• Мое избранное
Азаматтық авиация саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 15.03.2015 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 2

Азаматтық авиация саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 29 қыркүйектегі № 652 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 8 қарашада № 8072 тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2015 жылғы 15 наурыздан бастап ҚР Көлік және коммуникация министрінің 19.05.2014 жылғы № 311 Бұйрығына сәйкес
Редакция 09.04.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-баптың 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 
1. Қоса беріліп отырған:
  • 1
1) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша күшін жойды ҚР Көлік және коммуникация министрінің 09.04.2014 жылғы № 243 Бұйрығымен (29.09.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) (жарияланбаған)
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Пайдаланушы сертификатын беру»;
  • 1
3) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақша күшін жойды ҚР Көлік және коммуникация министрінің 09.04.2014 жылғы № 243 Бұйрығымен (29.09.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) (жарияланбаған)
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру»;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Аса жеңіл авиация әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру»;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Аса жеңіл авиация әуе кемесі данасының сәйкестік куәлігін беру»;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес «Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру»;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес «Азаматтық әуе кемелерiнiң шет мемлекет берген ұшуға жарамдылығы сертификатын тану туралы шешім беру»;
  • 1
9) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
9-тармақша күшін жойды ҚР Көлік және коммуникация министрінің 09.04.2014 жылғы № 243 Бұйрығымен (29.09.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) (жарияланбаған)
  • 1
10) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
10-тармақша күшін жойды ҚР Көлік және коммуникация министрінің 09.04.2014 жылғы № 243 Бұйрығымен (29.09.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) (жарияланбаған)
11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес «Авиациялық жұмыстарды орындауға куәлік беру»;
  • 1
12) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
12-тармақша күшін жойды ҚР Көлік және коммуникация министрінің 09.04.2014 жылғы № 243 Бұйрығымен (29.09.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) (жарияланбаған)
13) осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес «Азаматтық авиацияның авиациялық техникаларына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымға сертификатын беру»;
14) осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес «Ұшуды орындау құқығына куәлік беру (жалпы мақсаттағы авиация пайдаланушысы)»;
15) осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес «Әуе кемесіне шуыл бойынша сертификат беру»;
  • 1
16) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
16-тармақша күшін жойды ҚР Көлік және коммуникация министрінің 09.04.2014 жылғы № 243 Бұйрығымен (29.09.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) (жарияланбаған)
17) осы бұйрыққа 17-қосымшаға сәйкес «Радиоберуші аппаратураны пайдалануға рұқсат беру»;
18) осы бұйрыққа 18-қосымшаға сәйкес «Арнайы ұшуды орындауға рұқсат беру»;
19) осы бұйрыққа 19-қосымшаға сәйкес «Ұшу жарамдылығының экспорттық сертификатын беру» мемлекеттік қызмет регламенттері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында осы бұйрықты орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр                                        А. Жұмағалиев
Қазақстан Республикасы Көлік және
 коммуникация министрінің
 2012 жылғы 29 қыркүйектегі
 № 652 бұйрығына
 1-қосымша
  • 1
«Авиация персоналына куәліктер беру» мемлекеттік қызмет регламенті
Регламент күшін жойды ҚР Көлік және коммуникация министрінің 09.04.2014 жылғы № 243 Бұйрығымен (29.09.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) (жарияланбаған)
  • 1
Қазақстан Республикасы Көлік және
 коммуникация министрінің
 2012 жылғы 29 қыркүйектегі
 № 652 бұйрығына
 2-қосымша
  • 1
«Пайдаланушы сертификатын беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Пайдаланушы сертификатын беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің осы регламенті (бұдан әрі – регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына және «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 20) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ «Мемлекеттік қызметтер көрсетудің стандарттарын бекіту, жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қыркүйектегі № 1195 қаулысымен бекітілген және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысымен бекітілген «Пайдаланушы сертификатын беру» мемлекеттік қызметтер көрсету стандартына, «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына сәйкес әзірленді.
2. «Пайдаланушы сертификатын беру» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет көрсету) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті көрсетеді (бұдан әрі – уәкілетті орган).
3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: автоматтандырылмаған.
4. Мемлекеттік қызмет:
1) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1992 жылғы 2 шілдедегі қаулысымен ратификацияланған, Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға (Чикаго, 1944 ж.) 6-қосымшасы;
2) «Жеке және Заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңы;
3) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану мен авиацияның қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 20-тармақшасы;
4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 қазандағы № 1070 қаулысымен бекітілген Сертификаттау және азаматтық әуе кемелерін пайдаланушы сертификатын беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар);
5) стандарттың негізінде жүзеге асырылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі пайдаланушы сертификатын беру (бұдан әрі – сертификат) не болмаса дубликатты не болмаса қағаз тасығышта мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап беру болып табылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар
  • 1
6. Мемлекеттік қызметті уәкілетті орган:
  • 2
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен белгіленген демалыс және мереке күндерінен басқа күндерде сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен күн сайын 9:00 дан 18:30-ға дейін көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
Заңды мекенжайы: 010000, Астана қ., Қабанбай батыр даңғылы, 32/1.
7. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен оны алу құжаттары туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында www.mtk.gov.kz адресі бойынша орналастырылады.
8. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы немесе сенімхат бойынша оның уәкілетті өкілі уәкілетті органға стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырады.