Toggle Dropdown
2
Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруын сертификаттау және сертификат беру қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 маусымдағы № 646 Қаулысы
Toggle Dropdown
Редакция 04.12.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 43) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруын сертификаттау және сертификат беру қағидасы бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Toggle Dropdown
Премьер-Министрі. К. Мәсімов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 9 маусымдағы
№ 646 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруын сертификаттау және сертификат беру қағидасы
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруын сертификаттау және сертификат беру қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруын сертификаттау және әуежай пайдаланушыларына сертификат беру тәртібін белгілейді.
Toggle Dropdown
2. Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыру жөніндегі сертификатын басқа адамға беруге болмайды.
Toggle Dropdown
3. Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруы жөніндегі сертификаты саласы мен қолданыс мерзімі көрсетіле отырып, екі жыл мерзімге беріледі.
Toggle Dropdown
4. Қағидада мынадай терминдер мен ұғымдар пайдаланылады:
Toggle Dropdown
1) өтінім - өтініш берушінің қарап тексеруді ұйымдастыру жөніндегі сертификаттау рәсімінен өту үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға жазбаша өтініші;
Toggle Dropdown
2) өтініш беруші — әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруы жөніндегі сертификатты (бұдан әрі - қарап тексеруді ұйымдастыру жөніндегі сертификат) алу үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға өтініш білдірген әуежай пайдаланушысы;
Toggle Dropdown
3) сертификаттық тексеру - азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жүзеге асыратын, өтініш берушінің сертификаттық талаптарға сәйкестігін қарап тексеруді жүзеге асыратын құралдарды, жабдықтарды, технологиялық үдерістерді, құжаттаманы, ұйымдық құрылымды, персоналдың біліктілігін тексеру;
Toggle Dropdown
4) сертификаттық талаптар - азаматтық авиацияның сертификаттау саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптар;
Toggle Dropdown
5) қарап тексеру кезінде қолданылатын техникалық құралдар - жолаушыларды, қол жүгін, жүкті, багажды, поштаны, борттық қорды, әуе кемелерінің экипаж мүшелерін, авиация персоналын қарап тексеруді жүзеге асыру кезінде, сондай-ақ азаматтық авиация қызметіне заңсыз араласу әрекеттерінен қорғауға арналған дербес немесе қандай да бір жүйенің бөлігі ретінде пайдалануға арналған арнайы қондырғылар;
Toggle Dropdown
7) Тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
5. Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыру жөніндегі сертификаттауды азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жүргізеді.
Toggle Dropdown
5-1. Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруын сертификаттау үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалатын тәртіппен және мөлшерде алым алынады. Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруын сертификаттау көрсетілген алым мемлекеттік бюджетке төленгеннен кейін жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
2. Сертификаттау жүргізу тәртібі
Toggle Dropdown
6. Сертификаттау жүргізудің төмендегідей тәртібі белгіленеді:
Toggle Dropdown
1) өтініш берушінің азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға құжаттары қоса берілген өтінім беруі;
Toggle Dropdown
2) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның өтінім бойынша алдын ала бағалауы және шешім қабылдауы;
Toggle Dropdown
3) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның сертификаттық тексеру жүргізуі;
Toggle Dropdown
4) қарап тексеруді ұйымдастыру бойынша шешім қабылдау және сертификат беру (беруден бас тарту).
Toggle Dropdown
7. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз).
Toggle Dropdown
1
8. Сертификат алуға сертификаттаудың жалпы мерзімі сертификаттау жүргізуге өтінім ұсынылған сәттен бастап күнтізбелік 30 күннен аспауы тиіс.
Toggle Dropdown
3. Өтінім бойынша алдын ала бағалау және шешім қабылдау
Toggle Dropdown
9. Өтініш беруші азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінім жібереді.
Toggle Dropdown
Өтінімге осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес құжаттар қоса беріледі.
Toggle Dropdown
10. Кейінгі сертификаттау кезінде өтініш беруші азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға орын алған өзгерістерге қатысты құжаттары (өзгерістер болған немесе жаңартуды талап ететін) бар өтінімді ұсынады.
