• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 маусымдағы № 535 Қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Внимание! Документ утратил силу с 05.08.2022 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 маусымдағы № 535 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 қаңтардағы № 24 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2022 жылғы 5 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 21.07.2022 жылғы № 512 Қаулысына сәйкес 
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. «Қоршаған ортаны ластаудан келтірілген залалды экономикалық бағалау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 маусымдағы № 535 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 21, 242-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген қаулымен бекітілген Қоршаған ортаны ластаудан келтірілген залалды экономикалық бағалау ережесінде:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Залалды экономикалық бағалаудың жанама әдісі қоршаған ортаға нақты әсер мен ластаушы заттардың барлық түрлері бойынша белгіленген нормативтер арасындағы айырмаға, сондай-ақ айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне, экологиялық қауіптілік пен экологиялық тәуекел деңгейлеріне негізделеді.»;
8-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Ластаушы заттың нақты массасын шартты тоннаға ауыстыру оның тоннадағы массасын заттың 1/ШЖБК мәніне тең қауіптілік коэффициентіне (Аі ) көбейту жолымен жүзеге асырылады.»;
14-тармақтағы «не өз бетімен қалдықтарды орналастырудың» деген сөздер алынып тасталсын;
16-тармақтың бірінші абзацындағы «мөлшерінде айқындалады» деген сөздердің алдынан «он еселенген» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 20-тармақпен толықтырылсын:
«20. Зымыран дайындау және «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшыру кезінде авариялар туындаған жағдайда қоршаған ортаның ластануынан келтірілген залалды экономикалық бағалау осы Ережеге 7-қосымшаға сәйкес айқындалады»;
Ережеге 3-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Ережеге 4-қосымшада:
жетінші абзацтағы «, бірақ 90 күннен аспайтын» деген сөздер алынып тасталсын;
сегізінші абзацтағы «ағымдағы жылға арнап жергілікті өкілді органдар бекіткен» деген сөздер алынып тасталсын;
Ережеге 6-қосымшада:
16-тармақтың екінші абзацында 13-формуладағы «Стөг » деген сөздер «30 АЕК» деген сөздермен ауыстырылсын;
тоғызыншы абзацтағы «Стөг - ағымдағы жылға жергілікті өкілді органдар бекіткен ластаушы заттардың 1 шартты тоннасының төгіндісіне төлем ставкасы, теңге/шартты тонна» деген сөздер «АЕК - тиісті қаржы жылына арналған заңнамалық актілерде белгіленген айлық есептік көрсеткіш» деген сөздермен ауыстырылсын;
осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес 7-қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2010 жылғы 26 қаңтардағы
 № 24 қаулысына
 1-қосымша
Ережеге
 3-қосымша
Стационарлық көздерден шығарындылармен атмосфералық ауаны ластаудан, су ресурстарын ластаудан, өндіріс және тұтыну қалдықтарын белгіленген нормативтерден тыс орналастырудан келтірілген залалды экономикалық бағалауды анықтау есептемелері
1. і-лік ингредиент бойынша стационарлық көздерден шығарындылармен атмосфералық ауаны белгіленген нормативтерден тыс ластаудан келтірілген залалды экономикалық бағалау мынадай формула бойынша анықталады:
Ui =іс  жүз.і - Снормі ) х 3600/1000000 х Аі х Т х 2,2 АЕК х 10 х К1 х К2         мұндағы:
Ui  - стационарлық көздерден атмосфералық ауаны і-ингредиентпен ластаудан келтірілген залалды экономикалық бағалау, теңге;
Сіс  жүз.і - мемлекеттік не өндірістік экологиялық бақылау барысында айқындалған і-лік ластаушы заттың іс жүзіндегі шығарындысы, г/сек;
Снормі - і-лік ластаушы зат шығарындысының нормативі, г/сек;
Аі - салыстырмалы қауіптілік коэффициенті, мына формула бойынша анықталады:
Аі  - 1/ШЖБШот, мұнда ШЖБШот - атмосфералық ауадағы заттың шекті жол берілетін орташа тәуліктік шоғырлануы;
Т - мемлекеттік не өндірістік экологиялық бақылау барысында жүргізілген соңғы тексерістен кейінгі уақыт ретінде қабылданатын залал келтіру кезеңіндегі жабдықтың жұмыс уақыты (сағатпен);
АЕК - тиісті қаржы жылына арналған заңнамалық актілерде белгіленген айлық есептік көрсеткіш;
10 - арттыру коэффиценті;
К1 - экологиялық қауіптілік коэффициенті, осы Ережеге 1-қосымша;
К2 - экологиялық тәуекел коэффициенті, осы Ережеге 2-қосымша.
