• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Жинақтаушы зейнетақы қорына және ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысына шектеулі ықпал ету шараларын қолдану Ережесін бекіту туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
Осы редакция 15.07.2010 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Жинақтаушы зейнетақы қорына және ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысына шектеулі ықпал ету шараларын қолдану Ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 30 наурыздағы N 67 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 7 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4660 болып енгізілді.
"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы", Қазақстан Республикасы Заңының 42-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ұсынылып отырған Жинақтаушы зейнетақы қорына және Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысына шектеулі ықпал ету шараларын қолдану Ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
3. Бағалы қағаздар рыногының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Хаджиева М.Ж.): 
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын; 
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің  мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан Қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне және бағалы қағаздар рыногы субъектілеріне мәлімет үшін жіберсін.
4. Агенттіктің Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі осы қаулыны Қазақстан Республикасының баспасөз басылымдарында жариялау шараларын қолға алсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары  Ғ.Н. Өзбековке жүктелсін.
Төраға
Қазақстан Республикасы
 Қаржы нарығын және қаржы
 ұйымдарын реттеу мен
 қадағалау агенттігі
 Басқармасының 2007 жылғы
 30 наурыздағы N 67
 қаулысына қосымша
Жинақтаушы зейнетақы қорына және Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушыларына шектеулі ықпал ету шараларын қолдану Ережесі
Осы Ереже "Қазақстан Республикасында  зейнетақымен қамсыздандыру  туралы", " Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды  мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді     және жинақтаушы зейнетақы қорына және ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушыларына шектеулі ықпал ету шараларын қолдану тәртібін белгілейді. 
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі мемлекеттік орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) пруденциалдық нормативтердегі және басқа да сақталуы міндетті нормалар мен лимиттердегі тәртіп бұзуларды, уәкілетті органның нормативтік құқықтық кесімдеріндегі тәртіп бұзуларды, жинақтаушы зейнетақы қоры қызметкерлерінің заңсыз іс-қимылдары мен шарасыздықтарын анықтаған жағдайда уәкілетті орган жинақтаушы зейнетақы қорына мынадай шектеулі ықпал ету шараларының бірін қолдануы мүмкін: 
1) белгіленген мерзімде анықталған кемшіліктерді жою туралы орындалуы міндетті жазбаша ұйғарым беру; 
2) жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлерін орнынан шеттету туралы акционерлер алдында мәселе қою; 
3) міндеттеме-хат талап ету; 
4) жинақтаушы зейнетақы қорымен жазбаша келісім жасау.