Toggle Dropdown
11. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган ұсынылған құжаттарды қарайды және осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша күнтізбелік 10 (он) күннен аспайтын мерзімде шешім қабылдайды.
Toggle Dropdown
12. Өтінімді алдын ала бағалауға құжаттарда ұсынылған рәсімдермен, практикамен және әдістермен жалпы танысу және олардың сертификаттық талаптарға сәйкестігін тексеру жатады. Бұл ретте мынадай мәселелер қаралады:
Toggle Dropdown
1) авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеру бөлімшелерін ұйымдастыру;
Toggle Dropdown
2) әуежайдың АҚҚ қарап тексеру бөлімшелерінің ұйымдық құрылымы, практикасы және басқарудың негізгі қағидаттары;
Toggle Dropdown
3) осы Қағиданың 4-қосымшасына сәйкес әуежайдың АҚҚ, басшылық құрамы, мамандары, техникалық құралдары, өндірістік базасы бойынша деректердің болуы;
Toggle Dropdown
4) қарап тексеруді жүзеге асыратын штаттың жасақталуы және персоналдың даярлық деңгейі;
Toggle Dropdown
5) жолаушыларды, қол жүгін, әуе кемелерінің экипаж мүшелерін және авиаперсоналды қарап тексеруді ұйымдастыру;
Toggle Dropdown
6) ұшу алдында багажды, жүкті, поштаны және борттық қорларды қарап тексеруді ұйымдастыру;
Toggle Dropdown
7) қарап тексеру кезінде қолданылатын арнайы техникалық құралдарды пайдалану;
Toggle Dropdown
8) өтінім бойынша шешім қабылдау.
Toggle Dropdown
13. Өтінімнің сәйкессіздігі, сондай-ақ осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес құжаттар толық көлемде ұсынылмаған жағдайда өтінім себептері көрсетіле отырып, қайтаруға жатады.
Toggle Dropdown
14. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган оң шешім қабылданған жағдайда сертификаттық тексеру жүргізу үшін комиссия құрады.
Toggle Dropdown
Комиссия құрамына азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның функциясына авиациялық қауіпсіздік мәселелері жататын қызметкерлері кіреді.
Toggle Dropdown
4. Сертификаттық тексеру
Toggle Dropdown
15. Сертификаттық тексеру Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен әуежайдың авиациялық қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруы жөніндегі сертификаттық тексеруге сәйкес жүргізіледі.
Toggle Dropdown
16. Өтініш беруші сертификаттық тексеру барысында мәлімделген қызмет саласының сертификаттық талаптарға сәйкестігін растайды.
Toggle Dropdown
17. Сертификаттық тексеру нәтижелері бойынша осы Қағиданың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қарап 2 данада тексеруді ұйымдастырудың нақты жағдайы, ұсынымдар және сертификат беру мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытындылар көрсетілген сертификаттық тексеру актісі жасалады.
Toggle Dropdown
18. Сертификаттық тексеру кезінде қарап тексеруді ұйымдастыру бойынша сертификатты беруге кедергі келтірмейтін сәйкессіздіктер анықталған жағдайда өтініш беруші осы лерді жою бойынша күні және жауапты тұлғалары көрсетілген іс шаралар жоспарын жасайды. Өтініш беруші іс-шаралар жоспарын бекітеді және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға жібереді. Өтініш беруші сәйкессіздіктерді жойғаннан кейін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға оларды жойғаны туралы анықтама ұсынады.
Toggle Dropdown
19. Комиссияның сертификаттық тексеру мерзімі Комиссияның сертификаттық тексеру орнына келген сәтінен бастап күнтізбелік 10 күннен аспауы тиіс.
Toggle Dropdown
5. Сертификат беру, беруден бас тарту
Toggle Dropdown
20. Егер өтініш беруші Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыру жөніндегі сертификаттық талаптарға сәйкес келсе, қарап тексеруді ұйымдастыру жөніндегі сертификатты беру туралы шешім қабылдайды.
