• Мое избранное
Бухгалтерлік есеп жүргізуді ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Бухгалтерлік есеп жүргізуді ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 270 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 8 қазанда № 7978 тіркелді

Редакция 01.01.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңына 15-бабы екінші бөлігінің 63) тармақшасына, «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 6-тармағының 1), 3-2) және 3-4) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 жылғы № 6 Қаулысына сәйкес (19.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.04.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 жылғы № 184 Қаулысына сәйкес (29.06.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2022 жылғы № 122 Қаулысына сәйкес (15.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Бухгалтерлік есеп жүргізуді ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк 
Төрағасы                                   Г. Марченко
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 тамыздағы
№ 270 қаулысымен
бекітілген
Бухгалтерлік есеп жүргізуді ұйымдастыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2022 жылғы № 122 Қаулысына сәйкес (15.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Бухгалтерлік есеп жүргізуді ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 63) тармақшасына, «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Бухгалтерлік есеп туралы заң) 20-бабы 6-тармағының 1), 3-2) және 3-4) тармақшаларына сәйкес әзірленді және қаржы ұйымдарының, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының, ұлттық даму институты мәртебесіне ие тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің және Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру брокерлері филиалдарының (бұдан әрі – ұйымдар) бухгалтерлік есеп жүргізуді ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 жылғы № 6 Қаулысына сәйкес (19.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.04.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 жылғы № 184 Қаулысына сәйкес (29.06.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.09.2020 жылғы № 108 Қаулысына сәйкес (27.08.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.12.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2022 жылғы № 122 Қаулысына сәйкес (15.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қағидалардың 4-тарауының 2 және 3-параграфтары екінші деңгейдегі банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға және Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктердің филиалдарына қолданылмайды.
2-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2015 жылғы № 238 Қаулысымен (25.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 01.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.09.2020 жылғы № 108 Қаулысына сәйкес (27.08.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.12.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2022 жылғы № 122 Қаулысымен (15.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктерінің филиалдары және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар касса операцияларын жүргізу кезінде «Екінші деңгейдегі банктерде, Ұлттық пошта операторында және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 29 қарашадағы № 231 қаулысын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19680 болып тіркелген) басшылыққа алады.
2-1. Қағидалардың 4-тарауының 4, 5 және 6-параграфтары қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларға қолданылмайды.
1-тарау 2-1-тармақпен толықтырылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2022 жылғы № 122 Қаулысына сәйкес (өзгерту 01.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қағидалардың ұйымның функцияларын фронт-офиске, мидл-офиске (бар болса) және бэк-офиске бөлуге байланысты бухгалтерлік есеп жүргізуді ұйымдастыру жөніндегі талаптары жауапкершілігі шектеулі серіктестік ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлғаларға қолданылмайды.
3. Қағидалардың мақсаты үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) ақша құжаты – ақша қозғалысын көрсететін құжат, оның көмегімен касса операциялары есептелінеді;
1-1) бухгалтерлік есеп деректері бойынша есептілік – Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктің филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы қалыптастыратын есептілік;
3-тармақ 1-1-тармақшамен толықтырылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.09.2020 жылғы № 108 Қаулысына сәйкес (өзгерту 16.12.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) бас кітап - талдамалық есептің деректерін жинақтау, жекелеген шоттар бойынша жүргізілген жазбалардың дұрыстығын өзара тексеру үшін және қаржылық есептілікті немесе бухгалтерлік есеп деректері бойынша есептілікті жасау үшін пайдаланылатын кітап;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.09.2020 жылғы № 108 Қаулысына сәйкес (27.08.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.12.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) белгіленген активтер – ұйымның қызметі барысында бір жылдан астам пайдаланатын материалдық емес активтер, сондай-ақ ұзақ мерзімді активтер;
4) бэк-офис – ұйымның бөлімшесі, оның негізгі функциясы фронт-офистан алынған және (немесе) автоматты режимде ақпараттық жүйеге енгізілген бастапқы құжаттар негізінде қосалқы есептегі жасалған операцияларды тіркеу және (немесе) тексеру болып табылады;
4-1) Қазақстан Республикасының бейрезидент - банк филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру брокері филиалының бас бухгалтері бухгалтерлік есеп деректері бойынша бухгалтерлік есеп жүргізуді, есеп беруді жасауды және ұсынуды, бухгалтерлік есеп мәселелері бойынша ішкі құжаттарды дайындауды, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру брокерінің басшысына (не оның орнындағы адамға) немесе өзге басқару органының бекітуіне ұсынуды қамтамасыз ететін лауазымды тұлға болып табылады.