1.1. і-лік ингредиент бойынша газды алауларда жағудан атмосфералық ауаны белгіленген нормативтерден тыс ластаудан келтірілген залалды экономикалық бағалау мынадай формула бойынша анықталады:
Ui = (Сіс  жүз.і - Снормі ) х 3600/1000000 х А х Т х 52 АЕК х 10 х К1 х К2         мұндағы:
Uі — газды алауларда жағудан атмосфералық ауаны і-ингредиентпен ластаудан келтірілген залалды экономикалық бағалау, теңге;
Сiс жүз.і - мемлекеттік не өндірістік экологиялық бақылау барысында айқындалған і-лік ластаушы заттың іс жүзіндегі шығарындысы, г/сек;
Снормі  - і-лік ластаушы зат шығарындысының нормативі, г/сек;
Т - мемлекеттік не өндірістік экологиялық бақылау барысында жүргізілген соңғы тексерістен кейінгі уақыт ретінде қабылданатын залал келтіру кезеңіндегі жабдықтың жұмыс уақыты (сағатпен);
АЕК - тиісті қаржы жылына арналған заңнамалық актілерде белгіленген айлық есептік көрсеткіш;
Аi — салыстырмалы қауіптілік коэффициенті, мына формула бойынша анықталады:
Аi = 1/ШЖБШот, мұнда ШЖБШот. - атмосфералық ауадағы ластаушы заттың шекті жол берілетін орташа тәуліктік шоғырлануы;
10 - арттыру коэффиценті;
Кі - экологиялық қауіптілік коэффициенті, осы Ережеге 1-қосымша;
К2 - экологиялық тәуекел коэффициенті, осы Ережеге 2-қосымша.
2. і-лік ингредиент бойынша су ресурстарын белгіленген нормативтерден тыс ластаудан келтірілген залалды экономикалық бағалау мына формула бойынша анықталады:
Ui = (Сіс  жүз.і - Снормі ) х Vіс жүз. х 30 АЕК х Аі х 10 х К1 х К2         мұндағы:
Ui - і-лік ингредиентпен су ресурстарын ластаудан келтірілген залалды экономикалық бағалау (теңге);
Сіс жүз.і - ағынды сулардағы і-лік ластаушы заттың нақты шоғырлануы, мг/л;
Снормі - і-лік ластаушы зат төгіндісінің нормативі, мг/л;
Vіс жүз - мемлекеттік не өндірістік экологиялық бақылау барысында жүргізілген соңғы тексерістен кейін болған уақытта қабылданатын кезеңдегі су ағызу көлемі, млн. текше м;
N = 30 - ағынды суларды су объектілеріне тастау үшін;
N = 18 - жинақтауыштарға, жер бедеріне және сүзу алқаптарына ағынды суларды тастағаны үшін;
АЕК - тиісті қаржы жылына арналған заңнамалық актілерде белгіленген айлық есептік көрсеткіш;
Аі - салыстырмалы қауіптілік коэффициенті, мына формула бойынша анықталады:
Аі = 1/ШЖБШз, мұнда ШЖБШз - осы түрдегі су объектісіндегі ластаушы заттың шекті жол берілетін шоғырлануы;
10 - арттыру коэффиценті;
К1 - экологиялық қауіптілік коэффициенті, осы Ережеге 1-қосымша;
К2 - экологиялық тәуекел коэффициенті, осы Ережеге 2-қосымша.
3. Өндіріс және тұтыну қалдықтарының і түрін нормативтерден тыс орналастырудан келтірілген залалды экономикалық бағалау мына формула бойынша анықталады:
Ui = (Ғіс жүз.і — Ғ нормі ) х Сқал х 10 X К) X К2         мұндағы:
Ui - өндіріс және тұтыну қалдықтарының і түрін орналастырудан келтірілген залалды экономикалық бағалау, теңге;
Ғіс жүз.і - тексеріс жүргізу кезеңінде өндіріс және тұтыну қалдықтарының і түрін орналастырудың іс жүзіндегі көлемі, тонна;
Ғнормі  - тексеріс жүргізу кезеңінде өндіріс және тұтыну қалдықтарының і түрін орналастырудың нормативтік көлемі, тонна;
Сқал - өндіріс және тұтыну қалдықтары і түрінің 1 тоннасын орналастыру үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес белгіленген төлемақы ставкасы, теңге;
10 - арттыру коэффициенті;
К1 - экологиялық қауіптілік коэффициенті, осы Ережеге 1-қосымша;
К2 - экологиялық тәуекел коэффициенті, осы Ережеге 2-қосымша.
4. Радиоактивті қалдықтар болып табылмайтын, шектеулі пайдаланылатын материалдарға жататын және белгіленген нормативтерден тыс өнеркәсіптік қалдықтарды көму орындарында орналастырылуға тиіс, құрамында жасанды әрі табиғи радионуклидтер санитарлық нормалардан 0,3 кБк/кг-нан асатын, бірақ альфа сәулесін шығаратын радионуклидтер үшін 10 кБк/кг-нан аспайтын радионуклидтер және бета сәулесін шығаратын радионуклидтер үшін 100 кБк/кг-нан аспайтын радионуклидтер бар құрылыс материалдарын, тау-кен өндірісінің атжалдары мен шламдарын, ағын сулар мен кеніштер суларын қоршаған ортада орналастырудан келтірілген залалды экономикалық бағалау осы қосымшаға сәйкес жасыл индекс бойынша анықталады.