Toggle Dropdown
21. Қарап тексеруді ұйымдастыру жөніндегі сертификатты беру үшін қарап тексеруді ұйымдастыру жөніндегі сертификатты беру мүмкіндігі туралы қорытындысы бар сертификаттық тексеру актісі негіз болып табылады.
Toggle Dropdown
22. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган сертификаттық тексеру аяқталған сәттен бастап он күн мерзімде осы Қағиданың 6-қосымшасына сәйкес қарап тексеруді ұйымдастыру жөніндегі сертификатты ресімдеуді және беруді жүргізеді.
Toggle Dropdown
23. Егер:
Toggle Dropdown
1) өтініш берушінің ұсынған құжаттарының сертификаттық талаптарға сәйкес келмесе;
Toggle Dropdown
2) сертификациялық тексеру нәтижелері бойынша өтініш беруші сертификаттық талаптарға сәйкес келмесе, қарап тексеруді ұйымдастыру жөніндегі сертификатты беруден бас тарту жүргізіледі.
Toggle Dropdown
24. Сертификат беруден бас тартқан жағдайда өтініш берушіге осы Қағиданың 8-тармағында көрсетілген сертификаттаудың жалпы мерзімінен аспайтын мерзімде бас тарту себебі көрсетіле отырып дәлелді жауап беріледі.
Toggle Dropdown
25. Әуежайдың пайдаланушылары қарап тексеруді ұйымдастыру жөніндегі сертификатта белгіленген талаптарды сақтайды.
Toggle Dropdown
6. Сертификаттың қолдануын тоқтата тұру және оны қайтарып алу
Toggle Dropdown
26. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган қарап тексеруді ұйымдастыру жөніндегі сертификаттың қолданылуын мынадай жағдайларда тоқтата тұрады:
Toggle Dropdown
1) әуежайды пайдаланушының сертификаттық талаптарды сақтамауы;
Toggle Dropdown
2) Тексеру жүргізу кезінде анықталған авиациялық қауіпсіздікке ықпал ететін бұзушылықтардың анықталуы.
Toggle Dropdown
27. Қарап тексеруді ұйымдастыру жөніндегі сертификатты қолданылуын тоқтатқан жағдайда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган сертификаттың қолданылуын тоқтата тұру туралы шешімінде тоқтата тұру себебін және қарап тексеруді ұйымдастыру жөніндегі сертификаттың қолданылуы тоқтатылатын (алты айдан аспайтын) мерзімді көрсетеді.
Toggle Dropdown
Егер әуежайды пайдаланушы белгіленген мерзімде анықталған бұзушылықтарды жоймаса, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган қарап тексеруді ұйымдастыру жөніндегі сертификатты қайтарып алады.
Toggle Dropdown
28. Қарап тексеруді ұйымдастыру жөніндегі сертификаттың қолданылуын жаңғыртуды (ол тоқтатыла тұрған жағдайда) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган әуежайды пайдаланушының анықталған кемшіліктерді жойған және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган әуежайды пайдаланушыға тексеру жүргізгеннен кейін ғана жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
Қарап тексеруді ұйымдастыру жөніндегі сертификаттың қолданылуын тоқтата тұрған немесе қайтарып алған жағдайда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган әуежайды пайдаланушыны дереу қабылданған шешім туралы хабардар етеді.
Toggle Dropdown
29. Қарап тексеруді ұйымдастыру жөніндегі сертификаты қайтарып алынған жағдайда әуежайды пайдаланушы қарап тексеруді ұйымдастыру жөніндегі сертификатты дереу азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға қайтарады.
Toggle Dropdown
30. Әуежайды пайдаланушының атауы, оның ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген немесе басқа да өзгерістер болған жағдайда, егер олар сертификаттық талаптарға сәйкессіздіктер тудырмаса, қарап тексеруді ұйымдастыру жөніндегі берілген сертификаттарды қайта ресімдеу жүргізіледі.
