• Мое избранное
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары (екінші кезең) туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 9

Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзiмдi жоспары (екiншi кезең) туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы N 822 Қаулысы

Редакция 20.07.2009 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
"Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспарларын әзiрлеудiң ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 14 маусымдағы N 647 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзiмдi жоспары (екiншi кезең) (бұдан әрi - Жоспар) мынадай құрамда бекiтiлсiн:
1) Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған негiзгi бағыттары ( 1-бөлiм );
  • 1
2) Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған мемлекеттiк реттеуiштерi ( 2-бөлiм );
3) 2007-2009 жылдарға арналған қолданыстағы және әзiрленетiн мемлекеттiк және салалық (секторалдық) бағдарламалардың тiзбесi ( 4-бөлiм );
4) қолданыстағы және әзiрленетiн мемлекеттiк және салалық (секторалдық) бағдарламалар бөлiнiсiндегi 2007-2009 жылдарға арналған басымды бюджеттiк инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбесi ( 5-бөлiм ).
2. Құпия.
3. Құпия.
4. Жоспар құрамында Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған маңызды көрсеткiштерiнiң болжамы ( 3-бөлiм ) мақұлдансын.
5. Ұлттық компанияларды дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған негiзгi бағыттары мен негiзгi көрсеткiштерiнiң болжамы ( 6-бөлiм ) назарға алынсын.
6. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi тиiстi облыстар мен қалалардың әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзiмдi жоспарларын уақтылы әзiрлеудi және заңнамада белгiленген тәртiппен бекiтудi қамтамасыз етсiн.
7. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлігі орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдармен бірлесіп, тоқсан сайын Қазақстан Республикасының Үкiметiн елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының жай-күйi туралы хабардар етсiн.
8. "Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзiмдi жоспары (бiрiншi кезең) туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылы 7 маусымдағы N 521  қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2006 ж., N 22, 215-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
9. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2006 жылғы 25 тамыздағы
 N 822 қаулысымен
 бекiтiлген Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық
 дамуының 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзiмдi
 жоспары (екiншi кезең)
  • 1
1-бөлiм. Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған негiзгi бағыттары
Мазмұны
1.  2005-2006 жылдары әлемдiк экономиканың дамуы және 2007-2009 жылдары ел экономикасының дамуына сыртқы факторлардың әсерi  
2.  2003-2005 жылдары Қазақстан экономикасының дамуын талдау және 2007-2009 жылдары ел экономикасының дамуына iшкi факторлардың әсерi  
3.  Елдi дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған мақсаттары, мiндеттерi және басымдықтары  
4.  Қазақстанның 2007-2009 жылдардағы жедел экономикалық өсуiн қамтамасыз ету үшiн экономика салаларындағы серпiлiстi бағыттарды жаңғырту және қамтамасыз ету  
Параграф 1. 2007-2009 жылдары өнеркәсiптiң дамуы  
Тау-кен өндiру өнеркәсiбi  
Өңдеушi өнеркәсiп  
Электр энергетикасы саласын дамыту  
Параграф 2. Көлiк-коммуникациялық кешен  
Параграф 3. 2007-2009 жылдары агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту  
Параграф 4. 2007-2009 жылдардағы сауда саясаты  
5.  2007-2009 жылдары Қазақстан экономикасының жедел өсуiн қамтамасыз ету үшiн экономиканы мемлекеттiк басқаруды жетiлдiру  
Параграф 1. 2007-2009 жылдары макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету  
Тұрақты экономикалық өсу  
Ақша-кредит саясаты  
Қаржы секторын дамыту  
Параграф 2. Экономиканы мемлекеттiк басқару  
Фискалдық саясат  
Параграф 3. Инвестициялық саясат  
Параграф 4. Мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борышты басқару саласындағы саясат  
Мемлекеттiк активтердi басқару  
Параграф 5. Кәсiпкерлiктi дамытуға бағытталған мемлекеттiк саясатты жетiлдiру  
Бәсекелестiктi дамыту және монополияға қарсы саясат  
Тариф саясаты  
Техникалық реттеу жүйесiн дамыту  
Сыртқы экономикалық қызмет және ДСҰ-ға кiру  
Кәсiпкерлiктi дамыту  
Кәсiби Үкiмет