"Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Отправить по почте
"Ауыл шаруашылығы және орман ағаштарын дайындайтын тракторлардың, тіркемелер мен машиналардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы N 1295 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 3 ақпаннан бастап ҚР Үкіметінің 30.01.2017 жылғы № 29 Қаулысына сәйкес
"Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған "Ауыл шаруашылығы және орман ағаштарын дайындайтын тракторлардың, тіркемелер мен машиналардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы N 1295 қаулысымен бекітілген
"Ауыл шаруашылығы және орман ағаштарын дайындайтын тракторлардың, тіркемелер мен машиналардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті 1. Қолданылу саласы
1. Осы "Ауыл шаруашылығы және орман ағаштарын дайындайтын тракторлардың, тіркемелер мен машиналардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенттің (бұдан әрі - Техникалық регламент) талаптары Қазақстан Республикасындағы жасалған және шетелден әкелінетін ауыл және орман шаруашылығына арналған жаңа және жаңғыртылған тракторларға, трактор тіркемелеріне, жартылай тіркемелерге және машиналарға (бұдан әрі - машиналар) қолданылады. Осы техникалық регламенттің әрекеті қолданылатын машиналардың тізбесі мен Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасының (бұдан әрі - ҚР СЭҚ ТН) сыныптамасы бойынша оның кодтары осы Техникалық регламентке 1-қосымшада көрсетілген.
2. Осы техникалық регламенттің талаптары Қазақстан Республикасының аумағына кемінде екі ай мерзімге әкелінетін немесе оларды иеліктен айыру мүмкіндігін көздемейтін кедендік режімдерге орналастырылатын машиналарға қолданылмайды.
3. Осы регламенттің қауіпсіздік талаптарын қолдануға қатысты пайдалану процесінде адамдардың өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға машиналар әкелетін қауіптердің тізбесі осы Техникалық регламентке 2-қосымшада көрсетілген.
2. Терминдер мен анықтамалар
4. Осы Техникалық регламентте "Техникалық реттеу туралы " және "Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы " Қазақстан Республикасының заңдарында қолданылған негізгі терминдер сондай-ақ мынадай терминдер және анықтамалар қолданылады:
аспалы машина - салмағы көлік жағдайында толықтай энергетикалық құралға жалғанатын трактордың немесе энергетикалық құралдың үш нүктелі аспалы жүйесіне бекітілген машина;
болжамды дұрыс қолданбау - машинаны дайындаушы көздемеген, бірақ адам мінез-құлқының жалпы заңдылығы негізінде оңай болжанатын пайдалану;
жаңғыртылған машина - конструкциясына оны жақсарту мақсатында сериялық өндіріс жағдайында өзгеріс енгізілген машина;
жартылай аспалы машина - салмағы көлік жағдайында ішінара тракторға немесе энергетикалық құралға жалғанатын және үлкен бөлігі өз дөңгелегімен жүретін машина. Машина жұмыс жағдайынан көлік жағдайына ауысқан кезде энергетикалық құралға жалғанатын шарнирлік нүкте биіктік бойынша жаңа жағдайға мәжбүрлі түрде ауысады;
жартылай тіркеме машина - салмағы көлік жағдайында ішінара тракторға немесе энергетикалық құралға жалғанатын және үлкен бөлігі ез дөңгелегімен жүретін машина. Машина жұмыс жағдайынан көлік жағдайына ауысқан кезде энергетикалық құралға жалғанатын шарнирлік нүкте биіктік бойынша өз жағдайын өзгертпейді;
К нүктесі - орындықтың бақылау нүктесіне қатысты көрініс параметрлері басталатын нүкте;
қорғаныс қоршауы - физикалық тосқауыл түрінде қорғауды қамтамасыз етуге арнайы арналған машинаның бір бөлігі.