Toggle Dropdown
7. Сертификаттың телнұсқасын беру
Toggle Dropdown
31. Пайдаланушының сертификаты бүлінген немесе жоғалған (ұрланған) жағдайда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган күнтізбелік 10 күн ішінде пайдаланушы сертификатының телнұсқасын береді.
Toggle Dropdown
32. Пайдаланушы телнұсқаны алу үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға қажетті негіздемесі мен бұрын берілген пайдаланушы сертификаты (жоғалғаннан (ұрланғаннан) басқа жағдайларда) қоса берілген еркін нысандағы өтінішті ұсынады.
Toggle Dropdown
Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік
қызметінің қарап тексеруді
ұйымдастыруын сертификаттау
және сертификат беру қағидасына
1 - қосымша
Toggle Dropdown
Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруы жөніндегі сертификатты алуға арналған ӨТІНІМ _____________________________________________________________________ (өтініш берушінің толық атауы)
Toggle Dropdown
__________________________________________________________ мақсатында (қарап тексеруді ұйымдастыру жөніндегі сертификатты алу, қолданылу мерзімін ұзарту) сертификаттау жүргізуді сұраймын.
Toggle Dropdown
қарап тексеруді жүзеге асырудың жоспарланған күні ____________ (ұзартылған/өзгерістер енгізілген кезде тиісінше қолданыстағы сертификаттың аяқталу мерзімі көрсетіледі) өтініш беруші міндеттенеді:
Toggle Dropdown
1) сертификаттау рәсімдерін орындауға;
Toggle Dropdown
2) сертификаттық талаптарға жауап беруге;
Toggle Dropdown
3) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға қарап тексеруді ұйымдастыру және қамтамасыз етуді бақылауды жүзеге асыру мүмкіндігін беруге міндеттенеді
Toggle Dropdown
Басшы _________________________________________________________
(лауазымы/қолы/ күні)
Toggle Dropdown
Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік
қызметінің қарап тексеруді
ұйымдастыруын сертификаттау
және сертификат беру қағидасына
2 - қосымша
Toggle Dropdown
Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруы жөніндегі сертификатты алуға арналған өтінімге қоса берілетін құжаттар тізбесі
Toggle Dropdown
1. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
2. Өтініш берушінің құрылтай құжаттары.
Toggle Dropdown
3. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік.
Toggle Dropdown
3-1. Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруын сертификаттау үшін алым сомасының бюджетке төленгенін растайтын құжат.
Toggle Dropdown
3-2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 3 ақпандағы № 202 қаулысымен бекітілген «Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларынасәйкес иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істеу құқығына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды.
Toggle Dropdown
4. Авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыру жөнінде өтініш берушімен шарттық қатынастары бар азаматтық авиация пайдаланушылары мен кәсіпорындарының тізбесі (бар болса).
Toggle Dropdown
5. Авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруы жөнінде пайдаланушылармен жасалған шарттың (шартқа қосымшалар) көшірмелері (бар болса).
Toggle Dropdown
6. Осы Қағиданың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді тікелей жүзеге асыратын әуежайдың АҚҚ басшылық құрамы туралы деректер.
Toggle Dropdown
7. Өтініш берушінің бағыныстылығы мен өзара іс-әрекет ету байланыстарын көрсете отырып, авиациялық қауіпсіздік қызметінің (бұдан әрі - АҚҚ) ұйымдық құрылымының схемасы.
Toggle Dropdown
8. Өтініш берушінің ААҚ-ның туралы ережесі.
Toggle Dropdown
9. ААҚ қарап тексеру бөлімшесінің персоналымен жасақтаулы жөніндегі деректер.
Toggle Dropdown
10. ААҚ қарап тексеру бөлімшесінің өндірістік базасы жөніндегі деректер.
Toggle Dropdown
11. Қарап тексеруді ұйымдастыруды қамтамасыз етудің техникалық құралдар тізбесі (атауы, саны).
Toggle Dropdown
12. Авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық құжаттардың тізбесі.
Toggle Dropdown
13. Өтініш беруші ұйымның инспекциялық тексеру актісі (ол жүргізілген жағдайда).