5. Егер құрал-жабдықпен өлшеуді жүзеге асыру мүмкін болмаса, онда і-лік ингредиент бойынша атмосфералық ауаны және су ресурстарын ластаудан залалды экономикалық бағалау мына формула бойынша айқындалады:
Ui =(Сіс жүз.і  - Снормі ) х N АЕК х Аі x 10 х К1 х К2 мұндағы:
Ui - і-лік ингредиент бойынша атмосфералық ауаны және су ресурстарын ластаудан залалды экономикалық бағалау, теңге;
Сіс жүз.і — і-лік ластаушы заттың қоршаған ортаға залал келтіру кезеңіндегі іс жүзіндегі шоғырлануы мемлекеттік не өндірістік экологиялық бақылау барысында табиғатты пайдаланушылардың есептік деректерді, сондай-ақ электрондық құралдар көрсеткіштерін және басқаларын негізге ала отырып есептеу әдісімен айқындалады, тонна;
Снормі - і-лік ластаушы зат шығарындысының не төгіндісінің нормативі, тонна;
N = 2,2 - стационарлық көздерден ластаушы заттардың шығарындыларымен қоршаған ортаны белгіленген нормативтерден тыс не экологиялық рұқсатсыз ластаудан келтірілген залалды экономикалық бағалау үшін;
N = 52 - газды алауларда жағудан ластаушы заттардың шығарындыларымен қоршаған ортаны белгіленген нормативтерден тыс не экологиялық рұқсатсыз ластаудан келтірілген залалды экономикалық бағалау үшін;
N = 30 - су объектілеріне ластаушы заттардың төгінділерімен қоршаған ортаны белгіленген нормативтерден тыс не экологиялық рұқсатсыз ластаудан келтірілген залалды экономикалық бағалау үшін;
N = 18 — жинақтауыштарға, жер бедеріне және сүзу алқаптарына белгіленген нормативтерден тыс не экологиялық рұқсатсыз ластаушы заттардың төгінділерімен қоршаған ортаға келтірілген залалды экономикалық бағалау үшін;
АЕК - тиісті қаржы жылына арналған заңнамалық актілерде белгіленген айлық есептік көрсеткіш;
Аі - - салыстырмалы қауіптілік коэффициенті, мына формула бойынша анықталады:
Аі = 1/ШЖБШ, мұнда ШЖБШ - атмосфералық ауадағы ластаушы заттың шекті жол берілетін орташа тәуліктік шоғырлануы не су ресурстарындағы ластаушы заттың шекті жол берілетін шоғырлануы;
10 - арттыру коэффиценті;
К1 - экологиялық қауіптілік коэффициенті, осы Ережеге 1-қосымша;
К2 - экологиялық тәуекел коэффициенті, осы Ережеге 2-қосымша.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2010 жылғы 26 қаңтардағы
 № 24 қаулысына
 2-қосымша
Ережеге
 7-қосымша
«Байқоңыр» ғарыш айлағынан зымыран тасығыштарды ұшыруға дайындау және ұшыру барысында авариялар туындаған кезде қоршаған ортаның ластануынан келтірілген залалды экономикалық бағалауды анықтау есептемесі
«Байқоңыр» ғарыш айлағы инфрақұрылымы объектілеріндегі (өнеркәсіптік кәсіпорындар, энергетика объектілері, қойма шаруашылығы) авариялық жағдай салдары қоршаған ортаға мынадай әсерлердің түрлері болып табылады:
атмосфераға ластаушы заттардың дүркін шығарылуы;
ағынды сулармен ластаушы заттардың дүркін тасталуы;
зымыран тасығыштың авариясы салдарынан қоршаған ортаға қалдықтарды орналастыру.
1.1 Авариялық жағдайға байланысты атмосфераға ластаушы заттардың дүркін шығарылуынан қоршаған ортаға келтірілген залалды экономикалық бағалау есептемесі мына формула бойынша жүзеге асырылады:
СА = Qі х 2,2 АЕК х Ка 1 х К2 а              (1)        мұндағы:
СА — атмосфераға ластаушы заттардың дүркін шығарылуынан атмосфералық ауаға келтірілген залал сомасы, теңге;
Qі - атмосфераға і-лік ластаушы заттың авариялық шығуының көлемі, шартты тонна;
АЕК - тиісті қаржы жылына арналған заңнамалық актілерде белгіленген айлық есептік көрсеткіш;
Ка 1 — атмосфераны авариялық (өздігінен) ластағаны үшін еселеу коэффициенті;
Ка 2 - атмосфераның ластануының экологиялық қауіптілігін ескеретін еселеу коэффициенті.
Атмосфераны авариялық (өздігінен) ластағаны үшін еселеу коэффициенті - Ка 2, 1-кестеге сәйкес анықталады.
Атмосфераның ластануының экологиялық қауіптілігін ескеретін еселеу коэффициенті - Ка 2, 2-кестеге сәйкес анықталады.
