Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 16-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
Қоршаған ортаны ластаудан келтірілген залалды экономикалық бағалау ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 маусымдағы N 535 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2022 жылғы 5 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 21.07.2022 жылғы № 512 Қаулысына сәйкес
Редакция 21.06.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 16-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қоршаған ортаны ластаудан келтірілген залалды экономикалық бағалау ережесі бекітілсін.
2. "Қоршаған ортаны ластаудан келтірілген зиянды экономикалық бағалауды белгілеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 мамырдағы N 486 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 20, 199-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 маусымдағы N 535 қаулысымен бекітілген
Қоршаған ортаны ластаудан келтірілген залалды экономикалық бағалау ережесі
1. Осы Қоршаған ортаны ластаудан келтірілген залалды экономикалық бағалау ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 16-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және қоршаған ортаға келтірілген залалды экономикалық бағалау тәртібін айқындайды.
2. Қоршаған ортаға келтірілген зиянды экономикалық бағалауды қоршаған ортаны қорғау саласындағы лауазымды тұлғалар мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыру барысында экологиялық заңнаманы бұзушылықтарды анықтаған кезде белгілейді.
3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның лауазымды тұлғалары қоршаған ортаға залал келтіру фактісі анықталған күнінен бастап бір ай мерзімде қажетті материалдарды жинауды әрі талдауды жүргізеді және қоршаған ортаны ластаудан келтірілген залалды экономикалық бағалауды айқындайды.
4. Залалды экономикалық бағалау қоршаған ортаны қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралар жолымен келтірілген залалды толық жою мүмкіндігіне қарай тікелей немесе жанама әдістермен жүзеге асырылады.
5. Залалды экономикалық бағалаудың тікелей әдісі Экологиялық кодекстің 109-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
6. Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 110-бабына сәйкес залалды экономикалық бағалаудың жанама әдісі атмосфералық ауаның, су ресурстарының ластануы, жер қойнауының заңсыз пайдаланылуы, сондай-ақ өндіріс пен тұтыну қалдықтарын, оның ішінде радиоактивті қалдықтарды белгіленген нормативтерден тыс орналастыру және табиғи ресурстарды нормативтерден тыс алып қою жағдайлары үшін қолданылады.
6-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 22.04.2015 жылғы № 252 Қаулысымен (26.01.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.05.2015 жылы № 83 (28561) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
7. Залалды экономикалық бағалаудың жанама әдісі қоршаған ортаға нақты әсер мен ластаушы заттардың барлық түрлері бойынша белгіленген нормативтер арасындағы айырмаға, сондай-ақ айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне, экологиялық қауіптілік пен экологиялық тәуекел деңгейлеріне негізделеді.
7-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 26.01.2010 жылғы № 24 Қаулысымен (27.06.2007 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.06.2010 жылы № 228-230 (26076) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
8. Эмиссиялардың нақты көлемінің белгіленген нормативтерден асып түсуі құралмен өлшеу жолымен не заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерін айқындау әдістемесіне сәйкес есептеу жолымен айқындалады.
8-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 26.01.2010 жылғы № 24 Қаулысымен (27.06.2007 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.06.2010 жылы № 228-230 (26076) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 21.06.2016 жылғы № 367 Қаулысына сәйкес (22.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 25.06.2016 жылы № 121 (28849) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Ластаушы заттың нақты массасын шартты тоннаға ауыстыру оның тоннадағы массасын заттың 1/ШЖБК мәніне тең қауіптілік коэффициентіне (Аi) көбейту жолымен жүзеге асырылады.
9. Экологиялық заңнаманың бұзылуынан туындаған экологиялық қауіптілік, сондай-ақ экологиялық қатер деңгейін осы Ережеге 1,
2-қосымшаларда келтірілген өлшемдердің негізінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның лауазымды тұлғалары анықтайды.
10. Стационарлық көздерден атмосфералық ауаның ластануынан, су ресурстарының ластануынан, өндіріс және тұтыну қалдықтарын белгіленген нормативтерден тыс орналастырудан келтірілген залалды экономикалық бағалау осы Ережеге 3-қосымшада көзделген есептеулерге сәйкес жүзеге асырылады.
11. Жылжымалы көздерден атмосфералық ауаның белгіленген нормативтерден тыс ластануынан келтірілген залалды экономикалық бағалауды айқындау үшін осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес есептеулер қолданылады.
12. Қоршаған ортада радиоактивті қалдықтарды, иондаушы сәуле шығару көздерін белгіленген нормативтен тыс орналастырудан, сондай-ақ қоршаған ортаға орналастырылған құрылыс материалдарынан, тау-кен өндірісінің атжалдары мен шламдарынан, ағын және кеніш суларынан келтірілген залалды экономикалық бағалау осы Ережеге 5-қосымшада көзделген есептеулерге сәйкес белгіленеді.
13. Егер қоршаған ортанының ластануы, қалдықтарды орналастыру экологиялық рұқсат алусыз орын алған жағдайда осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес есептеулер формулалары қолданылады, мұнда қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтері нөльге тең болып қабылданады.