Toggle Dropdown
14. Өтініш берушінің аумағында ААҚ бақылайтын аймақтарды (рұқсаты шектеулі аймақ) және қарап тексеру пункттері орналасқан аэровокзал ғимаратының толық схемасы (жоспары) көрсетілген оның жоспарының схемасы.
Toggle Dropdown
15. ААҚ персоналын оқыту бағдарламасы.
Toggle Dropdown
16. Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік нұсқаулығы (бағдарламасы).
Toggle Dropdown
17. Өтініш берушінің авиациялық қауіпсіздік сапасын ішкі бақылау бағдарламасы.
Toggle Dropdown
Осы Қағиданың 1 -17-тармақтарында көрсетілген құжаттар өтініш берушінің бірінші басшысы және мөрімен расталған көшірмелер түрінде беріледі.
Toggle Dropdown
Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік
қызметінің қарап тексеруді
ұйымдастыруын сертификаттау
және сертификат беру қағидасына
3 - қосымша
Toggle Dropdown
Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруы жөніндегі сертификатты алуға арналған өтінім бойынша ШЕШІМ
Toggle Dropdown
20____ жылғы "_____" ____________ № _____ ___________ әуежайының авиациялық қауіпсіздік қызметінің (әуежай атауы) қарап тексеруді ұйымдастыру жөніндегі сертификатын алуға арналған
Toggle Dropdown
_____________________________________________________ өтінімін қарап, (өтініш берушінің атауы) хабардар етеміз:
Toggle Dropdown
Сіздер ұсынған құжаттар
Toggle Dropdown
Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруын сертификаттау және сертификат беру қағидасы сәйкес келеді (сәйкес келмейді) (құжаттардың сәйкессіздігі жағдайында сәйкессіз пункт (-тер) көрсетіледі)
Toggle Dropdown
Уәкілетті органның басшысы немесе ол өкілеттік берген тұлға _____________ ___________
(Т.А.Ә.) (қолы)
Toggle Dropdown
20___ жылғы "_____" __________
Toggle Dropdown
1
Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік
қызметінің қарап тексеруді
ұйымдастыруын сертификаттау
және сертификат беру қағидасына
4 - қосымша
Toggle Dropdown
Қарап тексеру бөлімшесінің персоналы, әуежайдың ААҚ басшылық құрамы, әуежайдың ААҚ өндірістік базасы, техникалық құралдар бойынша жиынтық деректер
Toggle Dropdown
1. Әуежайдың қарап тексеру бөлімшесінің персоналы мен ААҚ басшылық құрамының жасақталу жөніндегі деректері (әуежай атауы)
Toggle Dropdown
| Штаттық лауазымдар | Санаты | Штат бойынша саны | Нақты саны |
| ААҚ басшылық құрамының штаттық лауазымдары | | | |
| 1. | | | |
| 2. | | | |
| Қарап тексеру бөлімшесінің штаттық лауазымдары | | | |
| 1. | | | |
| 2. | | | |
Toggle Dropdown
2. Авиациялық қауіпсіздік қызметінің өндірістік базасы жөніндегі деректер
Toggle Dropdown
| ААҚ үшін өндірістік үй-жайлар мен құрылыстар | Саны және жалпы ауданы - (шаршы м) |
| Жеке меншік | Жалданатын |
| 1. ААҚ қызметтік үй-жайлары | | |
| 2. ААҚ тұрмыстық үй-жайлары | | |
| 3. ААҚ оқу сыныбы | | |
| 4. Өту/шығу БӨП | | |
| 5. Жолаушыларды, ӘК экипаж мүшелерін, авиаперсоналды қарап текcеpу пункттері | | |
| 6. Багажды, жүкті, поштаны, борттық қорларды қарап тексеру пункттері | | |
| 7. Қосымша ақпарат | | |
Toggle Dropdown
3. Авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің техникалық құралдарының тізбесі
Toggle Dropdown
| Қарап тексеру пункттерінің саны | 1. Халықаралық желілерде _________________________ 2. Ішкі желілерде ________________________________ 3. БӨП ____________________________________________ 4. Ресми делегация залдарында _______________________________ 5. Багажды, жүкті борттық қорларды қарап тексеру үшін _____________________________________________ |
| Авиациялық қауіпсіздіктің техникалық құралдарының, мақсаты және атауы | Үлгісі, моделі | Саны |
| 1 | 2 | 3 |
| 1. Жолаушыларды, экипаж мүшелерін, авиаперсоналды және олардың қол жүгін қарап тексерудің техникалық құралдары: | | |
| 2. Рентгендік-телевизиялық қондырғылар, стационарлық металл іздегіштер тасымалданатын (қол) металл іздегіштер | | |
| 3. Багажды, жүкті, поштаны және борттық қорларды қарап тексерудің техникалық құралдары: рентгендік-телевизиялық құрылғылар тасымалданатын (қол) металл іздегіштер | | |
| 4. Жарылғыш заттарды (жарылғыш заттар парын детекторлары) анықтауға арналған жабдық | | |
Toggle Dropdown
Әуежай басшысы ___________________________________________
(Т.А.Ә., қолы)
Toggle Dropdown
Күні ___________________________________________________ М.О.