1.2 Авариялық жағдаймен сарқынды сулармен ластаушы заттардың дүркін төгілуіне байланысты қоршаған ортаға келтірілген залалды экономикалық бағалау есептемесі мына формула бойынша жүзеге асырылады:
Сс = Qі х 30 АЕК х Кс 1 х Кс 2              (2)        мұндағы:
Сс - сарқынды сулармен ластаушы заттардың дүркін төгілуі салдарынан қоршаған ортаға келтірілген залал сомасы, теңге;
Qі - сарқынды сулармен түскен і-лік ластаушы заттың авариялық төгілу көлемі, шартты тонна;
АЕК - тиісті қаржы жылына арналған заңнамалық актілерде белгіленген айлық есептік көрсеткіш;
Кс 1 - қоршаған ортаны ластаушы заттардың төгінділерімен авариялық (өздігінен) ластағаны үшін еселеу коэффициенті;
Кс 2 - қоршаған ортаны ластаушы заттардың авариялық төгінділерімен ластауының экологиялық қауіптілігін ескеретін еселеу коэффициенті.
1.3 Зымыран тасығыштың авариясы салдарынан қалдықтарды арнайы жабдықталған жерлерден тыс орналастырудан қоршаған ортаға келтірілген залалды экономикалық бағалау есептемесі (Со ) мына формуламен анықталады:
Сқ  = Qі  х Сі қалд  х К2              (3)        мұнда:
Сқ - қалдықтарды арнайы жабдықталған жерден тыс қалдықтарды орналастырудан қоршаған ортаға келтірілген залал сомасы, теңге;
Qі - арнайы жабдықталған жерден тыс орналастырылған і түріндегі қалдықтардың көлемі, тонна;
Сі қалд - Қазақстан Республикасы салық заңнамасына сәйкес белгіленген өндіріс және тұтыну қалдықтарының і-лік түрінің 1 тоннасын орналастырғаны үшін төлемақы ставкасы, теңге;
Кқ 2 - қалдықтарды арнайы жабдықталған жерден тыс орналастырудың экологиялық қауіптілік коэффициенті.
Қалдықтарды арнайы жабдықталған жерден тыс орналастырудың экологиялық қауіптілік коэффициентінің мәні (Кқ 2 ) 3-кестеге сәйкес сақтау орнының елді мекендерге, қорғау аумақтарына қатысты қалдықтарды сақтау орнының орналасуына, жапсарлас және басқа учаскелерді шаруашылыққа пайдалану түріне байланысты белгіленеді.
Зымыран тасығышты ұшыру мен оны ұшырудың бірінші фазасы (2 км-ге дейін) кезеңіндегі авариялық жағдай кезінде қоршаған ортаның ластануынан келтірілген залалды экономикалық бағалауды анықтау есептемесі
Зымыран тасығышты ұшыру мен ұшудың бірінші фазасы (2 км-ге дейін) кезеңіндегі авариялық жағдай салдары қоршаған ортаға әсер етудің мынадай түрлері болып табылады:
көп көлемді ластаушы заттар - зымыран отыны құрауыштарының жану өнімдерінің атмосфераға дүркін шығарылуы;
зымыран тасығыш пен ұшыру кешені жабдықтарының бүлінуі салдарынан пайда болған улы қалдықтар - металл сынықтарын авариялық орналастыру.
2.1. Көп көлемді ластаушы заттар - зымыран отыны құрауыштарының жану өнімдерінің авариялық жағдайға байланысты дүркін шығарылуы салдарынан қоршаған ортаға келтірілген залалды экономикалық бағалау есептемесі мына формуламен жүзеге асырылады:
САЖ = Qі х 2.2 АЕК х Ка 1 х Ка 2              (4)        мұндағы:
САЖ - көп көлемді ластаушы заттар - зымыран отыны құрауыштарының жану өнімдерінің атмосфераға дүркін шығарылуы салдарынан атмосфералық ауаға келтірілген залал сомасы, теңге;
Qі - атмосфераға і-лік ластаушы заттың авариялық шығуының көлемі, шартты тонна;
АЕК — тиісті қаржы жылына арналған заңнамалық актілерде белгіленген айлық есептік көрсеткіш;
Ка 1 - атмосфераны авариялық (өздігінен) ластағаны үшін еселеу коэффициенті, 1-кестеге сәйкес анықталады;
Ка 2 - атмосфераның ластануының экологиялық қауіптілігін ескеретін еселеу коэффициенті, 2-кестеге сәйкес анықталады.
2.2. Қалдықтарды зымыран тасығышты ұшыру кезеңі мен ұшудың 1 фазасында болған авария кезінде орын алған арнайы жабдықталған жерден тыс орналастырудан қоршаған ортаға келтірілген залалды (Сқо ) экономикалық бағалау есептемесі мына формуламен анықталады:
Сқо = Qі х Сі қалд  х Ка 2              (5)        мұндағы:
Qі - зымыран тасығышты ұшыру кезеңіндегі авария кезінде арнайы жабдықталған жерден тыс орналастырылған і түріндегі қалдықтардың көлемі, тонна;
Сқалд - Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес белгіленген өндіріс және тұтыну қалдықтарының і-лік түрінің 1 тоннасын орналастырғаны үшін төлемақы ставкасы, теңге/тонна;
Кқ 2 - қалдықтарды арнайы жабдықталған жерден тыс орналастырудың экологиялық қауіптілік коэффициенті, 3-кестеге сәйкес анықталады.