14. Жерасты суларының ластануынан келтірілген залалды экономикалық бағалау оларды тазалау жөніндегі іс-шаралардың құны бойынша тікелей әдіспен не өз бетімен ағын суларды төгудің іс жүзіндегі көлемін ескере отырып, жанама әдіспен айқындалады.
14-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 26.01.2010 жылғы № 24 Қаулысымен (27.06.2007 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.06.2010 жылы № 228-230 (26076) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
15. Жобалық және жобадан тыс бөгеттердің, бөгендердің, жолдардың бұзылуы салдарынан, сондай-ақ шаруашылық қызметтен болған шұқанақтар мен жыралардың пайда болуы салдарынан топырақтың гидрографиялық желісінің ластануы топырақтың гидрографиялық желісіне тасталған салмағы өлшенген бөлшектердің авариялық шығарындысы ретінде қабылданады.
Осындай ластанудың залалын экономикалық бағалау осы Ережеге 3-қосымшаның 2-тармағына сәйкес айқындалады.
16. Кең таралған пайдалы қазбаларды (бұдан әрі – КПҚ), жерасты суларын, емдік балшықтарды өз бетімен өндірудің немесе оларды заңсыз пайдаланудың залалын экономикалық бағалау өндірілген пайдалы қазбаның және/немесе КПҚ-дан, жерасты суларынан, емдік балшықтардан алынған тауар өнімі құнының он еселенген мөлшерінде айқындалады.
16-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 26.01.2010 жылғы № 24 Қаулысымен (27.06.2007 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.06.2010 жылы № 228-230 (26076) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 16-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 22.04.2015 жылғы № 252 Қаулысымен (26.01.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.05.2015 жылы № 83 (28561) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Өндірілген КПҚ, жерасты суларының, емдік балшықтардың және алынған тауар өнімінің құны бұзушылық анықталған күннен бастап бір тоқсаннан аспайтын кезең үшін тауар өнімін өткізудің орташа нарықтық бағасы негізге алына отырып айқындалады.
Тауар өнімі өткізілмеген жағдайда өндірілген КПҚ-ның, жерасты суларының, емдік балшықтардың құны бұзушылық анықталған тоқсан алдындағы тоқсанда осы әкімшілік-аумақтық бірлікте ұқсас қызметті жүзеге асыратын табиғат пайдаланушыларда қалыптасқан орташа нарықтық баға негізге алына отырып айқындалады.
Көрсетілген мәліметтер жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органнан не жергілікті атқарушы органдардан сұратылады.
16-1. Жер қойнауына мемлекеттік меншік құқығын бұзу (жер қойнауын заңсыз пайдалану) салдарынан келтiрiлген залалды экономикалық бағалау нақты өндірілген пайдалы қазбалар және/немесе игеру және бастапқы өңдеу кезінде өндірілген тауар өнімі (КПҚ, жерасты суларын, емдік балшықтарды қоспағанда) құнының он еселенген мөлшерінде айқындалады.
Ереже 16-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 22.04.2015 жылғы № 252 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.05.2015 жылы № 83 (28561) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Жер қойнауын қорғау саласындағы талаптардың бұзылуы және жер қойнауына мемлекеттік меншік құқығының бұзылуы (жер қойнауын заңсыз пайдалану) салдарынан келтiрiлген залалды экономикалық бағалау жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органмен бiрлесіп айқындалады.
Өндірілген пайдалы қазбалардың құны Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 наурыздағы № 292 қаулысымен бекітілген Нарықтық бағалар туралы ресми танылған ақпарат көздерінің тізбесіне сәйкес бұзушылық анықталған күннен бастап бір тоқсаннан аспайтын мерзімдегі тауар өнімін сатудың орташа нарықтық бағасы негізге алына отырып айқындалады.
Анықталған сома залал анықталған сәтке Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі белгілеген Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетелдік валютаға шаққандағы ресми бағамына көбейтіледі.
Жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган Мемлекеттік теңгерім есебінде тұрған қатты пайдалы қазбалар бойынша құрамы туралы мәліметтерді күнтізбелік 15 күн ішінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға береді.
Сынақ зертханасы Мемлекеттік теңгерім есебінде тұрмаған қатты пайдалы қазбалар бойынша құрамы туралы мәліметтерді күнтізбелік 15 күн ішінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға береді.