3-тармақ 4-1-тармақшамен толықтырылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.09.2020 жылғы № 108 Қаулысына сәйкес (өзгерту 16.12.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5) кассалық кітап – есепке алу ведомостары, онда банкноттармен, монеталармен және құндылықтармен операциялар көрсетіледі;
6) материалдық жауапты тұлға – атқарып отырған қызметіне, толық материалдық жауапкершілік туралы шартқа сәйкес өзіне сеніп тапсырылған мүліктің сақталуына толық материалдық жауапкершілік атқаратын және ұйымның оған бекітілген мүлкі мен міндеттемелеріне түгендеу жүргізу кезінде комиссиялардың және жұмыс тобының құрамына енгізуге жатпайтын тұлға;
7) мидл-офис – операцияларды жүзеге асыруға, тәуекелдерді бағалауға, лимиттер мен нормативтердің сақталуын бақылауға, жасалынған мәмілелердің ақпарат жүйесінде толтырылған ақпаратты толық сақтау мәніне басқаруға қажетті ақпаратты жинау мен бағалауды қамтамасыз ететін ұйымның бөлімшесі;
8) операциялық күн – кезең, оның ішінде операциялар, ұйым жасаған операциялар туралы ақпаратты тіркеу, жинау және қорытындылау, бастапқы құжаттарды өңдеу және бухгалтерлік есептің тізілімдерінде көрсетілетін қорытындыларды жинақтау жүзеге асырылады;
9) синтетикалық есеп – үлгі шот жоспарларына сәйкес келетін баланстық шоттар бойынша талдамалық есеп деректерін топтастыру;
10) талдамалық есеп – ұйымның толық бухгалтерлік есебі, ол синтетикалық есептің шоттарындағы барлық операциялар туралы толық ақпаратты топтастыратын бухгалтерлік есептің жеке немесе өзге де талдамалық шоттарындағы бастапқы құжаттар негізінде жүргізіледі не ұйымның ақпараттық жүйенің тиісті модулінде жасаған мәмілесі негізінде жүргізіледі;
11) түгендеу – активтердің, міндеттемелердің нақты болуын және жай-күйін бухгалтерлік және баланстан тыс есептің деректеріне сәйкестігін тексеру;
12) үлгі шот жоспарлары - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының мынадай қаулыларымен бекітілген бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарлары:
12-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.09.2020 жылғы № 108 Қаулысына сәйкес (27.08.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.12.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
12-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 15.03.2021 жылғы № 28 Қаулысына сәйкес (21.09.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 11.04.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы» 2008 жылғы 22 қыркүйектегі № 79 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5348 болып тіркелген);
«Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы және «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамындағы және Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктерінің филиалдарындағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспары» 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6793 болып тіркелген);
«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, өзара сақтандыру қоғамдарына және Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын, Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, өзара сақтандыру қоғамдарының және Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының бухгалтерлік есеп жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы және Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бухгалтерлік есеп жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 251 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16390 болып тіркелген);
13) фронт-офис – ұйымның бөлімшесі, оның негізгі функциясы ұйымның клиенттерімен мәмілелер жасау болып табылады.