Зымыран тасығышты ұшыру кезеңіндегі авария салдарынан қоршаған ортаға орналастырылған і түріндегі қалдықтардың көлемі - Qі аспаптық немесе есептік жолмен, зымыран тасығыштың құрайтын металл мен бұзылған сөре жабдықтарының массасын ескере отырып анықталады.
Зымыран тасығыштың жер төңірегіндегі кеңістікте ұшу кезеңіндегі авариялық жағдай кезінде қоршаған ортаның ластануынан келтірілген залалды экономикалық бағалауды анықтау есептемесі
Зымыран тасығыштың жер төңірегіндегі кеңістікте (жоғары тропосфера, стратосфера және ионосфера) ұшу кезеңіндегі авариялық жағдайының салдары қоршаған ортаға әсерлердің мынадай түрлері болып табылады:
ластаушы заттар - зымыран отыны құрауыштарының жану өнімдерінің атмосфераға дүркін шығарылуы;
жоғары уытты қалдықтарды - зымыран тасығыштың бүлінуі салдарынан пайда болатын металл сынықтарын орналастыру.
3.1. Ластаушы заттардың - зымыран отыны құрауыштарының атмосферада жану өнімдерінің атмосфераға дүркін шығарылуымен қоршаған ортаға келтірілген залалды экономикалық бағалау есептемесі мына формуламен жүзеге асырылады:
Сап  = Qі  х 2,2 АЕК х Ка 1  х Ка 2              (6)        мұндағы:
Сап - зымыран тасығыштың жер теңірегіндегі кеңістікте авариясы кезінде атмосфераға ластаушы заттардың - зымыран отыны құрауыштарының жану өнімдерінің дүркін шығарылуымен келтірілген залал сомасы, теңге;
Qі - зымыран тасығыштың жер төңірегіндегі кеңістікте авариясы кезінде і-лік ластаушы зат шығарындыларының - зымыран отыны құрауыштарының жану өнімдерінің көлемі, шартты тонна;
АЕК - тиісті қаржы жылына арналған заңнамалық актілерде белгіленген айлық есептік көрсеткіш;
Ка 1 - атмосфераны авариялық (өздігінен) ластағаны үшін еселеу коэффициенті, 1-кестеге сәйкес анықталады;
Ка 2 - атмосфераның ластануының экологиялық қауіптілігін ескеретін еселеу коэффициенті, 2-кестеге сәйкес анықталады.
Qі - і-лік ластаушы заттың көлемі мына формуламен анықталады:
Qі = QФ о х аі                         (6.1)       мұндағы:
Qіс жүз о — авария болған сәтте зымыран тасығыштың отын сақтау сыйымдылығында қалған зымыран отыны құрауыштарының физикалық көлемі (тонна);
аі - зымыран отыны құрауышының 1 тоннасы жанған кезде түзілетін і-лік ластаушы заттың меншікті мөлшері, тонна;
Qіс жүз о =  Q іс жүз  н - Qіс жүз р             (6.1.1)       мұндағы:
Q іс жүз  н - авариялық зымыран санатына жататын зымыран тасығыштың зымыран отыны құрауыштарымен толық жабдықталуының физикалық нормативті көлемі, тонна;
Q іс жүз  ш - болған сәтке дейін зымыран тасығыш жұмсаған зымыран отыны құрауышының физикалық көлемі (тонна), мына формуламен анықталады:
Qі іс жүз  ш = q іс жүз  p x Тұ              (6.1.2)        мұндағы:
q іс жүз  ш - осы санаттағы зымыранды ұшыруды қамтамасыз ету үшін зымыран отыны құрауышының меншікті нормативті шығысы, тонна/сек;
Тұ - сөреден авария болған сәтке дейінгі авариялық зымыранның ұшу ұзақтығы, сек;
3.2. Зымыран тасығыштың жер төңірегіндегі кеңістіктегі авариясы салдарынан пайда болған қалдықтарды орналастырудан қоршаған ортаға келтірілген залалды экономикалық бағалау есептемесі мына формуламен есептеледі:
Сжк = Qі х Сі қалд х Ко 2                    (7)        мұндағы:
Сжк  _ зымыран тасығыштың жер төңірегіндегі кеңістіктегі авариясы салдарынан пайда болған қалдықтарды орналастырудан қоршаған ортаға келтірілген залалдың сомасы, теңге;
Qі - авария салдарынан пайда болған і түріндегі қалдықтардың көлемі, тонна;
Сі қалд - Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес белгіленген өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастырғаны үшін төлемақы ставкасы, теңге/тонна;
Кқ 2 - қалдықтарды арнайы жабдықталған жерден тыс орналастырудың экологиялық қауіптілік коэффициенті, 3-кестеге сәйкес анықталады.