қорғау құрылғысы - жеке қолданылған кезде де қорғауға арналған қоршаумен бірге де қауіпті төмендететін қосымша жабдық (қорғаныс қоршауы болып табылмайтын);
мақсат бойынша қолдану - машинаны сол машинада және (немесе) пайдалану құжаттарында дайындаушы көрсеткен мақсатқа сәйкес пайдалану;
"масса" — электрлі әлеуеті базалық болып қабылданған өткізгіш дене;
монтаждалған машина - трактордың немесе энергетикалық құралдың үш нүктелі аспалы жүйесіне және (немесе) басқа нүктелеріне бекітілген, жинамалы бірліктер қатарында қосымша монтаждалған, салмағы толықтай энергетикалық құралға жалғанатын машина;
мотоблок - ауыспалы аспалы және тіркеме машиналар мен құралдарды жегуге арналған бір білікті шағын трактор;
оператор - машинаны пайдалануға және оған техникалық қызмет көрсетуге жауапты тұлға (тұлғалар);
орындықтың бақылау нүктесі (бұдан әрі - ОБН) - оператордың жұмыс орнының параметрлері басталатын базалық нүкте;
орындықты іліп қоюдың серпінді элементі - тербелісті таратушы орындықты іліп қоятын түйін;
өздігінен жүретін машиналар - ауыл немесе орман шаруашылығында пайдаланылатын, дөңгелекпен немесе шынжыр табанмен жүретін, жұмыс істеу процесі сыртқы энергетика құралдарының көмегінсіз қозғалуды көздейтін, ал энергия көзі қызметін іштен жану қозғалтқышы атқаратын машиналар;
трактордың жартылай тіркемесі - өз дөңгелектері арқылы тік жүктеменің бір бөлігін үстіңгі таянышқа және бір бөлігін сүйреу-тіркеу құрылғысы арқылы тракторға немесе энергетикалық құралға түсіретін өздігінен жүрмейтін көлік құралы;
трактордың тіркемесі - өз дөңгелектері арқылы барлық тік жүктемені үстіңгі таянышқа түсіретін өздігінен жүрмейтін көлік құралы;
тракторлар - дөңгелекпен немесе шынжыр табанмен жүретін, кемінде екі осі бар, жұмыс істеуі негізінен оның сүйреу күшіне байланысты және басты жағдайда сүйреп тарту, итеру, тасымалдау немесе ауыл немесе орман шаруашылығында пайдалануға арналған белгілі бір құрылғыларды, тетіктерді немесе тіркемелерді қозғалысқа келтіру үшін құрастырылған механикалық көлік құралдары;
тіркеме машина - тракторға немесе энергетикалық құралға тіркелетін, салмағы көлік жағдайында оның жүріс жүйесіне жалғанатын машина;
ұтқыр машиналар - тракторлар, өздігінен жүретін машиналар, сондай-ақ оларға жалғанатын тіркемелер, ауыл немесе орман шаруашылығында қолданылатын машиналар немесе құралдар;
шағын механикаландырылған ұтқыр құралдар - ауыл шаруашылығы агрегатын құрайтын шағын тракторлармен және мотоблоктармен агрегатталған аспалы, тіркемелі, жартылай аспалы және жартылай тіркемелі ауыл шаруашылығы машиналары мен құралдары, өздігінен жүретін, қозғалыста жұмыс істейтін және қуаты 25 кВт дейін іштен жану қозғалтқышы бар жанында жүретін оператормен басқарылатын арнайы машиналар мен құралдар;
шағын трактор - қуаты 25 кВт аспайтын қозғалтқышы бар, алаңдарда, мөлдектерде, террасаларда, бақтарда, фермаларда, саябақ және коммуналдық шаруашылықтарда ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы жұмыстарын орындауға арналған трактор;
энергетикалық құрал (бұдан әрі - энергоқұрал) - өздігінен жүрмейтін машиналарды сүйреуге (итеруге) және олардың жұмыс органдарын тартуға арналған қозғалтқыштар, трансмиссиялар мен жылжытқыштар жиынтығы.
3. Машиналарды Қазақстан Республикасының нарығына орналастыру және оларды пайдалануға беру шарттары
5. Машиналарды нарыққа орналастыру немесе пайдалануға берудің қажетті шарты осы Техникалық регламентте белгіленген талаптарға сәйкес келтіру болып табылады.
6. Нарыққа келіп түскен және Қазақстан Республикасына пайдалануға әкелінетін машиналар тұтынушылар пайдалану құжатында белгіленген талаптарды орындаған кезде дайындаушы белгілеген барлық қызмет ету мерзімі ішінде қауіпсіздік талаптарына жауап беруі тиіс.
7. Машиналарды тұтынушыларға:
1) машинаның таңбасында және оның негізгі жинамалы бірліктерінде;
2) ілеспе құжатта келтірілген толық және дұрыс ақпарат беріледі.
8. Машиналарда мынадай ақпаратты қамтитын таңбалар мен жазбалар жазылуы тиіс:
1) машинаның атауы;
2) дайындаушының атауы;
3) серия, үлгі, модель белгілері;
4) сериялық нөмірі;
5) өздігінен жүретін машиналардың паспортында көрсетілген қозғалтқыш нөмірі, рама нөмірі, агрегат нөмірі;
6) дайындалған күні;