17. Егер шаруашылық жүргізуші субъект қалпына келтіру мүмкін емес не арнайы жұмыстар (жерді қалпына келтіру, ағаш отырғызу және басқа да жұмыстар) жүргізуді талап ететін жерлердің ерекше шаруашылық, ландшафтық-рекреациялық және экожүйелік (су реттеуші, топырақты қорғау) құнарынан толық айырылуға әкеп соққан іс-әрекетті жүзеге асырған жағдайда, залалды экономикалық бағалау топырақтың айырылған қасиеттерін қалпына келтіру үшін қажетті шығындар құны мөлшерінде тікелей әдіспен не ағын суларды және өзге де сұйық ластаушы заттарды өз бетімен төгудің іс жүзіндегі көлемі не қалдықтарды өз бетімен орналастыру көлемі негізге алына отырып жанама әдіспен осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
18. Оларды ауыл шаруашылығын және орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы алқаптарын алып қоюмен, сондай-ақ жануарлар дүниесі мен өсімдіктер әлеміне жануарлар мен өсімдіктерді заңсыз аулаумен, дайындаумен, зақымдаумен немесе жоюмен жер және орман ресурстарына тікелей келтірілген залалды экономикалық бағалау жер, орман заңнамасының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы, сондай-ақ жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалады.
Жер, су және өсімдік ресурстарының ластануы, жойылуы немесе зақымдануы арқылы жануарлар дүниесі мен өсімдіктер әлеміне, балық қорларына және гидробиониттерге келтірілген залалды экономикалық бағалау қолданыстағы заңнамаға сәйкес жиынтық көлемде жер, су және өсімдік ресурстарына келтірілген залалды экономикалық бағалау нәтижелері бойынша айқындалады.
19. Су (теңіз) бетіне төгілген мұнайдың (мұнай өнімдерінің) залалын экологиялық бағалау осы Ережеге 6-қосымшаға сәйкес айқындалады.
Мұнайдың (мұнай өнімдерінің) ауданы мен шоғырлануы су бетін зерттеу жөніндегі және Қазақстан Республикасында қолданылатын тиісті нормативтік және әдістемелік құжаттардың негізінде жүргізілген зертханалық талдаулардың деректері негізінде анықталады.
Су объектілерін ластаушы мұнайдың (мұнай өнімдерінің) массасы мәні барынша еру жағдайында шекті шоғырлануға сәйкес келетін мұнайдың (мұнай өнімдерінің) суда еріген әрі эмульгирленген массасын және су объектісінің бетінде қабыршақты мұнай (мұнай өнімдерінің) массасын қосумен айқындалады.
20. Зымыран дайындау және «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшыру кезінде авариялар туындаған жағдайда қоршаған ортаның ластануынан келтірілген залалды экономикалық бағалау осы Ережеге 7-қосымшаға сәйкес айқындалады.
Ереже 20-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 26.01.2010 жылғы № 24 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.06.2010 жылы № 228-230 (26076) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Ережеге 1-қосымша
Экологиялық заңнаманы бұзудан туындаған экологиялық қауіптің деңгейін анықтау өлшемдері
Өлшемдер | Экологиялық қауіптілік коэффициенті |
Қалдықтарды кәсіпорындардың қоймада орналастыруға арналған аумақтарына орналастыру (қоймаға және көмуге рұқсат етілген жетілдірілген үйінділер, полигондар, қоймалар, көңсақтағыштар және экологиялық талаптарға жауап беретін объектілер); су айдындарына және жинағыштарға ұйымдастырылған төгінділер; шығарындылардың ұйымдастырылған көздері |
1 |
Қалдықтарды кәсіпорындардың жайластырылмаған аумақтарына орналастыру; қарапайым жинағыштарға сарқынды сулардың төгінділері; технологиялық негізделген шығарындылардың ұйымдастырылмаған көздері |
1,5 |
Кәсіпорындардың аумағындағы технологиялық негізделмеген шығарындылар мен төгінділер; қалдықтарды ауыл шаруашылығы алқаптарының және мемлекеттік орман қоры жерінің орман өспеген аумақтарына орналастыру |
2,0 |
Шығарындылар, төгінділер, қалдықтарды мемлекеттік орман қоры жерінің орман өскен аумағына, селитебті және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға, су қорғау аймақтарына және су айдындарының аумақтарына (тартылғандарын қоса алғанда) орналастыру, ауыз сумен қамтамасыз ету көздерінің санитарлық қорғау аймақтарының 1 және 2 белдеулері, курорттарды санитарлық қорғау округтерінің 1 және 2-аймақтары |
3,0 |
Ережеге 2-қосымша
Экологиялық заңнаманы бұзудан туындаған экологиялық тәуекелдің деңгейін анықтау өлшемдері
Өлшемдер | Экологиялық тәуекел коэффициенті |
Бұзушылық соңғы үш жылда зиян келтірген заңды және жеке тұлғалар тарапынан осы түрдегі алғашқы бұзу болып табылады |
1 |
Соңғы үш жылда зиян келтірген заңды және жеке тұлғалар тарапынан осы түрдегі бір мәртеден үш мәртеге дейінгі бұзушылық жағдайы орын алған кезде |
1,1 |
Соңғы үш жылда зиян келтірген заңды және жеке тұлғалар тарапынан осы түрдегі төрт мәртеден он мәртеге дейінгі бұзушылық жағдайы орын алған кезде |
1,5 |
Соңғы үш жылда зиян келтірген заңды және жеке тұлғалар тарапынан осы түрдегі он мәртеден астам бұзушылық орын алған кезде |
2 |
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |