жаста;
Toggle Dropdown
5) ИКАО-да тіркелген азаматтық авиацияның оқу орны беретін авиациялық қауіпсіздік бойынша курсты бітіргені туралы сертификат;
Toggle Dropdown
6) заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылықтың болмауы.
Toggle Dropdown
5. Қарап тексеру бөлімшесінің ауысым бастығына, қауіпсіздік бөлімшесінің ауысым бастығына, қауіпсіздік бөлімшесінің ауысым бастығына, қарап тексеру бөлімшесінің инспекторы мен қауіпсіздік бөлімшесі инспекторына, бақылау және бейнебақылау пунктінің инспекторына, рұқсаттама бюросының инспекторына, әкімшілік бөлімшесінің инспекторына қойылатын біліктілік талаптары:
Toggle Dropdown
1) Қазақстан Республикасының азаматтығы;
Toggle Dropdown
2) негізгі орта, орта немесе жоғары білім («Білім туралы» ҚР Заңының 39-бабына сәйкес құжат түрінде расталады);
Toggle Dropdown
3) жасы кемінде 20 жаста;
Toggle Dropdown
4) ИКАО-да тіркелген азаматтық авиацияның оқу орны беретін авиациялық қауіпсіздік бойынша курсты бітіргені туралы сертификат;
Toggle Dropdown
5) заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылықтың болмауы.
Toggle Dropdown
6. Оқыту жөніндегі нұсқаушы-үйлестірушіге, сапаны бақылау аудиторына қойылатын талаптар:
Toggle Dropdown
1) Қазақстан Республикасының азаматтығы;
Toggle Dropdown
2) жоғары немесе орта (техникалық және кәсіби) білім («Білім туралы» ҚР Заңының 39 бабына сәйкес құжат түрінде расталады);
Toggle Dropdown
3) авиациялық қауіпсіздік қызметінің маманы ретінде кемінде 3 жыл жұмыс өтілі;
Toggle Dropdown
4) жасы кемінде 25 жаста;
Toggle Dropdown
5) ИКАО оқу орталықтары беретін авиациялық қауіпсіздік бойынша курсты бітіргені туралы сертификат;
Toggle Dropdown
6) заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылықтың болмауы.
Toggle Dropdown
7. Авиациялық қауіпсіздік жөніндегі жауапты тұлғаға қойылатын талаптар:
Toggle Dropdown
1) Қазақстан Республикасының азаматтығы;
Toggle Dropdown
2) ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісім;
Toggle Dropdown
3) жоғары немесе орта (техникалық және кәсіби) білім («Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабына сәйкес құжат түрінде расталады);
Toggle Dropdown
4) авиациялық қауіпсіздік қызметінің маманы ретінде кемінде 3 жыл жұмыс өтілі немесе авиация персоналы ретінде кемінде 5 жыл жұмыс өтілі немесе ИКАО-да тіркелген азаматтық авиациясының жоғары оқу орындарында «Әуе көлігімен тасымалдау кезінде авиациялық қауіпсіздікті ұйымдастыру» мамандығы бойынша оқу нысанын (күндізгі немесе сырттай) бітіргеннен кейін авиациялық қауіпсіздік қызметінің маманы ретінде кемінде 1 жыл жұмыс өтілі («Білім туралы» ҚР Заңының 39-бабына және Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 34-бабына сәйкес құжат түрінде расталады);
Toggle Dropdown
5) ИКАО-да тіркелген азаматтық авиацияның оқу орны беретін авиациялық қауіпсіздік бойынша курсты бітіргені туралы сертификат;
Toggle Dropdown
6) заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылықтың болмауы.
Toggle Dropdown
8. Авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшыларын, азаматтық авиация ұйымының авиациялық қауіпсіздігі бойынша жауапты адамдарды тағайындау үшін жұмыс өтілін және бұрын ұйымдарда (министрліктер мен ведомстволарда) атқарған қызметтерін көрсете отырып, ұсынымды ресімдейді және ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметіне келісуге жібереді. Мынадай құжаттар талап етіледі:
Toggle Dropdown
1) ұсыным;
Toggle Dropdown
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
Toggle Dropdown
3) ИКАО-да тіркелген азаматтық авиацияның оқу орны беретін сертификаттың көшірмесі («Әуе көлігімен тасымалдау кезінде авиациялық қауіпсіздігікті ұйымдастыру» мамандығы бойынша ИКАО-да тіркелген азаматтық авиацияның жоғарғы оқу орындарының түлектері үшін дипломды алған күннен бастап үш жыл ішінде сертификатты ұсыну талап етілмейді);
Toggle Dropdown
4) оқу орнын бітіргені туралы дипломның (куәліктің) көшірмесі;
Toggle Dropdown
5) жұмыс өтілін растайтын құжат;
Toggle Dropdown
6) 4 х 5 см өлшемдегі 3 фотосурет (бас киімсіз).