Зымыран тасығыштың жер төңірегіндегі кеңістікте авариясы салдарынан пайда болған және қоршаған ортаға орналастырылған қалдықтардың көлемі (Qі ) есептік әдіспен анықталады және ол зымыран тасығыштың металл құрауышының массасына тең қабылданады. Егер авариялық жағдай бөліну бөлшектері ажырағаннан кейін болса, онда қалдықтардың көлемін есептеген кезде олардың массасының сандық мәні зымыран тасығыштың металл құрауышының жалпы нормативтік массасынан шегеріп тасталады:
Qі = Qн пі  - Qоі                          (7.1)        мұндағы:
Qн пі - авария болған зымыран тасығыш тобына жататын зымыран тасығыштың металл құрауышының нормативтік массасы, тонна;
Qоі - одан авария болғанға дейін ажыраған зымыран тасығыштың бөліну бөлшектерінің массасы, тонна.
Қазақстан Республикасының аумағының үстінен зымыран тасығыштың бірінші және екінші сатыларының белсенді жұмыс учаскесінде ұшу траекториясы бойынша авариялық жағдай кезінде қоршаған ортаның ластануынан келтірілген залалды экономикалық бағалауды анықтау есептемесі
Зымыран тасығыштың бірінші және екінші сатыларының белсенді жұмыс учаскесінде ұшу траекториясы бойынша авариялық жағдайдың салдары қоршаған ортаға әсерлердің мынадай түрлері болып табылады:
бөліну бөлшектерінің құлауы барысында және ол жерге түскеннен кейін зымыран отыны құрауыштарының булануы кезінде оның құрауыштарының шығарындыларымен, сондай-ақ егер жерге түскен соң жану басталса, зымыран отыны құрауыштарының жануы өнімдерінің шығарындыларымен атмосфералық ауаның ластануы;
ол жерге соғылғаннан кейін бүлінген кезде бөліну бөлшектерінен тасталған зымыран отыны құрауыштар тасталған кезде топырақ қабатының ластануы;
зымыран отыны мен оның ыдырау өнімдерінің бөліну бөлшектері құлау орнынан шайылып жер үсті су көздеріне түсуі салдарынан жер беті суларының ластануы;
зымыран тасығыштың бөліну бөлшектерінің талқандалуы салдарынан пайда болатын қауіпті қалдықтармен - металл сынықтарымен ластану.
4.1. Зымыран тасығыштың бөліну бөлшектерінің құлау ауданында (бұдан әрі - ЗТББҚА) зымыран-тасығыштың авариялық жағдайымен және атмосфераның зымыран отыны құрауыштары мен оның ыдырау өнімдерінің булары шығарындыларымен ластануына байланысты қоршаған ортаға келтірілген залалды экономикалық бағалау есептемесі мына формуламен жүзеге асырылады:
Са қа =Qаф қа  х АЕК х Ка 1  х Ка 2                    (8)       мұндағы:
Са қа — атмосфералық ауаға ЗТББКД-да зымыран отыны құрауыштарының булануы салдарынан келтірілген залал сомасы, теңге;
Qаф қа - ЗТББҚА-да атмосфераға буланған зымыран отыны құрауыштарының физикалық көлемі, кг;
АЕК - тиісті қаржы жылына арналған заңнамалық актілерде белгіленген айлық есептік көрсеткіш;
Ка 1 — атмосфераны авариялық (өздігінен) ластағаны үшін еселеу коэффициенті, 1-кестеге сәйкес анықталады;
Ка 2 - атмосфераның ластануының экологиялық қауіптілігін ескеретін еселеу коэффициенті, 2-кестеге сәйкес анықталады.
ЗТББҚА-ның атмосферасына буланған ЗОҚ-ның физикалық көлемінің есептемесі мына формула бойынша жүргізіледі:
Qаф қа = Qн қа х Ка р                    (8.1)       мұндағы:
Qаф қа - ЗТББҚА-ның атмосферасына буланған ЗОҚ-ның физикалық көлемі, кг;
Qн қа - зымыран тасығыштың бөліну бөлшектерінің бактарында қалған ЗОҚ-ның физикалық нормативтік көлемі, кг;
Ка т - ЗОҚ-ның қоршаған орта құрауыштары бойынша таралу коэффициенті. Атмосфера үшін оның мәні 0,2-ге тең.
ЗТББҚА-ның қоршаған ортасында буланған ЗОҚ-ның физикалық көлемі (Qаф қа ) жеке құрауыштардың физикалық көлемінің сомасына тең(q i );
Qаф қа = q                                (9)
4.2. Егер ажырайтын бөлшектердің ЗТББҚА-ға түсуі кезінде ЗОҚ жанса, онда олардың жану өнімдерімен атмосфераға келтірілген залалды экономикалық бағалау есептемесі мына формуламен жүзеге асырылады:
СА = Qі х 2,2 АЕК х Ка 1 х К2 а                    (10)       мұндағы:
СА - ластаушы заттардың атмосфераға дүркін шығарындыларымен атмосфералық ауаға келтірілген залал сомасы, теңге;
Qі - атмосфераға і-лік ластаушы заттың авариялық шығарындысының көлемі, шартты тонна;
АЕК — тиісті қаржы жылына арналған заңнамалық актілерде белгіленген айлық есептік көрсеткіш;
Ка 1 - атмосфераны авариялық (өздігінен) ластағаны үшін еселеу коэффициенті, 1-кестеге сәйкес анықталады;
Ка 2 - атмосфераның ластануының экологиялық қауіптілігін ескеретін еселеу коэффициенті, 2-кестеге сәйкес анықталады.