Toggle Dropdown
Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік
қызметінің қарап тексеруді
ұйымдастыруын сертификаттау
және сертификат беру қағидасына
5 - қосымша
Toggle Dropdown
Сертификаттық тексеру актісінің үлгі нысаны
Toggle Dropdown
______________________ 20_____ жылғы "______" ________________ (уәкілетті орган атауы) бұйрығына сәйкес мынадай құрамдағы комиссия:
Toggle Dropdown
Төраға ______________________ (Т.А.Ә., лауазымы)
Toggle Dropdown
Комиссия мүшелері _________________________________________
(Т.А.Ә., лауазымы)
Toggle Dropdown
_________________________ (Т.А.Ә., лауазымы)
Toggle Dropdown
_______________________________________________ сертикаттау өткізді.
Toggle Dropdown
(заңды тұлғаның атауы)
Toggle Dropdown
Қорытынды мәтіні ___________________________________________________
Toggle Dropdown
Төраға ____________________________ ______________________
(Т.А.Ә.) (қолы)
Toggle Dropdown
Комиссия мүшелері _____________________ ______________________
(Т.А.Ә.) (қолы)
Toggle Dropdown
Актімен таныстым:
Toggle Dropdown
Ұйым басшысы _______________________ ________________________
(Т.А.Ә.) (колы)
Toggle Dropdown
Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік
қызметінің қарап тексеруді
ұйымдастыруын сертификаттау
және сертификат беру қағидасына
6 - қосымша
Toggle Dropdown
ЕЛТАҢБА _______________________________________________ Уәкілетті органның атауы Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыру СЕРТИФИКАТЫ № ___________________
Toggle Dropdown
Қолданыс мерзімінің өтуі:
Toggle Dropdown
аяқталу күні
Toggle Dropdown
Пайдаланушының атауы
Toggle Dropdown
Пайдаланушының мекенжайы:
Toggle Dropdown
Байланыс ақпараты:
Toggle Dropdown
Осы сертификат ___________________________________________ әуежайының (әуежай атауы) пайдаланушысына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 201__ жылғы "____" ________ № ________ қаулысымен бекітілген Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруын сертификаттау және сертификат беру қағидасына сәйкес әуе кемесінде жолаушыларды, қол жүгін, жүкті, багажды, поштаны, борттық қорларды, экипаж мүшелерін, авиациялық персоналды қарап тексеруді жүзеге асыруға құқық, беретіндігін куәландырады.
Toggle Dropdown
________________________________________________________ инспекциялық (уәкілетті органның атауы) бақылауды жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
Уәкілетті органның басшысы немесе ол өкілеттік берген тұлға _____________ _________________________ (қолы) (Т.А.Ә.)
Toggle Dropdown
Берілген күні 20____ жылғы "_____" __________ ____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
(әуежай пайдаланушысының атауы, сертификат №_________