2-тарау. Бухгалтерлік қызмет жұмысын ұйымдастыру
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2022 жылғы № 122 Қаулысына сәйкес (15.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-параграф. Жалпы ережелер
4. Бухгалтерлік қызмет басшысы (бұдан әрі – бас бухгалтер) бухгалтерлік есепті жүргізуді, қаржылық есептілікті жасау мен ұсынуды, есептік саясатты қалыптастыруды, бухгалтерлік есеп мәселелері бойынша басқа ішкі құжаттарды дайындауды, сондай-ақ оларды ұйымның басшысына (не оның орнындағы адамға) немесе өзге де басқару органына бекітуге ұсынуды қамтамасыз ететін лауазымды тұлға болып табылады.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2022 жылғы № 122 Қаулысына сәйкес (15.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Бухгалтерлік есепті жүргізуді және қаржылық есептілікті жасауды шарт негізінде бухгалтерлік немесе аудиторлық ұйымға немесе кәсіби бухгалтерге беру кезінде немесе бухгалтерлік есепті басшылықтың жеке өзі жүргізуі кезінде қызметін қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаның басшылығы осы Қағидалар талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді.
5. Бас бухгалтердің функционалдық міндеттері ұйымның басшысы (не оның орнындағы адам) немесе өзге де басқару органы немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент - банк филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру брокері филиалының басшысы бекіткен оның қызметтік нұсқаулығымен айқындалады.
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.09.2020 жылғы № 108 Қаулысына сәйкес (27.08.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.12.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6. Бас бухгалтер ұйымның немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент - банк филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент -сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру брокері филиалының басшысына (не оның орнындағы адамға) немесе оның орынбасарына тікелей бағынады.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.09.2020 жылғы № 108 Қаулысына сәйкес (27.08.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.12.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7. Бас бухгалтердің функциялары мыналар болып табылады:
1) ұйымның бухгалтерлік есебін жүргізуді ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
2) ұйымның есептік саясатын қалыптастыруды қамтамасыз ету;
3) ұйымның есептік саясаты негізінде жасалатын операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізу және қаржылық есептілікті жасау бойынша ұйымның ішкі құжаттарын әзірлеуді қамтамасыз ету;
3-1) Қазақстан Республикасының бейрезидент - банк филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру брокері филиалының жасалатын операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізу және Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру брокерінің есеп саясатының негізінде бухгалтерлік есеп деректері бойынша есептілікті жасау жөніндегі ішкі құжаттарын әзірлеуді қамтамасыз ету;
7-тармақ 3-1-тармақшамен толықтырылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.09.2020 жылғы № 108 Қаулысына сәйкес (өзгерту 16.12.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) бухгалтерлік есепті ұйымдастыру мен жүргізу, қаржылық есептілікті және бухгалтерлік есеп деректері бойынша есептілікті жасау мәселелері жөніндегі ұйымның ішкі құжаттары мазмұнының Қазақстан Республикасы бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына өзектілігін қамтамасыз ету;
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.09.2020 жылғы № 108 Қаулысына сәйкес (27.08.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.12.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5) ұйымның барлық жасалынған операцияларын, сондай-ақ ұйымның қызметінің ерекшеліктерін ескере отырып, олардың бизнес-процесін келісу арқылы олардың нәтижелерін бухгалтерлік есепте және қаржылық есептілікте, бухгалтерлік есеп деректері бойынша есептілікте уақтылы және шынайы көрсетуді және (немесе) тексеруді қамтамасыз ету;
5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.09.2020 жылғы № 108 Қаулысына сәйкес (27.08.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.12.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6) ұйымның барлық бөлімшелері үшін орындауға міндетті болып табылатын операцияларды орындау, ресімдеу және есепке алу тәртібі туралы нұсқаулар жасау арқылы бухгалтерлік есеп жүргізу және қаржылық есептілікті және бухгалтерлік есеп деректері бойынша есептілікті жасау кезінде бақылау функциясын жүзеге асыру;
6-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.09.2020 жылғы № 108 Қаулысына сәйкес (27.08.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.12.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7) қаржылық есептілікті, бухгалтерлік есеп деректері бойынша есептілікті толық және уақтылы жасау мен ұсыну жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
7-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.09.2020 жылғы № 108 Қаулысына сәйкес (27.08.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.12.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8) синтетикалық есептің деректемелерінің талдамалық есептің деректерімен сәйкестігін қамтамасыз ету;
9) бухгалтерлік құжаттардың сақталуын, олардың ресімделуін және белгіленген тәртіппен мұрағатқа өткізуді қамтамасыз ету;