Бұл жағдайда авариялық шығарындының көлемі:
Qi = Qаф жн х аі                         (10.1)         мұндағы:
аі - зымыран отыны құрауыштарының жануы кезінде і-лік ластаушы заттың түзілуінің меншікті нормасы, тонна.
Бұл ретте жерге түскен соң тұтанған ЗОҚ-ның жанып кеткен физикалық көлемі мына формуламен анықталады:
Qаф вз  Qн қа х Кжн                         (10.2)       мұндағы:
Qаф жн - ЗТББҚА-да бөліну бөлшектері түскеннен кейін тұтанған ЗОҚ-ның физикалық көлемі, тонна;
Qн қа - зымыран тасығыштың бөліну бөлшектерінің бактарында қалған ЗОҚ-ның физикалық нормативтік көлемі, кг;
Кжн - жерге түскен кезде зымыран отыны құрауыштарының жану коэффициенті, оның мәні 0,8-ге тең.
4.3. Бөліну бөлшектері авариялық жағдайда түскен жерден зымыран отыны құрауыштары мен оның ыдырау бөлшектерінің жер үсті су көздеріне шайылып түсуі кезінде жер үсті су көздерінің ластануынан келтірілген залалды экономикалық бағалау есептемесі мына формуламен жүзеге асырылады:
Сқа с = Qқа с х АЕК х Кс 1 х Кс 2                     (11)        мұндағы:
Сқа с - зымыран тасығыштың бөліну бөлшектері түскен жерден ЗОҚ төгінділерімен су көздеріне келтірілген залал сомасы, теңге;
Qқа в - ЗОҚ-ның су көздеріне төгілген физикалық көлемі, кг;
АЕК - тиісті қаржы жылына арналған заңнамалық актілерде белгіленген айлық есептік көрсеткіш;
Кс 1 - қоршаған ортаны ластаушы заттардың төгінділерімен авариялық (өздігінен) ластағаны үшін еселеу коэффициенті;
Кс 2 - қоршаған ортаны ластаушы заттардың авариялық төгінділерімен ластауының экологиялық қауіптілігін ескеретін еселеу коэффициенті.
Зымыран тасығыштың бөліну бөлшектері авариялық жағдайда түскен жерден жер үсті су көздеріне тасталған ЗОҚ-ның физикалық көлемі мына формуламен жүзеге асырылады:
Qқа с = Qн қа х КС р                                (11.1)        мұнда:
Qқа с - зымыран тасығыштың бөліну бөлшектері түскен жерден жер үсті су көздеріне төгілген ЗОҚ-ның физикалық көлемі, кг;
Qн қа - зымыран тасығыштың бөліну бөлшектерінің бактарында қалған ЗОҚ-ның физикалық нормативтік көлемі, кг;
Кс т - ЗОҚ-ның қоршаған орта құрауыштары бойынша таралу коэффициенті. Су көздеріне авариялық тастандылар үшін оның мәні 0,4-ке тең.
Жер үсті су көздеріне түскен ЗОҚ-ның физикалық көлемі - Qоф қа, жеке құрауыштардың физикалық көлемінің сомасына (qсф і ) тең:
Qқа в = qсф і                          (11.2)
4.4. Зымыран тысығыштың бөліну бөлшектері құлау жерлерінде қоршаған ортаға ЗОҚ - сұйық қалдықтардың авариялық орналасуынан келтірілген залал мына формуламен анықталады:
Со қа = Qо қа х Сі қалд х Ко 2              (12)       мұндағы:
Со қа - арнайы жабдықталған жерлерден тыс ЗОҚ-ның сұйық қалдықтарын орналастырудан қоршаған ортаға келтірілген залал сомасы, теңге;
Qо қа - ЗТББҚА шегінен тыс қоршаған ортада орналастырылған сұйық қалдықтардың көлемі, тонна;
Сі қалд - Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес белгіленген өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастырғаны үшін төлемақы ставкасы, теңге;
Кк 2 - қалдықтарды орналастыру орнының экологиялық қауіптілік коэффициенті, 3-кесте сәйкес анықталады.
ЗТББҚА шегінен тыс қоршаған ортада орналастырылған қалдықтардың - ЗОҚ-ның көлемі (Qо қа ) мына формуламен анықталады:
Qо қа = Qн қа  х Ко р                    (12.1)       мұндағы:
Qн қа - зымыран тасығыштың бөліну бөлшектерінің бактарында қалған ЗОҚ-ның физикалық нормативтік көлемі, кг;
Кқ т - ЗОҚ-ның қоршаған орта құрауыштары бойынша таралу коэффициенті. ЗОҚ-ны авариялық орналастыру үшін оның мәні 0,4-ке тең.
4.5. Зымыран тасығыштың бөліну бөлшектерінің бүлінуі салдарынан қоршаған ортаға төтенше қауіпті қалдықтарды - металл сынықтарын авариялық орналастыру салдарынан келтірілген залал мөлшері мына формуламен анықталады:
Сқт қа = Qот қа х Сі қалд х Ко 2                     (13)        мұндағы:
Сқт қа - бөліну бөлшектерінің бүлінуі салдарынан пайда болатын қауіпті қалдықтарды арнайы жабдықталмаған жерлерде авариялық орналастырудан келтірілген залал сомасы, теңге;
Сқт қа - дайындалмаған жерлердегі орналастырылған қауіпті қалдықтардың көлемі, тонна;
Сі калд - Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес белгіленген өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастырғаны үшін төлемақы ставкасы, теңге/тонна;
Кк 2 - қалдықтарды арнайы жабдықталған жерден тыс орналастырудың экологиялық қауіптілік коэффициенті, 3-кестеге сәйкес анықталады.
4.6. Зымыран тасығыштың бөліну бөлшектерінің бүлінуі кезінде түзілген қауіпті қалдықтардың көлемі (Qқт қа ), оның массасының нормативті мәніне тең қабылданады, яғни:
Qқт қа = Qбб н                         (13.1)        мұндағы:
Qбб н - зымыран тасығыштың бөліну бөлшектерінің массасы, тонна.
1-кесте. Ластаушы заттардың шығарындыларымен (тегінділерімен) авариялық (өздігінен) ластағаны үшін еселеу коэффициентінің мәні Ка
Р/с
Коэффициентті қолдану шарты Еселеу коэффициентінің мәні Ка
1 Экстремалды жоғарыға жатқызылған ластаушы заттардың авариялық (өздігінен) шығарындылары (төгінділері) Негізгі ластаушы зат бойынша ШЖБК-дан асуды сипаттайтын сан
2 Экстремалды жоғарыға жатпайтын ластаушы заттардың авариялық (өздігінен) шығарындылары (төгінділері) 10
2-кесте. Ластаушы заттардың авариялық шығарындыларымен (төгінділерімен) қоршаған ортаны ластағаны үшін экологиялық қауіптілікті ескеретін еселеу коэффициентінің мәні Ка
Р/с
Коэффициентті қолдану шарты Еселеу коэффициентінің мәні Ка
1 «Байқоңыр» кешені аумағындағы ластаушы заттардың авариялық (өздігінен) шығарыңдылары (төгінділері) 1,5
2 Ауыл шаруашылығы алқаптарының және Мемлекеттік орман қоры жерінің орман өспеген аумақтарындағы ластаушы заттардың авариялық (өздігінен) шығарындылары (төгінділері) 3,0
3 Мемлекеттік орман қоры жерінің орман өскен аумағындағы, селитебті және су қорғау аймақтарының ерекше қорғалатын аумақтардағы және су айдындарының акваторияларындағы (тартылғандарын қоса алғанда), ауыз сумен жабдықтау көздерінің санитариялық қорғау аймақтарының I және II белдеулеріндегі, курорттарды санитариялық қорғау округтерінің I және II аймақтарындағы зымыран отыны құрауыштарының авариялық (өздігінен) шығарындылары (төгінділері) 5,0
4 Жерге жақын кеңістікте зымыран отыны құрауыштарының жану өнімдерінің авариялық (өздігінен) шығарындылары (төгінділері) 20
3-кесте. Қалдықтарды арнайы жабдықталған жерден тыс орналастырудың экологиялық қауіптілігі коэффициентінің мәні
Р/с
Коэффициентті қолдану шарты Коэффициенттің мәні
1 «Байқоңыр» кешені аумағы шегінде жабдықталмаған орындарда қалдықтарды орналастыру 10
2 Ауыл шаруашылығы алқаптарының және Мемлекеттік орман қоры жерінің орман өспеген аумақтарының жабдықталмаған жерлеріне зымыран отыны құрауыштарын орналастыру:
зымыран отыны құрауыштары;
қатты қалдықтар (металл сынықтары).
25,0
5,0
3 Халықтың тұрақты тұрғылықты мекенінен кемінде 10 км қашықтықта жабдықталмаған жерлерге (әсер етуі мүмкін аймақтар) зымыран отыны құрауыштарын орналастыру:
зымыран отыны құрауыштары;
қатты қалдықтар (металл сынықтары).
50,0
10,0
4 Мемлекеттік орман қоры жерінің орман өскен аумақтарының, ерекше қорғалатын аумақтардың, су қорғау аймақтарының және су айдындарының акваторияларындағы (тартылғандарын қоса алғанда), ауыз сумен жабдықтау көздерінің санитариялық қорғау аймақтарының I және II белдеулерінің, курорттарды санитариялық қорғау округтерінің I және II аймақтарының жабдықталмаған жерлеріне зымыран отыны құрауыштарын орналастыру:
зымыран отыны құрауыштары;
қатты қалдықтар (металл сынықтары).
45,0
20,0